Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

МедициналыҚ таҒайындау бҰйымдарын тазарту кезеҢдері

Читайте также:
  1. АН ҚЫЗМЕТІ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ ҚҰЖАТТАМАСЫ МЕДИЦИНСКАЯ УЧЕТНАЯ ДОКУМЕНТАЦИЯ ОРГАНИЗАЦИИ СЛУЖБЫ КРОВИ
  2. БАСҚА ТҮРДЕГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ҚҰЖАТТАМАСЫ МЕДИЦИНСКАЯ УЧЕТНАЯ ДОКУМЕНТАЦИЯ ДРУГИХ ТИПОВ МЕДИЦИНСКИХ ОРГАНИЗАЦИЙ
  3. МЕДИЦИНАЛЫҚ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН БҰЙЫМДАРДЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ
  4. СТАЦИОНАРЛАРДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ ҚҰЖАТТАМАСЫ МЕДИЦИНСКАЯ УЧЕТНАЯ ДОКУМЕНТАЦИЯ, ИСПОЛЬЗУЕМАЯ В СТАЦИОНАРЕ
  5. ТАЗАРТУ КЛИЗМАСЫН ҚОЮ

Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту - зарарсыздандыру, залалсыздан-дыру алдындағы тазарту және залалсыздандыру жолы арқылы жүзеге асырылады.

Зарарсыздандыру патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді жою үшін жүргізіледі. Жара беттеріне жанаспаған, терінің және шырышты қабықтың бетін бұзбаған, қан құюға қолданбаған және инъекциялық дәрілерді пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілмеген медицинада тағайындалған бұйымдар тек қана зарарсыздандырылады. Кейіннен олар ағынды құбыр суында жуылады және таза зарарсыздандырылған жабылатын ыдыстарда белгіге сәйкес сақталады.

Жара беттеріне жанасқан, медициналық манипуляция процесінде терінің және шырышты қабық бетін бұзған, қан құюда қолданылатын және инъекциялық препараттарды пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілген медицинада тағайындалған бұйымдар басында зарарсыздандырылады, сосын ағынды құбыр суы астында жуылады, содан кейін залалсызсыздандыру алдындағы тазартудан, залалсыздандырудан өткізіледі.

Залалсыздандыру алдында барлық бұйымдар ақуыз, май мен механикалық ластарды, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді жою мақсатымен залалсыздандыру алдындагы тазарту өткізіледі.

Залалсыздандыру - бұл әдіс залалсыздандырған материалдардағы патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің вегетативті және ұрықты түрлерін жоюды қамтамасыз етеді. Жара бетіне, қанмен немесе инъекциялық дәрілермен жанасатын барлық бұйымдар және бөлек диагностикалық аппаратуралар түрлері, медициналық құралдар, пайдалану процессінде шырышты қабықпен жанасып және оның зақымдануын болдыратын бұйымдарға залалсыздандыру жүргізіледі.

Сонымен медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту 3 кезеңге бөлінеді:

1 кезең - зарарсыздандыру,

2 кезең - залалсыздандыру алдындағы тазарту,

3 кезең - залалсыздандыру.

I кезең

МЕДИЦИНАДА ТАҒАЙЫНДАЛҒАН БҰЙЫМДАРДЫ ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ

Мақсаты: жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Қажеттілерді дайындау: зарарсыздандыру ерітіндісін: 2-ыдысты (1-2 л көлеміндегі эмальді кастрюльді) қақпағымен, белгісіне және зарарсыздандыру ерітіндісіне сәйкес; №1-ыдыс зарарсыздандыру ертіндісімен құралдарды қаннан және басқа да биологиялық сұйықтықтардан жууға тағайындалған; №2-ыдыс зарарсыздандыру ерітіндісімен медицинада заттарды зарарсыздандыруға тағайындалған; бирканы (таңбаны); арнайы

киімді (халат, маска, қолғап); пайдаланған медицинада тағайындалған заттар; лотоктар.

Іс-әрекет алгоритмі:

- арнайы киімді киіңіз: халат, маска, қолғап;

- 2 ыдысқа зарарсыздандыру ерітіндісін даярлаңыз;

- ыдыстар мен қақпақ белгіленеді: заттың аты, оның қоюлығы, күні, даярлау сағаты, медбикенің қолы;

Ші ыдыста

- пайдаланғаннан кейін медиңинада тағайындалған құралдардын ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;

- медицинада тағайындалған құралдардың каналынан 3 рет насос әдісімен зарарсыздандыру ерітіндісін өткізіңіз;

Ші ыдыста

- медицинада тағайындалған құралдардың ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;

- оларды бөлшектеген түрінде толығымен зарарсыздандыру ерітіндісіне 60 минутқа салыңыз;

- ыдысты қакпақпен жабыңыз;

- зарарсыздандыру уақыты туралы биркіге (таңбаға) белгі жасаңыз;

- зарарсыздандыру уақыты өткен соң зарарсыздандыру ерітіндісінен медицинада тағайындалған құралдарды шығарыңыз;

- № 2-ыдыстағы медиңинада тағайындалған ққралдарды зарарсыздандыру ерітіндісінде 0,5 минут бойы жуыңыз;

- медицинада тағайындалған құралдарды лотокқа (ыдысқа) салыңыз;

- медицинада тағайындалған құралдарды жылы ағынды су астында 0,5 минут бойы жуыңыз;

- қолғапты шешіңіз, оны қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз;

- медицинада тағайындалған құралдарды әрі қарай өңдеу үшін орталық залалсыздандыру бөліміне жіберіңіз;

II КЕЗЕҢ


Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 1230 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)