Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Техника қауiпсiздiгiнiң ережелерi

Читайте также:
  1. III. Техника удара
  2. Аксиология. Ғылыми-техникалық прогресс және экология
  3. Биологические особенности и агротехника
  4. В. Техника Бесстрастия
  5. Виды и техника опросов
  6. Вопрос 4 Способы и режимы тепловой обработки древесины. Применяемое оборудование техника безопасности.
  7. Вычислительная техника

Информатика кабинетiнде қымбат бағалы, күрделi, ұқыпты ұстауды қажет ететiн құрылғы-PENTIUM компьютерлерi орнатылады.

Техникаға ұқыпты көңiл бөлу керек, кабинетке асықпай, итермелемей, компьютер тұрған үстелдерге соқтықпай жаймен кiру қажет, жұмыс үстелiнде ЭЕМ-ның құрамды бөлiктерi-жүйелiк блок, пернетақта, монитор (дисплей) орнатылған.

Жұмыс кезiнде монитордың электр желiлерi өте үлкен кернеумен жұмыс iстейдi. Құрылғыға, электр желiлерi мен мониторға дұрыс көңiл бөлмеу құрылғының күйiп кетуiне, электр тогымен зақымдануға алып келедi.

1. Қатаң түрде тиым салынады.

· Бiрiктiрiлген желiлердiң жалғасқан жерлерiн қозғауға;

· Экранға және монитор мен пернетақтаның сырт жағына тиiсуге;

· Мұғалiмнiң рұқсатынсыз құрылғыны қосып өшiруге;

· Монитор мен пернетақтаның бетiне дискiлер, кiтап, дәптерлер қоюға;

· Су киiммен, дымқыл қолмен жұмыс iстеуге.

2. Жұмыс жасап отырған кезде ДК-ден ақау табылса, күйiк иiсi шықса немесе дереу құрылғымен жұмысты тоқтатып, мұғалiмге хабарлау қажет. Өрт сөндiруге көмек көрсету қажет;

3. ДК жұмыс жасау алдындағы қауiпсiздiк ережесiнiң талаптары:

· ДК-дi iске қосу кезiнде оның көзге көрiнiп тұрған бұзылған, зақымданған жерлерi бар-жоғына көз жеткiзу қажет;

· Монитор экранындағы берiлген ақпараттарды қабылдағанда, пернетақтамен жұмыс iстегенде еңкеймей, кеуденi тiк ұстап, назарыңыз экран ортасында болатындай етiп орналастыру қажет;

· Мұғалiм тапсырмасы мен түсiнiктемесiн мұқият тыңдап, жұмыстың мақсаты мен нәтижесiн ұғыну керек, қажет болған жағдайда мұғалiмге беру керек;

· Жұмысты тiркеу журналына ДК-де жұмысты бастау уақытын толтыру керек, жұмысты мұғалiмнiң рұқсатымен ғана бастау керек.

4. ДК-де жұмыс iстеу барысында монитор экраны электромагниттiк сәуле шығару көзi болып табылады, сондықтан экранға өте жақын отыру көзге жайсыз әсер етедi, жұмыс iстеу қабiлеттiлiгiн төмендетiп шаршатады.

ЭЕМ-мен жұмыс iстеу кезiнде одан 60-70см қашықтықта, бiрақ монитор экранынан кем дегенде 50см қашықтықта қисайып, еңкейiп, жатып алмай, дененi тiк ұстап отыру қажет. Тұрақты көзәйнегi бар оқушылар көзәйнекпен жұмыс iстеуi керек.

ДК-де жұмыс iстеу үлкен назар аударып, айқын қимылдар жасап, өзiн-өзi бақылап отыруды қажет етедi.

Әлсiз жарықтандырылған және адам өзiн-өзi нашар сезiнген жағдайда жұмыс iстеуге болмайды.

5. ДК-де жұмыс iстеу кезiнде қойылатын талаптар.

· ДК-де жұмыс iстеу ережелерiн қатаң сақтап, мұғалiм тапсырмасын мұқият орындау керек;

· Құрылғының бүлiнбеуi мен бұзылмауын қадағалау керек. Жұмыс жасап отырған кезде құрылғылардан ерекше дыбыс шықса немесе ол өздiгiнен өшiп қалса, бұл туралы мұғалiмге хабарлау керек;

· Пернетақта түймешiктерiн қатты соқпай, жәймен басу керек;

· Егер компьютер iске қосылмай тұрса, пернетақтаға тиiспеу оны қолданбау қажет;

· Пернетақтада таза қолдарымен жұмыс iстеуi қажет;

· құрылғының бұзылған жерiн өздiгiмен қалыпқа келтiруге тырыспау керек;

· Кабинетке бөгде адамдар келсе, жұмыс орнынан тұрмай-ақ қоюға болады.

 

6. ДК жұмыс iстеу соңындағы қойылатын талаптар.

 

· ДК-дi мұғалiмнiң рұқсатымен өшiру қажет;

· Жұмысты тiркеу журналына жұмысты аяқтау уақытын толтыру керек;

· Құрылғыны таза, жұмсақ матамен сүрту қажет;

ДК-де жұмыс iстеу ережелерiн бiлу және ол ережелердi сауатты түрде орындау келеңсiз жағдайлардан сақтандырады, бiлiм мен бiлiк дағдыларын табысты жетiк меңгеруге, мемлекеттiк мүлiк – компьютерлiк техника мен құрылғыларды қорғап сақтай бiлуге үйретедi.

ДК-де жұмыс iстеу ережелерiн орындамау тәртiп пен реттiлiктi өрескел бұзу болып табылады.

 

 

Орытынды

Өндірістік тәжірибе оқу үрдісінде алынған теориялық білімдерді таңдалған мамандыққа сәйкес тәжірибеде тиімді қолданып, білімді шыңдауға бағытталған.

Өндірістік тәжірибе оқу үрдісінің және нарықтық экономикаға кәсіби бағытталған мамандар дайындығының басты құрамдас бөлігі болып табылады.

Өндірістік тәжірибені Алматы обылысы, Қаратал ауданы, Қарақұм ауылы «Алғазы орта мектебі» -нен өтіп, керекті ақпараттарды алдым. Мектептің жарғысымен, қызмет көрсету түрлерімен, ұйымдастырушылық-басқарушылық құрылыммен таныстым. Тәжірибені өту барысында кәсіби мамандармен кәсіби деңгейде қарым-қатынас жасауды үйрендім.

Өндірістік тәжірибе өту барысында мен көп заттарды үйрендім. Болашақ мамандығымның ауыртпашылығы мен артықшылықтарын сезіндім. Тәжірибе уақытында Corel Draw, Adobe Photoshop, Turbo Pascal, Delphi бағдарламаларымен жұмыс жасадым. Осы тәжірибенің нәтижесінде осы бағдарламаларды жақсы игеріп, болашақтада қызмет барысында қолдана аламын деп ойлаймын.

Тәжірибе барысында мектептің интернет желілерімен таныстым, олардың қосылу схемаларын зерттедім. Компьютерлерге жаңадан амалдық жүйелерді орнаттым. Өзім білетін бағдарламаудың қыр сырымен өзгелермен бөлістім.

- Тәжірибені өткеннен кейін мен өз бойыма келесі қасиеттерді игердім:

- Өндірісті ұйымдастыру негіздерін және қорытынды басқаруды;

- Ақпаратты уақытында жинау, сақтау, талдау тәсілдерін және қазіргі заманға сай ақпараттық технологиялардың негіздерін;

Жаңалық енгізуді ынталандыруды, персоналды басқару негіздерін;

Өндірістік тәжірибені өткізу уақытында теориялық білімімді тәжірибе барысында бекіттім.

Болашақта бәсекеге қабілетті, өз мамандығымды толық игеріп, үлкен жетістіктерге жетіп, еліміздің көркейіп, дамуына үлесімді қосамын деп ойлаймын.

 

 


Дата добавления: 2015-12-07; просмотров: 62 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)