Читайте также: |
|
Күрделі кемістігі бар балалардың дамуы» оқу пәнінен
Семинар (тәжірибелік) сабақтар бойынша жүргізілген сабақ жоспары.
Тақырып 1: Қазіргі кезеңдегі күрделі кемістік деген ұғымның мәні
Мақсаты: Күрделі кемістік туралы студенттердің білімдерін нақтылау.
Құралдар: картотека, тақырып бойынша әдебиеттер.
Өткізу түрі: тақырып бойынша әңгіме жүргізу
Негізгі сұрақтар:
1. Күрделі кемістік деген ұғымының мәнән ашу
2. Л.С.Выготскийдың кемістіктің сатылылығы деген ұғымының мәнән ашыңыз.
3. Сенсорлық кемістіктің бала психикасының дамуына әсер ету мәселесі.
4. Е.Келлер және Л.Бриджмен деген тұлғалардың аталған мәселеге қосқан үлесі.
5. Шет елдерінде күрделі кемістігі бар балаларға көмек көрсету тәжирибесі.
Тәжірибелік тапсырма: Күрдклі кемістік» және «Кемістіктің күрдклі құрамы» түсініктердің мәнәң ашыңыз. Әр студент жазбаша түрде өз ойларының қорытындысын жазады. Өз шығармашылығынан белгілі бір теориялық ой тастау қажет.
Сабаққа тапсырма.
Лекцияны қайталу. Сұрақтар бойынша сұрақтарды қарастыру барысында пәні бойынша қосымша әдебиеттерге сүйену. Студенттердің тақырыпты талдауы.
Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Өзініз қандай күрдлі кемістігі бар балаларды көрдіңіз, оларды сипаттаныз.
2. Күрделі кемістігі бар атақты адамдарды атап, олар туралы баяндама жасаңыз.
Тақырып 2: Күрделі кемістіктері бар балаларды классификациялары
Мақсаты: Күрделі кемістік бар тұлғалардың топтастыруларымен таныстыру.
Құралдар: лекция, типтік оқу бағдармамасы, тақырып бойынша әдебиеттер.
Негізгі сұрақтар:
1. Г.П Бертынь ұсынған зағип-етімейтіндіктің этиологиялық классификациясы. (1985г) Ушер синдромына сипаттама.
2. Зақымдану уақыты бойынша күрделі кемістігі бар балалардың классификциясы.
3. Күрделі кемістігі бар балалардың зақымдану денгейіне байланысты топтастыру.
4. Веst ұсынған күрделі кемістігі бар балалардығ топтастыруы
Тәжірибелік тапсырма:
1. Л.С. Выготский, И.А. Соколянский, А.В. Ярмоленко, В.Н.Чулков т.б. ұлы дефектологтардың еңбектеріндегі көру және есту қабілетін жоғалтып алу мерзімінің бала психикасының дамуына әсер ету мәселесі.
2. Осы қарастырылған сұрақтар бойынша студенттер топтарға бөлініп өз жобаларын қорғайды. Өз шығармашылығынан белгілі бір теориялық негіздерге сүйену қажет.
Сабаққа тапсырма.
Тақырып бойынша әдебиеттердің картатекасын жасау. Лекцияны қайталу. Лекция бойынша сұрақтарды қарастыру барысында пәні бойынша қосымша әдебиеттерге сүйену. Студенттердің жобаларын қорғау.
Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. А.В. Ярмоленко ұсынған зағип - етімейтіндік классификциясы.
2. А.И. Мещеряков ұсынған зағип - етімейтіндік классификациясы
Тақырып 3: Күрделі кемістігі бар балалармен коррекциялық жұмыстың қағидалары.
Мақсаты: Күрделі кемістігі бар балалармен коррекциялық жұмысты үйымдастыруда аталған қағидалары қолдада білу дағдыларын қалыптастыру.
Өткізу түрі: берілген тақырып бонша талдау жүргізу.
Негізгі сұрақтар:
1. «Қалыптандыру» принципінің қалыптасуына шолу жасау.
2. Тұтас және кешенді ықпал ету принципі н қалай түсінесіз.
3. Әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетудің мәнін ашыңыз.
4. Эгоцентризм принципін ашып көрсету.
5. Көруі мен есітуін қарқынды дамыту барысындағы сенсорлық (сезімдік) тәжірибені қалыптастыру мен кеңейту принципі.
Тәжірибелік тапсырма: «Қалыптандыру» принципін жүзеге асыру жолдарын айқындау.
Сабаққа тапсырма. Қарастырылған мәселелер бойынша тест сұрақтарын құрастыру.
Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Баланың жеке даму темпімен жүру принципін қалай түсінесіз.
2. Педагогикалық көмекті қатаң өлшеу принципін алдынғы принципімен салыстырыңыз.
3. Күрделі кемістігі бар балалардың ата-аналарымен белсенді серіктестікте болу принципінің жүзеге асыру жолдары.
Дата добавления: 2015-12-07; просмотров: 1543 | Нарушение авторских прав