Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс №15. Типтік машина бөлшектерін жөндеу

Читайте также:
  1. Абсорбционная холодильная машина
  2. БОЕВАЯ МАШИНА
  3. Все принадлежащее ей, становится все более и более мертвым, нереальным, ложным и машинальным.
  4. Глава IX. Об обучающихся и самовоспроизводящихся машинах
  5. Дәріс жоспары
  6. Дәріс тезистері

Корпустық бөлшектер. Корпустық бөлшектерді көбіне сұр шойыннан жасайды. Бұларға тән ақаулар: мойынтіректер мен стакандарға арналған тесіктің, бұранда тесігінің, тозуы, жарықтар мен сынулар, біріктіру беттерінің жиырылуы.

Күрделі жөндеу кезінде корпустарды қалпына келтіру коэффициенті тең.

Ең көп тараған ақау мойынтіректер мен стакандарға арналған тесіктердің тозуы. Корпустың ескіруі, тозуы нәтижесінде тек тесіктің өлшемдері ғана емес, олардың кеңістікте өзара орналасуы да бұзылады. Сондықтан қайтадан қалпын келтіру жұмыстарында бұлардың да дәл өлшемдерін сақтау керек.

Корпустарды қалпына келтірулердегі негізгі міндет жаппаны жағу тәсілін, базаларды және механикалық өңдеу технологиясын дұрыс таңдау.

Корпустық бөлшектердің отырғызу тесіктерін қалпына келтіру үшін берілген қалыңдықта, яғни 1 мм кем емес, материал қабатымен жабатын және қиындықсыз кесуші жабдықтармен өңдеуге болатын тәсілдер қолдану ұсынылады. Бұл талаптарды жөндеу төлкесін қою, металдау және газжылулық ұнтақ материалдарды жағу қанағаттандырады.

Отырғызу тесіктерін тиімді қалпына келтіру тәсілдерінің бірі бұралатын сақина қойып, оны жаймалап бекіту болып табылады. Тәсілдің артықшылықтары: қарапайымдылығы, қат емес және арзан материалдардың пайдаланылуы, корпусқа жылулық әсердің жоқтығы, отырғызу тесігін бірнеше рет қалпына келтіру мүмкіндігінің болуы.

Бұл тәсіл былай іске асырылады. Қалпына келтірілетін корпустың отырғызу тесігі мм кеңейтіледі, содан соң онда үшбұрыш пішінде төбесінің бұрышы және тереңдігі мм винттік арықшалар салынады. Тесіктің ішін кеңейту кезіндегі кесу жылдамдығы м/мин, беріліс 0,13 – 0,16 мм/айн. Винттік арықшаның қадамы отырғызу тесігінің еніне тәуелді 3 – 5 мм тең. Бұл операциялардан кейін қалыңдығы мм көміртекті болат қаңылтырдан жасалған бұралатын сақина тесікке орнатылады. Сақина баспалана орнатылғаннан кейін көп роликті дифференциальды жаймалағышпен жаймаланады. Жаймалау кезінде сақина металы деформацияланады және винттік арықшаны толтырады. Соның арқасында қосылыстар сенімді жұмыс істейтін берік бірігуіне қол жеткізіледі. Бұралатын сақина салу отырғызу тесігінің қажетті өлшемдері мен тегістігін қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан тесікті ішінен жоңғылау керек. Бұл әдіспен диаметрі 50 – 210 мм тесіктерді қалпына келтіруге болады.

Тозған бұрандалық тесік бұрандалы спиарльды ендірме (вставка), төлке қоюмен іске асырылады.

Бұрандалы спиральдық ендірме сыртқы беті корпуспен, ал ішкі беті болтпен немесе бұрамасұқпамен бұрандалы бекітілетін спираль серіппе болып келеді. Спираль ендірмені коррозияға төзімді ромба пішінді сымнан жасайды.

Білік типтегі бөлшектерді жөндеу. Бұл бөлшектердің көпшілігі маңызды бұраушы моменттер мен таңбасы айнымалы өстік күшсалмақтар қабылдайды.

Біліктерді жөндеу тәсілі оларың ақауларының сипатына тәуелді. Тозған білік мойындар екі тәсілмен жөнделеді – бастапқы өлшемдері қалпына келтіріліп және жөндеу өлшемдерін енгізумен. Бұлардың ішінде дұрысы бастапқы өлшемдерін қалпына келтіру. Ол үшін электрдоғалық балқыма құю, металдау, дірілдоғалық балқыма құю, хромдау, болаттау және полимермен жаппалау әдістерін қолданады.

Кілтектік пазды бірнеше тәсілмен қалпына келтіреді. Егер клітектік біріктіру қосылатын бөлшектердің белгілі бір қалпын сақтамайтын болса, алғашқы пазға азғана бұрыш жасай паз жасалады. Егер кілтектік бірігу қатаң сақталатын болса, онда пазды балқыма құйып, сол жерден қайтадан жасайды.

Тозған беті өсірілген білік қажетті пішін, өлшем, тегістікке дейін механикалық өңделеді.

Біліктердің ішінде иінді біліктерді жөндеу ең күрделісі.

Түптік мойынды жөндегенде білікті токарь немесе ажарлау станоктарына центрлеп орнатады. Білікке қажетті қаттылық беру үшін бұлғақтық мойынға параллель білік жақтары кергілермен немесе домкраттармен кергіленеді.

Бұлғақтық мойынды өңдеуде білікті станокқа орнату күрделірек. Станокқа орнатпас бұрын бірінші және соңғы түптік мойындарға арнайы жабдық – центржылжытқыштар кигізіледі. Сонан соң білік станокқа қойылады. Алдыңғы тұғыр патронына және артқы тұғыр жақтағы центржылжытқышқа қарсы салмақтар бекітіледі. Білік қаттылығын арттыру үшін кергіштермен білік патронға және центржылжытқышқа керіледі (7.1-сурет). Осы операциялардан кейін механикалық өңдеу жүргізіледі.

 
 
Ірі габаритті иінді біліктерде жақтарының және бұлғақтық мойындарының жарылуы және сынуы болуы мүмкін. Жақтарында жарық пайда болғанда оның шеттерінде тесіктер бұрғылап, әрі қарай тарауына шек қойылады. Сонан соң жарық жиектері пісіру жапсарына дайындалып, ол жақтың бүкіл тереңдігіне шабылады. Жарықты электрдоғалық пісірумен жөндейді. Пісіруден кейін ішкі кернеуді түсіру үшін жасыту жүргізу керек.  


7.1-сурет. Бұлғақтық мойынды өңдеу кезінде иінді білікті орнату: 1-қарсы салмақ; 2-орта ығыстырғыш; 3-кергі домкраттар.  

 

 

Бұлғақтың мойын жарылғанда және сынғанда оны толығымен алып тастайды. Сонан соң жақтарында кернеулі отырғызуға арнап тесіктерді мұқияттап жасайды. Сонан соң жақтарын кезекпен дейін қыздырып бұлғақтық мойынды орнатады. Білік суынғаннан кейін механикалық өңдеулер жүргізіледі.

Біліктерді жөндеуде көп кездесетін операцияларың бірі – түзету. Біліктің диаметрі мен майысуының шамасына тәуелді түзету суық және ыстық күйде жүргізіледі. Әдетте диаметрлері мм біліктер ұзындығына жергілікті майсуы 0,008мм болғанда суықтай түзетіледі. Майысу шамасы үлкен және диаметрлері үлкен біліктерді қыздырып түзету ұсынылады.

Төлке типті бөлшектерді жөндеу. Сырғанау мойынтіректерін жөндеу. Сырғанау мойынтіректері жиі маңызды өзіндік күшсалмақпен және жоғары жылдамдықтарда жұмыс істейді. Сондықтан олар мойынтіректің тозуына, қосылған жерлердегі саңылаулардың үлкеюіне әкеледі. Нәтижесінде мойынтіректің жұмысшы беттерінде жырықтар мен жарықтар, үйкеліске қарсы қабаттың қабыршақтануы пайда болады. Ішпекті жөндеуде мынадай операциялар қарастырылған: ішпекті құйма құюға дайындау, үйкеліске қарсы қорытпаны дайындау, мойынтірекке құйма құю және механикалық өңдеу. Құйма құймастан бұрын ішпектің өлшемдерін тексереді. Егер ішпектің биіктігі сызбадағы шамасымен сәйкес келмес, онда шеттерін балқыма құйып өсіріп, қажетті өлшемге дейін өңдейді.

Биметалл төлкелерді әдетте жөндемейді, оларды алмастырады.

Алмастырылатын цилиндр төлкелерін жөндеу. Алмастырылатын төлкелерді әдетте поршеньді машиналарда қолданады. Бұл бөлшектердің өзіне тән ақаулары ішкі – жұмысшы беттерінің тозуы. Бұдан үйкелісетін беттер арасындағы саңылау үлкейіп, қосылу тығыздығы бұзылады.

Цилиндр төлкелерін әдетте жөндеу өлшемдері әдісімен жөндейді. Төлке өлшеміне байланысты станокты таңдайды. Кіші габаритті төлкелерді жөндеуді тік жонғылау станоктарымен, ал түпкілікті өңдеуді арнайы жонуыштау станоктарымен жүргізеді.

Ірі габаритті төлкелерді горизонталь көп кескішті жонғылау станогімен жөндейді. Сонан соң бетті ажарлайды және жануыштайды.

Белдіктері мен бүртіктері коррозиялық тозғанда белдіктерді өсірумен, ал бүртіктерді балқыма құйып жөндейді. Осы операциялардан кейін механикалық өңдеумен бастапқы өлшемдерге жеткізеді.

Диск типтегі бөлшектерді жөндеу. Тісті доңғалақтарды жөндеу. Тісті берілістер жұмыс істегенде тістері мен орнықтыру тесіктері тозады, кілтектік паздары мыжылады. Кейбір жағдайларда цементтелген қабаттар қабыршақтанады. Цементтелген қабат 80% тозғанда доңғалақты жаңасымен ауыстырады. Тісті доңғалақтарды жөндеу зақымдану сипатына және бөлшектің өлшемдеріне тәуелді. Тісті доңғалақтың күпшектік тесігін балқыма құйып, жөндеу өлшемдері тәсілімен, қосымша жөндеу бөлшектері тәсілімен қалпына келтіреді.

Күпшектік тесік диаметрі 100 мм жоғары болса, онда балқыма құйылып жөнделеді. Егер күпшектік тесік диаметрі 100 мм кем болса, онда жөндеу өлшемдері тәсілімен жөнделеді. Бірақ бұл кезде біліктің диаметрін өсіру керек. Сондықтан тісті доңғалақ тесігінде кілтектік паз және оймакілтек арналары болмаса, онда тесікті жонғылап, оған болат төлке баспалайды, яғни қосымша жөндеу бөлшектері тәсілін қолданады.

Кілтектік паз мыжылғанда немесе бұзылғанда ескі пазға бұрыш жасай жаңасын ояды.

Жекелеген тістері тозғанда немесе сынған тістерді балқыма құйып, қосымша жөндеу бөлшектері тәсілімен, қысыммен жөндейді. Сынған немесе мүжілген тістер саны көр болса, тісті доңғалақты жасытып, тістері түгелінен жойылғанша өңдейді. Доңғалақтың қалған бөлігіне сақина – тәж ыстықтай отырғызылады. Жылулық өңдеулерді жоғары жиіліктегі токтармен жүргізу керек.

Шынжырлық доңғалақтарды жөндеу. Бұл доңғалақтардың негізгі ақаулары: күпшекке баспаланған ішкі үйкеліске қарсы төлкенің тозуы, тістер пішіні мен ойпаттар диаметрінің өзгеруі, кілтектік паздардың бұзылуы.

Тозған үйкеліске қарсы төлкені алып тастап, орнына ішкі жағында әдібі бар жаңа төлке баспалайды.

Тіс пішіні және ойпат диаметрі өзгерген тісті доңғалақтарды қосымша жөндеу бөлшектері тәсілімен жөндейді. Бұл үшін газ жандырғышымен тозған тістерді алып тастап, доңғалақтың сыртқы бетін ыстықтай отырғызуға дайындайды. Сақина-тәжді жеке, сыртқы әдібімен дайындайды.

Сақинаны доңғалақтың дайындалған бетіне ыстықтай отырғызады, сонан соң екі-үш жерден біріккен жерлерден тесік тесіп, оған бұранда жасап, тоқтатқыштар бұрайды немесе үзік пісіру жапсарын жабыстырады. Сақинаны отырғызардағы температура былай анықталады:

(15.1)

Мұнда, тартылым, мкм;

ең кіші жинау саңылауы, мкм;

сызықтық ұлғаю коэффициенті, ;

бастапқы температура, ;

біріктіру диаметрі, мм.

Сақинаны артық қыздыруға болмайды. Содан кейін доңғалаққа механикалық өңдеулер жүргізіледі.

 

Әдебиеттер: 2 нег. [60-120], 3нег. [200-215], 5 нег. [350-415], 7 қос. [52-82].

Бақылау сұрақтары:

1. Корпустық бөлшектерді өңдеудің қандай әдістері бар?

2. Тозған кілтектік паздарды біліктер мен иінді біліктер қалай қалпына келтіріледі?

3. Цилиндрлік төлкелер қандай әдіспен жөнделеді?

4. Тісті доңғалақтардың жекелеген тістері тозғанда немесе сынғанда қалай жөнделеді?

5. Шынжырлық доңғалақтарды жөндеу қалай іске асырылады?

 

 


Дата добавления: 2015-12-07; просмотров: 711 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)