Читайте также: |
|
Азақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті
Құрылыс және сәулет институты
«Ғимараттарды жобалау және құрылыс технологиясы» кафедрасы
Cтуденттің пәндік
Оқу-әдістемелік кешені
«Геотехника 1: Инженерлік геология және топырақтар механикасы»
пәні бойынша
050729 – «Құрылыс» мамандығы үшін
Оқу түрі күндізгі
Алматы 2010 ж.
050729 – «Құрылыс» мамандығы бойынша Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университет студенттері үшін «Геотехника 1: Инженерлік геология және топырақтар механикасы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен. Қалиев Мұрат Мақұлбекұлы. Қалиев Сержан Мұратұлы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2006. - 91 бет.
Құрастырушылар: Қалиев Мұрат Мақұлбекұлы, инженер; Қалиев Сержан Мұратұлы, «Ғимараттарды жобалау және құрылыс технологиясы» кафедрасының оқытушысы.
Андатпа
«Геотехника 1: Инженерлік геология және топырақтар механикасы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені «Құрылыс» мамандығының типтік және жұмыс оқу жоспарына сәйкес жасалынған, сонымен бірге оқытылатын пәннің негізгі мазмұнын қамтиды. Оқу-әдістемелік кешенінің құрамында пәннің оқу жоспары (Силлабус), курстың тақырыптық жоспары, керекті әдебиеттердің тізімі, қысқаша дәріс сабақтарының конспектісі, студенттердің өз бетінше жұмыс істеуіне тапсырмалар, пән бойынша жасалынған жұмыстарды тапсыру графигі және өздерін тексеру үшін тестік тапсырмалар келтірілген.
Студенттердің оқу-әдістемелік кешенін қолдануы оларға оқу уақытын дұрыс бөлулеріне, өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға, және де оқып білулеріне, творчестволық істерінің белсенділігін арттыруға септігін тигізеді.
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті
Пәннің оқулық бағдармасы - Syllabus
1.1 Оқытушыға деректеме:
Қалиев М.М. – инженер.
Қалиев С.М.– «Ғимараттарды жобалау және құрылыс технологиясы» кафедрасының оқытушысы.
1.2 Пәнге деректеме:
Аталуы «Геотехника 1: «Инженерлік геология», «Топырақтың механикасы».
Кредиттың саны 3.
Өткізілетін жер: «Ғимараттарды жобалау және құрылыс технологиясы» кафедрасы, КОҒ (МУК) Қ.И. Сәтбаев атындағы КазҰТУ.
1-кесте
Оқу жобасынан көшірме
Курс | Семестр | Кредит | Кредит саны | Бағалау түрі | ||||
Дәріс | Зертхана-лық сабақ | СӨЖ | СӨОЖ | Бар-лығы | ||||
Емтихан, Т |
1.3. Пәннің алдыңғы жетектемелері (Пререквизит): Геотехника 1 пәнін оқып білу үшін студенттерге қажетті білімдер: математика I, II; инженерлік механика I, II; геодезия; құрылыс материалдары мен бұйымдары; сәулет және құрылыс конструкциялары.
1.4. Пәннің кейінгі жетектемелері (Постреквизит): Геотехника 2: «Негіздер және іргетастар», «Құрылыс өндірісінің технологиясы I», «Құрылыс машиналары мен жабдықтар I», «Құрылыс конструкциялары», «Инженерлік жүйелер», «Арнайы ғимараттарды есептеу».
1.5 Қысқаша баяндау: Пәннің бағдаламасы бойынша дәрістік, тәжірибелік сабақтар өтеді.
Геотехника 1 пәнін білу құрылыстар мен ғимараттарды зерттеу, жобалау, салу, пайдалануға беру тәжірибесінде жіберілетін әртүрлі қателіктер мен ескерусіз қалған жайлардың себебінен болатын апаттарды болдырмаудың алдын алады.
Геотехника 1 пәнін оқып білу барысында студенттер тиісті:
білуге:
- жердің физикалық қасиеті мен құрылысын;
- жыныстарды түзуші негізгі минералдар мен тау жыныстарының түрлерін;
- жердің ішкі және сыртқы өзгерістерін (магматизм, тектоника, сейсмика және т.б.);
- табиғи геологиялық және инженерлік геологиялық процестерді;
- гидрогеология элементтерін;
- өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс үшін инженерлік-геологиялық ізденістердің құрамы мен көлемі;
- топырақ механикасын зерттеу – бөлшектелген (дисперсті) минералды табиғи түзіліс, олардың құрамы, құрылысы, типтері және түрлері; ғылым ретінде қарастыруға – топырақ механикасының себеп болатын негізгі заңдылықтары (жалпы ережелері); топырақтың физика-механикалық сипаттамаларын анықтау;
- негіз топырағының кернеулік деформациялық жағдайын анықтау;
- топырақ сілемдерінің беріктілігін мен орнықтылығын бағалау және олардың қоршауға қысымын анықтау әдістерін.
істей алуға:
- геологиялық орта туралы мемлекеттік ақпарат көздерін пайдалануды;
- геологиялық, гидрогеологиялық, геоморфологиялық карталарды, сондай-ақ табиғи орта сипатталған басқа да құжаттарды оқуды;
- құрылыс материалдары және жердің үстіңгі қабаты (топырақ) қызметін атқаратын әртүрлі негізгі тау жыныстарын ажыратуды;
- құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық жағдайларын бағалауды;
- жер асты құрылыстарын, өндірістік және азаматтық ғимараттарын салу және пайдалануға беру барысында геологиялық ортада және ауада болатын табиғи процестерді, олардың қауіптілігін, даму және өту жылдамдығын білу, бағалауды, олармен күресу жедел шараларын ұйымдастыруды.
Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 196 | Нарушение авторских прав