Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Емдік-сауықтыру жерлер мен шипажайлар.

Читайте также:
  1. Сіз жүретін жерлерде әлде мені

Ең ірісі − Үлкен Арктикалық. Ең ескі қорық −Барғұза (1916). Үлкен Арктикалықтан кейінгі ірісі − Таймыр және Усть-Лена.

 

10.1- кесте. Қазақстан Республикасы табиғи қорықтары.

Қорық атауы Құрылған жылы Ауданы, га Орналасқан жері
Ақсу- Жабағалы     131 954 Оңтүстүк Қазақстан. Талас Алатауы мен Өгем жотасында
Наурызым қорығы     Қостанай облысы. Наурызым ауданында
Алматы     71 700 Іле Алатауы құмды шөл Іле өзенінің атақты «Әнші тауы» Аққұм – Қалқан жатады.
Барса келмес   160 826 Арал теңізінің, Солтүстік Батыс бөлігінің өзі аттас шөлейті Аралда
Қорғалжын     Ақмола обылысы Қорғалжын, Теңіз көлдері
Марқакөл   102 979 Солт.Қазақстан Алатайының Күршім жотасы мен Оңтүстік Азу тау жотасы аралығында
Үстірт   223 342 Маңғыстау облысы
Батыс Алтай     Шығыс Қазақстан облысының, Глубокое ауданында орналасқан.
Алакөл     Алматы облысы, Алакөл ауданы.
Қаратау   34 300 Оңтүстік Қазақстан облысы. (Түркістан)
Есік қорығы     Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданы.

 

Қазақстанның бірнеше табиғи-географиялық аймақтары – солтүстүгінен оңтүстүгіне қарай орманды-дала, шөлейтті, шөлді өңірлерді қамтиді. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5777 түрі, аңның 150, құстың 480, баурымен жорғалаушылардың 150, қос мекенділердің 12 түрі тіршілік етеді. бұл інжу-маржандар қанша мол болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде қорғап, байлығын молайтуға барлық мүмкіндікті жасау керек. Осы бағыттағы шаралардың бірі – «Жер жаннаты» деп орынды аталып кеткен небір тамаша аймақтарды, өлкелерді, өңірлерді қорыққа айналдыру. 1962 ж Қазақстан ССР Жоғары Кеңесінің биосфераны қорғау заңы шықты. Мұнда табиғи ортаны көркейтудің бірнеше нақты шаралары анық көрсетілген. Олар – қорықтар, саябақтар, заказниктер мен табиғат ескерткіштерді сақтау ережесі. Сонымен бірге 1972 ж. Қазақ ССР мемлекеттік қорықтарының ережесі жарық көрді.

1969 жылғы 9 шілдеде «Наурызым мемлекеттік қорығының орманын қалпына келтіру мен қорғау шаралары туралы», 1972 жылының 2-ші тамызында «Қазақ ССР мемлекеттік қорықтарының қызметін жақсарту шаралары туралы», 1976ж 12 шілдеде «Қазақ ССР-інде қорықтар жұмыстарын жақсарту туралы» қаулылар жарыққа шықты. Бұл шаралардың өлкеміздегі қорықтардың ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстарын жақсартуда зор маңызы болғанын айтпай кетуге болмайды.

Қазіргі кезде Қазақстан әлемдік экономикалық жүйеге одақтасуға және әлемдік бірлестіктің толық құқықтық мүшесі болуға талпынып жатыр. 1997 жылдың 17 шілдесінде қабылданған «Ерекше қорғалатын табиғи территориялар жөніндегі» ҚР заңы негізін құрайтын заң шығару базасы жете дайындалды. Заң табиғат қорғау мекемелерін құру және олардың жүмыстары жөніндегі мәселелерді реттейді. Қазақстан заң шығаруында ұйымдастырылу мақсатына қарай, қорғау шаралары мен нысаналарды пайдалану ерекшеліктеріне байланысты қорғалатын табиғи территорияның 11 түрі бар:


·Мемлекеттік табиғи қорлар

·Мемлекеттік ұлттық бақтар

·Мемлекеттік қорықтар

·Мемлекеттік табиғи бақтар

·Табиғи мемлекеттік ескерткіштер

·Мемлекеттік қорықтық аймақтар

·Мемлекеттік табиғи қорықшалар

·Мемлекеттік зоологиялық бақтар

·Мемлекеттік ботаникалық бақтар

·Мемлекеттікдендрологиялық бақтар

·Мемлекеттік табиғи қорықтар-сепартерлер


Қазақстан Республикасында 11 қорық, 11 ұлттық бақ, 4 резерват, 5 ботаникалық бақ, 80 қорықшалар, 6 қорық аймақтар, 24 табиғат ескерткіштері ұйымдастырылған. Мемлекеттің табиғи қорық қоры – қоршаған ортаның табиғи эталондары, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, білім беру – ағарту ісіне, туризімге және рекреацияға арналған нысандар ретінде экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Соңғы «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы 2010 жылы құрылды.

Ұлттық саябақтардың қорықтардан айырмашылығы – туристер мен тынығушылардың кіріп көруіне рұқсат етіледі, бірақ олардан табиғатты қорғаудың ретін сақтау қатаң түрде талап етіледі. Ұлттық саябақтар – биосфера эталоны. Қазақстан Республикасында 11 саябақтар бар: Баянауыл (1985), Алтын Еміл (1996), Көкшетау (1996), Іле Алатауы (1996) және Қарқаралы (1998), Бурабай (2000), Катон-Қарағай (2001), Шарын (2004), Көлсай көлдері (2006), Сайрам-Өгем (2007), Жоңғар-Алатау (2010) Елімізде қазір 4 резерват бар: Ертіс ормандары, Семей ормандары, Ақжайық, Ырғыз – Торғай. Ұлттық саябақта сонымен қатар, тарихи және мәдени ескерткіштер бар. Атап айтқанда, Үйгентас, Динар Хорезм шахтың Мұхаммед бен Текеш қорымы, Сарымсақты өзені бойындағы қорғандар қорымы. Кейінгі оншақты жыл ішінде ҚР резерваттар құрыла бастады: «Ақжайық» «Ертіс орманы» «Семей орманы»«Ырғыз-Торғай».

Қазақстанда қазіргі уақытта жалпы ауданы 4600мың га 80 қорықша бар. Олар қорғалатын нысандарына байланысты геоогиялық, ботаникалық, хайуанаттар қорықшалары т.б. деп бөлінеді. Қорықшалардың ерекшелігі:

1) Геологиялық қорықшалар ерекше, сирек кездесетін геологиялық түзілістері мен жер бедерінің пішіндері бар ландшафтыларды қамтиды.

2) Ботаникалық қорықшалар өсімдік жамылғысының ерекшелігіне қарай әр аймақтың ландшафтыларында орналасқан. Мұнда флораны сақтау және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

3) Хайуанаттар қорықшалары жабайы жануарлар мен құстардың миграциясы жолдарында орналасқан табиғат кешендерін қамтиды, мұнда фаунаны толығымен қорғау қолға алынған. Қорықщалармен қатар, қоршаған ортаның жай-күйіне қатысты ғылыми жұмыстар жүргізілетін биосфералық қорықтар, резерваттар ұйымдастыруға болады. Елімізде болашақта оларды ұйымдастыру жоспарланған.

Қазақстандағы маңызды мемлекеттік қорықшалар қатарына:

1) Алматы мемлекеттік қорықшасы;

2) Зеренді мемлекеттік қорықшасы;

3) Рахман қайнарлары қорықшасы;

4) Балқаш маңы қорықшасы.

Республика көлемінде 5 ботаникалық бақ бар:

1. Бас ботаникалық бақ (Алматы қ.)

2. Алтай ботаникалық бағы (Риддер қ.)

3. Жезқазған ботаникалық бағы (Жезқазған қ.)

4. Іле ботаникалық бағы (Алматы облысы)

5. Манғышлақ ботаникалық бағы (Ақтау қ.)

ЮНЕСКО 1982 жылы белгілеген 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні. Бұл мереке туралы бастаманы архитекторлар, ғалымдар, реставраторлар, осындай қызметпен айналысатын мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері көтерді. Оның басты мақсаты – тарихи ескерткіштерді сақтау мәселесіне қоғамның назарын аудару. Әлемдегі ең ірі ұлттық саябақ Гренландияда (7 млн. га), одан кейінгісі Батсванада – Орталық Калахари, Вуд – Баффало (Канада), Үлкен Гобий (Монғолия).

Сонымен, Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи территориялары жүйесінің 2011 жылғы жағдайы бойынша 121 республикалық және 63 жергілікті дәрежедегі ЕҚТТ бар. Бұлар 11 табиғи қорық, 11 ұлттық және 3 жергілікті дәрежедегі табиғи бақ, 4 мемлекеттік табиғи резерват, 3 жануарлар бағы, 5 мемлекеттік ботаника бағы, 26 республикалық және 53 жергілікті дәрежедегі мемлекеттің табиғи ескерткіш, 4 республикалық және 4 жергілікті дәрежедегі мемлекеттік қорықтық аймақ және т.б.бар

 

 

Бақылау сұрақтары:

1. Генетикалық алуантүрлілік және оның маңызы

2. Генетикалық алуантүрлілікті қорғау іс-шаралары.

3. Қызыл кітаптар және оның биоалуантүрлілікті сақтаудағы маңызы.

4. Қазақстан Республикасының қызыл кітабы.

5. Қазақстан Республикасы өсімдіктер мен жануарлар биоалуантүрлілігі.

6. Биосфералық резерваттар және ерекше қорғалатын табиғи аймақтар.

7. Табиғи кешенді табиғи күйінде сақтап қалудағы қорықтардың маңызы.

8. Ұлттық саябақ пен табиғи саябақтар айрмашылығы.

9. Биоалуантүрлілікті сақтаудағы қорықшалардың маңызы.

10. Дендрологиялық саябақтар және ботаникалық бақтар мен Емдік-сауықтыру жерлер мен шипажайлар аумақтарын ұймдастыру.

 

Дәріс №11


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 461 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)