Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сіз жүретін жерлерде әлде мені

Адасмып, не ерегіп жүр дейсіз бе?

Қағылуы - махаббат қанатының,

Жаныңызға жабырқап баратыным

Байқалмай ма сізге осы қарасыаңыз,

Ып-қызыл боп қипақтап қалатыным.

Сізді ойламай көзімді әлі ілдіріп

Көрегенім жоқ.

Керек пе жалындыру?

Өртенемін жаныма жалын кіріп,

Дейі жүрсіз бе бәрін біліп?!

Ара көзден қашатын қандай жансыз?

Бір әдемі бақыттан қағыларсыз!

Қарап қалсам өтесіз көрмегенсіп,

Оңбағансыз не деген кешірерсіз!

 

Басталды дауыл бораған,

Кетеді ұшып ес кей күн.

Ғашық боп қалдым мен оған,

Жапырақтар – ау не істеймін?

 

Сүйетінің ақиқат қой, таң өңдім.

Керек етпес дәлелді.

Сүймеймін деп ұшырмашы зәремді.

Екеумізге дос, ескерткіш еменді,

Сол жердегі оқылатын өлеңді,

Қолың тисе, өртенетін денемді

Қалай ғана ұмытасың сен енді?

 

Көз жасымды жұлдыздардай шашылған,

Көңілімді ақ гүлдердей ашылған,

Сәби құсап сәл еркелеп басылған

Кездерімді қалай ғана ұмытып,

Сипаламай күн иісті шашымнан,

Кете аласың қасымнан?

 

Күн нұрынан,

табиғаттан қоршаған,

Жер ден қалай кете алмайтын болса адам,

Сен де менен кете алмаушы ең соншама,

Менің ерке қылығымды аңсаған,

Көздеріңде немесе ойдан шарашаған

Мейрам болып жетуші ем ғой мен саған.

 

Күлкімменен шығушы ем ғой шыңға алып,

Біз қуансақ бүкіл гүлдер ырғалып,

Біз келмесек, бақ та жырдан құр қалып,

Жүруші ек қой, ал ендігі күнде анық

Балалық деп барлығын ұмытқан боп қойғанмен,

Таңғажайып түстер мен,

ең қызықты ойлар мен

бірімізге – біріміз байланамыз шырмалып

 

Байланамыз, ақиқат ол, таң өңдім,

Керек етпес дәлелді,

Сәл ауырсаң іздейтұғын бар емді,

Нәзік жанды және мәңгі өлеңді,

Саған таныс, жұртқа жұмбақ әлемді,

Сағыныштан дір – дір еткекн денемді –

Қалай ғана таппай дұрыс бір ақыл, -

Көк теңіздің толқынынан сұрапыл –

Лақтырып кете аласың сен енді?!

 

Хабарласпай кеткенің дұрыс болды,

Көңғілі таңғы судай салқындасын деген шығарсың.

Оңашада қамығып ән тыңдасын деген шығарсың...

Менен басқа өмірді де есіне алсын деген шығарсың.

Егіліп жыларсың да, басыларсың» деген шығарсың.

Май айында басынан күзді өткерсін деген шығарсың.

Сүйетінін шын болса, іздеп келсін деген шығарсың.

Мейрам да да қуанбай, мұңға батсын деген шығарсың.

Суық жүзден суық мұз сырғанатсын деген шығарсың –

Менің әлсіз жанымды күйретейін деген жығарсың.

Аталдыққа осылай үйретейін деген шығарсың.

Бәрі де солай болды, жылаймын мен

Ерісе деп ертерек мұз боп қалмай мұң.

Бәрі де солй болды,

Тек қана іздеп бармаймын.

Мен – құламайтын шынармын,

Сен – нәзік гүлсің,

Бірақ мен шыдаған дауылға сен шыдаймайтын шығарсың!

 

Бір керемет сый күтесің күнде сен,

Балға толып тұрса дейсің кіл кесең.

Бақыт деген жақсы нәрсе – ау, тек қана

Опасызда екендігін білмесең...

 

Жақсы болсам дейсің әлі бұдан да,

Адаспасам дейсің қалың тұманда.

Бақыттырақ болсам дейсің, өмір ғой,

Биігірек ұшсам дейді қыран да.

 

Күдік жықса, үміт досың қолдайды – ау,

Екеуінің арасында зор ғой дау.

Ой қанатын қағасың – ау, қағасың,

Бақыттырақ болсам дейсің,

Болмайды – ау...

 

Мен сені сүймейді деп ойлап қалма!

Бұлбұл құс отыратын сайрап талда

Ұшырған менін саған жыр жүрегім,

Табатын жүрсеңде қай аймақтарда.

Көкем – ай қарайсың ау сынай тағы

Мен сені сүймейді деп кім айтады?

Сүймесем саған батқан қайғы неге

Менің мөлдір жанымды мұңайтады?!

Көзіңнің айналайын қарасынан

Ісіме бермейсің – ау шамасы мән!

Сүймесем адамдардың арасынан

Зіңе жету үшін неге асығам?!

 

Кпе

Жүрегің тастан ба еді, мұздан ба еді,

Лде менен жақын бір қыз бар ма еді?

Көңілімді суыттың үнсіз қалып,

Мен де айналсам жұмбаққа қызған ба енді!

Қызғанба енді біреумен билесем де,

Шақыра ғой басқаны биге сен де.

Мен жүрейін жанында жат біреудің,


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 100 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)