Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ

Читайте также:
  1. Xаралық экологиялық ұйымдар
  2. Азақстан жер қорларының экологиялық жағдайы
  3. Аксиология. Ғылыми-техникалық прогресс және экология
  4. Атмосфераның ғаламдық экологиялық мәселелері.
  5. Аутэкология (экология особей).
  6. Геоэкология территории г. Владикавказ.
  7. НАПРАВЛЕНИЕ 4. Развитие сельских территорий, экология

ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ

пәніні бойынша дәрістер

 

Астана 2012

 

 

  С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің әдістемелік кеңесінің мәжілісінде қаралды және құпталды хаттама № «____»__________2012 ж. Бекітемін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Басқарма төрағасының әдістемелік жұмыстар мен халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары ________Е.Т.Тазабекова «_____» ________2012 ж.

 

 

Туындыгер: Қиқат Рахат – Экология және орман шаруашылығы кафедрасының ассистенті, экология магистрі.

 

 

Сын - пікірді жазған:

Л.Н Гумилев атындағы Ұлттық Евроазия Университеті,

биология ғылымдарының докторы, академик РЕАН М.Н. Нурушев

 

 

Экология және орман шаруашылығы кафедрасының мәжілісінде қаралды және құпталды.

Хаттама № «» 2012 ж.

 

 

Агрономия факультетінің Әдістемелік комиссиясының мәжілісінде қаралды және мақұлданды.

Хаттама № «» 2012 ж.

 

 

© Қизат Рахат 2012 ж.

© С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, 2012 ж.

 

Мазмұны

 

 

1. Кіріспе........................................................................................................4

2. Глоссарий ……………………………………………………………......5

3. 1 дәріс Экология және тұрақты даму………………………………..…8

4. 2 дәріс Ағза экологиясы және орта……………………………………14

5. 3 дәріс Ағзалар, популияциялар экологиясы……………………....…20

6. 4 дәріс Қауымдастықтар экологиясы……………………………….....27

7. 5 дәріс Биосфера және оның тұрақтылығы……………………………37

8. 6 дәріс Табиғатты қорғау және табиғи қорларды тиімді пайладану....46

9. 7 дәріс Атмосфералақ ауа және оны қорғау…………………………...54

10. 8 дәріс Су ресурстары және оны қорғау……………………………….64

11. 9 дәріс Топрақ қорғау және жер ресурстарын тиімді пайдалану….…75

12. 10 дәріс Биоресурстар және биологиялық алуантүрлілікті сақтау.….85

13. 11 дәріс Тұрақты даму тұжырымдамасы……………………………....92

14. 12 дәріс Қазіргі заманғы әлеуметтік экологиялық мәселелер және тұрақты даму…………………………………………………………...101

15. 13 дәріс Экологиялық идеология және саясат……………………….110

16. 14 дәріс Қоршаған ортаны қорғау регламентациясы………………..117

17. 15 дәріс Қазақстан тұрақты даму жолында………………………..…128

18. Пайдаланған әдебиеттер тізімі………………………………………...140

 

Кіріспе

«Экология және тұрақты даму» пәнін оқыту барысында студенттердің ой-санасында экологиялық білім қалыптасуының алғашқы сатысы басталады. «Экология және тұрақты даму» пәні бойынша дәрістер жинағы 5В060800 – «Экология» мамандығы студенттеріне арналған міндетті пәндер талабына сай жазылған. Оқу әдістемелік кешені үш бөлімнен тұрады. Бірінші теориялық экология бөлімінде биосферадағы тірі ағзалардың өзара және тіршілік ортасымен байланыстарын зерттейді, екінші іргелі экология бөлімде қоршаған орта жағдайларының адамның іс-әрекеттері арқылы бүлінуін, оларды болдырмау және табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалану жолдарын зерттейді. Үшінші әлеуметтік экология бөлімдерде табиғат пен қоғам арасындағы өзара карым-қатынас заңдылықтарын, қоғамның тұрақты дамуын "табиғат + адам + қоғам" жүйесі негізінде зерттейді. «Экология және тұрақты даму» пәні дәрістер жинағы студенттердің экологиялық дүние танымын күшейтіп, тұрақты дамудың эколгиялық ацпектысы болған қоршаған ортаны қорғау, яғыни, атмосфераны, гидросфераны, литосфераны және тіршілік әлемін түгелдей дерлік қамтыған. Әрбір тараудың басында теориялық негіздері, қарастырылатын мәселслсрі келтіріліп барып, онан соң негізгі мәселелер түйінді қарастырылған. Дәрістер соңында лекциядағы білімді пысқтау және толықтыру мақсатымен он бақылау сұрақтары беріліп, студенттерді өздігінен ізденуге, жасампаздық рухта тарбиеленуге жетектейді.

 

 

Глоссарий

 

Экология -организмдердің өздері тіршілік ететін айналасындағы ортамен қарым-қатынас жасаудың түрлерін көрсететін ғылым.

Синэкология – организмдердің биоценоздарында фитоценоздарында, ценэкосистемалар құрамында тіршілік етудің ерекшеліктерін зерттейді.

Демэкология – бір түрге жататын организмдер тобын, яғни популяцияларды оның табиғи ортасымен байланысын зерттейтін ғылым.

Аутэкология – жеке организмдер арасындағы қарым-қатынастарды оның табиғи ортамен байланысын зерттейтін ғылым

Мониторинг – айналадағы ортаның өзгеруін комплексті түрде бақылау жасауға арналған ғылыми жүйе.

Қо р шаған ортаның сапасын нормалау- адамның өмір сүруі үшін қоршаған ортаның тарамдылығын айқындайтын және биологиялық алуан тіршіліктің сақталуы мен экологиялық жүйелердің тұрақты пайдалануын қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін белгілеу.

Экологиялық фактор - ағза бейімдеушілік реакциялар, не адаптациялар арқылы жауап беретін қоршаған ортаның кез келген элементі мен жағдайы.

Оптимум - ағзаның тіршілігі үшін анағұрлым қолайлы болатын экологиялық фактордың интенсивтілігі.

Экологиялық валенттілік - түрлердің мекен ету ортасының факторларының қандай да бір ауытқу диапазонына бейімделуге қабілеті.

Стенобионт -экологиялық валенттілігі төмен түрлері.

Эврибионт - экологиялық валенттілік төзімділігі жоғары түрлері.

Геобионттар - топырақта тұрақты тіршілік ететін, бүкіл даму циклы топырақта өтетін жануарлар (жауын құрттары, көптеген алғашқы қанатсыз бунақденелілер).

Популяция - бір бірімен өзара қарым қатынаста болатын және үлкен территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы.

Гомеостаз - тірі жүйелердің, соның ішінде популяциялардың қоршаған ортаның өзгермелі жағдайында тұрақты динамикалық тепе теңдікті ұстап тұруға қабілетті.

Бәсекелестік - азық, өмір сүру ортасы және басқа қажетті жағдайлар үшін болатын даралар арасындағы кері әсерлер.

Симбиоз (селбесу) - әр түрге жататын даралардың екі жақты пайдалы бірігіп тіршілік етуі.

Комменсализм (француз тілінен аударғанда commensal-бірге тамақтану) - Бір ағза екіншісінің есебінен тіршілік етеді, бірақ ешқандай зиян келтірмейді.

Амменсализм (латын тілінен ауд. mensa – тамақ, азық). Бұл популяция үшін қолайсыз болып табылатын өзара қатынастар.

Жыртқыштық -популяциялардың біреуі екіншісіне қолайсыз әсер ете отырып, пайда алады. Жемтігін жыртқыш өлтіріп, онымен қоректенеді.

Паразитизм (грекше parasitus- арамтамақ) бір түр (паразит) -екіншісінің (иесі) денесінің ішіне не бетіне бекініп, иесінің есебінен тіршілік ететін түраралық қатынастар.

Биоценоз - қоршаған ортаның бірдей жағдайында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар мен микроағзалар популяцияларының жиынтығы.

Экожүйе - ағзалар мен абиотикалық ортадан, олардың әрқайсысы бір біріне әсер ететін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі.

Автотрофтар - (грекше autos-өзі) бейорганикалық заттардың органикалық заттарға айналуын жүзеге асырады.

Гетеротрофтар дайын органикалық заттармен қоректенеді.

Қоректену тізбегі – ағзалардың бірін бірі қорек етуі нәтижесінде энергияның бірінен екіншісіне өтуі, тізбектің әр буыны трофтық деңгей деп аталады (грек. trophos – қоректену)

Сукцессия – табиғи немесе антропогендік факторлардың әсерінен биоценоздардың кезекті ауысуы.

Зат алмасу – бұл жасушаларда өтетін ағзалардың қоршаған ортамен байланысын қамтамасыз ететін химиялық үрдістердің жиынтығы

Биогендік заттар – тірі ағзалардыңөмір әректтерінің өнімдерінен немесе солардың ыдыраған қалдықтарынан тұратын органогендік шөккен жыныстары (әктас, жанғыш сланец, көмір, мұнай және т. б.). В. И. Вернадский бойынша биосфера заты 7 бөліктен тұрады: тірі зат, биогендік зат, костық, биокостық, радиоактивтік ыдырау заты, космостық заттар.

Биогеохимиялық зат айналымы – тірі зат пен анорганикалық орта – биосфераның костық заты арасындағы химиялық элементтердің және олардың табиғи қосылыстарының қайталанбалы айналымы.

Биосфера – ғаламшарлық экожүйе, құрамы, құрылымы және энергетикасы тірі ағзалардың әрекетімен анықталатын ерекше белсенді “қабығы”.

Ноосфера – биосфераның “ойлайтын қабығы”, сана сферасы, В.И.Вернадский бойынша – адамның саналы қызметі бақылап отыратын биосфера дамуының жаңа сападағы жоғарғы сатысы.

Табиғи қорлар -адамзаттың күнкөрісі мен тіршілік етуге қажетті заттар және табиғатта кездесетін жаратылыс дүниелері.

Табиғи-ресурстық потенциал - адамның шаруашылық іс-әрекетіне қолданылатын жер мен оған жақын космос аймағы.

Қордың айналымы - адамзат баласының табиғи қор көзінен шикізаттың бір немесе бірнеше түрін өзінің өңдеу, пайдалану барысының сатысында тасымалдауы, оларды өзгеріске ұшыратуы.

Биологиялық ресурстар – биосфераның барлық тірі компоненттері: продуценттер, консументтер, редуценттер.

Минералдық ресурстар – шаруашылықта шикізат немесе энергия көзі ретінде пайдаланылатын литосфераның минералдық құрамдас бөліктері

Энергетикалық ресурстар – бұл тіршіліктегі барлық күн және космостық, атомдық энергетика мен жылу энергетикалық энергияларының жиынтығы.

Табиғи ресурстардың кадастры – бұл, экологиялық, ұйымдық және техникалық көрсеткіштердің жиынтығы, ол табиғи ресурстың мөлшері мен сапасын, табиғат пайдаланушылардың құрамы мен санаттарын сипаттайды.

Экологиялық дағдарыс – қоршаған ортаға жағымсыз өзгерістер әкелетін және адам денсаулығына қауіп төндіретін экологиялық қолайсыздықтар

Атмосфера (atmos – бу және sphaire - шар) – жердің ауа қабаты, Жердің айналымымен айналып отырады және Жер шарын түгелдей орап тұрады.

Атмосфералық қысым – ауа массасының жер бетіне және гидросфераға түсіретін қысымы.

Озон қабаты - озон қабаты 25 – 70 км биіктікте стратосферада орналасады және оның ен жоғарғы концентрациясы 25 – 30 км қабатта байқалады.

Компоненттер – ауаға түрлі физика – химиялық үрдістер нәтижесінде қосылып араласатын немесе осында түзілетін химиялық қосылыстар.

Жердің сулық балансы – табиғаттағы судың кірісі мен шығысының сандық сипаттамасы. Судың кірісі – жауын-шашын, шығысы – булану.

Суды пайдалану – тұрғындардың, өндірістің, ауыл шаруашылығының және т.б. суға қажетін қамтамасыз ету үшін су қорын пайдалану.

Минералды сулар – тектоникалық айрылу аймақтарымен байланысты жерасты сулары. Олар температура жоғарылығымен, радиоактивтілігімен және әртүрлі биологиялық белсенді құрамаларының (көмір қышқыл газы, күкірт сутегі, бром және т.б.) жоғары мөлшерімен ерекшеленеді.

Судың сапасы – шаруашылықта, мәдени-тұрмыста, балық шаруашылығында және техникада пайдаланылатын судың құрамы мен қасиетінің сипаттамасы.

Судың ластану индексі (СЛИ) – ластану мөлшерін анықтайтын шама.

Топырақ - табиғаттың әр түрлі күштерінің әсерінен қопсытылған, өлі табиғат пен тірі ағзалардың мәнісінде жатқан әр түрлі тірі ағзаларға бай және сол тіршіліктің негізгі тірегі болып отырған жердің құнарлы қабаты.

Пестицидтер – жұқпалы ауру тарататын жәндіктер мен микробтарды, арамшөптерді жою үшін қолданылатын химиялық препараттар.

Гербицид - арамшөптерді жоюға пайдалынатын химиялық қосылыстар.

Агроэкология – ауыл шаруашылық өнім беретін қолдан не биологиялық табиғи бірлестік түрлерін біріктіру арқылы жасалған тұрақсыз экожүйе.

Адаптация – ағзаның құрылысы мен атқаратын қызметінің тіршілік жағдайына қарай бейімделуі.

Су эрозиясы - топырақтың жоғарғы құнарлы қабаты мен төсеніштік жыныстардың сумен бұзылуы.

Жел эрозиясы –топырақтың жоғарғы құнарлы қабаты мен төсеніштік жыныстардың желмен бұзылуы.

Радиобелсенді қалдықтар - бейбіт өмірде атом энергиясын қолданғанда термоядралық реакциядан қалған радиоактивті қосылыстар мен қалдықтар.

Қышқылды жаңбыр – құрамында күкірттің қос тотығы (SO2) және басқадай химиялық элементтердің қосындысы бар жауын-шашын.

Рекультивация – жерді қайта жақсарту, қалпына келтіру. Бұзылған жердің құнарлығы мен жағдайларын шаруашылық құндылығын қалпына келтіруге, айналадағы орта жағдайларын жаңартуға бағытталған жұмыстар кешені.

Шөлдену – табиғи текті немесе жасанды жағдайлар әсерінен құрлық бөлігінің топырағы мен өсімдік жамылғысы және климаттың теріс бағытта өзгеруі –шөлге айналуы.

 

Дәріс №1

ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ

 


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 759 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)