Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бұлшық етті артерияның құрылысы

Читайте также:
  1. Аталық жыныс клеткаларының құрылысы және қызметі.
  2. Жол құрылысының сапасын бағалаудагы пайдаланалытын сапасның кейбір бәрлік көрсеткіштері
  3. Ондырғының құрылысы және жұмыстың орындалу әдістемесі.

Жүрек, қан тамырлар жүйесі

Жүрек, қан тамырлар жүйесінің құрамына жүрек, қан және лимфа тамырлары кіреді. Олар организмде қанның, қоректік және биологиялық белсінді заттардың таралуын қантамасыз етеді.

Қан тамырлары диаметрі әр-түрлі тұйықталган түтікшелер. Олар тасмалдау қызметін атқарады, мүшелердегі зат алмасуды қамтамасыз етеді.

Дамуы. Алғашқы қан тамырлары эмбрионалдық дамудың 2-3 аптасында сары уыз қапшығының қабырғасында пайда болады. Даму көзі мезенхима болып табылады. Мезенхималық аралшықтың шетінде орналасқан жасушалар сопақшаланып аралшықтың сыртын қөршап орналасқан эндотелиоциттерге айналады. Орталық бөлігіндегі жасушалар қан жасушаларына айналады. 3-ші аптадан бастап ұрықтың тамырлары ұрықтан тыс мүшелердің тамырларымен бірігеді. Кейінгі тамырлардың өсуі қан айналымы басталғанда жүреді, яғни оның гемодинамиқалық жағдайында байланысты дамиды.

Артериялардың жіктелуі

Артерияларды диаметріне орай кіші, орта және үлкен калибрлі деп, ал құрылысы бойынша 3 топқа жіктейді:

1. эластикалық артериялар

2. бұлшық етті артериялар

3. аралас артериялар

Эластикалық артерияның құрылысы

Эластикалық артерияның қабырғасы да 3 қабықшадан тұрады: ішкі, ортаңғы және сыртқы. Ішкі қабықша 3 қабаттан тұрады:

1. эндотелий

2. субэндотелий (эндотелий асты қабаты)

3. эластикалық талшықтардың өрімі

Эндотелиоциттер жазық пішінді, базальды мембранада орналасқан. Көбінесе бір ядролы болып келеді. Бұл жасушаларда эндоплазмалық тор нашар дамыған, рибосомалары аз болады. Митохондриялардың саны 200-ден 700-ге жетеді.

Эндотелиоциттер жазық пішінді, базальды мембранада орналасқан. Көбінесе бір ядролы болып келеді. Бұл жасушаларда эндоплазмалық тор нашар дамыған, рибосомалары аз болады. Митохондриялардың саны 200-ден 700-ге жетеді.

Эндотелий асты қабаты борпылдақ талшықты дәнекер тінінен тұрады. Оның қалыңдығы тамыр қабырғасының қалыңдығының 20%-дей болады. Дәнекер тінінің ішінде жеке жатқан жазық миоциттер кездеседі. Жасушааралық зат фосфолипидтер мен гликозаминогликандарға бай болады.

Ортаңғы қабықшаның құрамында ойықты эластикалық мембраналар жүйесі және осы мембраналардың арасында жекелеген жазық миоциттер орналасады. Бұл қабықшаның осындай құрылысы оның созылғыштығын, серпімділігін, беріктігін қамтамасыз етеді.

Сыртқы қабықша борпылдақ талшықты дәнекер тінінен құралған. Оның құрамында жуан эластикалық, коллаген талшықтары болады. Бұл қабықшада тамырдың тамырлары және жүйкелік элементтер өтеді.

Аралас артерияның құрылысы

Олар эластикалық және бұлшық етті артериялардың арасынан орын алады. Аралас артерияға ұйқы артериясы жатады. Оларда эластикалық компонентпен қатар бұлшық ет жақсы дамыған.

Ішкі қабықша эндотелийден, субэндотелийден және ішкі эластикалық мембранадан тұрады. Ортаңғы қабықшада бұлшық ет және эластикалық компоненттер жақсы дамыған. Эластикалық элементтер жеке жатқан талшықтардан, фенестрленген мембраналардан және олардың арасында жатқан жазық миоциттер қабатынан тұрады. Сыртқы қабықша БТДТ құралған, оның құрамында жазық миоциттердің шоғырлары, сыртқы эластикалық мембрана бар.

 

Бұлшық етті артерияның құрылысы

Бұл артерияның қабырғасы да 3 қабықшадан тұрады: ішкі, ортаңғы және сыртқы. Ішкі қабықшасы келесі қабаттардан тұрады:

1. эндотелий

2. субэндотелий

3. ішкі эластикалық мембрана

 

Эндротелий жасушалары тамырлардың ұзына бойына созыла орналаскан. Субэндателий жіңішке эластикалық және коллаген талшықтарынан, дәнекер тінінің жасушаларынан тұрады. Ішкі эластикалық мембрана серпімділік беруші компонент.

Ортаңғы қабықша айналмалы орналасқан жазық бүлшық ет жасушаларынан құралады. Олардың арасында дәнекер тінінің жасушалары және коллаген мен эластикалық талшықтар болады. Ортанғы және сыртқы қабықшалардың арасында сыртқы эластикалық мембрана орналасады.

Сыртқы қабықша - барлық қан тамырларында құрылысы бойынша ұқсас, борпылдақ дәнекер тінінен тұрады және бұл қабықшада тамырдың тамырлары мен жүйкелік элементтер өтеді.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 208 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)