Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Нейруляция процесіндегі мезодерманың дифференциациясына жалпы сипаттама

Читайте также:
  1. азақстан Республикасындағы тұрғын үй нарығы даму бағытының сипаттамасы
  2. Дәріс. Химико-технологиялық жүйелердің сипаттамалық қасиеттері мен тиімділік критерийі.
  3. Дамушы математикалық ойлаудың жалпы сипаттамасы
  4. Деуге арналған шикізаттарға сипаттама.
  5. ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
  6. Жалпы ережелер
  7. Жалпы ережелер

Нейруляция процесінің нәтижесінде нейрула пайда болады. Нейрула дегеніміз хорлады жануарлар ұрығының гаструладан кейінгі даму сатысы. Нейрулада нерв түтігі, хорда және мезодерма сомиттері түзіледі.

Дифференциация-дамып келе жатқан организмнің құрылыстық,биохимиялық өзгерісі.Оның нәтижесінде клетка,ұлпа,мүше және организм бір түрліден көп түрліге айналады.Сонымен дифференциация-жаңа ферменттік жүйенің,ерекше белоктардың,мембраналардың жаңа қасиеттерінің түзіліуі және физикалық,химиялық өзгерістері,жаңа ішкі ортаның түзілуі.

Гаструляция процесінде амфибиялар бластопорының дорсалдық ерні төңірегінде ішке қайырылатын хордомезодермалдық материал ұрықтың болашақ бас жағына қарай тікелей эктодерма астымен жылжиды. Осы орын ауыстырулар нәтижесінде хорда материалы оның үстіндегі дорсалдық эктодерма клеткаларымен түйіседі және оларға индукциялық әсер береді. Индукция арқасында эктодерма клеткалары жуандайды да нерв пластинкасын қалыптастырады. Алғашқыда жүйке пластинкасы ұрықтаң алдыңғы шетінде пайда болады, кейін каудалдық (артқы) бағытқа ысырылады. Бұл процесс бірінші кезекті эмбрионалдық индукция д.а., онда индуктор ролін хордомезодерма орындайды, ал нейралды эктодерма индукция қабылдағыш ұлпа болады.

Бақаның гаструласы алғашқы кезеңінде домалақ, шар тәрізді болады. Соңғы кезеңінде ол ұзарып сопақша түрге келеді. Ұрықтың арқа жағында екі нерв қатпары пайда болады. Ол екі қатпардың арасында жатқан эктодерма бөлімін нерв пластинкасы д.а. Нерв пластинкасы ішке қарай майысып нерв науасын жасайды. Нерв науасының екі жағы көтеріліп тұтасып нерв түтігін құрайды. Нерв түтігінің ішінде невроцель деген қуыс пайда болады. Кейін нерв түтігінің бас жағы бас миына айналады. Нерв түтігінің дене бөлімінен жұлын қалаптасады. Тері эктодермасының шеттері нерв түтігінің үстінде түйіседі. Осы жерде айта кететін бір жайт: клеткалардың бір бөлігі нерв түтігіне де және эпидермиске де қосылмайды. Олар нерв түтігінің үстінде ұзына бойы созылып орналасқан. Сол клеткалардан нерв айдаршасы құралады. Нерв айдаршасы эктодерма мен нерв түтігің арасында орналасады. Нейруляция сатысынан бастап ұрықта белсенді түрде органогенез басталады. Органогенез дегеніміз- мәр түрлі мүшелердің бастамаларының пайда болуы. Органогенез өте күрделі процесс,сондықтан оны толық бір оқу құралында қарастыру мүмкін емес.

Нейруляцияның ең бастапқы сатыларында ұрық мезодермасының ортасынан хорда бөлініп шығады. Мезодерма сегменттелеген, яғни эписомит, сегменттелмеген, яғни гипосомит болып екіге бөлінеді. Эписомит ұрықтың дорсалды (арқа) жағында, ал гипосомит – вентралды (құрсақ) жағында орналасады. Арқа мезодермасының сегменттерге бөліну процесін метамеризация деп атайды.

Гипосомитті кейде спланхотом не бүір пластинкалары дейді. Кейін бүйір пластинкалары екі жапырақшаға бөлінеді. Оның ішкі энтодерма жағындысын висцералды, ал сыртқы эктодерма жағындысын париеталды жапырақша д.а. Сол екі жапырақшаның арасындағы қуысын целом дейміз. Целом екінші дене қуысы болып табылады.

Висцералды жапырақ ішекке және басқа да ішкі мүшелерге жанасып, олардың серозды қабықшасын құрайды.

Париеталды жапырақшадан ішперде құралады. Ішперде дегеніміз құрсақ қуысының жұқа эпителийлі қабықшасы. Онда ішкі мүшелер орналасқан.

Эписомиттер одан ары қарай дерматом, миотом, склеротом болып бөлінеді. Дерматомнан терінің ұлпалары, склеротомнан шеміршек, сүйек ұлпалары, миотомнан бұлшықет ұлпалары п.б. Бүйір пластинкалардың қосылған жерінен гонатом мен нефротом бөлініп шығадды. Келешекте нефротомннан бүйрек түтікшелерінің эпителиясы п.б, ал гонатомнан гонадалар п.б.

Нерв айдаршасының материалынан неше түрлі клеткалар, ұлпалар пайда болады. Соның ішінде жұлынның сезгіш түйіндері, меланоциттер пигменттік клеткалар, биполярлық нейрондар, леммоциттер бар. Нерв айдаршасының бас жэағыннан шыққан клеткалардан шеміршек, бұлшық ет, дәнекер ұлпалары құралады. Аденогипофиз бен қалқан серік бездердің құралуына да сол клеткалар қатысады.

Ұрық жапырақшалардан әр түрлі мүшелер дамиды.

Эктодерманың туындылары. Эктодерманың клеткаларынан жабынды эпителийц, тері бездері, тістің сыртқы қабаты, мүйізді қабыршақтар п.б. Көптеген жануарларда эктодерма дененің алдыңғы және арқы жағында ішіне көмкеріліп, ығысып қалта секілді алдыңғы және артқы ішекті құрайды. Ол ішектердің қалта тәрізді бастамалары тесіліп ортаңғы эктодермадан п.б. ішекке жалғасады. Сондықтан алдыңғы ішек және артқы ішек эктодерманың туындылары болып саналады. Эктодерманың арқа жағы ұрық денесінің ішіне ығысып, батып нерв жүйесінің бастамасын береді.

Энтодерманың туындылары. Ішкі ұрық жапырақшасынан ортаңғы ішектің эпителиі, асқорту бездері және тыныс алу мүшелері п.б. Асқорту бездерінің бастамалары ішектің вентралды қабырғасынан қалта тәрізді томпайып өсіп шығып әрі қарай күрделенеді. Көмекей, бронхылар және өкпе бір бастамадан п.б. Ас қорыту каналынын құрсақ жағынан қалта секілді өсінді п.б. Соңынан өсінді дифференциялданып өкпе, бронхыға айналады.

Мезодерманың туындалары. Ұрық бөліктері арасындағы байланысты, қозғаласытық, тірек және трофикалық қызметтерді қамтамасыз етеді. Олардың ішінде барлық бұлшықет ұлпалары, дәнекер ұлпалар, шеміршек, сүйек, қан тамырлар мен лимфа жүйелері, зәр шығару мүшелердің түтікшелері, гонадалар ұлпаларының бөлігін, дене қуысының перитонеумін, тыныс алу мүшелерінің негізгі құраламдарын, ас қорыту түтігінің қабырғасын және т.б. атауға болады. Мезодерма бөлігі, эмбрионалдық дәнекер ұлпасы – мезенхимадан әр түрлі ұлпалар қалыптасады.

Айта кету керек, әрбір мүшенің құралуында бір емес бірнеше ұрық жапырақшасы қатысады. Мысалы, терінің құрамына эктодермадан дамыған эпидермиспен қатар мезодерманың дерматомынан пайда болған терінің дәнекерұлпалық негізі кіреді. Сондықтан, бұл жіктеу тек мүшелердің алғашқы шығу тегін көрсетеді.

40.Қартаюдың теломерлі теориясы (А.М.Оловников).

Қартаюдыңтеломерлі теориясы екі жағдайдың ДНҚ-ның ьолыө репликацияланбау проблемасы және клетка культурасынан табылған Хейфлик эффектісі нәтижесінде А.М оловниковпен қарастырылды.1971 жылы Хейфликтің ашқан заңдылықтарының көпшілігі белгілі болды.Сол уақытта Оловников ДНҚ*ның теломерлі бөлімдерінің репликациясының механизмдеріне назарын аударды.Ол арнайы механизм болу керек деп айтты.Осы жағдай оны маргинотомия теориясына итерміледі.Оны ол қартаюдың теломерлі теориясы деп атады.Ол теория бойынша организмнің барлық соматикалық клеткаларының хромосомасында теломерлердің репликациялану механизмі жоқ сондықтан хромосомдардың теломерлері әр бөлінуден кейін біртіндеп қысқарып отырады.Теломерлер қысқарып ұзындықтары ең төменгі деңгейге жақындағанда клеткалар қартая бастайды да соңында өледі.Оловниковтың теориялық божамдары-теломерлердің ұзындығын қамтамасыз етіп отыратын арнайы механизмдердің болуы жөніндегі болжадар теломераза мен альтернативті механизмдердің ашылуымен дәлелденді.Соматикалыө клеткаларда теломерлердің қысқаруы бөлініп жатқан клеткаларда дәлелденді.Жетілген жыныс клеткаларында теломерлердің ұзындығы организмнің жасы үлкен кішілігіне тәуелсіз.Теломерлі теория шын мәнінде қартаюдың толық сипатын бере алады.Қартаю күрделі және көп жақты процесс.Теломердің қысқаруы қартаюға әкелетін көп жолдардың бірі екенң белгілі.

Электронды микрофотосында спермотозоидта айнала 9 жұп майда шеңберлер және екі тақ шеңбер орталығында орналасқан. Бұл сперматозоидтың қандай бөлімі және мұндай құрылымды басқа қандай клеткаларда байқауға болады.

Сперматозоидтың аралық бөлігінде 9 жұп микротүтікшелерден тұратын аксонема орналасады. Оның сыртына оралып ұзын митохондрия орналасқан. Митохондрия энергия көзі қызметін атқаратын заттарды өндіреді. Сперматозоидтардың қозғалуы осы энергия есебінен қамтамасыз етіледі. Сперматозоидтар өте ұсақ болады, олар құйрығын толқынды қимылдату арқасында қозғалады. Сперматозоидтың көлемі микрометрмен өлшенеді. Мысалы: бұқанікі ‐ 65 мкм, торғайдікі – 200 мкм, адамдікі – 60 мкм. Ал саны миллиондап өлшенеді. Адамда І текше сантиметр сперма сұйығында – 60‐100 млн. сперматозоидтар болады.

42. Аналық жыныс безінің препаратында бөлініп жатқан оогониялардың жиынтығын көруге болады. Осы кесіндіде пісіп жетілген фолликулды көруге бола ма? Болмайды, себебі бөлініп жатқан клетка ұрық ғана көреміз.Себебі жетілген ересек организмнің аналық безі бөліну кезінде оогония процесі жүреді. Ал ұрықта бұл процесс болмайды.Аналық жыныс клеткаларының дамуын оогенез деп атайды. Ол үш сатыдан тұрады:

1) көбею; 2) өсу; 3) жетілу (пісу).

Төрт сатылы сперматогенезбен салыстырғанда оогенезде төртінші қалыптасу сатысы болмайды.

Егер сперматогониялардың көбеюі организмнің жыныстық жетілуіне байланысты болса, ал оогониялардың көбеюі ұрықтыңжыныс безінде болады. Көбею кезеңінде жыныс клеткалары митоз жолымен бөлініп, саны артып отырады. Ол клеткалар оогониялар деп аталады. Көбею сатысы ұрық жарыққа шыққанға дейін созылады. Оогониялар бөлінуді тоқтатып бірінші реттік ооциттерге айналады. Жаңа туылған қыздың аналық безінде 1 миллиондай жетілмеген жыныс клеткалары ‐ ооциттер болады, даму барысында олардың 500‐дейі ғана пісіп жетіледі. Қалғаны бірте‐бірте жойылып кетеді.

Оогенездің екінші сатысында бірінші реттік ооциттер өсу кезеңін бастайды. Ооциттің ядросы мейоздың бірінші профазасына түседі. Ол кезең кейде көп уақытқа созылуы мүмкін, мысалы адамда бірнеше он жылдықтарға. Өсу кезеңі екі мерзімге бөлінеді: 1) цитоплазмалық өсу (кіші өсу); 2) трофоплазмалық (қоректік) өсу (үлкен өсу).

Кіші өсу кезеңінде (превителлогенез) белоктар, ферменттер, митохондриялар, рибосомалар, ядрошықтар көбейеді. Үлкен өсу кезеңінде (виттеллогенез) клеткаларда сарыуыз жиналады.

Жұмыртқаның жетілу кезеңі ядросындағы күрделі өзгерістерімен байланысты. Бұл кезеңде мейоз процесі өтеді. Мейоз клетканың екі бөлінуінен тұрады. Оогенездегі бұл бөлінулердің ерекшелігі: бөлінген клеткалар тең емес. Бірінші бөлінуден кейін ірі ІІ‐реттік ооцит жəне өте майда бірінші редукциялық денешік пайда болады. Екінші бөлінуден жетілген жұмыртқа клеткасы пайда болады да, екінші редукциялық денешік шығады. Бірінші денешік екіге бөлінеді. Сперматогенезбен салыстырғанда оогенезде бір ооциттен бір‐ақ жетілген жұмыртқа клеткасы шығады да, қалған үшеуі жетілмей қалады.

Сүтқоректілерде аналық бездердің сыртында бір қабатты эпителий болады. Аналық безінің негізі дəнекер ұлпалардан құралған. Эпителийдің астында фолликулдар бар. Фолликул дегеніміз сыртынан фолликулды эпителиймен қоршалған бірінші реттік ооцит. Олардан аналық жыныс клеткалар – жұмыртқалар дамиды. Толысқан организмдегі аналық бездердің бірінде ай сайын гипофиз гормонының əсерімен болашақ жұмыртқа клеткасы бар бір фолликул жетіледі. Фолликулды клеткалардан аналық жыныс гормоны – эстроген бөлінеді. Грааф көпіршігі деп аталатын аналық жетілген фолликул бездің бетінен томпайып көріне бастайды да, сыртқы қабырғасы жұқарып, жарылады. Жұмыртқа клеткасы фолликулдан сыртқа шығады. Бұл процесс овуляция деп аталады. Жетілмеген жұмыртқа клеткасы түкті воронка арқылы жатыр түтігіне түседі де, сол жерде пісіп жетіледі. Жарылған фолликулдың қуысы бірте‐бірте сары клеткаларға толып, ішкі секрецияның уақытша безі сары денеге айналады.

Фолликулдар мен сары денеден аналық жыныс гормондары түзіледі. Сары дене гормоны прогестерон келесі фолликулдың пісіп жетілуін тежейді де, жатырдың шырышты қабықшасын ұрықты қабылдауға дайындайды. Егер жұмыртқа клеткасы ұрықтанбаса, онда сары дене овуляциядан кейінгі 13‐14 күнде гормон шығаруын тоқтатады. Сары дене ақ денеге айналады.

Аналық жыныс бездерінде фолликулдардың бір шамасы жетілмей, атретикалық денешіктерге айналады. Ол процесті фолликулдардың атрезиясы деп атайды.

43. Аналық жұмыртқа клеткасының препаратында Грааф көпіршігі көрінеді. Осы препаратта бөлініп жатқан жыныс клеткаларын көруге бола ма? Көре алмаймыз, өйткені бөлініп жатқан клетка ұрықта көреміз

Аналық жыныс клеткаларының дамуын оогенез деп атайды. Ол үш сатыдан тұрады:

Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 739 | Нарушение авторских прав

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)