Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Иммунитет теориялары

Читайте также:
  1. ГУМОРАЛЬНЫЙ И КЛЕТОЧНО-ОПОСРЕДОВАННЫЙ ИММУНИТЕТ.
  2. Защитные силы организмов. Фитонциды — один из факторов иммунитета растений
  3. Значительное усиление иммунитета, улучшение общего состояния здоровья и повышение энергетического уровня
  4. Клеткалық иммунитет жүйесі. Иммунологиялық төзімділік. Цитокиндер.
  5. Нарушение физиологических процессов под влиянием инфекции. Иммунитет растений. Использование культуры ткани для получения безвирусного посадочного материала.

Иммунитеттің фагоциттік теориясы И.Мечников 1883 ж. Иммунитеттің гуморалдық (бүйірлі тізбек) теориясы П.Эрлих 1898 ж. Клондық -селекциялық теория Ф.Бернет.КЛОН – белгілі антигенге қарсы бағытталған лимфоциттер тобы. Вернет теориясының орталық аксиомасы: өзінікін өзгеден ажырату - тіршіліктің шарты. Ф. Бернеттің клондық-сүрыптау теориясы төрт негізгі қағидаларға негізделген:

1.Лимфоидтъщ жасушалар популяциясы өте көп.

2.Лимфоидтъщ жасушалар популяциясы гетерогенді.

3.Азмөлшердегіантигенлимфоциттер клонының кәбеюін, плазмоциттерге дифференциялануын жзне сол антигенге қарсы антидене өндірілуін ынталандырады.

4.Көп мөлшердегі антиген иммундық жауапты шақыр-майды жэне лимфоциттердің сэйкес клондарының жойылуына әкеледі

13.Ф.Бернеттің клондық--селекциялық теориясы

1964 жылы Ф.Бернет «клон-сұрыптау иммунитет теориясы» деген атымен танымал гипотезаны жан жақа дамытылған. Клон-белгілі антигенге қарсы бағытталған лимфоциттер тобы. Клондық-сұрыптау теориясы бойынша ағзада антигенмен жанасқанға дейін әртүрлі арнайылықтағы лимфоциттердің үлкен жиынтығы болады.Белгілі бір антигендік ерекшелігі бар лимфоциттер клондар түзеді.Антиген тек талдау факторы ретінде болады және антигеннің жалғыз ғана қызметі – лимфоциттер клондарының бөлінуін және қызметін күшейту.Сәйкес антигенді таныған арнайы лимфоциттер клондары көбейеді және дифференцияланады (пісіп-жетіледі), бұл сәйкес арнайы иммуноглобулиндердің өндірілуін туғызады.

14. Иммунитеттің анықтамасы, түрлері

Иммунитет(immunitas – лат. Бір нәрседен құтылу, босау)-бұл ағзаның генетикалық бөгделік белгісі бар денелерден және заттардан қорғану әдісі. Иммунитеттің түрлері: 1) Туа біткен – белсенді және енжар болады. Белсенді: лейкоциттер, фагоциттер. Енжар: тері, шырышты қабат, сілекей, сөлдер, сүт безі, көз жасы.

2) Жүре пайда болған: Т және В лимфоциттер.

В-лимфоциттердің негізгі қызметі – ағзаға түскен антигендерге қарсы антиденелерді түзу.Антиденелер – бұл арнайы нәруыздар – иммунглобулиндер.Антиденелер – бұл арнайы нәруыздар – иммуноглобулиндер.Антиденелер иммундық жүйенің шеткі мүшелерінде түзіледі, одан қанға түсіп, қан арқылы ағзадағы барлық мүшелер мен тіндерге таралады.

Т-лимфоциттер жасушалық иммунитет серпілісін жүзеге асырады, олар сонымен қатар, антигендерді тануға және жасушалық, гуморалдық иммундық жауаптардың басталуына және реттеуіне қатысады.Т-лимфоциттер иммунологиялық төзімділіктің қалыптасуына және оның сақталып тұруына ықпал етеді, Т-лимфоциттерден иммунологиялық зерде жасушалары қалыптасады.

15. Иммунитеттегі тимустың маңызы

Тимус(айырша без) деп, тимиан өсімдігінің жапырағына және айыршаға ұқсас болғандықтан аталған. Тимус филогенетикалы ежелгі лимфоидтық мүше, онда лимфоидтық жүйенің түзілуі мен қызметінің реттелуі және де жасушалық иммунитеттің дамуы жүреді. Тимус алдыңғы көкірекаралықтың жо,ары бюөлімінде, төстің артында, жүрек үстінде орналасқан. тимус иммунитеттің жасушалық жүйесінің түзілуі мен қызмет атқаруына жауапты иммундық жүйенің орталық мүшесі болып табылады. Сонымен, иммундық жүйенің орталық мүшелерінде ізашар жасушалардан Т-және В-лифоциттердің түзілуі және олардың антигенге тәуелсіз дифференциялануы жүреді.Осы орталық мүшелердегі антигенге тәуелсіз дифференцияланудың ең негңзгң нәтижесі лимфоциттер клондарының түзілуі болып табылады.В-лимфоциттердің клоны сүйек кемігінде, ал тимуста Т-лимфоциттердің клоны қалыптасады.

Уровен

1. Лимфоцит – иммундық жүйенің басты клеткасы ретінде

Лимфоцит — лейкоциттің бауырда түзілетін түйіршіксіз түрі. Адамның барлық лейкоциттерінің 18-30%-ын құрайды. Лимфоциттер — ұсақ, диаметрі 8-10 мкм. Лимфа сыртқы және ішкі әсерлерге өте сезімтал. Рентген сәулесінің әсерінен лимфоциттер тез жойылады. Егер ағзаға қалқанша бездің гормонын жіберсе, лимфоциттердің саны көбейеді.

2. Т және В лимфоциттердің дифференциялану кезеңдері

Т-лимфоциттердің дифференцировкка үрдісінде екі негізгі кезең бар: антигентәуелсіз және антигентәуелді дифференцировка.

Т-лимфоциттердің антигентәуелсіз дифференцировкасы тимуста өтеді, оған ізашар Т-лимфоциттердің (іТ) тимусқа өтуі, тимоциттердің пролиферациясы, антигентанушы рецепторлардың түзілуі, Т-лимфоциттердің клондарының оң және теріс сұрыпталуы (MHC антигендері бойынша рестрикцияланған клондардың сақталуы және организмнің өзінің анигендерімен әсерлесуге қабілеті бар клондарының жойылуы), бір-бірінен қызметі және беткей CD-маркерлері бойынша ажыратылатын Т-лимфоциттердің әртүрлі субпопуляцияларының қалыптасуы жатады.

Антигентәуелді дифференцирровка үрдісі кезінде тимустан шыққан жетілмеген лимфциттер сәйкес келетін антигендер клондарымен кездеседі және оларды антигентаныстырушы жасушалармен бірге анықтау салдарынан бірқатар керекті стимулдарды алады. Нәтижесінде Т-лимфоциттер көбейеді және жетілген эффекторлы Т-лимфоциттерге дифференцияланады (хелперлер, киллерлер, супрессорлар). Олар сол антигенмен қайта кездескен жағдайда он өз бетімен анықтайды және иммунологиялық жауапты қалыптастырады.

3. Иммунды жүйенің перифериялық органдарының тимустәуелді және тимустәуелсіз аймақтары

Т-лимфоциттердің дифференцировкка үрдісінде екі негізгі кезең бар: антигентәуелсіз және антигентәуелді дифференцировка.

Т -лимфоциттердің антигентәуелсіз дифференцировкасы тимуста өтеді, оған ізашар Т-лимфоциттердің (іТ) тимусқа өтуі, тимоциттердің пролиферациясы, антигентанушы рецепторлардың түзілуі, Т-лимфоциттердің клондарының оң және теріс сұрыпталуы (MHC антигендері бойынша рестрикцияланған клондардың сақталуы және организмнің өзінің анигендерімен әсерлесуге қабілеті бар клондарының жойылуы), бір-бірінен қызметі және беткей CD-маркерлері бойынша ажыратылатын Т-лимфоциттердің әртүрлі субпопуляцияларының қалыптасуы жатады.

Антигентәуелді дифференцирровка үрдісі кезінде тимустан шыққан жетілмеген лимфциттер сәйкес келетін антигендер клондарымен кездеседі және оларды антигентаныстырушы жасушалармен бірге анықтау салдарынан бірқатар керекті стимулдарды алады. Нәтижесінде Т-лимфоциттер көбейеді және жетілген эффекторлы Т-лимфоциттерге дифференцияланады (хелперлер, киллерлер, супрессорлар). Олар сол антигенмен қайта кездескен жағдайда он өз бетімен анықтайды және иммунологиялық жауапты қалыптастырады.

4. Шырышты қабаттармен, ішекпен, өкпемен біріккен лимфа түйіндерінің ерекшеліктері.

5. Иммундық процестегі жергілікті иммунитеттің маңызы

6. Тимустың жасқа байланысты ерекшеліктері

Айырша без (грек, thymus — тимус) — омыртқалы жануарлар мен адаморганизмдеріндегі иммундық жүйенің қалыптасуы мен оның қызметінің толық атқарылуын қамтамасыз ететін без. Айырша без иммундық жүйенің орталық мүшесіне жатады. Ол көкірек қуысында орналасқан тақ көкірек бөлігінен және кеңірдектің екі қапталында жатқан жұп мойын бөлігінен түрады. Тимус немесе айырлы безді кейде айырша без деп те атайды. Ол 2 бөліктен тұратын (оң және сол жақ бөліктер) бірі-бірімен дәнекер ұлпасы арқылы байланысқан кеуде қуысында орналасқан без. Жаңа туған баланың бездерінің салмағы 23 г, 15 жаста 37 г болады. Одан әрі қарай без клеткалары солып азаяды: 45 жаста 35-16 г, 50-55 жаста 12-13 г, қартайғанда не бары 6 г болып қалады. Бала туғанда айырлы без жақсы жетіліп тұрады. Оның ұлпасы дифференцияланып, әр бөлігіндегі милы және қыртысты қабаттары айқын көрінеді. Бала туғанда бездердің 62-63% қыртыс қабатында, 37-38% милы қабатында орналасады. Айырлы без екі қызмет атқарады: ішкі секрециялық без ретінде тимоидин (тимсекрецин) гормонын өндіреді және организмнің иммунитетіне маңызы күшті Т-лимфоциттер дамып жетіледі. Жаңа туған баланың тимусындағы лимфоциттердің мөлшері қыртысты қабатта 62,6 %, милы қабаттта 42,4 %. Бала туғаннан кейін оның мөлшері азайып, 3 жаста қайта көбейеді де 3 жасқа толғанда 43,4 % болады.

7. Антигеннің анықтамасы және олардың химиялық табиғаты

Антигендер – иммундық жауап туыдыратын, яғни ағзадан бөгде затты шығаруға бағытталған арнайы серпілістерге қатысатын, генетикалық бөгде зат болып табылатын, жоғары молекулалық химиялық қосылыстар. Макромолекулалар, әсіресе нәруыздар мен полиқанаттар антигендер болып табылады.

8. Антигендердің бөгделік, антигендік, арнайылық, иммуногендік қасиеттері.

Заттарды антигендер ретінде сипаттайтын негізгі қасиеттерге жатады: бөгделік, антигендік, иммуногендік және арнайылық.

Бөгделік - ағзаның әр түріне немесе жеке индивидумдарга арнағган антигеннің өзгешелігін көрсететін генетикалык, тағайындалған жеке қасиеті. Антигеннің берілген ағзаға бөгделігі, иммундық жүйенің ағзаны биологиялық агрессиядан қорғау сияқты негізгі қызметімен байланысты.

Антигендік - заттардың қандай бір иммундық серпіліс шақыру мүмкіншілігі: көп немесе аз мөлшерде антидене түзілуін, күшті немесе әлсіз көлемдегі жасушалық иммундық серпілістер шақыратын заттар.

Арнайылық - бұл антигендердің бір-бірінен айырмашылығын көрсететін антигендік ерекшелік.

Иммуногендік - антигеннің иммунитет тудыру қабілеті. Бұл ұғым негізінен, жұқпаларға иммунитет жағдайын қамтамасыз, ететін микроб және вирус антигендеріне қатысты айтылады.

9. Тимустәуелді және тимустәуелсіз антигендер, құрылыс ерекшеліктері, табиғатта таралуы және оларға иммундық жауаптың дамуы

Т-тәуелсіз және Т-тәуелді антигендер Антигендердің мүндай екі түрге бөлінуі В-лимфоциттерде антидене түзілуінің шақыруына байланысты жүреді.Тимус-тэуелсіз антигендер (Т-тэуелсіз) - Т-лимфоциттің жэне макрофагтардың көмегінсіз В-лимфоциттерде оздігінен антиденелердіц түзілуін шақыратын антигендер. Табиғи антигендердің ішінде осы талаптарды қанағаттандыратындар бактериялык полиқанттар (БП) және липополиқанттар (ЛП). Олар негізгі Т-тэуелсіз табиғи антигендер болып табылады. Т-тәуелсіз жасанды антигендерге гаптенмен байланысқан полиэлектролиптер жатады. Т-тә'уелсіз прликлондық антигендерге - В-лимфоциттердің митогендері де (полиқанттар, лаконос митогені жәнет.б.) жатады.

Т-тәуелсіз антигендер барлыц табиги антигендердіц 10%-ын құрайды. Т-тэуелді антигендер (Т-тәуелді) - В-лимфоциттердің антидене тузілісіне міндетті түрде Т-лимфоциттер мен макрофагтардың қатысуын кажет ететін антигендер. Бул антигенге қарсы серпіаіс генетикалык негізгі гистосэйкестік кешенінен кадагаланады. Т-тэуелді антигендерге: трансплантациялық, тіндік арнайы антигендер, сарысулық нәруыздар, бактериялық уыттар, бөгде зритроциттердің антигендері, көптеген вирус антигендер і жэне тағы басқалары жатады. Тимустәуелсіз антигендерге қарсы Т-жасушаларының қатысуынсыз В-жасушалармен антиденелер өндіріледі.Тимустәуелді антигендерге - қарсы Т-лимфоцит-хелперлердің және макрофагтардың қатысуымен иммундық жауап түзіледі

10. Антигендердің ағзаға түсу жолдары

11. Негізгі иммуноглобулиндер класының құрылысы және қызметтері

Адамда иммуноглобулиндердің 5 негізгі кластары бар: G, М, А, D, Е. Бұл иммуноглобулиндер кластарыньщ әр қайсысы өзіндік құрылысты болады және белгілі бір жұмыс атқарады. Олардың барлығы екі түр-лі полипептидті тізбекті жинақталған агрегаттардан тұрады, оның бір тізбегі — "жеңіл", екіншісі "ауыр" деп аталып, Н және L әріптер-мен белгіленеді (ағылшынның "һеаvу" мен light" сөздерінен). Н және L тізбектері бөлек синтезделінеді, ал І g молекуласының жасалуы Гольджи комшіексінде жүзеге асады. І g М. ІgМ ауыр тізбегі 5 доменнен тұрады. ІgМ тұрақты С-домендерінің құрылыс ерекшеліктері көмегімен пентамер құрады, ІgМ макроглобулин деп атайды. Оның молекулалық салмағы 900000 дальтонға (Д) жуық. ІgG. ІgG - негізгі сарысулық иммуноглобулинге жатады. Оның молекулалық салмағы 150000 Д жуық. ІgG преципитация, аггаютинация серпілістеріне және лизиске қатысады. ІgА . ІgА - секреттерде мөлшері басңхз иммуноглрбулиндерге қараганда жогары болгандыктан, оиы негізгі секреторлы иммуиоглобулин деп санайды. Қан сарысуында 0,8 - 4,2 г/л, негізінде мономерлі түрідце кездеседі. ІgА-ң Ғав-фрагментінің ажырауы ІgG жэне ІgМ қарағанда төмен. Сондықтан, ІgА агтлютинация, преципитацияға қиынырақ түседі, бірақ жасушаға жеңіл тоңады және әртұрлі секретгер құрамьшда: сүт, сілекей, шырыш және т.б. кездеседі. Оның молекулшіык салмағы 170 000-500 000 Д. І g Е. ІgЕ негізгі цитофилді иммуноглобулин, атопиялық аллергиялық серпілістің, яғни, жедел дамитын жоғары сезімталдықтың негізгі иммл;иоглобулині больщ табылады. І g Е-ні -ш аллергологияда реагин деп атайды, Молекулалық салмағы 180000 тең. І g Е. молекуласының ауыр тізбегі 5 доменнен түрады.І g Е концентрациясы сау адамдарда өте аз болады - 0,0002 г/л. І g В. ІgВ молекулалық салмағы 180000 Д. ІgВ концентра-циясы адам сарысуында 0,0003-тен 0,0017 мг/л дейін. Бұл иммуноглобулиннің құрылысы басқа иммуноглобулиндердің құрылысына қарағанда толық зерттелмеген. Онъң себебі, қ ан сарысуындагы мөлшері өте төмен. Бүл иммуноглобулин, негізінде В-лимфоциттер бетінде рецеппшр түрінде шогырланады. Сонымен қатар, бұл І g D рецепторлардьщ пайда болуы В2-лимфо-циттердің тимустәуелді антигевдерге эсер ету қабілетіне сай болады. Соғаһ байланысты, І g D жетілген В-лимфоциттердің негіз-гі мембраналық рецепторларының бірі болып табьшады және олардың дифференциялаку кезінде маңызды қызмет атқарады

12. В-лимфоциттердің антигентәуелді және антигентәуелсіз дифференцировкасы

В-лиффоциттершығуы мен дифференциялануының негізгі кезеңдері:

1. Сүйек кемегінің көп қабілетті бағаналы жасаушалары (ҚҚБЖ)

2. ЛБК – лимфоциттердің бастауышы жасушалары (жалпы лимфопоэз бастаушысы)

3. Бастауышы В-лимфоциттер (б-В)

4. В0-лимфоциттер

5. В1-лимфоциттер

6. В2-лимфоциттер

Сүйек кемегіндегі антигентәуелсіз дифференцияланудың кезеңдері. ҚҚБЖ –ЛБЖ- бастаушы- В-лимфоциттер -Во

Иммунитеттің шеткері мүшелерінің тимустәуелсіз аймақтарында өтетін антигентәуелді дифференцияланудың кезеңдері: В1-лимфоциттер –В2- лимфоциттер.

В-лимфоциттердің бастаушы, басқа қан жасаушалары тәрізді, сүйек кемегінің көп қабілетті бағаналы жасаушасына жатады. Барлық Т-және В-лимфоциттердің жалпы бастаушы жартылай бағаналы жасушалы кезеңі арқылы бастаушы В-лиффоциттер пайда болады, олар кейіннен жетілмеген ВО-лимфоциттерге айналады. Бұл дифференциялануы сүйек кемегінде бөгде антигенмен байланыспай тұрып өтеді.

13. Тимустәуелді және тимустәуелсіз антигендерге гуморалды иммундық жауаптын түзілуі

14. Біріншілік және екіншілік иммундық жауаптағы иммуноглобулиндердің қатысуы

Антигендермен әрекеттесу бойынша иммундық жауап екіге бөлінеді:

1. біріншілік иммундық жауап

2. екіншілік иммундық жауап

Біріншілік иммундық жауап 4-7 күндері дамиды.Біріншілік гуморалдық иммундық жауаптың негізгі В-лимфоциттердің белсендірілуі және олардың антидене түзетін плазмоциттерге айналуы болып табылады.Антиденелердің басым көпшілігін IgM құрайды;жасушалық иммундық жауап – пісіп-жетілген эффекторлары Т-лимфоциттердің пайда болуымен белгіленеді.Антигенмен бірінші рет жанасқаннан кейін зерде Т-және В-жасушалары түзіледі.

Екіншілік иммундық жауап көптеген көрсеткіштері бойынша біріншілік жауаптан ерекшеленеді.Екіншілік иммундық жауап кезіндегі жасырын кезең өте қысқа, жылдам дамиды және антиген аз мөлшерде болуын талап етеді, оның айқындалған пісіп-жетілу белгілері бар, оның гуморалдық және жасушалық факторлар арнайылығы антигенге қатысты жоғары болады.Екіншілік иммундық жауап біріншілік иммундық жауапқа қарағанда, ағзаның тиімді қорғанысын қамтамасыз етеді.Антигенге қарсы біріншілік және екіншілік серпілістерде IgM белсенділігі мен күштілігі бірдей.IgG – дің деңгейі біріншілік жауапқа қарағанда, екіншілік жауап кезінде өте жоғары.Екіншілік иммундық жауап жоғары деңгейде болу себебі, ағзада зерде жасушалардың болуына байланысты

15. Комплемент жүйесі, қызметі және рөлі

Комплемент жүйесі - қан сарысуының ферменттік жүйесіі. Оның негізгі қызметі - антигендерді ыдырату.

Комплемент жүйесіне кіретін нәруыздарды комплемешптің компоненттері деп атайды. Бұл тектес нәруыздарға 20 компонент кіреді. Комплементтің компоненттері активтенуге дейін белсенсіз түрде болады. Активтену басталғаннан кейін олар бір-бірімен тізбектесе байланысады, нәтижесінде бірқатар биологиялық қызметтерді атқаратын молекулалар мен кешендерді өндіреді.

Бүгінгі күнде комплемент жүйесі активтенуінің 3 механизмі белгілі:

1. классикалық жол;

2. альтернативтік жол;

3. лектинді жол.

Комплемент жүйесінің биологиялық әсерлері:

- нысана-жасушаларға және жоғары молекулалық иммундық кешендерге лизистік әсер ету (С5-9 кешені);

- иммундық жабысу (СЗ b фрагменті);

- хемотаксис - сұйық фазаға өткен комплемент фрагменттеріне (СЗа, С5а, С5 b 67) қарай лейкоциттердің жылжуы. Осының салдарынан иммунологиялық серпіліс дамыған ошақта макрофаттар мен нейтрофилдер жинақталады. Олар иммундық кешендер мен антиген гидролизі нәтижесінде түзілген өнімдерді фагоцитозға ұшыратады. С5 компонентінің жетіспеушілігі кезінде қабыну ошақтарында нейтрофилді инфильтрация болмайды.

- комплемент жүйесінің активтенуі СЗа және 5а анафилактоксиндерінің түзілуіне алып келеді, олардың физиологиялық ролі - мес жасушалары мен базофилдердің белсенуі мен дегрануляциясын шақыру. Натижесінде бөлінген биологиялық белсенді заттар (гистамин, серотонин, брадикинин және т.б.) қан тамырларының өткізгіштігін жоғарылата отырып фагоциттердің серпіліс ошағына өтуін қамтамасыз етеді. Бірақ, СЗа мен С5а фрагменттерінің шамадан тыс түзілуі кезінде вазоактивті аминдер мен арахидон қышқылының метаболиттерінің көп мөлшерде бөлінуіне байланысты жүрек-тамвр коллапсы мен бронхоспазм дамуы мүмкін, яғни анафилаксияға ұқсас жағдай дамиды.

- кинин жүйесініц белсенуі (С2 b) де қан тамырлары өткізгіштігінің жоғарылауына алып келеді.

Уровен

1. Моноклондық антиденелерді (СО2, СЭЗ, СВ4, СБ8, хелпер-супрессорлы индекс, РБТЛ, РТМЛ) қолдану арқылы иммунофлюресценция әдісімен Т-лимфоцитткрдің абсолютті және салыстырмалы көлемін және олардың субпопуляцияларын анықтау әдісі

Т-лимфоциттердің популяцияларымен мен субпопуляцияларын анықтауға бірнеше әдістер қолдан;иммунофлюоресценция, микроскопия және ағын цитометрия, ИФТ, жарық микроскопында иммунофенотиптеу,электрофорезді айыру. Иммундық қабілетті жасушалардың түрлерін анықтау тәсіліне моноклондық антиденелердің көмегімен дифференциялаушы антигендерді ұқсастыру жатады. Барлық әдістерде алдын ала лимфоциттердің популяцияларын дайындау қажет. Лимфоциттердің популяцияларын алудың негізгі тәсілі бұл Беюм әдісі бойынша тығыздық градиентінде дифференциалды центрифугирлеу.Барлық жасушалардың тығыздығыболады соған байланысты олар градиент қабатынан өтеді, не өтпейді де қабаттың бетінде қалады,яғни тығыздық градиентінің сұйықтығына байланысты жасушалар белгілі позицияны белгілейді.

 

 

 


Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 1496 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
СПОРТИВНЫЕ ДИСЦИПЛИНЫ СОРЕВНОВАНИЙ для ДЕТЕЙ| Значительное усиление иммунитета, улучшение общего состояния здоровья и повышение энергетического уровня

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)