Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Күрделі кемістік ұғымының мәні.

Соңғы жылдары дамуында күрделі кемістігі бар балалар санының қатары дүние жүзінде көбеюі мен оларға біліктілік тұрғысынан көмектесу бойынша ғылыми-әдістемелік нұсқаулықтардың жоқтығы қазіргі арнайы әдебиеттерде дамудағы күрделі кемістік проблемасының көкейкестілігін арттырып отыр. Бүгінгі күн практикасы әр түрлі кемістіктері бірігіп кеткен балалардың барлық типтегі арнайы мекемелерде кездесетіндігін дәлелдейді. «Күрделі кемістік» түсінігі немесе, қазіргі ғылыми айналымдағы «дамудағы күрделі кемістік» ұғымы әдебиеттерде әр түрлі тұжырымдалған.

Осы ұғымдар қарастырылған арнайы әдебиеттер мен зерттеулерді жан-жақты талдау негізінде «дамудағы күрделі кемістік» бойынша көп түрлі ұғымдар бар екендігін байқатты. Осы ұғымның синонимдері болып «дамудың күрделі зақымдануы», «дамудың күрделі аномалиялары», «бірігіп кеткен зақымданулар», «аралас зақымданулар», «жиынтық кемістіктер» «ауыр және көп зақымданулар» және т.б. табылады.

Н.М.Назарова балалардың күрделі зақымдануына бір индивидумның басында екі және одан көп бастапқы психофизикалық кемістіктердің бірігулерін (есту мен көруі бұзылуы, зияты мен есту қабілетінің бұзылысы, есту қабілетінің зақымдануы мен церебральдық паралич, көрудің бұзылуы мен балалар церебральдық параличі және т.б.) жатқызады.

Қазіргі уақытта АҚШ-та балалардың көру мен есту

қабілеті зақымдануымен қатар оқытудың «көп кедергілері бар» арнайы бағдарламалары жұмыс істейді. Бұл термин бірнеше зақымдары бар, мәселен ақыл-есі кемістердің көру немесе есту органдары зақымдануларымен бірігіп кетуін білдіреді. Бұл жағдайдағы «кедергі» оқыту міндеттерін қиындатады, өйткені бұл балалар бір кемістікке бағытталған арнайы мекемелерге орналаса алмайды.

С.Е.Гайдукевич көптеген зақымдануы бар ауыр форма тұрғысынан интеллектулдық дамуы бұзылған балалардың көру, есту, дене құрлысының жетіспеушілігі мен тәрбиедегі қиындықтарының бірігуін түсіндіреді.

В.Н.Чулковтың пайымдауынша күрделі кемістік дегеніміз баланың әлеуметтік бейімделуіндегі дамуының зақымдануы мен қиындықтарының құрылымын анықтайтын бірдей дәрежедегі екі немесе одан да көп бұзылулардың бірігуі.

«Кемістіктің күрделі құрамы» және «күрделі кемістігі бар балалар» ұғымдарының теңестірілуі дұрыс емес. Л.С.Выготскийдың тұжырымдарына негізделе отырып, М.В.Жигарева әрбір тұрақты бұзылу бастапқы және кейінгі иеархиялық құрылымына ие екендігін анықтайды. Яғни әр кемістік сатылылы: бастапқы сатысынан және оның салдарынан (кемістіктің екінші сатысы) тұрады – бұл әр жеке кемістіктік күрделі құрамын білдіреді.

Демек, практикалық сұрақтардың дұрыс шешімі күрделі және күрделенген бұзылуларды анықтау барысындағы негіздемені нақты түсінуді талап етеді. Кешенді зақымданулар туралы мәселені аномальдық дамудың күрделі құрылымының негізгі ережелері туралы білімдер контексінде ғана қарастыру мүмкін. Бұзылыстар бірігіп бір-біріне көп қырлы ықпал етеді және өзара күшейе түседі. Оның соңынан, бөлек бір зақымданудың қарапайым сомалық қосындысымен салыстырғанда сапалық және сандық тұрғыдан айтарлықтай дөрекі кері салдары болуы мүмкін.

Күрделенген зақымдану - бірқатар бастапқы зақымдануларға ие, бірақ оның біреуі негізгісі, жетекшісі болып табылатын, аномальдық даму құрылымын анықтайтын, яғни екінші ауытқуға негіз болатын бұзылуды айтады. Сонымен бірге екінші кемістік бастапқы болғанымен айқын көрініс таппаған немесе компенсацияға бағынатын, дейтұрғанмен ол негізгі жетекші кемістікке ықпал етеді.

Бұдан басқа, бірқатар дереккөздерде «көптік зақымданулар» ұғымы қарастырылып, баланың дамуындағы үш немесе одан да көп бастапқы бұзылулардың жиынтығы. Оның әр қайсысы кері ықпалды ауытқуға ие болатындығын білдіреді, мәселен: соқыркерең ақыл-есінің зақымдануымен ұштасуы.

Жоғарыда айтылғандар негізінде мынадай тұжырым жасауға болады: күрделі (кешенді) кемістік дегеніміз әрбірін бөлек алғанда аномальдық дамудың құрылымы мен сипатын анықтайтын бірқатар бастапқы ауытқулардың бірігуі. Зақымданулар бір-біріне көп қырлы ықпал етеді және олар өзара күшейе түседі. Оның соңынан, бөлек бір зақымданулардың қарапайым сомалық қосындысымен салыстырғанда сапалық және сандық тұрғыдан айтарлықтай дөрекілік тұрғысындағы кері салдары болуы мүмкін.

 

 


Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 341 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
One Direction для журнала GQ.| Рождение Linux

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)