Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ереже , нұсқау , пайдалы кеңестер

Читайте также:
  1. Cведенные финансовые показатели реализации технических мероприятий по энергосбережению AES Усть-Каменогорская ТЭЦ
  2. Бөлімге нұсқаулар
  3. Дістемелік нұсқау
  4. ЕЩЕ ОДНО ПРЕДОСТЕРЕЖЕНИЕ
  5. запрошує молодь до спостереження під час мирних зібрань
  6. Збереження документу

 

1. Ереже. «Рефератпен қалай жұмыс істеу керек»

І. Рефератты бастамас бұрын тақырыпты таңдап алу керек.

Таңдаған тақырыбың бойынша, алдымен өзіңе төмендегі сұрақтарды қой:

1. Бұл тақырып мені шынымен қызықтырама?

2. Бұл жұмыс маған қандай тәжірибелік мәлімет бере алады (бағадан басқа)

Егер тақырып сені қызықтырса, сен үшін оның маңызы бар болса, ол туралы ұстазыңа ескерт.

 
 

 

 


*Реферат даярлау алдындағы сызба: ІІ. Енді саған мақты мақсатын қойып алу керек.

ІІІ. Рефетарпен жұмыс істеудің келесі бір маңызды бөлімі – ол жоспар құру, оның барлық бөлімі, тиянақтау мен қорытындылауда сенің анықтамаңа байланысты.

ІҮ. Енді саған ақпарат жинауды бастау керек. Бірінші, бұл мұғалімнен кеңес алу, таңдаған тақырыбың бойынша қайдан және қандай ақпарат іздеу керек. Бәрінен бұрын, мұғалім саған рефератпен жазуға нұсқау беретін әдебиеттер тізімін құрып береді.

Ү. Ата-анаңа өз тізіміңді көрсет: мүмкін үйлеріңде басқа кітап немесе материалдар болуы мүмкін. Кез-келген жағдайда саған кітапханаға бару қажет.

ҮІ. Рефератты жазуға жинаған барлық ақпарат жиналған кезде, саған енді оларды топтау керек. Егер сен қазірден бастап компьютермен жұмыс істеуді білсең тіпті жақсы болар еді (неме парақтарға жазуға тура келеді) Таңдаған тақырыбың бойынша әр түрлі ақпарат көздерінен нақты қарастырған материалдарыңды жинап болған соң, оларды параққа немесе компьютерге жазып ал.

 

ҮІІ. Құрылған жоспарың бойынша жинақтаған материалдарды топтап, әрбір бөлім (тарау, бөлім) бойынша қорытынды жаса.

ҮІІІ. Қорытынды бөлімде жоғарыда айтылған бөлімдер бойынша нақты жұмыстың нәтижесін жасау керек.

ҮХ. Рефератты қалай өңдеу керектігі жайлы мұғалім ақпарат береді, бірақ есіңде мыналырды сақта:

1. Мұқабасында тақырып, аты-жөні, сынып, мектептің аты, оқу жылы көрсетіледі.

2. Бұл рефератты компьютерде тере алсаң жақсы болар еді.

3. Кіріспе, бөлімдер (тарау) және қорытындысы ерекше көрсетілуі керек. (тақырыпша қызыл жолдан, қалың әріппен т.б.)

4. Егер, жұмысыңды өз көзқарасың, қиялыңмен суреттер, схема, суреттер қосып әшекейлеймін десең арнаулы беттерге сай оларды таңбалап, рефераттың соңғы бетіне қос.

5. Рефераттың соңында қолданылған әдебиеттер тізімін көрсетуді ұмытпа. (Автордың аты-жөні, кітаптың аты,қай жылы шыққаны, басылымға шыққан жылы)

 

Ереже Сабақ үстіндегі жетістіктерім

1. Сабаққа қажет нәрселердің барлығын үзіліске дейін дайындап, үстеліңнің үстіне шығарып қой.

2. Сабақ үстінде ешнәрсеге алаңдамай, барлық назарыңды сабаққа аударсаң, көбірек түсінесің.

3. Орныңда мазасыздана бермей, қолыңды көтер.

4. Қасыңдағы баламен әңгімелеспе.

5. Көшіріп алуды ойламай, өз біліміңе сен.

6. Өз жауабыңды дайында.

7. Әдептілік ережесін бұзба.

8. Өзіңнің жұмыс орныңда ыңғайлы, тік отыр.

9. Қалта телефоныңды өшіріп қой.

10. Ойыңды жинап, мәлметтерді дұрыс қортындыла.

 


Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 169 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Нәтижелер| The Anglo-Saxon or Old English Language

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)