Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

СD4-жасушалар

Дебиет

Негізгі:

1. Шортанбаев А.А., Кожанова С.В. «Жалпы иммунология», Алматы, 2008

2. Хаитов Р.М. «Иммунология», Москва, 2006

 

Қосымша:

1. Новиков Д.К. «Общая иммунология», Минск, 2005

2. Руководство по клинической иммунологии. Учайкин В.Ф Шамшев О.В. М., 2006

3. Дж. Плейфер, Б.М. Чейн «Наглядная иммунология», 2008

4. Никулин Б.А. Оценка и коррекция иммунного статуса: уч пособие для мед. вузов.

М.: ГЭОТАР- Медиа, 2008

5. Жетписбаева Х.С.,Ягофаров.Ф.Ф. Студенттерге арналған иммунология пәнінен

әдістемелік нұсқаулар блоктардың жинағы. Семей, 2008.

7. Бақылау:

Сабақтың бастапқы деңгейін бағалайтын бақылау сұрақтары:

1. Иммунология қандай негізгі міндеттерді шешеді?

2. Иммунологияның дамуы ғылым ретінде қандай этаптардан тұрады?

2. Иммунды жүйе қандай мүшелермен жасушалардан тұрады?

3. Иммунитет дегеніміз не?.

4.Ф.Бернеттің клональды-селекционды теориясының мәнін айтыңыз, оның

артықшылығымен кемшіліктері.

Жеке бастың және топтың білім деңгейін бағалауға арналған бақылау тесттері -2 нұсқада беріледі.

Нұсқаны қараңыз.

Сабақтың қортынды деңгейін бағалайтын бақылау сұрақтары:

  1. Иммунды жауап қорғанысының мағынасы неде және ол неге қарсы бағытталған?
  2. «Иммунологиялық бақылау» түсінігіне сипаттама беріңіз? Иммунологиялық

бақылау концепциясының мәні?

  1. Иммунологиялық бақылау қызметін жүзеге асыруда Т-лимфоциттердің рециркуляциясының ролі қандай?
  2. Лимфоциттердің қандай рецепторлары антиген тануды қамтамасыз етеді?
  3. Иммунды жауапты Т-хелперлердің қатысуынсыз іске қосу үшін, антигендердің қандай ерекшеліктері болу қажет?
  4. Лимфоциттердің миграциясымен рециркуляциясы түсініктерінің айырмашылығы қандай?
  5. Лимфоциттердің рециркуляциясы қандай қызметті қамтамасыз етеді?
  6. Перифериялық қандағы Т-және В-лимфоциттердің нормасы
  7. Иммунитеттің түрлерін айтып беріңіз
  8. Иммунды жауаптың арнайылығы неге негізделген?
  9. Иммунды жауапқа қатысатын жасушалар?
  10. Т-тәуелді және Т-тәуелсіз антигендердің айырмашылығы?

Білімнің қортынды деңгейін бағалауда берілетін бақылау есептер:

Есеп № 1

Таблицаны толтырыңыз: иммун жүйесінің деңгейлері

Мүшелік деңгей Орталық мүшелер Шеткі мүшелер
     
Жасушалық деңгей Иммуннокомпетентті жасушалардың негізгі түрлері
Молекулярлы деңгей Иммунды жауаптың барлық сатысына қатысатын, макромолекулалардың негізгі түрлері. 1. 5. 2. 6. 3. 7. 4. 8.  
Толықтай ағзаның деңгейі Иммунды жүйені реттеуге қатысатын, ағзаның жүйелері.  

 

Есеп № 2

Кестені толтыру: Иммун жүйесінің орталық және шеткі мүшелері және олардың қызметі

Орталық мүшелер Олардың қызметі
   
Шеткі мүшелер Олардың қызметі
   

 

Есеп № 3

Сұрақтарға жазбаша жауап:

- Перифериялық қандағы лимфоциттердің абсолютті және салыстырмалы сандарын анықтау?

- Жалпы қан анализінде лейкоциттер саны 6х109, лейкоцитарлы формулада лимфоциттердің пайыздық саны -30; лимфоциттердің абсолюттік санын анықтау?

Нұсқау:

І. Жеке бастың және топтың білім деңгейін бағалауға арналған тесттер -1 нұсқа

1. Лимфо-миелоидты комплекске кірмейді:

1. сүйек кемігі 3. көкбауыр 5. ішек

2. тимус 4. лимфотүйіндер және лимфоидты тін

2. Т-лимфоциттердің дифференциациясы жүреді:

  1. сүйек кемігінде 3. көкбауырда және тимуста 5. лимфотүйінінде
  2. көкбауырда 4. тимуста

3. В-лимфоциттердің дифференцировкасы жүреді:

1.сүйек кемігінде 3. көкбауырда және тимуста 5. лимфотүйінінде

2. көкбауырда 4. тимуста

4. Т-жасушалық өсімнің (росток) дифференцировкасы–бұл:

  1. ізашар- Т-жасуша 3. тимоцит 5. аңқау Т-лимфоцит
  2. гранулоциттер 4. ізашар - В-жасуша

Тимус

  1. 2 бөліктен тұрады
  2. 3 бөліктен тұрады
  3. Рассель денешігінен тұрады
  4. Марк фолликулласы бар
  5. тимустан 30% дейін жасушалар шығады.

6. Тимустың эпителиальды жасушаларының қызметі

1. лимфоциттерді жетілдіру

2. макрофагтарды дамыту

3. В-жасушаларды түзу

4. антидене өндіру

5. реттеуші факторларды өндіру

7. Т- және В-лимфоцитердің көкбауырда орналасуы

  1. ақ ұлпа және шекаралық аймақтарда
  2. қызыл ұлпа және шекаралық аймақтарда

3. тек шекаралық аймақта

4. Т- және В-жасушалар артериолдардың айналасында орналасады

5. Т- және В-жасушалар венозды қуыстарда орналасады

8. Лимфотүйін

  1. тек Т-аймақты ажыратады
  2. В-аймақты ажыратады
  3. Т-аймақтың қыртысты қабатын – В-аймақтың қыртыс маңы қабатын
  4. В- аймақтың қыртысты қабатын - Т-аймақтың қыртыс маңы қабаты
  5. Т-аймақтың қыртысты қабатын ажыратады – В-аймақтың қыртыс маңы қабаты

және В- аймақтың қыртысты қабаты - Т-аймақтың қыртыс маңы қабаты

9. Шырыштымен ассоциирленген, лимфоидты тінге жатады

1. Пейер бляшкалары 3.респираторлы тін трактісі 5. барлық аталғандар

2. бадамша бездер 4. урогенитальды тракт

10. Иммунитеттің инструктивті теориясы

  1. антиген - бұл матрица
  2. лимфоциттердің клондары қажет

3. бөліктік құрылым қажет

4. иммунологиялық есте сақтауды түсіндіреді

5. антигенге қарсы антидене санының жоғарлауын түсіндіреді

11. Тимус-тәуелсіз антигендерге жатады:

1. микpобты полисахаpидтер

2. лаконос митогендері

3. кірпікшелі антиген

4. бактеpия липополисахаpидтері

5. тpансплатационды антиген

Ф.Бернет теориясы

  1. В-жасушалар антидене бөледі
  2. Т-жасушадан антидене бөлінеді
  3. жасуша клондарының қатысуы және селекциясы

4. рекомбинация есебінен антиденелер жан-жақты болуы

5. Л.Худ теориясына қарама-қарсывсе верно

13. Аталғандардың қайсысы гаптендерге тән:

1.оларға қарсы антидене синтезделуі

2. көбінесе Т-лимфоциттермен танылады

3. оларға қарсы басты болып, жасушалық иммунитет бағытталған.

4. әртүрлі макромолекуляры құрылыстармен байланысқанда бір арнайылықты

антиденелердің синтезін шақырады.

5. К-лимфоциттердің иммуноглобулинді антиген-танушы рецепторларымен танылады.

 

І. Жеке бастың және топтың білім деңгейін бағалауға арналған тесттер -2 нұсқа 1.Иммунды жүйенің барлық жасушаларының бастауы болып табылады:

1.бағаналы лимфоидты жасуша

2.қан түзуші бағаналы жасуша

3.тимустың эпителиальды жасушасы

4.ізашар-Т-лимфоцит

5.ізашар-В-лимфоцит

2. Табиғи киллеpлер

1.Т-лимфоциттерге жатады

2.В-лимфоциттерге жатады

3.комплементтің қатысуы қажет

4.антидене синтезіне қатысады

5.ісікке қарсы иммунитетті қамтамасыз етеді

Антиген болып табылатын зат

1. төмен молекулярлы салмағы бар

2. жоғары молекулярлы салмағы бар

3. ағзаға генетикалық сәйкес

4. стеpоидтар

5. липидтер

4. Тимус-тәуелсіз антигендерге жатады:

1.пневмококты полисахаpид

2.липидтер

3.тpансплантационды антигендер

4.ДHК-ядpа

5.ісік эмбpиональды антигендер

5. Гаптендерге тән

1.В-лимфоциттер

2.Т-лимфоциттермен танылады

3.тек белокпен байланысқаннан кейін ғана иммунды жауапты шақыруға қабілетті

4.оларға қарсы тек жасушалық иммунитет бағытталған

5.Манчини әдісі арқылы анықталады

6. Тимустағы лимфоциттердің жоғары % жойылуы негізделеді

  1. аутоиммунды реакциямен
  2. лимфоциттердің төмен қабілеттілігі
  3. гистосәйкестіктің өзіндік антигендерімен ара-қатынасқа түсуге қабілеті жоқ, жасушалардың селекциясы.
  4. гистосәйкестіктің өзіндік антигендерімен ара-қатынасқа түсуге қабілеті бар, жасушалардың селекциясы.
  5. аллергиялық реакцияның I типі бойынша

7. Көкбауырдың құрылысы негізделеді:

  1. қызыл және қара ұлпамен 3. ақ ұлпамен 5. барлығыда
  2. қызыл және ақ ұлпамен 4. қызыл ұлпамен

8. В-лимфоциттердің клондарының түзілуі жүреді:

1. тимуста

2. көкбауырда 4. пеpифеpиялық лимфа түйіндерінде

3. сүйек кемігінде 5. лимфоидты тіндерде

9.Тимус тәуелді антигендерге иммунды жауапты тудырады

1. Т-хелпеpлермен В-лимфоциттердің коперациясы

2. В-жасушалармен ЕК-жасушалардың коопеpациясы

3. Т-лимфоциттермен макpофагтардың коперациясы

4. В-жасушалар

5. К-жасушалармен В-лимфоциттермен коопеpациясы

10.Т-лимфоциттердің клоны түзіледі

1.көкбауырда

2.сүйек кемігінде 4.айырша безде

3.лимфоидты тінде 5.лимфотүйіндерінде

11.Тимус-тәуелді антигендерге не тән

1.Басқа жасушалармен кооперациясыз, В-лимфоциттермен антиденелердің синтезін

шақыруға қабілетті

2.Иммунокомпетентті жасушалардың басқа түрлерімен кооперацияда антиденелердің

синтезін шақыруға қабілетті.

3.арнайы және пролиферативті сигналды Т-супрессорлар қамтамасыз етеді

4.тасымалдаушысы белок болып табылады

5.Т-эффектоpдың міндетті түрде қатысуы

12. Иммунокомпетентті жасушалар болып табылады

1. эpитpоциттер 3. мес жасушалары

2. лимфоциттер 4. гепатоциттер 5. эпителий жасушалары

13.Жасуша ядросының антигендері антигендік арнайылықтың қандай типіне

жатады?

1. топтық

2. түрлік 3. оpганоидты

4. арнайы сатыдағы 5. тіндік

14.Жасушалар арасында ортақ болып табылатын әртүрлі биологиялық түрге

Жататын антигендер.

1.секвестиpленген

2.комплексті

3.виpусиндуциpлеуші

4.толық емес

5. қарама-қайшы - әсер ететін

 

 

1. Тема №2. Гуморалды иммунитет жүйесі. В-лимфоциттердің дифференцировкасы.

Иммуноглобулиндердің негізгі кластарының құрылысы мен қызметі.Лабораторлы диагностиканың принциптері.

2. Мақсаты: Студенттерді гуморалды иммунитет жүйенің құрылысы мен қызметі жөнінде ғылыми білімдермен және лабораторлы диагностика принцптерімен қамтамасыз ету.

3. Оқыту мақсаты:

Студент білу керек

· Иммунитеттің В-жүйесінің ұйымдастырылуы

· В-лимфоциттердің шығуы және дифференцировкасы

· В-лимфоциттердің негізгі рецепторлары және олардың қызметінің маңыздылығы

· Әртүрлі арнайылықтағы антигенге қарсы антидене синтезінің негізіндегі иммунологиялық процестерді түсіну.

· Антидененің қорғаныс әсерінің механизмі

· Иммуноглобулиндердің құрылысы мен қызметі

· В-жүйені бағалау тәсілінің негізінде жатқан принцптер.

Студент істей білуі керек

- Иммунитеттің В-жүйесінің ұйымдастырылуының деңгейін

- әртүрлі арнайылықтағы антигенге қарсы антидене синтезінің негізіндегі иммунологиялық процестерді.

- Гуморальды иммунитет көрсеткіштерін интерпретациялау және лабораторлы бағалау

тәсілдерін меңгеру.

Білімді толықтыру және ақпаратты критикалық талдау үшін ғылыми, медициналық оқулықтармен және интернет-ресурстармен өзіндік жұмыс жүргізуді

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары

2. В-лимфоциттердің шығуы және дифференцировкасы

9. В-жүйені бағалау тәсілі

5 Сабақ беру және оқыту тәсілдері:

кіші топтарда жұмыс жасау,

синквейндерді, кластерлерді құру,

лабораторияда жұмыс жасау: видеофильм көрсету «Выделение суспензии лимфоцитов» В-лимфоциттерді санауда тәжірибелік дағдыларды меңгеру.

Дебиет

Негізгі: 1.Шортанбаев А.А., Кожанова С.В. «Жалпы иммунология», Алматы, 2008

2.Хаитов Р.М. «Иммунология», Москва, 2006

Қосымша:

1. Новиков Д.К. «Общая иммунология», Минск, 2005

2. Руководство по клинической иммунологии. Учайкин В.Ф Шамшев О.В. М., 2006

3. Дж. Плейфер, Б.М. Чейн «Наглядная иммунология», 2008

4. Никулин Б.А. Оценка и коррекция иммунного статуса: уч пособие для мед. вузов.

М.: ГЭОТАР- Медиа, 2008

5. Жетписбаева Х.С.,Ягофаров.Ф.Ф. Студенттерге арналған иммунология пәнінен

әдістемелік нұсқаулар блоктардың жинағы. Семей, 2008.

 

7. Бақылау:

Сабақтың бастапқы деңгейін бағалайтын бақылау сұрақтары:

1.Гуморальды иммунитет жүйесіне қандай мүшлер, жасушалар және молекулалар кіреді?

2.Сүйек кемігінде В-лимфоциттердің дифференцировкасы қалай жүреді?

3.Гуморальды иммунды жауап қайда түзіліп іске қосылады?

4.Қандай жасушалар антиденелердің ізашары болып табылады?

5.Антидененің қайсы класы 1-к иммунды жауапта түзіледі?

6. Плазматикалық жасушадан басқа қайсы жасушаның түзілуі В-лимфоциттердің антигенарнайылық дифференцировкасын аяқтайды?

Білімнің қортынды деңгейін бағалауда берілетін бақылау тесттер:

Нұсқаны қараңыз.

1. IgM:

1. мол.массасы 550 кД 3. ά-тізбегі бар 5. барлығы

2. 5 мономерден тұрады 4. γ-тізбегі бар

2. IgM:

  1. ерте түзілетін антидене
  2. кеш түзілетін антидене
  3. онтогенезде кеш түзіледі

4. филогенезде кеш түзіледі

5. Т-лимфоциттерде мономерлы IgM формасы ұсынылған

3.Басқа Ig қарағанда IgG құрады

  1. 35% 3. 75% 5. 10%
  2. 95% 4. 60%

IgG подкластары

  1. 2 3. 1 5. 4
  2. 3 4. 5

5. IgG биологиялық ролі

  1. антибактериальды қорғаныс
  2. плацента арқылы өтеді
  3. макрофагтарды армирлеу
  4. аллергиялық реакцияларға қатысады

5. барлығы дұрыс

6. IgА болады:

  1. сілекейде 3. мұрыннан бөлінеді 5. барлығы дұрыс

2. асқорту сөлінде 4. сүтте

7. IgА құрамы басқа Ig қарағанда

  1. 10-15% 3. 20-30% 5. 60-70%
  2. 5-7% 4. 30-40%

8. IgА:

  1. комплементті байланыстырады
  2. негізгі сарысулық иммуноглобулин
  3. бактерицидті белсенділікке ие
  4. негізгі секреторлы болып табылады
  5. аллергиялық реакцияларға қатысады

Секреторлы компонент IgА

1. субэпителиальды кеңістікке ығысуына ықпал жасайды

2. субэпителиальды кеңістікке ығысуына ықпал жасамайды

3. токсиндердің нейтрализациясына қатысады

4. молекуланың полимеризациясына қызмет көрсетеді

5. антигенмен байланысады

10. IgЕ:

1. Басқа иммуноглобулиндерден құрамы 20% дейін құрайды

2. димер түрінде

3. ε-тізбек 4 доменді құрайды

4. Fc –аймағы арқылы мес жасушаларымен байланысады

5. функциональды белсенді емес

11.IgЕ:

1. антибактериальды иммунитетке қатысады

2. комплементті белсендіреді

3. фагоцитозды белсендіреді

4. аллергиялық реакцияға қатысады

5. антипаразитарлы иммунитетті тежейді

12.IgД:

1. басқа Ig құрамы 10% жоғары

2. В-жасушаларда экспрессияланады

3. антибактериальды иммунитетке қатысады

4. фагоцитозды белсендіреді

5. аллергиялық реакцияға қатысады

13.Инфекцияға қарсы жауапта антидененің қатысуы төмендегідей формада көрінеді

  1. нейтрализация
  2. опсонизация
  3. комплементті белсендіру
  4. агглютинация
  5. барлығы дұрыс

14.Ерте түзілетін антиденеге жатады:

IgA 3. IgG 5. IgD

IgM 4. IgE

IgM ие

  1. төмен аффинділікке
  2. 10 антиген байланыстырушы орталығына
  3. белсенділікті нейтрализдеуші
  4. комплемент қызметінде күшті белсендіруші белсенділікке
  5. барлығы дұрыс

16.Антитоксиндер:

  1. жасуша рецепторларымен токсиндердің арақатынасына кедергі келтіреді
  2. IgД жатады
  3. IgЕ жатады
  4. антиденелерге жатпайды
  5. комплемент арқылы әсер көрсетеді

17.Жасушадан тыс кеңістікте токсиндерді нейтрализацияға ұшыратады

  1. IgА 2. IgG 3. IgМ 4. IgЕ 5. IgД

18. Шырышты қабаттың бетінде токсиндерді нейтрализацияға ұшыратады

  1. IgА 2. IgG 3. IgМ 4. IgЕ 5. IgД

19.Ағзаны патогеннен босату этапына жатады,тек

1. нейтрализация

2. опсонизация

3. фагоциттермен жұтылу

4. антидене Fc-фрагментімен патогенмен байланысуы

5. жасуша ішілік қортылу

 

20.В-лимфоциттердің антиген арнайылық дифференцировкасының соңында

1. плазматикалық жасушалардың түзілуі

2. зерде жасушаларының түзілуі

3. плазматикалық жасушалармен зерде жасушалардың түзілуі

4. плазматикалық жасушалармен зерде жасушаларының, антидене синтезінің түзілуі

5. антидене М синтезі

№ 1 есеп В-лимфоциттердің субпопуляциясының қызметтерін атаңыз:

В-лимфоциттердің субпопуляциялары Қызметтері
В-1  
В-2  

 

№ 2 есеп В-лимфоциттердің лимфопоэз этаптарын айтып шығыңыз

1. сүйек кемігінде

2. иммунды жүйенің перифериялық мүшелерінде

3. көбінесе жетілген В-лимфоциттердің орналасқан жерінде

№ 3 есеп В-лимфоциттердің рецепторларын айтыңыз?

№ 4 есеп

1. В-лимфоциттердің және олардың субпопуляцияларының негізгі СД-маркерлері

2. антигентанушы В-жасушалық рецептор қалай құрылған

3. қалыпты жағдайдағы В-лимфоциттердің перифериялық қандағы құрамы

№ 5 есеп

Кестені толтыру:Иммуноглобулиндердің сарысудағы құрамымен қызметтері

 

иммуноглолбулин құрамы (г/л) қызметі  
Иг G    
Иг А    
игМ    
Иг Е    
Иг Д    

 

№ 6 есеп

Перифериялық қандағы В-лимфоциттердің салыстырмалы және абсолютті санын анықтау бойынша есепті шешу

 

1. Тақырып №3: Комплемент жүйесінің иммундық жауаптағы ролі. Антиген таныстырушы клеткалар, олардың индукциядағы ролі. Иммунды жауапты реттелуі. Лабораторлы диагностиканың принциптері.

2. Мақсаты: Комплемент жүйесінің құрылысымен қызметі жөнінде және антигентаныстырушы клеткалар туралы ғылыми білімдермен қамтамасыз ету.

3. Оқыту мақсаты:

Студент білу керек

· Комплемент жүйесінің ағзаның арнайы емес гуморальды қорғаныс қызметі ретінде түсінігі

· Комплементті оқытуды дамыту

· Комплементтің компоненті қатысатын, процестердің биологиялық ролін түсіну

· Комплементтің белсену жолдары және механизмдерін түсіну

· Комплементтің белсенген өнімдері және олардың биологиялық эффектісі

· Патология кезінде комплемент жүйесіндегі бұзылыс

· Комплемент жағдайының лабораторлы диагностикасының принциптері

· Макрофагтардың дифференцировкасының негізгі этаптары

· Моноцитопоэз және миграцияны реттеуші факторлар

· Макрофагтардың негізгі қызметтері, арнайы емес қорғаныстың жасушалық механизмі

· Мононуклеарлы фагоциттер міндетті түрде иммунологиялық реакцияға АТЖ және арнайы иммунды жауаптың эффекторы ретінде қатысушы

· Макрофагтардан синтезделетін цитокиндер жиынтығы және олардың иммунологиялық реакциялардағы ролі

· Белгілі бір физиологиялық қызметті жүзеге асыру үшін макрофагтардың қатысуын қамтамасыз ететін, макрофагтардың рецепторлары,

· Антиген таныстырушы жасушалардың (АТЖ) негізгі түрлері

· Макрофагтармен және дендритті жасушалармен антигеннің таныстырылуы және өңделуі процесінің мәнін түсіну.

Студент істей білуі керек

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары

Ағзаның арнайы емес қорғаныс факторлары

1. Комплемент ағзаның арнайы емес гуморалды қорғаныс факторы ретінде

2. Комплемент жүйесінің және макрофагтардың қызметі және олардың биологиялық ролі

3. Комплемент жүйесінің құрлысы: негізгі компоненттері және ингибиторлар

4. Комплемент жүйесінің классикалық жолмен белсенуінің негізгі этаптары

5. Белсенудің соңғы және аралық өнімдерінің биологиялық маңызы

6. Комплементтің альтернативті жолмен активтенуінің негізгі этаптары

7. Комплементтің лектинді жолмен активтенуінің негізгі этаптары

8. Комплементтің белсену жолдарымен реттелу механизмдері

 

 

2.Мононуклеарлы фагоциттер жүйесі және АТЖ:

1. Макрофагтардың дифференцировкасының негізгі этаптары

2. Макрофагтардың негізгі қызметімен рецепторлары

3. Антигентаныстырушы жасушалар, негізгі түрлерімен қызметтері

4. Антигендердің макрофагтармен дендритті жасушалармен өңделуі және ұсынылуы.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: ТВL бойынша

Кіші топтарда бақылау сұрақтары арқылы білім деңгейін бағалау, жеке бас және топтың білім деңгейін тестпен бағалау, ситуациялық есептерді шешу және тапсырмаларды орындау, фагоцитарлы жүйені бағалау бойынша тәжірибелік дағдыларды меңгеру. Қортынды.

Дебиет

Негізгі:

1. Шортанбаев А.А., Кожанова С.В. «Жалпы иммунология», Алматы, 2008

2. Хаитов Р.М. «Иммунология», Москва, 2006

Қосымша:

1. Новиков Д.К. «Общая иммунология», Минск, 2005

2. Руководство по клинической иммунологии. Учайкин В.Ф Шамшев О.В. М., 2006

3. Дж. Плейфер, Б.М. Чейн «Наглядная иммунология», 2008

4. Никулин Б.А. Оценка и коррекция иммунного статуса: уч пособие для мед. вузов.

М.: ГЭОТАР- Медиа, 2008

5. Жетписбаева Х.С.,Ягофаров.Ф.Ф. Студенттерге арналған иммунология пәнінен

әдістемелік нұсқаулар блоктардың жинағы. Семей, 2008.

7. Бақылау:

Сабақтың бастапқы деңгейін бағалайтын бақылау сұрақтары:

  1. Ағзаның арнайы емес қорғаныс факторларына қандай жасушалар және молекулалар кіреді?
  2. Комплементтің классикалық жолмен белсенуі немен сипатталады?
  3. Комплементтің альтернативті жолмен белсенуі немен сипатталады?
  4. Моноциттердің сүйек кемігімен тіндердегі дифференцировкасы

5. АТЖ қатысуымен жүретін иммунды жауаптың іске қосылуымен түзілуі қалай

жүреді?

Жеке бас және топтың білім деңгейін бағалауға арналған бақылау тестері-2нұсқа

Нұсқаны қараңыз.

Ситуациялық есеп

Науқас Г. 8 жаста, 7 жыл ішінде бет терісінің, жұтқыншағының қайталанатын ісінуіне шағымданады. Ісінулер жылына 2-3 рет эпизодты түрде қайталанады, ұзақтығы 3 тәулікке дейін және емсіз өздігінен қайтады. Ісінудің себебін ата-анасы білмейді. Әкесі жағынан 2 ұрпақтада жұтқыншақтың ісінуі болған. Аллергоанамнез: өзінде және жанұясында теріс.

1. Сіздің болжам диагнозыңыз?

2. Ісінуге әкеліп тұрған қандай патогенетикалық механизм болуы мүмкін?

3. Қандай лабораторлық зерттеулер қажет?

4. Қортынды диагнозды негіздеңіз

Білімнің қортынды деңгейін бағалауда берілетін бақылау есептер:

№ 1 есеп

Макрофагтардың қызметі:

1.

2.

3.

№ 2 есеп

Макрофагтардың мембранасының рецепторларын айтып шығыңыз

 

№ 3 есеп

Фагоцитоз стадиялары

 

№ 4 есеп

Фагоциттерде бактерияларды зақымдайтын факторлар

1.

2.

3.

4.

 

№ 5 есеп

Макрофагтар қандай цитокиндерді өндіріп, бөледі

 

№ 6 есеп

Комплементтің классикалық белсену жолдаррын схема түрінде сызып көрсетіңіз

 

Жеке бас және топтың білім деңгейін бағалауға арналған тесттер-1 нұсқа

1. Фагоциттердің бетінде бактерия компоненттеріне арналған рецептор бар

  1. ядроға 3. рибосомға 5. глюкозаға және флавинге
  2. митохондрияға 4. липополисахаридтерге және маннозды

2.Макрофагтарда Ig фрагментіне рецептор бар

  1. Fab1 3. Fc 5. V-доменге
  2. Fab2 4. J-тізбек

3.Комплемент жүйесінің белоктары иммунологиялық реакцияларға қатысады

  1. опсониндер қызметін атқарады
  2. хемотоксикалық факторлар роліне шығады
  3. аллергиялық реакцияларды күшейтеді
  4. литикалық қабілеттілікке ие
  5. барлығы дұрыс

4. Фаголизосомдағы бактериялардың бұзылуы жүреді

  1. рН қышқыл есебінен
  2. оттегіөндіруші өнімдердің есебінен
  3. антимикробты пептидтер есебінен
  4. лизосом ферменттерінің есебінен
  5. барлық аталғандар

5. Макрофагтар патогенмен әрекеттесе отырып, әкелмейді

  1. патогеннің фагоцитозына
  2. патогеннің бұзылуына
  3. цитокиндердің секрециясына
  4. иммунокомпетентті жасушаларға антигенді ұсынуға
  5. цитоскелетті бұзуға

6. Зақымдалғаннан кейін 1- ші сағаттарда белсенеді

1. Т-СД8

2. В-жасушалар

3. Комплементтің альтернативті жолы

4. Комплементтің классикалық жолы

5. Антидене синтезіне

 

 

7.Туа біткен иммунитеттің ерте реакциясын қамтамасыз етеді

1.Т-СД8

2. В-жасушалар

3. Комплемент классикалық жолымен

4. Антидене синтезі

5. Макрофагтардың белсенуі

8. Туа біткен иммунитеттің ерте реакциясының цитокиндеріне жатпайды:

  1. ИЛ-1 3. ИЛ-8 5. ИЛ-2
  2. ИЛ-6 4. ІНФα
  1. 10.

9.Комплементтің классикалық жолын белсендіруді жүзеге асыратын Ig

  1. IgM, IgG1 2. IgM, IgG2 3. IgM, IgG2 4. IgM, IgG1, IgG3

5. IgG4

10.Комплементтің С3в компоненті жасушалармен байланысады

  1. фагоциттермен 3. Т-СД4 5. мес жасушасымен
  2. микробтымен 4. ТК

11.Комплементтің альтернативті жолын белсендіруге қатысады

  1. кальций иондары 3. С2 5.микробты жасуша қабырғасы
  2. С1 4. С4

12. Комплементтің альтернативті жолын белсендіруге қатыспайды

  1. фактор В 3. С2 5. пропердин
  2. фактор Д 4. бактериялардың липополисахаридтері

 

Жеке бас және топтың білім деңгейін бағалауға арналған тесттер-2 нұсқа

13. Макрофагтардың белсенуін жүзеге асырады

  1. ИНФ-β 3. ИНФ- γ и ФНО-α 5. ИНФ- γ и ФНО- β
  2. ИНФ- γ 4. ФНО- α

14.Фагоцитозға тән

1. осмотикалық жарылыс 3. сутекті жарылыс 5. лизосомальды жарылыс

2. метаболикалық жарылыс 4. «үлкен» жарылыс

15. Макрофагтардағы бактерицидті белсенділікке ие

  1. азот қағы
  2. сутек радикалдары және азот тотығы
  3. оттек радикалдары және азот тотығы
  4. күкірт қышқылы
  5. тұз қышқылы

16. ИЛ12 дифференцировканы индуцирлейді

  1. ТНО ТН2-ге
  2. ТНО ТН1-ге
  3. В-жасушалар плазмоциттерге
  4. ТНО Т-киллерге

5. Моноциттер макрофагтарға

17. Белсенген макрофагтардың бетіндегі молекулалар

  1. МНС I
  2. МНС II
  3. МНС I және В7 костимулятор
  4. МНС II және В7 костимулятор

5. МНС I, МНС-II и костимулятор В7

 

 

18. Макрофагтардың Т-жасушаны жауапқа қосуы жүреді

1.В9 костумулятор көмегімен

2. В7 костумулятор көмегімен

3. М7 костумулятор көмегімен

4. В11 костумулятор көмегімен

5. Барлық аталғандар

19. В 7 костимуляторлары қажет

1. бактериальды антигендерді өзінікінен ажырату

2. аутоиммунды реакциялардың дамуы

3. белсенді реакцияны басу

4. МНС І экспрессиясы

5. барлық аталғандар

20. Дендритті жасушалар

1. лимфоидты тіндерде болады

2. В 7 костимуляторын эуспрессиялайды

3. МНС І және ІІ кластарының молекулалары

4. ІСАМ –І, ІСАМ-3, LFА-3 адгезиндерін экспрессиялайды

5. барлық аталғандар

21. Дендритті жасушалар қасиетке ие, тек

1. фагоцитозға қабілетсіз

2. пиноцитоз жолымен белоктармен вирустарды қортады

3. жоғары иммуногенді потенциалға ие

4. СД8 және СД4 белсенуін іске қосады

5. фагоцитарлы белсенділік

22. Дендритті жасушаларда жоқ

1. костимульдеуші молекулалар

2. МНС І молекуласы

3. лизсомалды ферменттер жиынтығы

4. МНС ІІ

5. адгезиндер-ІСАМ 1,3

23. Дендритті жасушалар қатысады

1. СД 8 жасушаларды иммунды жауапқа қосуға

2. СД 4 жасушаларды иммунды жауапқа қосуға

3. антигеннің танылуында

4. пиноцитозды жүзеге асырады

5. барлығына

24. Аңқау Т-лимфоциттерге В-лимфоциттердің ұсынатын антигендері

1. бактерияларды

2. вирустарды

3. қарапайымдыларды

4. белокты антигендер және токсиндер

5. барлық аталғандар

 

 

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

 

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

 

 

Мамандығы: Жалпы медицина

Пәні: Жалпы иммунология

Кафедра: Иммунология, клинико-зертханалық және визуальды диагностика кафедрасы

Курс: 3

Тақырыптар: № 4-7

 

Құрастырушы: ассистент, м.ғ.к.

 

_________ Храмых-Оверченко Н.М.

 

 

Семей – 2012 ж.

 

 

Кафедра отырысында бекітілген

№ хаттама

«____» _________ 20 ж

 

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д. Жетписбаева Х.С. _________________

 

Кафедра отырысында бекітілген

№ хаттама

«____» _________ 20 ж

 

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д. Жетписбаева Х.С. _________________

 

 

Кафедра отырысында бекітілген

№ хаттама

«____» _________ 20 ж

 

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д. Жетписбаева Х.С. _________________

 

 

Кафедра отырысында бекітілген

№ хаттама

«____» _________ 20 ж

 

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д. Жетписбаева Х.С. _________________

 

 

1. Тақырып №4: Жасушалық иммунитет жүйесі, негізгі қызметі. Т-лимфоциттердің антигентәуелді және антигентәуелсіз дифференцировкасы.

2. Мақсаты: Студенттерде Т-жүйесінің мүшелік, клеткалық және молекулалық денгейдегі құрылысымен қызметі жөнінде білімдермен қамтамасыз ету.

3.Оқыту мақсаты:

Студент білуі керек

· Т-лимфоциттердің антигентәуелсіз дифференцировкасының этаптары

· Т-лимфоциттердің антигентәуелді дифференцировкасының этаптары

· Т-лимфоциттердің дифферинцировкасындағы тимустың ролі

· Тимустағы оң сұрыпталудың процесі

· Тимустағы теріс сұрыпталудың процесі

· Иммунологиялық төзімділіктің түзілуіндегі теріс сұрыпталудың ролі

Студент істей білуі керек

· Иммунды қорғаныста Т-лимфоциттердің антигентәуелді және антигентәуелсіз дифференцировкасының негізінде жатқан, жасушалық иммунитет жүйесінің ролі

· Берілген иммунограмма бойынша бағалау жүргізу (жасушалық иммунитет тізбегінің көрсеткіштері)

жұмыс істей алу қажет

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары

  1. Жасушалық иммунитет жүйесіне жататын мүшелер, жасушалар және молекулалар
  2. Иммунитеттің Т-жүйесінің негізгі қызметттері
  3. Т-лимфоциттердің антигентәуелсіз дифференцировкасы
  4. Т-лимфоциттердің антигентәуелді дифференцировкасы
  5. Т-лимфоциттердің антигентанушы рецепторларының құрылысы.
  6. Тимустағы оң және теріс сұрыпталудың процесі және төзімділіктің түзілуіндегі олардың ролі.

5.Сабақ беру және оқыту тәсілдері:

Кіші топтарда жұмыс жасау:

Студенттер 5-6 адамнан құралатын топ құрып, иммунитеттің жасушалық тізбегінің қызметімен құрылысын талқылайды, содан кейін осы топ құрамы бойынша Т-лимфоциттердің дифференцировкасының этаптарын талқылайды.

кластерлер құру - студенттер иммунитеттің Т-жүйесінің негізгі қызметін көрсететін

кластерлер-схемасын құрады.

видеофильм көрсету – студенттер Т-лимфоциттердің тимустағы дифференцировкасының этаптары және Т-лимфоциттердің оң және теріс сұрыпталуы бойынша теориялық негізін меңгеру мақсатында видеофильмдер көреді, әрі қарай әрбір топ флип-чартта схеманы сызып көрсетеді, Т-лимфоциттердің сұрыпталуының процесін түсіндіреді.

  1. Әдебиеттер

Негізгі:

1.Шортанбаев А.А., Кожанова С.В. «Общая иммунология», Алматы, 2008

2. Хаитов Р.М. «Иммунология», Москва, 2006

 

 

Қосымша:

  1. Новиков Д.К. «Общая иммунология», Минск, 2005
  2. Руководство по клинической иммунологии. Учайкин В.Ф Шамшев О.В. М., 2006
  3. Дж. Плейфер, Б.М. Чейн «Наглядная иммунология», 2008
  4. Никулин Б.А. Оценка и коррекция иммунного статуса: уч пособие для мед. вузов. М.: ГЭОТАР- Медиа, 2008

 

7. Бақылау

Сабақтың бастапқы деңгейін бағалайтын бақылау сұрақтары:

1. Иммунитеттің жасушалық тізбегінің құрлысы

2. Лимфопоэз схемасын сипаттаңыз

3 Тимустың құрлысы.

.

Сабақтың бастапқы деңгейін бағалайтын бақылау тесттері:

1. Жасушалық иммунитет қызметін атқарады:

1. В-лимфоциттер

2. эозинофильдер

3. Т-лимфоциттер

4. нейтрофилы

5. плазматикалық жасушалар

2. Аталған жасушалардың қайсысы арнайы цитотоксикалық қасиетке ие?

1. Нейтрофильдер

2. Тх2

3. Эозинофильдер

4. Т-киллерлер

5. Табиғи киллерлер

3. Аталған жасушалардың қайсысы ИЛ-4 синтездейді?

1. Тх1

2. Тх2

3. Т-киллерлер

4. мес жасушалар

5. В-лимфоциттер

4. Т-киллерлер қандай қызметті атқарады?

1. Комплемент жүйесін белсендіреді

2. Вируспен зақымдалған жасушаларға, цитотоксикалық әсер көрсетеді

3. Гельмин жұмыртқаларына цитотоксикалық әсер көрсетеді

4. Антиденелердің синтезіне қатысады

5. Антигендерді ұсынуды жүзеге асырады

5. Тх1 қандай қызмет атқарады?

1. ИЛ-2 синтездейді

2. Мес жасушаларымен эозинофильдердің көбеюін белсендіреді

3. IgE синтезін белсендіреді

4. IgA синтезін белсендіреді

5. ИЛ-10 синтезін белсендіреді

6. Аталған жасушалардың қайсысы ісік жасушаларына арнайы емес цитотоксикалық әсер көрсетеді?

1. Т-киллерлер

2. Тх2

3. NK-жасушалар

4. Плазматикалық жасушалар

5. B-лимфоциттер

7.Т-киллер/Т-супрессорлардың саны моноклональды антиденелердің көмегімен анықталады:

1. CD2

2. CD3

3. CD8

4. CD16

5. CD30

8. Т-лимфоциттердің антигентәуелсіз дифференцировкасы қайда өтеді?

1. көкбауырда

2. лимфатикалық түйіндерде

3. ішектің пейер табақшаларында

4. тимуста

5. в перифериялық қанда

9.Цитотоксикалық Т-лимфоциттер гранула бөледі, құрамында

  1. перфорин 3. грензим 5. коэнзим Q
  2. фрагментин 4. лимфотоксин

 

10. Аңқау Т-жасушалардың дамуына қажет сигналдар

  1. 1 2. 2 3. 3 4. 4 5. 5

11. Т-жасушалардың дифференцировкасымен пролиферациясын қамтамасыз етеді

  1. антиген + МНС Ι молекуласы
  2. антиген + МНС ΙΙ молекуласы
  3. антиген + МНС Ι молекуласы және ΙΙ + Т-клетка рецепторы
  4. антиген + В-клетка
  5. антиген + НК-клетка

В7 молекуласы

  1. антигентаныстырушы жасушалардың мембранасында экспрессияланады
  2. мес жасушаларының мембранасында экспрессияланады
  3. ТН1 мембранасында экспрессияланады
  4. ТН2 мембранасында экспрессияланады
  5. СD8 Т-клеток мембранасында экспрессияланады

13. Т-жасушалардың стимуляциясына 2-ші сигналды қамтамасыз етеді

  1. МНС Ι 2. МНС ΙΙ 3. МНС ΙΙΙ 4. В7 5. СД4

14. Аңқау Т-жасушалардың бетіндегі В7 арналған рецептор

  1. СD 4 2. СD 8 3. СD28 4. СD3 5. ФНО-α

 

Сабақтың қортынды деңгейін бағалайтын бақылау тесттері:

Вариант

1.Белок СD2:

1.тимоциттердің түзілуінің ерте кезеңінде пайда болады

2.жалпы Т-лимфоцитарлы рецептор болып табылады

3.аңқау Т-лимфоциттердің эпителиальды жасушалармен әсерлесуінде түзіледі

4.тимустың қыртысты қабатында аңқау Т-лимфоциттердің көбеюінде

5.ИЛ-2 әсерлескенде

2. Т-лимфоциттердің СД маркерлары арқылы анықтауға болады:

1.жетілген дәрежесін

2.тек белгілі бір жасушалардың санын

3.жасушалар санымен олардың жетілген дәрежесін

4. беткей молекулалардын экспрессиясын

5. жасушалардың қызметін

 

3.Т-лимфоциттердің беткей маркерларының фенотипті өзгерістері:

1.сырттай стимулдармен белсенеді

2. белгілі бір гендердіңбелсенуімен және қайтақұрылуымен көрінеді

3.жасушалардағы метаболикалық процестер

4.олармен белгілі бір морфологиялық қасиетті алады.

5.жасушалардағы энергетикалық процестер

4. Т-лимфоциттердің дифференцировкасы индуцирленеді:

1.эпителиальды жасушалардың сигналдарымен

2. дендритті жасушалардың сигналдарымен

3.макрофагтардың сигналдарымен

4.жасушааралық әрекеттесумен

5.тек гуморальды әсер етумен

5.Антиген танушы рецептор (АТР) түзіледі:

1.дифференцировканың кеш сатысында

2.беткей маркерлердің дифференцировкасымен бір кезеңде

3.дифференцировканың ерте сатысында

4.2 тізбектің экспрессиясымен

5.ИЛ-5 әсерлескенде

6. СД3 және СД4/СД8 нәруыздардың экспрессиясы жүреді:

1.СД2 экспрессиясымен бір кезеңде

2.эпителиальды -тәрбиеші жасушалармен тығыз байланыста

3. ИЛ-1және ИЛ-3 әсер еткенде

4. тимозиннің әсер етуімен

7. Тимоциттің тимуста орналасуы:

1. цитоплазмалық өсінділері тармақталған эпителиалды жасушалар айналасында

2. дендритті жасушалар айналасында

3. МНС-1 және 2 класпен байланысқанда

4. макрофагтар айналасында

5. басқа клондармен байланысқанда

8. Т-лимфоциттердің сәйкестігі анықталады:

1.өзіндік белоктардың пептидтеріне сәйкестігі

2.СD4 немесе СD 8 рецепторларының болуы

3. субкапсулярлы аймақтың стромасымен ара-қатынасы

4. арнайы маркерлардың экспрессиясымен

5. МНС - рестрикциясымен

9. Оң сұрыпталу анықталады:

1. МНС рестриктирленбеген, Т-лимфоциттердің клондарының тірі қалуы

2. МНС рестриктирленген, Т-лимфоциттердің клондарының тірі қалуы

3. дифференцирлеуші сигналды алған, жасушалардың апоптозымен

4. ТКР толықтай экспрессиясымен

10. МНС-2 белоктарына арнайы, тимоциттер:

1. СD8 жоғалтады

2. СD4 жоғалтады

3. СD2 жоғалтады

4. СD3 жоғалтады

5. СD2,3,8 ие болу

 

 

Сабақтың қортынды деңгейін бағалайтын бақылау тесттері: вариант 2.

11. Кортико-медуллярлы аймақта СD4 және СD8 лимфоциттер

1. эпителиальды жасушалармен байланысқа түседі

2. МНС -1 класпен байланысқа түседі

3. МНС-2 класпен байланысқа түседі

4. толықтай жетілген болып табылады

5. антигенмен байланысып, 1 сигналды алғаннан кейін апоптозға ұшырайды.

12. Т-лимфоциттердің клональды сұрыпталуының нәтижесінде

1. МНС-рестриктирленген жасушалар жойылады

2. МНС-рестриктирленбеген жасушалар жойылады

3. өзіндік антигендеріне арнайы емес-ТКР бар клондар өледі

4. иммунологиялық төзімділік болмайды

5. ауторактивті клондар сақталады

13. Т-лимфоциттердің антигентәуелсіз дифференцировкасына

1. эффекторларды және эффекторлық фазаны түзіп, антигенді тану кіреді

2. Т-аңқау жасушамен антигенді тану

3. Т-лимфоциттердің антигенге жауап реакциясы

4. иммунды жауаптың эффекторлық фазасы

5. В-зерде жасушасының түзілуі

14. Т-лимфоциттердің антигенмен алғаш кездесуі жүреді

1. Т-лимфоциттермен антигеннің танылғанынан кейін

2. Т-лимфоциттердің АТЖ бірге антигенді танығаннан кейін

3. Т-лимфоциттердің МНС молекуласымен бірге антигенді танығаннан кейін

4. Белсенген аңқау Т-лимфоциттермен

5. оларға рецепторларының экспрессиясымен және цитокиндердің синтезінен кейін

15. Жетілген эффекторлы Т- жасушалар

1. примирленбеген Т-лимфоциттерден түзіледі

2. примирленген Т-лимфоциттердің көбеюінің нәтижесінде түзіледі

3. примирленген Т-лимфоциттердің пісіп жетілу нәтижесінде түзіледі

4. антиденелердің синтезін жүзеге асырады

5. антигенді жойып нейтрализдеуді жүзеге асырады

16.Т-лимфоциттер антигенмен байланысқанда:

1. АТЖ бетінде антигенді ТЖР көмегімен таниды

2. ТЖР МНС-1 және МНС-2 бірге комплексте антигенді АТЖ бетінде таниды

3. Т-лимфоциттердің белсенуіне арнайы сигналды қамтамасыз етеді

4. Т-лимфоциттердің дифферинцировкасымен профилерациясын қаматамасыз етеді

5. қажетті 2-ші сигналды қажет етпейді

17. Т-лимфоциттердің пролиферациясымен дифференцировкасына:

1. аңқау Т-жасушалардың цитокиндер өнімі (ИЛ-1) қажет

2. цитокиндер өнімі және АТЖ бетіндегі В7 өнімі қажет

3. АТЖ корецепторлары және аңқау Т-жасушаларының қосымша өзара-қатынасы қажет

4. АТЖ бетінде В7 өнімдерімен цитокиндердің өнімі қажет

5. Т-лимфоциттердің бетінде СД28 өнімдері қажет

18. Эффекторлы Т-лимфоциттер қабілетті:

1. антигенді қосымша костимульдеуші сигнал болғанда таниды

2. антигенді қосымша костимульдеуші сигналсыз таниды

3. зерде жасушаларын түзбейді

4. зерде жасушасына ауысады

5. бос антигенді таниды

 

 

19. Т-киллерлер таниды:

1. бос антигенді

2. антигенді МНС-2 комплексте

3. антигенді МНС-1 комплексте

4. В7 түріндегі костимульдеуші сигналды қажет етпейді

5. ИЛ-1 және ФНО-ά. цитокиндерді бөледі

20. СД3 қатысады;

1. антигенді тануға

2. антигеннен алған сигналды жасуша ішіне өткізуге

3. Т-лимфоциттермен эффекторлы қызметті жүзеге асыруға

4. ТЖР –н алған сигналды жасуша ішіне өткізуге

5. жасушаішілік үрдістердің белсенуіне

 

 

БІЛІМНІҢ ҚОРТЫНДЫ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАЙТЫН БАҚЫЛАУ ЕСЕПТЕРІ:

№ 1 есеп Т-жүйенің негізгі қызметтері

 

№ 2 есеп Негізгі жасушалық реакциялар(кезекпен айтып шығу)

 

№ 3 есеп

ТКР құрлысымен қызметі

Т-жасушаларға 2-ші белсендіретін сигналдарға арналған, костимульдеуші молекулалар

 

№ 4 есеп

Т-лимфоциттердің антигентәуелсіз дифференцировкасының схемасын сызу

 

№ 5 есеп Т-лимфоциттердің антигентәуелді дифференцировкасының схемасын сызу

 

1.Тақырып №5: Т-лимфоциттердің негізгі субпопуляциялары мен қызметі. Иммунологиялық төзімділік.Лабораторлы диагностиканың принциптері

2. Мақсаты: Студенттерді Т-жүйесінің Т-лимфоциттердің негізгі субпопуляциялары мен иммунологиялық төзімділік және лабораторлы диагностиканың принциптері жөнінде білімдермен қамтамасыз ету.

3. Оқыту мақсаты: Студенттерді Т-лимфоциттердің негізгі субпопуляциялары, лабораторлы диагностиканың принциптері жөнінде білім беру; табиғи және жасанды төзімділік негізгі түсініктермен таныстыру.

Студент білу керек

· Жасушалық иммунитет жүйесінің құрылысы

· Жасушалық иммунитет жүйесінің қызметі

· Т-хелперлердің антигентәуелсіз дифференцировкасы

· Тх1 негізгі қызметі

· Тх2 негізгі қызметі

· Примирлеу процесі (Т-киллерлердің дифференцировкасы және көбею индукциясы)

· Т-киллерлер әсерінің механизмі

· Т-супрессорлы субпопуляциялардың түзілу механизмі

· Т-супрессорлар қызметі

· Табиғи және индуцирленген иммунологиялық төзімділік түсінігі

· Т-жасушалық тізбектің лабораторлық диагностика принципі

Студент істей білуі керек

көрсеткіштер санын санай білу

жұмыс істей алу қажет

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. Т-лимфоциттердің субпопуляциялары және олардың қызметтері..

  1. Иммунды жауаптың индукциясында антигендерді тануда Т-лимфоциттердің қатысуы

3. Тх1 негізгі қызметі

4. Тх2 негізгі қызметі

  1. Т-киллерлердің нысана-жасушамен қатынасының этаптары
  2. Иммунды жауаптағы реттеуші Т-лимфоциттер, супрессор жасушалар
  3. Иммунологиялық төзімділік
  4. Табиғи және индуцирленген төзімділік
  5. Төзімділіктің орталық және шеткі механизмдері
  6. Т-жүйені лабораторлы бағалау

 

5. Оқыту және сабақ беру әдістері:

 

Дебиеттер

Негізгі:

1.Шортанбаев А.А., Кожанова С.В. «Общая иммунология», Алматы, 2008

2. Хаитов Р.М. «Иммунология», Москва, 2006

Қосымша:

Новиков Д.К. «Общая иммунология», Минск, 2005

2. Руководство по клинической иммунологии. Учайкин В.Ф Шамшев О.В. М., 2006

3. Дж. Плейфер, Б.М. Чейн «Наглядная иммунология», 2008

4. Никулин Б.А. Оценка и коррекция иммунного статуса: уч пособие для мед. вузов. М.:


Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 583 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Войти на сайт pgu.samregion.ru| Мес жасушалары концентрацияланады

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.232 сек.)