Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

АЗАҚСТАН ТАРИХЫ

Читайте также:
  1. Ақида ілімінің тарихы
  2. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ
  3. азақстан тарихынан 9-сыныптарға арналған мемлекеттік қорытынды аттестациялаудың (емтихан сұрақтары) билеттері
  4. Илы заман»: тарихы мен тағылымы
  5. Шет елдердің мемлекет және құқығы тарихы пәні бойынша тест сұрақтары
  6. ШЫРМАЛҒАН ШЫНДЫҚ НЕМЕСЕ БIР ТЕРГЕУДIҢ ТАРИХЫ
1. Алғашқы адамдардың айналысқан шаруашылықтары: A) аң аулау мен терімшілік. B) егіншілік пен аңшылық. C) құс аулау мен бақташылық. D) аң аулау мен егіншілік. E) мал бағу мен аңшылық.
2. Оғыз мемлекетін құлатқан тайпалар одағы: A) Қыпшақтар. B) Татарлар. C) Арғындар. D) Сақтар. E) Моңғолдар.
3. Ж. Баласағұни «Құтадғу білік» еңбегін Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартқаны үшін алған лауазым атағы: A) Мырза B) Бек C) Әмір D) Ұлы хас - хажип E) Ғалым
4. Абылай хан жерленді: A) Түркістанда. B) Созақта. C) Сығанақта. D) Таразда. E) Қойлықта.
5. 1869 жылы наурыз, маусым айларында көтерілісшілер феодалдық топтарға қарсы жасаған шабуылдарының саны: A) 48 B) 39 C) 37 D) 43 E) 41
6. XIX ғасырдың 60 жылдарында Қазақ жерін басқару жүйесін өзгерту үшін құрылған «Дала комиссиясын» басқарған A) Ф.Гирс B) И.Бутков C) П.Эссен D) М.Сперанский E) А.Бязан
7. Ресей бодандығын 1817 жылы бірінші болып қабылдаған Ұлы жүздің руы A) Дулат B) Үйсін C) Жалайыр D) Албан E) Қаңлы
8. 1855 жылы Шәуешекте орыс көпестерінің сауда орындары өртеніп, тоналған соң Ресей көпестерінің осы ќаламен шектелді: A) Ќашғар B) Шәуешек C) Кяхта D) Ќұлжа E) Пекин
9. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармалар жинағының баспадан шығуы A) 1913 жылы B) 1911 жылы C) 1909 жылы D) 1905 жылы E) 1907 жылы
10. Б.з.б. ІУ ғасырда сақ жеріне қауіп төндірген A) Кир B) Ксеркс C) Александр Македонский D) Дарий E) Арриан
11. Алтын Орда тағында билігін нығайту үшін Тоқтамыстың Мәскеуді өртеген жылы A) 1382 ж. B) 1385 ж. C) 1383 ж. D) 1386 ж. E) 1380 ж.
12. Орталық, Солтүстік, Оңтүстік Қазақстан қыпшақ тайпалар одағы мен Оңтүстік-шығыс Қазақстан үйсіндер одағының бірігу нәтижесінде құрылған халық: A) Түрік B) Өзбек C) Татар D) Өзбек-қазақ E) Қазақ
13. XV ғасырдың 70 жылдарында қазақ хандарының басып алған жерлері A) Астрахан жері B) Сырдария мен Қаратау өңірі C) Қазан хандығы D) Моғолстан E) Сібір хандығы
14. Ғажайып ерліктері үшін Жәңгір ханға халықтың берген атауы: A) Алып Жәңгір B) Батыр Жәңгір C) Зор денелі батыр D) Салқам Жәңгір E) Еңсегей ер Жәңгір
15. 1844 жылы Неплюевтің кадет корпусы орналасқан қала A) Семей B) Ташкент C) Орск D) Омбы E) Орынбор
16. 1921ж. көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтар үшін “Нақты ет салығы туралы” декреттің мәні: A) Ет салығын ақшамен ауыстыру. B) Жаңа ет салығын енгізді. C) Салықты төмендетудегі дифференциялық бағыт. D) Ет салығынан босату. E) Ет салығы төмендетілді.
17. Қазақстанда 1961 жылы шаңырақ көтерген институт: A) Алматы педагогикалық институты B) Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл білімі, әдебиет және өнер институты C) Қазақ Мемлекеттік институты D) Қарағанды педагогикалық институты E) Қазақ КСР Ғылым академиясының Философия және құқық институты
18. Тоқырау жылдарында қатты бұрмаланған ғылым саласы: A) Гидрофизика мен гидрогеология B) Математика C) Генетика D) Ғарышты игеру E) Қазақстан тарихы
19. Қазақстанның тәуелсіздігін таныған алғашқы мемлекеттердің бірі: A) Монғолия. B) Түркия. C) Ауғанстан. D) Корея. E) Жапония.
20. 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялаған Қазақстандағы ерте ортағасырлық мемлекет. A) Қимақ хандығы. B) Қарақытай мемлекеті. C) Қыпшақ хандығы. D) Оғыз мемлекеті. E) Қарахан мемлекеті.
21. XIV-XV ғасырлардағы сәулет өнерінің тамаша үлгісін көрсеткен кесене: A) Боран мұнарасы B) Айша бибі C) Бабаджа-Хатын кесенесі D) Дәуітбек кесенесі E) Қарахан
22. XVI ғасырдың II жартысында Қазақ хандығының күш-қуатын беделін арттырған, батыста жерін кеңейтуге себеп болған тарихи оқиға: A) Моғол ханын талқандауы B) Өзбек хандығын талқандауы C) Мәскеуге қосылуды жақтаған Ноғай ұлыстарын талқандап, өзіне қосып алуы D) Ішкі талас тартыстардың тоқтатылуы E) Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға қадам жасауы
23. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезіндегі Шерубай-Нұра болысының ханы болып сайланған: A) Тұрар Рысқұлов B) Нұрлан Қияшев C) Оспан Шонов D) Сәкен Сейфуллин E) Бекболат Әшекеев
24. Оралда Кеңес өкіметі қиын жағдайда орнатылған мерзім: A) 1918 жыл мамыр. B) 1917 жыл қараша. C) 1917 жыл наурыз. D) 1918 жыл қаңтар. E) 1918 жыл наурыз.
25. Сұлтан Баймағамбетов жаудың арнайы салынған қорғаныс ұясының оқ жаудырып тұрған аузын кеудесімен жауып, қаза тапты: A) Ленинград үшін шайқаста. B) Брест қамалы үшін шайқаста. C) Мәскеу үшін шайқаста. D) Сталинград үшін шайқаста. E) Курск үшін шайқаста.     ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

 


МАТЕМАТИКА

 

1. 900 санының 12%-ін табыңыз. A) 108. B) 1 . C) 1080. D) 7500. E) 54.
2. Теңдеуді шешіңіз: A) 3,5. B) -3,5. C) -2,5 D) 2,5. E) 5.
3. 3 санын үш қосылғышқа жіктеді, сонда екінші қосылғыш біріншіден 25 %-ке кем, ал үшіншісі екіншіден 1-і кем. Бірінші қосылғышты табыңыз. A) 1,8 B) 1,4 C) 1,5 D) 1,6 E) 1,2
4. Функцияның анықталу облысын табыңыз: f(x)=log (x-12). A) B) C) D) E)
5. бөлшектің бөліміндегі иррационалдықтан құтылыңыз: A) . B) . C) . D) . E) .
6. f(x) = . - ді табыңыз. A) 1. B) - . C) . D) - . E) .
7. Параллелограмның периметрі 48 см.Егер екі қабырғасының айырымы 7 см болса,онда параллелограмның қабырғаларын табыңдар. A) 7,5 см мен 16,5 см B) 8,5 см мен 15,5 см C) 9,5 см мен 14,5 см D) 10,5 см мен 13,5 см E) 11,5 см мен 12,5 см
8. Параллелограмның екі қабырғасы 6 және 8см, ал бір бұрышы 1500-қа тең. Параллелограмның ауданын табыңдар. A) 35см2 B) 18см2 C) 24см2 D) 40см2 E) 28см2
9. A(9; 3) нүктесі арқылы өтетін және Ox осіне перпендикуляр болатын түзудің теңдеуін табыңыз: A) y=3 B) x=3 C) y=3x D) y=9 E) x=9
10. 4 м3 қара бидай дәні 2,8 т тартады. 6,5 м3 қара бидай дәні неше тонна тартады? A) 4,55 т. B) 6,41 т. C) 4,40 т. D) 5,41 т. E) 5,42 т.
11. Теңдеуді шешіңіз: 4y3 - 6 = 6y2 - 4y A) {1; 1,5}. B) {-1; 1,5}. C) {1,5}. D) {-1}. E) {-1,5}.
12. = 1 теңдеуді шешіп, х2 + х табыңыз, х-теңдеудің түбірі. A) 12. B) 2. C) 30. D) 20. E) 6.
13. Теңдеуді шешіңіз: A) 0. B) түбірі жоқ. C) D) -1. E) 1.
14. Есептеңіз: . A) . B) . C) - . D) . E) .


 
 
15. Бөлшекті қысқартыңыз: . A) . B) (x + 1)x2. C) (x - 1)(x+2). D) (x - 1)x2. E) (x - 1)x.
16. Теңсіздіктер жүйесін шешіңіз: A) [0; 3). B) [3; 4). C) (3; 4). D) [0; 4]. E) (0; 4).
17. f(x)=ln функциясының туындысын табыңдар және f ' () мәнін табыңыз: A) 2 B) C) 1 D) - E) -2
18. у = сos2x функциясының графигіне х0 = нүктесінде жүргізілген жанаманың теңдеуін жазыңыз. A) y = -2x. B) y = -2x + . C) y = -2sіn2x. D) y = 2x. E) y = 2x - .
19. Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасына жүргізілген биіктік 5-ке, ал катеттерінің бірі 13-ке тең. Гипотинузаны табыңдар. A) B) C) D) E)
20. Бөлшекті қысқартыңыз: . A) . B) . C) . D) . E) .
21. Біріншісі 8-ге тең болатын үш сан геометриялық прогрессия құрайды. Егер екінші санды 1-ге арттырса, онда прогрессия арифметикалық прогрессияға айналады. Геометриялық прогрессияның еселігін табыңыз. A) B) ; C) D) E) 2
22. Теңдеуді шешіңіз: A) - B) 3 C) D) 0 E) -3; 3
23. Функцияның туындысын табыңыз: f(x) = sіn3x + cos5x. A) 3cos3x + 5sіn5x. B) cos3x - sіn5x. C) 3cos3x - 5sіn5x. D) 3sіn3x + 5cos5x. E) sіn3x - cos5x.
24. f(x)=cos 4x-sin 4x функциясы үшін алғашқы функцияның жалпы түрін табыңыз. A) 8sin8x+C B) sin8x+C C) cos8x+C D) sin8x+C E) cos8x+C

25. Дұрыс төртбұрышты пирамиданың диагональдық қимасы табанымен тең шамалы. Пирамиданың табанының ауданын табу керек, егер оның бүйір қыры 5-ке тең болса.

A) 10 .

B) 12.

C) 13.

D) 12 .

E) 10.

 

 

МАТЕМАТИКА

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ


 


 


 


 


 


 

 

 


ФИЗИКА

1. Дене шеңбер бойымен бір қалыпты сағат тіліне қарама-қарсы бағытта қозғалады (суретке қара). М нүктесіндегі үдеу векторының бағыты: A) 2. B) 1. C) 3. D) 4. E) 5.
2. 1 суретте доптың жылдамдық және үдеу векторлары көрсетілген. 2 суретте допқа әсер ететін барлық күштердің тең әсерлі күшінің бағыты. A) 4. B) 1. C) 2. D) 5. E) 3.
3. Спирт 780 С тұрақты температурда буланады. Булану кезінде энергия A) бөлінеді. B) жұтылмайды да, бөлінбейді де. C) жұтылады. D) жұтылуы да, бөлінуі де мүмкін. E) басында жұтылады да, кейін бөлінеді.
4. n-типті жартылай өткізгіштерде негізгі емес тасымалдаушылар A) оң және теріс иондар. B) оң иондар. C) электрондар. D) теріс иондар. E) кемтіктер.
5. Заттарға металдың жұқа қабатын жалату үшін пайдаланатын құбылыс A) Фосфоресценция B) Электролиз C) Люменесценция D) Газ разряды E) Фотоэффект
6. Магнит ағынын анықтайтын негізгі өрнек: A) Ф=BScosα. B) . C) F=|q|JBsinα. D) . E) ΔФ= Δt.
7. Жиілігі 4 Гц жүктің тербеліс периоды A) 0,25 с B) 2 с C) 4 с D) 0,75 с E) 0,5 с
8. Тербелмелі контурдағы ток күші шектеусіз өседі. Контурдың кедергісі A) секірмелі кемиді. B) кемиді. C) токқа пропорционал артады. D) өзгермейді. E) секірмелі артады.
9. Нейтронның: A) Массасы жоқ. B) Заряды бар, массасы жоқ. C) Заряды да, массасы да бар. D) Массасы да, заряды да жоқ. E) Массасы бар, заряды жоқ.
10. Ұзындығы 200 м, 10 м/с жылдамдықпен бір қалыпты қозғалып келе жатқан поезд тунельге кіреді. Тунелдің ұзындығы 300 м. Поездың толығымен тунельден шығатын уақыты A) 10 c. B) 50 c. C) 25 c. D) 30 c. E) 20 c.
11. Қозғалыстағы дене жылдамдығы проекциясының уақытқа тәуелділігі x=2+3t (м/с) теңдеуімен берілген. Дененің орын ауыстыруы проекциясынына сәйкес теңдеу: A) Sx=3t+2t2 (м). B) Sx=1,5t2 (м). C) Sx=2t+3t2 (м). D) Sx=3t+t2 (м). E) Sx=2t+1,5t2 (м).
12. Массасы 1т автомобиль 72км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Үйкеліс коэффицентінің максимал шамасы 0,7. Автомобильдің минимал тежелу жолы: A) 380м. B) 29м. C) 14м. D) 37м. E) 58м.
13. Массасы 2 т вагонетка бір қалыпты қозғала отырып, жолдың горизонталь бөлігінде 100 м орын ауыстырады. Yйкеліс коэффициенті 0,01-ге тең жолдың осы бөлігінде атқарған жұмыс (g = 10 м/с2) A) 20 Дж. B) 20 кДж. C) 200 Дж. D) 2 кДж. E) 200 кДж.
14. Тәжірибенің нәтижесі бойынша серпімділік күші Ғ-тің серіппенің созылуы х-қа тәуелділік кестесін пайдаланып, х=0,08 м болғандағы серіппенің потенциалдық энергиясын анықтаңыз.
F, H   0,5   1,5   2,5
X, м   0,02 0,04 0,06 0,08 0,10

 

A) 25 Дж.

B) 2 Дж.

C) 0,16 Дж.

D) 0,08 Дж.

E) 0,04 Дж.

15. 2 м биіктіктен еркін түсіп келе жатқан, массасы 400 г дененің жерге соғылар мезеттегі кинетикалық энергиясы: (g=10 м/с2) A) 2 Дж. B) 0,8 Дж C) 0,5 Дж. D) 8 Дж. E) 80 Дж
16. Егер газ молекуласының концентрациясын өзгертпей, температурасын 3 есе азайтса, онда газ қысымы A) 3 есе азаяды. B) өзгермейді. C) 6 есе өседі. D) 6 есе азаяды. E) 3 есе өседі.
17. Конденсатордың астарларындағы кернеу 100В. Резистор арқылы конденсатор толық разрядталған кезде, тізбектен 0,1Кл электр заряды ағып өтеді. Сонда конденсатордың электр сыйымдылығы: A) 10-2 Ф. B) 10 Ф. C) 10-1 Ф. D) 103 Ф. E) 10-3 Ф.
18. Серіппелі маятник тербелісінің потенциалдық энергиясы A) Wp=kА2/2. B) Wp=- kА. C) Wp=- kx/2. D) Wp=kx2. E) Wp=kА/2.
19. Көздің оптикалық жүйесінің көмегімен алыс тұрған нәрсенің кескіні торламаның бергі жағында пайда болады. Көздің кемістігін және бұл жағдайда көзілдірікке қажетті линзаны анықтаңыз A) Бұл көздің дефекті емес. B) Жақыннан көргіштік, жинағыш линза. C) Алыстан көргіштік, жинағыш линза. D) Жақыннан көргіштік, шашыратқыш линза. E) Алыстан көргіштік, шашыратқыш линза.
20. Ұзындығы , ал көлбеулік бұрышы a көлбеу жазықтықтың бойымен сырғанаған дененің көлбеу жазықтықтың соңғы нүктесіндегі жылдамдығы (үйкеліс коэффициентін m-ға тең деп есептеңіз). A) = . B) = . C) = . D) = . E) = .
21. Күш моменті физикалық шама. Ол неге тең? A) Күш пен дененің жылдамдығының көбейтіндісіне. B) Күш пен дененің үдеуінің көбейтіндісіне. C) Күш пен бұл күштің әсер ететің уақыттың көбейтіндісіне. D) Дененің массасы мен оның жылдамдығының көбейтіндісіне. E) Күш пен иіннің көбейтіндісіне.
22. Массасы 4 кг кірпішті 620С-қа қыздыруға жұмсалған жылу мөлшері, массасы осындай суды 130С-қа жылытуға қажетті жылу мөлшеріндей. () Кірпіштің жылу сыйымдылығының мәні. A) 120 Дж/кг·0С. B) 4200 Дж/кг·0С. C) 880 Дж/кг·0С. D) 470 Дж/кг·0С. E) 420 кг/0С.
23. 1000 С-ге дейін қыздырылған денені температурасы 100 С суға салғанда, белгілі уақыт өткен соң жалпы температура 400 С болды. Бірінші денені шығармай суға тағы сондай 1000 С-ға дейін қыздырылған денені салсақ судың температурасы: A) 650С. B) 850С. C) 750С. D) 550С. E) 950С.
24. Жер бетіндегі электр өрісінің кернеулігі 130 В/м. Жердің толық зарядын анықтаңыз (e = 1, k = 9·109 Н·м2/Кл2, r = 6,4·106 м) A) 2·105 Кл. B) 4·10-5 Кл. C) 6·105 Кл. D) 4·105 Кл. E) 2·10-5 Кл.
25. Фотондарының массасы 4×10-36 кг болатын жарықтың толқын ұзындығы (h = 6,62×10-34 Дж×с, с= 3·108 ) A) 5,52 нм. B) 1,81 нм. C) 0,55×108 м. D) 181 нм. E) 552 нм.     ФИЗИКА ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

 


ХИМИЯ

 

1. Реттік нөмірі 49-шы элементтің электрон қабатының саны: A) 7. B) 5. C) 4. D) 3. E) 6.
2. Тұрақты тотығу дәрежесі +2 болатын элемент... A) Марганец. B) Хром. C) Темір. D) Титан. E) Бериллий.
3. Әрекеттесу кезінде тұнба түзбейтін заттар жұбы A) натрий силикаты және кальций нитраты B) натрий хлориді және күміс нитраты C) калий сульфаты және барий нитраты D) калий сульфиді және мыс (ІІ) нитраты E) калий карбонаты және натрий нитраты
4. Озонның оттек бойынша салыстырмалы тығыздығы A) 2,5 B) 1,5 C) 3 D) 3,5 E) 2
5. Комплексті тұзды көрсетіңіз: A) Mg(OH)Cl B) K2 NaPO4 C) KHSO4 D) MgSO4 E) Na[Al(OH)4]
6. Шойынды болатқа өңдеу процесі кезіндегі химизмін көрсететін теңдеулер тобы: A) Fe + 2HCl = FeCl2+ H2 C + O2= CO2 B) C + O2= CO2 2Mg + O2= 2MgO C) FeO + Mn = MnO + Fe FeO + C = Fe + CO D) CaO + SіO2= CaSіO3 5FeO + 2P = 5Fe + P2O5 E) 3CaO + P2O5= Ca3(PO4)2 Fe + 2HCl = FeCl2+ H2
7. Сыртында жазуы жоқ пробиркада сірке қышқылы бар екенін осы реактив арқылы анықтауға болады: A) Индикаторлармен. B) KMnO4ерітіндісімен. C) Бром суымен. D) Иод суымен. E) Күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен.
8. Аминоқышқылдағы функционалдық топтар: A) -CO- және -NH2. B) -NH2 және -OH. C) -COH және -NH2. D) -COOH және -NH2. E) -NH2 және -O-.
9. Полиэтилен - A) табиғи жануар текті. B) әрі табиғи, әрі химиялық полимер болады. C) химиялық, синтетикалық. D) табиғи, өсімдік текті. E) химиялық, жасанды.
10. Қалыпты жағдайда 532,5 г хлордың алатын көлемі... A) 140 л. B) 168 л. C) 196 л. D) 252 л. E) 224 л.
11. 4,35 литр (қ.ж.) метанды жаққан кезде 173 кДж жылу бөлінетін болса, реакцияның Q жылу эффектісі CH4 (г) + 2O2 (г) = CO2(г)+ 2H2O +Q A) 227,5 кДж B) 445,0 кДж C) 225,5 кДж D) 890,9кДж E) 173,0 кДж
12. Егер 250С-де 45г суда 25 г тұз еритін болса, тұздың (1000мл суға сәйкес) ерігіштік коэфициенті A) 555,6г B) 458,6г C) 223,6г D) 506,6г E) 533,6г
13. Әр топтағы екі реакцияның іс жүзінде жүзеге асатыны: A) HNO3 (сұйт.) + Zn ® NH4Cl + AgNO3 ® B) Mg(OH) 2 + KCl ® Zn(OH)2 + KOH ®   C) HNO3 + SіO2 ® BaSO4 + HCl ® D) Cu + HCl ® HNO3 + SіO2 ® E) Fe2O3 + H2SO4 (конц.) ® NaCl + HNO3 ®
14. Өзара изомер кластар: A) Спирт пен қышқыл. B) Қышқыл мен тұз. C) Альдегид пен спирт. D) Спирт пен жай эфир. E) Күрделі эфир мен альдегид.
15. 0,28 г этенмен реакцияласу үшін қажетті бромсутектің зат мөлшері: A) 10 моль. B) 0,01 моль. C) 1 моль. D) 0,1 моль. E) 0,0001 моль.
16. 61,5 г нитробензолды тотықсыздандырғанда 44 г анилин алынған. Реакция өнімінің шығымы: A) 94,6 % B) 96,4 % C) 95,0 % D) 100,0 % E) 99,5 %
17. Фенолдың сапалық реакциясы: A) этанолмен әрекеттесуі. B) CuSO4-әрекеттесуі C) глюкозамен әрекеттесуі. D) FeCl3 - әрекеттесуі. E) Метанолмен әрекеттесуі.
18. Этилпропионат молекуласындағы біріншілік көміртек атомдарының саны: A) 1 B) 5 C) 2 D) 3 E) 4
19. Берілген тізбектегі Х және У заттары C2H2 ® Х ® CH3COOH ® CH3COOC3H7 ® У ® CO2 A) Х - C2H5COH; У - CH3 - O - C2H5 B) C) Х - C2H4; У - CH3COONa D) E)
20. Натрий гидроксидінің 20 %-тік 300 г ерітіндісі арқылы 40 л(қ.ж.) күкіртсутек газы өткізілді. Осы кезде түзілген тұздың формуласы мен массасы: A) 5,85 г, Na2S. B) 59,8 г, NaHS. C) 56,9 г, Na2S. D) 84 г, NaHS. E) 57,8 г, NaHS.
21. 14 г циклопентанның 12 л хлормен (қ.ж.) әрекеттескенде, шығымы 70% болса, түзілген хлорциклопентанның массасы: A) 14,6 г B) 17,2 г C) 11,9 г D) 20,9 г E) 15,6 г
22. Бутан симметриялы түрде крекингленген. 580 г бутаннан бөлінген крекинг компонентіне қосылған бромның массасы: A) 2,6 кг B) 0,1 кг C) 3 кг D) 1,6 кг E) 2 кг
23. Құрамында 62,1% көміртек, 10,3% сутек, 27,6% оттек бар альдегидтің атауы A) метаналь B) этаналь C) пентаналь D) бутаналь E) пропаналь
24. Құрамында 50% целлюлозасы бар 200 кг ағаштан алынатын этанол массасы; A) 83,8 кг B) 56,8 кг C) 95,8 кг D) 74,8 кг E) 98,8 кг
25. Дипептид глицилглициндегі көміртектің массалық үлесі: A) 40,36 % B) 35,36 % C) 21,36 % D) 36,36 % E) 8,36 %     ХИМИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

 


БИОЛОГИЯ

1. Мәдени өсімдік A) Шаңжапырақ B) Қырықбуын C) Баялыш D) Зығыр E) Плаун
2. Астық тұқымдастардың негізгі белгілері? A) Гүлі-жеке орналасады, жемісі құрғақ - қуашақ. B) Гүлшоғыры-шашақгүл, жемісі құрғақ бұршаққын және бұршаққынша. C) Гүлі-жеке орналасады, жемісі құрғақ-жаңғақша. D) Гүлшоғыры-күрделі масақ, сыпыртқыгүл, собық, жемісі құрғақ-дәнек. E) Гүлшоғыры-себет, жемісі құрғақ-тұқымша.
3. Қант, спирт, бояу, лакмус алатын, тәтті тағамдар өнеркәсібінде кеңінен қолданылатын өсімдіктер: A) Мүктәрізділер B) Саңырауқұлақтар C) Қыналар D) Балдырлар E) Шаңжапырақтәрізділер
4. Ішекқұрттармен күрес шараларын зерттеген: A) П.И. Мариковский. B) А.О. Ковалевский. C) М.Ф. Иванов. D) Н.С. Бутарин. E) К.И. Скрябин.
5. Шаянның өте ірі қысқышқа айналған бунақты аяқтары: A) Көкірегінде орналасқан бір жұп аяғы. B) Құрсақ аяғы. C) Жоғарғы жақ. D) Төменгі жақ. E) Жақаяқтары.
6. Жасушаны қоректік заттармен қамтамасыз ететін: A) Қан, лимфа. B) Зәр шығару. C) Сезім мүшелері. D) Тыныс алу. E) Жүйке жүйесі.
7. Мұрын қуысының ішкі қабырғасын астарлайтын қабықша. A) Иірімдерлі B) Дыбыс C) Талшықты D) Сілемейлі E) Шеміршікті
8. Адамдарды нәсілдерге бөлу қандай принципке негізделген? A) Хромосома жиынтығына. B) Сөйлеу, тіл ерекшеліктеріне. C) Ойлау қабілетіне. D) Территориялық принципке. E) Морфологиялық ерекшеліктеріне: тері, шаш, көз түстеріне.
9. Қорықтарды ұйымдастыру мақсаты - A) топырақты сақтау. B) табиғат байлықтарын табиғи қалпында сақтап қалу. C) атмосфераны сақтау. D) табиғат ресурстарын сақтау. E) суайдындарын сақтау.
10. Өсімдіктің ұрықтануының жүруі A) Тозаңды тасыған кезде B) Тозаңданғаннан кейін C) Тозаңдануға дайындық кезеңінде D) Тозаңдануға дейін E) Тозаңдану кезінде
11. Ехиднаның үйректұмсықтан айырмашылығы A) басының алдыңғы жағында мүйізді өсінді бар. B) баласын тірі туады. C) жұмыртқа салады, басып шығармай, құрсағында болатын қалтасына салып жүреді. D) жаңа туған баласы емшекке жабысып ілініп тұрады. E) жұмыртқа салып, оны басып шығарады.
12. Жүйкенің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері: A) жүйке жасушасы B) вегетативті жүйке C) орталық және шеткі жүйке жүйесі D) орталық жүйке жүйесі E) соматикалық жүйке
13. Қаңқа бұлшық етінің құрылысы тұрады: A) көлденең жолақты бұлшық ет талшықтары шоғыры мен бірыңғай салалы бұлшық еттен B) бірыңғай салалы бұлшық ет және жекеленген көлденең жолақты бұлшық еттен C) көлденең жолақты бұлшық ет талшықтары шоғырынан D) бірыңғай салалы бұлшық ет шоғырынан E) жекеленген көлденең жолақты бұлшық еттен
14. Үлкен қанайналым шеңбері басталатын жүрек бөлігі: A) Оң жақ қарынша. B) Қолқа. C) Сол жақ құлақша. D) Сол жақ қарынша. E) Оң жақ құлақша.
15. Асқорыту жүйесіндегі қарыннан кейінгі мүше- A) Тоқ ішек. B) Ұлтабар. C) Ұйқы безі. D) Бауыр. E) Соқыр ішек.
16. Ұйқы безі бөлетін инсулин: A) Дене сыртына бөлінеді. B) Ерекше өзекке шығарылады. C) Ауыз қуысына бөлінеді. D) Қанға бөлінеді. E) Ішекке бөлінеді.
17. Қандай төрт элемент жасушаның негізгі химиялық құрамы болады: A) кальций, магний, натрий, темір. B) мырыш, мыс, йод, фтор. C) фосфор, калий, күкірт, хлор. D) көміртегі, оттегі, азот, сутегі. E) кальций, магний, натрий, хлор.
18. ДНҚ тізбегіндегі азотты негіз Аденинге қарама қарсы нуклеотид: A) аденин B) уроцил C) тимин D) пуанин E) цитозин
19. Биотикалық факторларға жататын: A) Жыртқыштарды ату. B) Өзендердің сай-салаға ағып кетуі. C) Жыртқыштардың жемтігін аулап жеуі. D) Жыртқыштарды аулау. E) Батпақты жерді құрғату.
20. Негізгі тамыры айқын байқалатын өсімдік- A) Пияз. B) Сарғалдақ. C) Жолжелкен (иманжапырақ). D) Жүгері. E) Бақбақ.
21. Қосжарнақты тұқымдағы тұқымжарнағының қызметі- A) Қорғау. B) Қоректендіру. C) Көбею. D) Қозғалту. E) Сору.
22. Қырықбуыннан көктемде дамитын өркені- A) қосалқы тамырлар. B) масақшасы бар қоңыр өркендер. C) сабақ. D) жасыл өркендер. E) тамырсабақ.
23. Мейоздық жолмен бөлінетіндер: A) зақымдалған ұлпалар B) жыныс жасушалары C) прокариоттар D) эмбриондық ұлпалар E) қуық бұлшық еті, эпителий ұлпасы
24. Аллельдік гендердің орналасуы: A) Гомологты хромосомада. B) Жыныс хромосомада. C) Әр жұп хромосомада. D) Тақ гендер. E) Бір аутосомда және жыныс хромосомада.
25. Бірінші ретті консументтерге қандай ағзалар жатады? A) Бір жасушалы балдырлар. B) Өсімдікқоректі жануарлар. C) Хемосинтездеушілер. D) Автотрофтылар. E) Етқоректі жануарлар.     БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

 


ГЕОГРАФИЯ

1. Қазақтың тұнғыш географ ғалым: A) Ұлықбек B) Ш.Уалиханов C) Әл-Фараби D) Әл-Бируни E) Қ.Сатпаев
2. Солтүстік және оңтүстік тропик арасындағы кеңістік: A) Суық оңтүстік белдеу. B) Ыстық белдеу. C) Қоңыржай оңтүстік белдеу. D) Қоңыржай солтүстік белдеу. E) Суық солтүстік белдеу.
3. Табиғат кешенінде жүретін табиғи үрдістер... тәуелді. A) рельефке B) қатерлі жағдайларға C) аумақтың көлеміне D) жылу мен ылғалға E) зат пен энергия алмасуына
4. Үндістер... байырғы халықтары. A) Антарктиданың B) Американың C) Азияның D) Австралияның E) Европаның
5. Африканың екі мұхитқа шығатын мемлекеті: A) Алжир B) Марокко C) Нигер D) Египет E) Сомали
6. Бұқтырма су қоймасы салынған өзен: A) Сырдария. B) Iле. C) Ертiс. D) Орал. E) Есiл.
7. Қазақстанның ежелгі қалалары. A) Түркістан, Тараз. B) Екібастұз, Балқаш. C) Теміртау, Рудный. D) Шымкент, Астана. E) Павлодар, Өскемен.
8. Батыс Қазақстанның экономикалық ауданы құрамына кіретін облыстар A) Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда. B) Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау. C) Алматы, Шығыс Қазақстан, Жезқазған. D) Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда. E) Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан.
9. Азиядағы бір ұлтты мемлекет: A) Сауд Арабиясы. B) Қытай. C) Жапония. D) Үндістан. E) Иран.
10. Атмосфераны құрайтын оттегі мен азоттың пайыздық шамасы. A) 99 %. B) 1 %. C) 21 %. D) 78 %. E) 11 %.
11. “Диуани лұғат ат-түрік” еңбегінің авторы. A) Әл-Идриси. B) Әл-Фараби. C) Шоқан Уәлиханов. D) Махмұд Қашғари. E) Геродот.
12. Сарыарқаның оңтүстігіндегі үстірт: A) Қазақтың ұсақ шоқысы. B) Батыс-Сібір. C) Бетпақдала. D) Үстірт. E) Торғай.
13. Климатты қалыптастыратын фактор A) дауылдың соғуы B) қардың қалың түсуі C) температураның өзгеруі D) жауын-шашын түсуі E) географиялық орны
14. Қазақстанның орманды дала зонасының ағаштары. A) Шырша, қарағай. B) Самырсын. C) Сексеуіл. D) Бал қарағай. E) Қайың, көктерек.
15. Қазақстанда қай жерде алюминий шикізаты қорытылады. A) Петропавлда. B) Жамбылда. C) Ақтауда. D) Шымкентте. E) Павлодарда.
16. Пластмасса шығарылады: A) Ақтөбеде. B) Астанада. C) Қостанайда. D) Алғада. E) Ақтауда.
17. Қара металлургияның толық циклды заводындағы өндірістік технологиялық процесті көрсетіңіз. A) Темір кенін өндіру, шойын қорыту, болат, прокат B) Темір кенін, ферроқорытпа өндіру C) Ферроқорытпа өндіру, шойын, болат D) Прокат, кенді байыту, болат E) Кенді байыту, шойын қорыту, прокат
18. Жапонияның басты өнеркәсіп аудандары шоғырланған аралы A) Осака. B) Сикоку. C) Хоккайдо. D) Хонсю. E) Кюсю.
19. Халық саны 10 млн. адамнан жоғары АҚШ-тың қалалары. A) Даллас, Сан-Франциско. B) Лос-Анджелес, Нью-Йорк. C) Вашингтон, Нью-Йорк. D) Чикаго, Вашингтон. E) Чикаго, Лос-Анджелес.
20. Халқының тығыздығы ең жоғары материк: A) Антарктида B) Солтүстік Америка C) Африка D) Евразия E) Оңтүстік Америка
21. Географиялық қабықтың дамуындағы ең ұзақ алғашқы кезең: A) Палеогендік. B) Биогендікке дейінгі. C) Неогендік. D) Антропогендік. E) Органогендікке дейінгі.
22. Әйгілі «Әнші тау» Аққұмқалқан... қорығында орналасқан. A) Үстірт B) Алматы C) Ақсу-Жабағылы D) Марқакөл E) Науырызым
23. Қазақстанның минералды су көздері көп A) Мұғалжар, Ұлытауда B) Тарбағатай, Сауірде C) Жоңғар, Іле Алатауында D) Алтай, Шыңғыстауда E) Әулие, Ақбетте
24. Дүние жүзінде роботтар жасаудан бірінші орында. A) Норвегия. B) Ресей. C) Қытай. D) Швейцария. E) Жапония.
25. Қырым түбегі - … мемлекетінің бөлігі. A) Ресей B) Түркия C) Грузия D) Молдова E) Украина     ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

 


Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 504 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
АЗАҚ ТІЛІ| Общие принципы Специфические

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)