Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ауыз қуысының шырышты қабығының аурулары

Читайте также:
  1. Пародонт аурулары
  2. Сарысу аурулары

ЖИТС жұқтыртқан науқастармен жұмыс жасағанда сақтану шарасы://

көзілдірік тағу, резина қолғап, маскамен жұмыс жасау//

резина қолғап, маскамен жұмыс жасау//

екі қабат резина қолғап, төрт қабат маска, көзілдірік, мықты матадан жасалған халат//

ерекше сақтану шара қажеті етпейді//

2-4 қабатты маскамен жұмыс жасау

***

Жедел лейкозды цитологиялық және клинико-морфологиялық белгісімен ажыратамыз://

сәулелі, инфекциялық, медикаментозды//

лимфолейкоз, миелолейкоз//

миелобластты, лимфобластты, монобластты, промиелоцитарлы, салыстырмайтын//

біріншілік, екіншілік//

жедел, созылмалы, жедел асты

***

Науқастың жасы 76. Бетінде бөртпенің пайда болып, оң жақ бетінің неврагиялық жедел түрде ауру сезімінің құлаққа беріліп ауратынына шағымданып келген. Ауырғалы 5 күн болған. Аурудың басталуы жоғарғы жақтың оң жақ тістерінде пайда кенет басталған ауру сезімі пайда болған, дене температурасы 39°С дейін көтерілген. Анамнезі бойынша жан ұясында бала жел шешек сырқатымен екі апта бойы ауырады. Жалпы аурулары: гипертонияның II дәрежесі: бала жасында жел шешек және қызылшамен ауырған. Қарап тексергенде: ұрт тері бетінде және оң жақ мұрын қанаты терісі қызарған, беті сары қабықшамен жабылған ауратын көпіршіктер және жара анықталады. Ауыз қуысының шырышты қабатының оң жағы қызарған, ісінген, жоғарғы жақтың өтпелі қатпарында және қатты таңдайда топтасып орналасқан жаралар анықталады. Болжалды диагноз://

Пузырчатка (күлбірек)//

Тілме қабыну (рожистое воспаление)//

Белдемелі теміреткі//

Созылмалы қайталанған ұшық//

Пемфигоид

***

Дәрігер-стоматологқа келген 48 жастағы науқастың объективті қарағанда төменгі еріннің шырышты қабатының Клейн зонасындағы сілекей бездері түтіктерінің кеңейгені анықталады. Сіздің алдын-ала қоятын диагнозыңыз://

экзематозды хейлит//

эксфолиативті хейлит//

актиниялық хейлит//

гландулярлы хейлит//

метерологиялық хейлит

***

34 жастағы науқасты қарап тексергенде ауыз қуысында негізде қабынған инфильтраты бар және шеттері тығыз, көтеріңкі, ауратын ойық жаралар анықталады. Ойық жаралар тек қана ауыз қуысында байқалады, бірнеше ай бойы тыртықтанып жазылады. Анамнезінен: ауру бірнеше жыл бойы мазалайды. Бұл клиникалық көріністері қандай ауруға тән://

Венсан гинговостоматиті//

Сеттон афтасы//

Бехчет синдром//

Стивенс-Джонсон//

Туреннің үлкен афтозы

***

Жергілікті иньекциялы жансыздандырудан кейін болатын асқынуды алдын-алу://

анестезия техникасын дұрыс орындау//

Лукомский бойынша түсті сынама жүргізу//

медициналық персоналдың жұмыстағы қарым қатынасы//

жергілікті анестезияның әдісін нақты орындау//

аллергологиялық анамнезін толық жинау

***

Ауыз қуысында туберкулез жегінің ең жиі орналасатын жері//

Таңдай бадамшасы мен иіндері//

алдыңғы тістердің қызыл иек маңында, жоғарғы ерін, қатты таңдай//

ұрттың кілегей қабаты, төменгі ерін, өтпелі қатпары//

артқы жұтқыншақтың кілегей қабаты//

барлық жауап дұрыс

***

Шеттері тегіс, дөңгелек, өлшемі 0,3-0,5 см, табаны ақ-сары фибринозды, оңай алынбайтын қақпен жабылған. Элементтің шеті (ободок) айнала қызарумен шектелген, қатты ауырады//

ойық жара//

жалақ жара//

афта//

түйін//

папула

***

Науқастың жасы 30. Сөйлегенде, тамақ қабылдағанда сол жақ ұрт маңындағы қатты ауратынына шағымданады. Қарап тексергенде: сол жақ ұрттың қызарған кілегейлі қабығында, тістердің тістесу сызығында шеттері тегіс, пішіні сопақша, табаны ақ-сары фибринозды, оңай алынбайтын қақпен жабылған афта анықталады. Элементтің шеті (ободок) айнала қызарумен шектелген. Жергілікті жарақаттық факторлар анықталмаған. Алдын ала диагноз қойыңыз//

созылмалы механикалық жарақат//

қайталанбалы герпетикалық стоматит//

созылмалы қайталанбалы афтозды стоматит//

белдемелі теміреткі//

лейкоплакия, эрозивті түрі

***

Шеттері тегіс емес, жұмсақ, терең емес ойық жара, айналасында ұсақ абсцесстенген Трель дәндері бар, табаны төмпекшеленген, сары қақпен жабылған, сипап тексергенде қатты ауырады. Құрт ауруының қандай түріне осындай клиникалық белгілері тән?//

туберкулезді жегі//

милиарлы жаралы туберкулез//

колликвативті туберкулез//

біріншілік туберкулездің ойық жарасы//

туберкулездің барлық түрі

***

Жақ-бет аймағындағы жаңа түзілімді емдеуде, рентген және гамма терапиясын қолданғанда ауыз қуысының шырышты қабатында (АҚШҚ) қосалқы зақымданулар дамиды. Сәуле реакциясына АҚШҚ бірінші болатын белгісі://

ақ түсті некроз ошағы//

ұсақ нүктелі қанның ұйюы//

мүйіздену симптомдары//

жеңіл қызару, ісіну//

жаралардың пайда болуы

***

Аталған ауруда жараның шетінен алынған биоптат зерттеуде екі зонаны анықтайды: беткей (некротикалық) және терең (қабынған). Беткей зонада көптеген және әртүрлі флора (коктар, таяқшалар, фузобактериялар, спирохеталар және т.б.) табылады, терең зонада - фузобактериялар, спирохеталар басым болып келеді. Қандай ауруда осындай патогистологиялық суреттемені көруге болады:\\

Венсанның жаралы некротикалық гингиво-стоматиті//

Созылмалы қайталамалы афтозды стоматиті//

Созылмалы қайталамалы герпетикалық стоматиті//

Туберкулезды жегі//

Біріншілік сифилис

***

Тіс-дәрігерге 28 жасар науқас келген. 26 тіске 2% лидокаин ерітіндісімен инфильтрациялық жансыздандыру жасалған. 15 минут кейін науқас өзін жағымсыз сезінеді. Бет аймағының, қолының қышу, әлсіздік, бас айлану, кеуде аймағында ауырлануына шағымданады. Қарап тексергенде: науқас бозарған, бет терісі қызарған, шынтақ бет терісінде қышынатын бөртпелер, АҚ 80/50 мм рт.ст дейін төмендеген, жүрек соғысы әлсіз, пульс жылдам, тыныс алуы жиірек. Ең дұрыс диагнозы://

жедел жүрек жетіспеушілігі//

анафилактикалық шок//

миокард инфаркті //

естен тану//

бронхиальды астманың приступі

***

Стоматологиялық клиникаға 27 жасар науқас таңертен тұрғанда бірден пайда болған ерін, тіл, ұртының ісінуіне шағымданып келген. Анамнезі бойынша: бір күн бұрын тіс-дәрігеріне қызыл иегінің қанайтынына және жағымсыз иіс шығуына шағымданып барған. Қызыл иекке ем жүргізген, тіс тастарын алып, антисептикалық өңдеу жасалған. Дәрігердің тағайындалуы бойынша сол күннің таңертенгі және кешкі уақытта қызыл иекке Метрогил-Дента гелімен аппликация жасаған. Қарап тесергенде: еріннің жоғарғы және төменгі терісінің көлемі бойынша үлкейген, еріндердің қызыл жиегі тырысқан, ауыз қуысында тіл көлемі үлкейген, екі ұрты ісінген. Бірақ бет терісінің, еріннің, ауыз қуысының шырышты қабатында өзгеріс жоқ, ісінген тіндерді сипап тексергенде ауырмайды. Болжалды диагнозын://

Квинке домбығу//

Пародонтоз//

Мелькерссон-Розенталь синдром //

Тілме қабыну (рожистое воспаление) //

Пародонтальды абсцесс

***

Науқастың жасы 35. Қарап тексергенде ауыз қуысында беткей жара анықталады, өлшемі шамамен 7х7 мм, жараның шеті жұмсақ, ісінген, аздап аурады, түбінде таңқурайға (малинаға) ұқсас, қанағыш папиломатозды өсінді бар. Регионарлы лимфа түйіндері үлкейген, тығыз. Қандай аурудың суреттемесі://

біріншілік сифилис//

туберкулез волчанка//

үшіншілік сифилис//

лейкоплакия, веррукозды формасы//

Венсанның жаралы-некротикалық стоматит

***

Негізгі төрт синдром - гиперпластикалық, геморрагиялық, анемиялық, интоксикациялық - қандай аурудың клиникалық көрінісіне тән//

Гиповитаминоз В12//

Темір тапшылығы анемия//

гемофилия//

жедел лейкоз//

Созылмалы қайталамалы афтозды стоматиті

***

Жедел тыныс алу жетіспеушілігінің түрін анықтаңыз: ол жұтқыншақтың жартылай немесе толық жабылуымен бірге шырышты қабаттың ісінуінен, өкпенің интерстициальды немесе альвеолярлы ісінуінен, әртүрлі дәрежедегі бронхоспазм салдарынан пайда болады. Науқастарда газалмасу бұзылған:

абдоминальды//

церебральды//

гемодинамикалық//

асфиксиялық//

өкпенің қабыну

***

Науқастың жасы 22. Тіс-дәрігеріне тіл және ерін маңы шымырлап ауратынына шағымданып келген. Анамнезі бойынша: жарты сағат бұрын ауыз қуысына химиялық ерітіндіні құйып алған. Кейін осы симптомдар пайда болған. Науқас бірден бірнеше рет ауыз қуысын жақсылап шайған. Бірден стоматологиялық клиникаға барған. Қарап тексергенде: төменгі және жоғарғы ерінде, тілдің ұшында ісінген, қызарған фон үстінде ақ-сұр түсті тығыз пленкамен жабылған диаметрі шамамен 1 см-ге дейін некрозданған үш аймақ (участок), тіндермен тығыз байланысқан. Күю салдарын қандай ерітіндімен байланстырасыз://

күкірт қышқылы//

калий перманганат ерітіндісі//

әк (известковый) ерітіндісі//

сіркесу қышқылы//

нашатыр спирт

***

53 жастағы науқастың ауыз қуысының кілегей қабатында, ұрт маңайында үлкен көлемді көкшіл-қызыл түсті жаралар анықталады, олар фибринозды, оңай алынатын қақпен жабылған. Никольский симптомы оң. Сіздің болжалды диагнозыңыз?//

лейкоплакия//

қызыл жалпақ теміреткі//

қызыл жегі//

күлдіреуік//

көп түрлі жалқықты эритема

***

Ауыз қуысының шырышты қабығының қандай ауруы жүре дамыған иммунтапшылығын синдромның алғашқы белгісі болып табылады: ақ түсті қатпарлы түрде, симптомсыз ошақтар көбінесе тілдің бүйір бетінде орналасады. Шырышты қабаттан көтерінкі болып тұрады және қырғанда алынбайды://

Капоши саркомасы//

түкті лейкоплакия//

Боуэн ауруы//

Манганотти хейлиті //

макроглоссит

***

18 жыл бойы темекі шеккен 36 жасар науқасты қарап тексеру барысында ұрт аймағында ақшыл (белесоватого) түсті күнгірт (помутнения) ошақ анықталды. Тістердің алдыңғы бөлігінің тістердің түйісу сызығы денгейінде, үшбұрышты тәріздес, үшбұрыштың шыңы (вершинасы) үлкен азу тістерге қарайды. Ошақ өз тіннен көтеріңкі емес, қырғанда алынбайды. Айналасындағы шырышты қабатында өзгерістер жоқ. Диагнозын анықтаңыз://

псевдомембранозды кандидоз//

қызыл жалпақ теміреткі, типтік түрі//

ауыз қуысының екіншілік мерезі //

жалпақ лейкоплакия//

Боуэн ауруы//

***

Науқастың жасы 40. Қосалқы аурулары жоқ. Жалпы дені сау. Үш апта бұрын төменгі жақтың оң жақтағы тістің пломбасы түсіп қалғаннан кейін тілдің оң жақ маңында ауру сезімі пайда болғанына шағымданып келген. Қарап тексергенде: тілдің оң жақ бүйір бетінде өлшемі 0,5х0,4 см жара, беті некротикалық қақпен жабылған, шеттері қызарған, ісінген, сипап тексергенде аурады. 46 тісте үлкен тіс жегі қуысы бар. Тіл жақ шеттері өткір. Цитологиялық зерттеуде атипиялық клеткалар анықталмаған. Диагнозын анықтаңыз://

Трофикалық жарасы//

Декубитальды жарасы//

Туберкулездыжарасы//

мерезжарасы//

обыр жарасы

***

Науқастың жасы 32. Бір күн бұрын суық тиген. Содан кейін жоғарғы ерінде бөртпе пайда болғанына шағымданып келген. Соңғы 5 жыл бойы осындай бөртпелер мазалайды. Қарап тексергенде: сол жақ жоғарғы еріннің және тері шекарасында ұсақ, бір-бірімен жабысқан, топтасқан, диаметрі 1-2 мм, ауратын, күнгірт-лай (мутный) сұйығы бар көпіршіктер анықталады. Көпіршіктің сұйығынан көптеп Лангханс алып клеткалар табылған. Болжалды диагноз://

көптүрлі жалқықты эритема//

аллергиялық стоматит//

созылмалы афтозный стоматит//

созылмалы қайталанған ұшық//

жедел герпетикалық стоматит

***

Науқастың жасы 28, жалпы әлсіздікке, ауыз қуысының ауру сезімі және шіріген иістің шығуына шағымданып келеді. Қосалқы аурулары жоқ. Қатты салқындану әсерінен 3 күн бойы ауру сезімдер мазалайды. Қарап тексергенде: науқас бозғылт, дене температурасы 38,2 °С. Ауыз қуысында ретромолярлы аумаққа жақын жерінде екі ұртта ісінген қызарған фон үстінде некрозданған ошақ анықталады. Некрозданған ошақтың шеті тегіс емес, сұр-жасыл түсті, қақты алғанда астынан қанағыш ойық жара (язва) пайда болады. Жараның түбі және шеттері тығыз емес. Ауыз қуысының гигиенасы орташа. Болжалды диагноз қойыңыз//

Венсанның жаралы-некротикалық стоматит//

Декубитальды жарасы//

Рак жарасы//

Трофикалық жара//

Сифилис жарасы

***

Зақымдаушы элементті атаңыз: ауыз қуысының шырышты қабаттың шектеулі аумағының түсі өзгеруі//

Төмпешік//

Түйін//

Қабық//

Дақ//

Беткей жара

***

Зақымдаушы элементті атаңыз: диаметрі 5 мм-ге дейін қабыну әсерінен пайда болған қуыссыз элемент, шырышты қабаттың денгейінде көтеріңкі орналасып, эпителий және шырышты қабаттың меншікті беткей қабатын алады, екіншілік сифилисте және қызыл жалпақ теміреткіде кезедеседі.//

Түйіншек//

Төмпешік//

Күлдіреуік//

Көпіршік//

Афта

***

Зақымдаушы элементті атаңыз: диаметрі 5-7 мм қабыну әсерінен пайда болған қуыссыз элемент, шырышты қабаттың денгейінде көтеріңкі орналасып, шырышты қабаттың барлық қабаттарын алады, сипап тексергенде ауырады, ыдырап ойық жараға оңай айналады, ал жазылғанда тыртықтанады//

Түйін//

Төмпешік//

Күлдіреуік//

Ойық жара//

Көпіршік

***

Зақымдаушы элементті атаңыз: дөнгелек пішінді қуысты құрылым, диаметрі 5 мм-ге дейін, шырышты қабаттың денгейінде көтеріңкі, құрамында серозды немесе геморрагиялық сұйық бар. Кейде эпителий ішінде орналасуы мүмкін//

Түйін//

Төмпешік//

Күлдіреуік//

Көпіршік//

Киста

***

Зақымдаушы элементті атаңыз: көпіршік жарылғаннан кейін немесе түйіншектің дамуы кезінде, сонымен қатар жарақат әсерінен зақымдалуы шырышты қабаттың эпителий денгейінде орналасады//

Түйіншек//

Төмпешік//

Күлдіреуік//

Ойық жара//

Беткей жара

***

Зақымдаушы элементті атаңыз: эрозияның пішіні дөңес, фибрин қақпен жабылған және гиперемияланған жиегімен қоршалған//

Түйіншек//

Төмпешік//

Афта//

Жара//

Тілік

***

Бұлшық етке дейін және барлық шырышты қабатты алатын ақауы. Жазылғанда тыртықтанады. Зақымдаушы элементті атаңыз//

Жара //

Түйін//

Афта//

Ойық жара//

Көпіршік

***

Десквамация процессі бұзылу салдарынан пайда болатын эпителий қабаттары (пласты), хейлитте кездеседі. Зақымдаушы элементті атаңыз//

Түйін//

Түйіншек//

Көпіршік//

Тыртық//

Қабықша

***

Зақымдаушы элементті атаңыз: ауыз қуысының шырышты қабатында ақау орнында, ойық жараның болған жерінде дәнекер тін пайда болуымен сипатталады //

Тыртық//

Қабық//

Қабықша//

Түйін//

Тілік

***

Ауыз қуысының жарақат ошағынан алынған зерттеу материалды цитологиялық зерттеу барысында тікенекті қабаттағы клеткалар арасына сұйық жиналғаны анықталады. Осы патологиялық процессті қалай атайды? //

Папилломатоз//

Паракератоз//

Гиперкератоз//

Акантоз//

Спонгиоз

***

Ауыз қуысының жарақат ошағынан алынған зерттеу материалды цитологиялық зерттеу барысында тікенекті қабаттағы клетка-аралық байланыстарының бұзылу әсерінен олар топтасып немесе шар-баллон тәріздес болып орналасқан. Осы патологиялық процессті қалай атайды? //

Гиперкератоз//

Баллон дегенерациясы//

Акантоз//

Паракератоз//

Папилломатоз

***

Ауыз қуысының жарақат ошағынан алынған зерттеу материалды цитологиялық зерттеу барысында тікенекті қабаттағы клеткалар арасындағы цитоплазмалық байланысы еріген (бұзылған). Осы патологиялық процессті қалай атайды? //

Гиперкератоз//

Баллон дегенерациясы//

Акантолиз//

Паракератоз//

Папилломатоз

***

Ауыз қуысының жарақат ошағынан алынған зерттеу материалды цитологиялық зерттеу барысында тікенекті қабаттағы клеткалардың жуандауы (утолщение) анықталған. Осы патологиялық процессті қалай атайды? //

Гиперкератоз//

Баллон дегенерациясы//

Акантоз//

Паракератоз//

Папилломатоз

***

Ауыз қуысының жарақат ошағынан алынған зерттеу материалды цитологиялық зерттеу барысында көптеген мүйізденген клеткалары анықталған. Мүйізденген клеткалар әсерінен шамадан тыс өндіру және десквамациясы көрінісі бұзылған. Осы патологиялық процессті қалай атайды? //

Гиперкератоз//

Баллон дегенерациясы//

Акантоз//

Паракератоз//

Папилломатоз

***

Ауыз қуысының жарақат ошағынан алынған зерттеу материалды цитологиялық зерттеу барысында тікенекті қабаттың беткей орналасқан клеткалардың толық мүйізденбеу салдарынан, мүйіздену процессі бұзылған. Осы патологиялық процессті қалай атайды?//

Гиперкератоз//

Баллон дегенерациясы//

Акантоз//

Паракератоз//

Папилломатоз

***

Ауыз қуысының жарақат ошағынан алынған зерттеу материалды цитологиялық зерттеу барысында емізікше қабаттың эпителийге қарай өсуі (разрастание) анықталған. Осы патологиялық процессті қалай атайды?//

Гиперкератоз//

Баллон дегенерациясы//

Акантоз//

Паракератоз//

Папилломатоз

***

Тілдің жарақат жарасын және рак жарасымен салыстырмалы диагностикасында шешуші рольды атқарады//

Анамнезі//

Ауыз қуысын тексеру арқылы//

Цитологиялық зерттеудің нәтижесі//

Рентгенологиялық зерттеудің нәтижесі //

Жалпы қан анализі

***

Науқасқа «Жалпақ лейкоплакиясы» деп диагноз қойылған. Зақымданған ошақтағы эпителийде қандай патологиялық өзгерістер байқалады?//

Гиперкератоз//

Баллон дегенерация//

Акантолиз//

Папилломатоз//

Спонгиоз

***

Науқасқа «Жалпақ лейкоплакиясы» деп диагноз қойылған. Зақымданған ошақтағы эпителийнің мүйіздену процессін қалыптастыруына нәтиже беретін тиімді препаратын көрсетіңіз//

Аскорутин//

Пипольфен//

Тиамин//

Витамин А майлы ерітіндісі//

Натрий тиосульфаты

***

Науқасқа «Созылмалы қайталанған ұшық» деп диагноз қойылған. Осы ауруда ең бірінші қандай элемент пайда болады//

Түйіншектер//

Түйін//

Көпіршік//

Күлдіреуік (волдырь)//

Киста

***

Науқасқа «Созылмалы қайталанған ұшық» деп диагноз қойылған. Осы ауруға жергілікті ем жүргізу үшін қолданылатын этиотропты препаратты көрсетіңіз//

Саңырауқұлақтарға қарсы жақпа//

Вирусқа қарсы жақпа //

Кең спектрлі антибиотик//

Жансыздандырушы ерітінді//

Кератопластиктер//

***

Науқасқа «Созылмалы кандидозды стоматиті» деп диагноз қойылған. Осы ауруға жергілікті ем жүргізу үшін қолданылатын этиотропты препаратты көрсетіңіз//

Саңырауқұлақтарға қарсы жақпа //

Вирусқа қарсы жақпа //

Кең спектрлі антибиотик//

Жансыздандырушы ерітінді//

Кератопластиктер

***

Науқасқа «Жедел псевдомембранозды кандидоз стоматиті» деп диагноз қойылған. Осы ауруды анықтау үшін қандай зерттеулер жүргіземіз//

Рентгенологиялық//

Биопсия//

Иммунологиялық//

Бактериоскопиялық//

Аллергологиялық

***

Науқасқа Метрогил-дента гельді қолданғаннан кейін пайда болған «контактті аллергиялық стоматит» деп диагноз қойылған. Осы ауруды жалпы емдеу үшін қолданатын препаратты таңдаңыз//

Ацикловир//

Нистатин//

Трихопол//

Димедрол//

Аугментин

***

Науқасқа «Көп түрлі жалқықты эритема» деп диагноз қойылған. Осы ауруда теріні зақымдаушы элементтерді қалай деп атайды?//

Қақтар//

Түйіншектер//

Булла//

Кокард//

Тыртық

***

Науқасқа «Оң жақ ұрттың трофикалық ойық жарасы» (язва) деп диагноз қойылған. Осы ауруды қандай аурулармен салыстырмалы диагностикасын жүргізесіз?//

Лейкоплакия, жалпақ түрі//

Жарақат жарасы//

Жедел атрофиялық кандидоз//

Қызыл жалпақ теміреткі, типтік түрі//

Көп түрлі жалқықты эритема//

Лейкоплакия, веррукозды түрі

***

Науқастың жасы 52, ұрт маңы бұдырланған сияқты сезімінің пайда болуына шағымданып келеді. Қосалқы аурулары - қантты диабет, гипертония. Қарап тексергенде: екі ұрттың артқы маңында оюланған суреттегідей ақ түсті (папула) түйіншектер анықталады. Қырып тексергенде алынбайды. Сіздің алдын-ала қоятын диагнозыңыз//

Созылмалы гиперпластикалық кандидоз//

Жалпақ лейкоплакиясы//

Қызыл жегі//

Күлдіреуік//

Қызыл жалпақ теміреткі, типтік түрі

***

Науқастың жасы 50, тағам қабылдағанда, сөйлегенде, ауызында ауру сезімінің мазалауы 2-3 апта бұрын пайда болғанына шағымданады. Анамнезінде қантамырлы дистония, созылмалы гастриттің бары анықталды. Ауыз қуысының жұмсақ таңдайында өзгермеген шырышты қабатында шамамен 1,5-2 см өлшемді іркілген-қызыл түсті беткей жарасы (эрозия) бар. Никольский симптомы оң. Сіздің алдын-ала қоятын диагнозыңыз//

Ауыз қуысы күлдіреук//

Созылмалы қайталанған герпетикалық стоматит//

Созылмалы қайталанған афтозды стоматит//

Көп түрлі жалқықты эритема//

Қызыл жалпақ теміреткі, эрозиялы-жаралы түрі

***

Зақымданған ошақтан алынған жақпаны цитологиялық зерттеу барысында, тікенекті қабаттағы клеткаларының өзгеріске ұшырағаны анықталды: клеткалардың өлшемі нормадан кішірек, дөнгелек пішінді, клетканың ядросы ірі қара-көк түске боялған, ядро маңындағы цитоплазмасы ашық-көк түстес- ал шеттері- қара-көк түсті. Сонымен қатар көпядролы алып (гигантті) клеткалары да кездеседі. Бұл цитологиялық сипаттама қандай ауруға тән көрініс//

Акантоликалық күлдіреуік (пузырчатка) //

Қызыл жалпақ теміреткі//

Созылмалы қайталанған герпетикалық стоматит//

Созылмалы қайталанған афтозды стоматит//

Созылмалы гиперпластикалық кандидоз

***

Науқас жедел бронхитпен сырқаттануына байланысты бірнеше рет антибиотикті бұлшық ет арқылы ем алған. Антибиотикті 3 күн қабылдағаннан кейін тілінде ақ қақ пайда болып, жағымсыз сезінеді. Қарап тексергенде: ісініп, қызарған тіл бетінде ақ түсті қақ байқалады. Қақ сүзбеге (творог) ұқсас. Қырып тексергенде алынады, қақ астында гиперемияланған ошақ байқалады. Сіздің алдын-ала қоятын диагнозыңыз//

Лейкоплакия, жалпақ түрі//

Жедел псевдомембранозды кандидоз//

Қызыл жалпақ теміреткі, типтік түрі//

Десквамативті глоссит//

Ромб тәріздес глоссит

***

38 жастағы науқас Н., 2 апта бұрын төменгі оң жақ тістен пломба түскеннен кейін, тілдің оң жағында пайда болған ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі сөйлеген кезде және ас қабылдағанда күшейе түседі. Науқас ауыз қуысын сода ерітіндісімен шайған, бірақ ауру сезімі басылмады. Объективті: ауыз қуысында тілдің оң жақ, бүйір бетінде көлемі 5-6 мм, шеттері қызарған, беті өлі-еттенген қақпен жабылған, ойық жара байқалады. Сипап тексергенде ауырады. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, сипап тексергенде ауырады, қозғалмалы. 46 тістің сауыты бұзылған (тісжегі қуысы бар), тісжегі қуысының жара проекциясындағы тілдік қабырғасының қыры өткір. Диагноз қойыңыз.//

жарақаттық ойық жара//

трофиқалық ойық жара//

жаралы-өліеттене стоматит//

мерез ойық жарасы//

обыр ойық жарасы

***

62 жастағы науқас жоғарғы жақтың оң жақ маңайында пайда болатын ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі алмалы-салмалы протезді дайындағаннан 2-3 аптадан кейін пайда болды және протезді қолданған кезде күшейе түседі. Объективті: жоғарғы жақтың оң жағында, 44 мен 45 тістердің проекциясының өтпелі қатпарда, протездің шеті түйісу орнында, көлемі 4-5 мм, жазық жара (эрозия) байқалады. Жараның перифериясында қатпар (складка) анықталады (фиброзды тканнің өсуі). Сіздің мүмкін қоятын диагнозыңыз.//

Папиллома//

Декубиталды ойық жара//

Бөлшектенген фиброма (дольчатая фиброма)//

Трофикалық ойық жара//

Лейкоплакия, сүйелтәрізді түрі

***

64 жастағы науқас қатты және жұмсақ таңдайдың кілегейлі қабығының өсуіне және ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі алмалы-салмалы протезді қолданған кезде күшейе түседі. Бұл симптомдар жоғарғы жаққа алмалы-салмалы протезді дайындағаннан 3 аптадан кейін пайда болды. Объективті: алмалы-салмалы протез базисінің түйісу орнында кілегейлі қабық қызарған, беті жұмсақ, дән тәрізді, сипап тексергенде аздап ауырады. Сіздің мүмкін қоятын диагнозыңыз.//

Катаралды стоматит (палатинит)//

Бөлшектенген фиброма (дольчатая фиброма)//

Лейкоплакия, сүйелтәрізді түрі//

Папилломатоз//

Кандидозды стоматит (палатинит)

***

42 жастағы науқас тілдің ауыратынына шағымданады. Ауру сезімі сөйлеген кезде және ас қабылдағанда күшейе түседі. Науқастың айтуы бойынша, осы симптомдар үйде 3-4 сағат бұрын, концентрациясы жоғары сірке қышқылын абайсыздан қабылдағаннан кейін пайда болды. Объективті: тілдің ұшында, көлемі 7 мм-ге дейін, ақшыл-сұр түстес, қоршаған тіндермен тығыз байланысқан, қатты қақ байқалады. Маңайындағы кілегейлі қабық қызарған және ісінген. Осы патология кезінде ауыз қусының шырышты қыбығында қандай патологиялық процесс дамиды?

Колликвациялық некроз//

Папилломатоз//

Коагуляциялық некроз//

Гиперкератоз//

Акантоз

***

25 жастағы науқас тілдің ауыратынына шағымданады. Ауру сезімі сөйлеген кезде және ас қабылдағанда күшейе түседі. Науқастың айтуы бойынша, осы симптомдар жұмыс орнында 3-4 сағат бұрын, концентрациясы жоғары едкий (ащы) натрдің (натрий гидроксидының) абайсыздан қабылдағаннан кейін пайда болды. Объективті: тілдің ұшында, көлемі 7 мм-ге дейін, ақшыл-сұр түстес, консистенциясы дірілдеген (іркілдек тәрізді) қақ байқалады. Маңайындағы кілегейлі қабық қызарған және ісінген. Осы патология кезінде ауыз қусының шырышты қыбығында қандай патологиялық процесс дамиды?//

Колликвациялық некроз//

Папилломатоз//

Коагуляциялық некроз//

Гиперкератоз//

Акантоз

***

Кератопластик тобына жататын емдік препараттар://

гепаринді мазь//

синтомицинді мазь//

метилурацилді мазь//

гидрокортизон мазь//

оксолинді мазь

***

Науқас 57 жаста, жоғарғы ерінде ұзақ уақыт жазылмайтын жараға шағымданып келді. Қараған кезде: еріннің қызыл жиегінде – жара пальпацияда ауырсынбайды, негізінде шеміршік тінді инфильтрат бар. Төменгі жақ асты лимфа түйіндері шеміршекті тығыз, диаметрі 2-3 см дейін, тығыз консистенциялы пальпацияда ауырсынбайды.

Диагнозды нақтылау үшін қандай реакция қажет://

гемагглютинация реакциясы//

манту реакциясы//

Вассерман реакциясы//

лейкоциттер агломерация реакциясы//

лейкоцитолиз реакциясы

***

Науқас 46 жаста, ауыз қуысындағы және терінің кейбір аймақтарындағы қатты ауырсынуларымен, жалпы әлсіздік, тәбеттің жоғалуына шағымданады. Қараған кезде. Ұрттың өзгермеген шырышты қабық негізінде күңгірт – қызыл түсті қатты ауырсынатын шекарасында көпіршік қабыршақтарымен жабылған эрозия байқалады. Шыңтақ пен бел аймағындада аталған эрозиялар анықталады. Алғашқы диагноз қойыңыз://

созылмалы қайталамалы стоматит//

көптүрлі экссудативті эритема//

вульгарлы көпіршік //

қызыл жазық теміреткі//

жүйелі қызыл жегі

***

Лидокаинның улы әсері кезінде келесі белгілер анықталады://

тону, қалтырау//

беттің қызаруы, ұйқышылдық//

бозару, жүрек айну, құсу, бұлшықеттердің дірілдеуі //

гипертензия, бас ауру//

қалтырау, гипертензия, бет қызару

***

Дәрілік анафилактикалық шоктың қандай клиникалық көрінісі сипатталған: жедел тыныс алу жетіспеушілігі, жұтқыншақтың шырышты қабығының ісінуінен оның жартылай немесе толық жабылуы, әртүрлі дәрежелі бронхоспазм немесе өкпенің альвеолярлы ісіну,науқастарда газ алмасу бұзылған://

абдоминалды түрі //

церебралді түрі //

гемодинамикалық түрі//

асфиксиялық түрі//

кардиалды түрі

***

Ауыз қуысы шырышты қабығы арқылы лейкоциттер миграциясын және ыдыраған эпителий санын бағалауға арналған зерттеу әдісі қалай аталады://

Кулаженко сынамасы//

Роттер сынамасы//

Шиллер-Писарев сынамасы//

Айнамо сынамасы//

Ясиновский сынамасы

***

Базарной-Кавецкий сынамасы көмегімен нені анықтайды://

пародонталды қалтаның микробиологиялық көрінісін //

тіндердің фагоцитарлы белсенділігімен регенерациялық мүмкіндігі //

қабыну процессінің жиелігін//

ауыз қуысының гигиеналық жағдайын//

лейкоциттер миграциясының жылдамдығы

***

Науқас 40 жаста, тілдегі ауырсынуға, тағам қабылдаған кезде және сөйлеген күшейетін ауырсынуға, дене қызуының кешкі уақытта соңғы ай ішінде жоғарлауына шағымданады. Қараған кезде: науқас жүдеу, әлсіз. Төменгі жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған пальпацияда ауырсынады. Таңдайда беткей аз ауырсынатын түбі сары-қызыл жағындымен грануляциямен жабылған жара байқалады. Ауру этиологиясында қандай микроорганизм орын алады://

папиллома вирусы//

туберкулез микобактериясы//

Венсан спирохетасы//

бозғылт спирохета//

стафилококк

***

Науқас 47 жаста, ұрт шырышты қабығында тістер жұмдасу сызығы бойымен азу тістер аймағында тілдің бүйір беткейінде ақшыл-сұрғылт түсті ұсақ папулалар байқалады, олар өзгермеген шырышты қабық деңгейінен көтерінкі өрнектелген сурет ретінде көрінеді. Папулалар пальпацияда ауырсынбайды, қырған кезде алынбайды. Алғашқы диагноз қойыңыз://

көптүрлі экссудативті эритема//

жүйелік қызыл жегі //

вульгарлы көпіршік//

жазық лейкоплакия//

қызыл жазық теміреткі

***

Квинке ісігінің дұрыс емін тандаңыз://

науқасты көлденеңнен жатқыады таза ауа ағымын келтіріп мүсәтір спирті буын демалдырады. Сирек жағдайда: бұлшықет ішілік 1-2 мл кордиамин, 1-2 мл 10% кофеин ерітіндісі//

науқвасты көлденең жатқызып, 20-60 мл 40% глюкоза ерітіндісін, тамыр ішілік ағынмен 60-90 мг преднизолон, 1-2 мл кордиамин, 1-2 мл 10% кофеин ерітіндісі//

дәрі еңгізуді тоқтатып науқасты басын бүйірге қаратып жатқызады, төменгі жағын алдыға шығарады алмалы пртездерін алады. Аллерген енген орынға 0,5 мл 1% адреналин ерітіндісін егеді. 1 кг адам массасына 1-2 мг преднизолон еңгізеді. Антигистаминді препараттар еңгізеді//

дәрі еңзізуін тоқтату, науқасты басын шалқайтып жатқызу, жедел жәрдем бригадасын шақыру, тері астына 0,3-0,5 мл 0,1% адреналин ерітіндісін енгізу, Бұлшықет ішілік 2-4 мл 2,5% супрастин ерітіндісі, 2-4 мл 1% димедрол ерітіндісін, 60-90 мг преднизолон, бұлшықет ішілік немесе тамыр ішілік ағынмен 2-4 мл 1% лазикс ерітнідісін, изотониялық ерітіндіде араластыру. Көрсеткіш бойынша трахеостомия//

жедел жәрдем бригадасын шақыру

***

Созылмалы қайталамалы афтозды стоматиттің ремиссия кезеңінде тағайындауға болады://

жалпы УФ-сәулелендіру//

гидротерапия//

аэрозольтерапия//

жалпы франклинизация//

дарсонвализация

***

Облигатты обыр алды ауруына жатады://

кератоакантома//

папиллома//

манганотти хейлиті//

тері сүйелі //

сәулелі стоматит

***

35 жастағы науқас стоматологиялық клиникаға жалпы жайсыздыққа, дене температурасының көтерілуіне, мойын мен бетте қызыл дақтардың пайда болуына шағымданып келді. Объективті: ауыз қуысында жайылған эритема мен кілегей қабаттың ісінуі, түрлі пішінді көпіршіктер пайда болған, олар тез жарылып фиброзды қақпен жабылған ауыратын эрозиялар түзеді. Қандай диагноз қоюға болады://

жүйелі қызыл жиегі //

көп түрлі жалқықты эритема//

созылмалы қайталамалы афтозды стоматит//

қайталамалы терең тыртықты афталар//

Бехчет синдромы

***

Шағымы жоқ. Объективті: тіл жұмсақ, аздап ұлғайған, терең қатпарлар -сайлар тілдің бүйір бетінде және арқасында орналасқан. Қатпарлардың түбі және бүйір беттері жіп тәрізді бүртіктермен жабылған. Қандай диагноз қоюға болады://

ромб тәрізді глоссит//

түленген глоссит//

қатпарлы тіл/

глоссодиния//

қара түкті тіл

***

46 жастағы науқас стоматологиялық бөлімге ауыз қуысын сауықтыру және протездеуге дайындалу мақсатында келді. Объективті тексергенде қатты таңдай кілегей қабатының мөлдір емес көрінісінде оның артқы 1/3 бөлігінде майда қызыл түйіншіктер көрінеді. Олардың ортасында сілекей бездерінің кеңейген шығу өзектері нүкте тәрізді орналасқан. Қандай диагноз қоюға болады://

қызыл жалпақ теміреткі, қарапайым түрі//

қызыл жегі, қарапайым түрі//

лейкоплакия, жалпақ түрі//

созылмалы гиперпластикалық кандидоз//

Таппейнер лейкоплакиясы

***

Науқас ауыз қуысында ойық – жаралардың пайда болуына шағымданады. Объективті: бет терісінің және ауыз қуысы кілегей қабатының бозаруы, еріннің кілегейлі қабығында эрозиялы элементтер көрінеді. Төмендегілердің қайсысы диагностикалаудың келесі қадамы болады://

ойық – жараны цитологиялық зерттеу, жалпы қан анализі

сілекей рН анықтау, жалпы қан анализі

зақымдалған аймақ биопсиясы, ауыз қуысында микроағымдарды өлшеу

ойық жаралы цитологиялық зерттеу, люминисцентті диагностика

вуд сәулесінде зерттеу, серологиялық зертттеу

***

Ауыз қуысы кілегей қабығы зақымдануының бірінші элементтері://

ойық - жара, тілік, вегетация//

қабыршақ, киста, папула//

бұдырмақ, түйіншек, киста//

жұқа жара, лихенизация, күлдіреуік бөрткен//

дақ, афта, қақ

***

27 жастағы науқас ауыз бұрышындағы ұзақ уақыт бойы жазылмайтын тілікке шағымданады. Көп темекі шегеді. Тексергенде: ауыздың сол жақ бұрышындағы тілік пальпациялағанда ауырмайды, негізінде тығыз шеміршек тәрізді инфильтрат бар. Ұрт кілегейінде – беті ақ тырналған, диаметрі 1,0см-ге дейін ірі папулалар. Қандай диагноз қоюға болады://

стрептококты ұшық//

Таппейнер лейкоплакиясы //

қызыл жалпақ теміреткі//

кандидозды ұшық//

екіншілік мерез

***

Ауыз құрғақтығына, жиырыңқы сезімнің болуына шағымданады. Тістердің қабысу сызығы, өтпелі қатпар бойында өзгермеген кілегей қабатта полигональды пішінді папулалар орналасқан, олар ақ сұр түсті бірігіп өрнек тәрізді сурет түзеді. Вуд сәулесінде бөртпелер ақ – сары түсте жарықтанады. Қандай диагноз қоюға болады://

созылмалы гиперпластикалық кандидоз //

қызыл жегі //

қызыл жалпақ теміреткі//

лейкоплакия//

шектелген рак алды гиперкератозы

***

18 жастағы науқас стоматолог – дәрігерге төменгі ерін қызыл жиегі ортасына берік бекіген сұр түсті жіңішке қабыршақтың болуына шағымданып келді. Науқас әрдайым қабыршақты тістейді. Ерін құрғақтығы және ауыз қуысы ыңғайсыздық сезімі, ашуы анықталады. Қандай диагноз қоюға болады://

еріннің экзематозды қабынуы//

еріннің жай гландулярлы қабынуы//

еріннің қабыршақтана қабынуы //

еріннің атопиялық қабынуы//

еріннің актиндік қабынуы, құрғақ түрі

***

48 жастағы әйел ауыз бұрыштарында тіліктердің пайда болуына шағымданады. Анамнезі: қант диабетінің компенсирленген түрімен ауырады. Объективті: ауыз бұрышында аз ылғалды эрозиялар бар, шеттері жіңішке сұр қабыршақтармен жабылған. Пальпациялағанда негізінде тығыздану жоқ,аздап ауырады.Төмендегілердің қайсысы диагностикалаудың келесі қадамы болып табылады://

люминесцентті диагностика//

жалпы қан анализі//

Candida жұғынды алу//

биопсия//

стоматоскопия

***

42 жастағы әйел ауыз қуысының шырышты қабығының түсі өзгергеніне, тартылып тұратын кедір-бүдірлігіне шағымданады. Пациент гастроэнтерологта учетта тұр. Темекі шегеді. Қарап тексергенде: лимфа түйіндері ұлғаймаған, ауырмайды. Ұрттың орта және артқы бөлігінің түсі өзгерген, ақшыл түсті эпителий байқалады, шілтер тәрізді, тор тәрізді, қырған кезде алынбайды. Алдын ала қойылған диагноздың қайсысы дұрыс://

кандидоз//

стоматит//

жалпақ теміреткі//

көп түрлі пішінді жалқықты қызару//

созылмалы қайталамалы герпес

***

53 жастағы әйел ауыз қуысының құрғақтығына күйдіруіне және тіл бетінде ақ қақтың пайда болуына шағымданады. Үш апта бұрын науқас өкпе ауруына қарсы антибиотиктермен емдеу курсын қабылдаған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы жақсы. Аймақтық лимфа түйіндері өзгеріссіз. Ұрты қызарған, ісінген, шырышты қабығында екі жақтан нүкте тәрізді ақ түсті қақтар бар, қырғанда жақсы алынды. Тілі ісінген, қатпарлы ақ-сұр қақпен қапталған. Қырғанда қақ жақсы алынады, тілдің бүртіктері тегістелген. Алдын ала қойылған диагноздың қайсысы дұрыс://

лейкоплакия//

глоссалгия//

гальваноз//

жалпақ теміреткі//

кандидоз

***

5 мл 2% лидокаин ерітіндісінің жергілікті жансыздандыруынан кейін науқаста басының айналуы, құсқысы келіп, құлағы шуылдап, қышыну және шаншу қадалды. Бір минуттан кейін А/Қ 90 мм.с.б., ал 3 минуттан кейін құса бастады. Науқас кеудесінің артында ауырсыну және тұншығу басталды. Алдын ала қойылған диагноздың қайсысы дұрыс://

истерия//

коллапс//

естен тану//

анафилактикалық шок//

жүрек қан-тамыр жетіспеушілігі

***

60 жастағы әйел ауыз қуысының құрғақтығына күйдіруіне және тіл бетінде ақ қақтың пайда болуына шағымданады. Үш апта бұрын науқас өкпе ауруына қарсы антибиотиктермен емдеу курсын қабылдаған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы жақсы. Аймақтық лимфа түйіндері өзгеріссіз. Ұрты қызарған, ісінген, шырышты қабығында екі жақтан нүкте тәрізді ақ түсті қақтар бар, қырғанда жақсы алынды. Тілі ісінген, қатпарлы ақ-сұр қақпен қапталған. Қырғанда қақ жақсы алынады, тілдің бүртіктері тегістелген. Ең тиімді препараттарды көрсетіңіз. Қандай дәрілерді ем ретінде тағайындау ең тиімді болады://

кератопластикалық//

склероздаушы//

қабынуға қарсы//

вирусқа қарсы//

саңырауқұлаққа қарсы

***

Науқас 36 жаста. Шағымы: ерніне пайда болған жарашықтар. Олардың пайда болғанына 5 күн өтті. Аурудың алғашқы белгілері еріннің терісі мен қызыл көмкерменің шекарасында пайда болған қышу және ашу белгілері. Тарихнама бойынша: пайда болған бөртпелердің кезеңдігі байқалады. Жалпы аурулары: созылмалы тонзиллит, новокаин ерітіндісіне аллергиялық жауап. Тексеру барысында: еріннің қызыл көмкерімі ісінген, тері мен көмкерім шекарасында бұрыс пішінді жарашықтар байқалады. Сипап тексеру барысында морфо элементтер ауру сезімін тудырады. Ауыз қуысының шырышты қабаты сұр-қызғылт түсті. Қандай қосымша тәсілді қолдану тиімдірек://

цитологиялық//

бактерископиялық//

сиалография//

тері-аллергиялық//

рентгенография

***

Науқас 75 жаста. Ауызының қурғауына және таңдай, тілдің ашуына шағымданады. Аталған шағымдар 1 ай көлемінде пайда болды. Тарихнама бойынша: ауызда пластиналық алмалы-салмалы протез бар, салғанына 6 жыл болған. Жалпы аурулары: қан қысымы, созылмалы холецистит. Тексеру барысында: протез астында таңдай аумағында шырышты қабықша домбығып қызарған, құрғақ тіл емізікшелері жұқарған, тіл бетінде ақ түсті қақтар байқалады, қыру барысында тез кетеді. Ауыз қуысы гигиенасы нашар. Ауру тудырған себептердің мейлінше дұрысы://

стресс//

қан қысымының жоғарылығы//

алмалы протез болуы//

қан қысымының төмендеуі//

дисбактериоз

***

Науқас 67 жаста. Шағымы: ауыз бұрышында пайда болған қабыршақтар, және ашу, құрғау симптомы. Аталған симптомдар 2 апта бұрын пайда болған. Тарихнама бойынша: қабыршақтар пайда болуы бірнеше дүркін. Жалпы аурулары: қант диабеті, вегетотамырлық дистония. Тексеру барысында: бет әлпетінің 3/1-нің төмендеуі. Ауыз қуысының бұрыш қатпарларының тереңдеуі және қызаруы байқалады. Ауыз қуысы бұрышында әлсіз дымқылды эрозиялар, қабыршақтарымен көрінеді. Ерін көмкерімі құрғақ, жақтардың терең қабысуы байқалады. Астыңғы және үстіңгі күрек тістердің қажалуы байқалады. Жергілікті емдеу шараларына қандай дәрілерді пайдалану тиімді://

йодинол//

0,25% оксолин жақпасы//

1% клотримазол кремі//

Гепарин жақпасы//

Теброфен жақпасы

***

Науқас 48 жаста. Шағымы: астыңғы еріннің сөйлеу барысында, тамақ қабылдау барысында ауырғандығы. Ауру сезімі 1 ай бұрын пайда болды. өздігінен емделу барысында А витаминін қолданып, жаққан көмегі тимеген. Анамнезі бойынша: созылмалы колитпен ауырады. Тексеру барысында: астыңғы еріннің оң жағында Клейн сызығына жақын 12, 43 тістер тұсында дөңгелек пішінді терең ақау байқалады, диаметрі 0,8см. Түбі ісінген, жиектері көтеріңкі, беті фибринді қақпен жабылған. Сипап тексеру барысында ауыру сезімі байқалады. Диастемасы бар көптеген тремалар көрінеді. 11, 12, 13, 41, 42, 43 тістердің өткір жиектерін көруге болады. Қосымша зерттеу тәсілдерінің қайсысы тиімді://

Кулаженко сынамасы//

Ясиновский сынамасы//

Аллергиялық тәсіл//

Бактериоскопиялық тәсіл//

Қылтамырдың қан айналымы

***

43 жастағы науқас. Шырышты қабаттың ісінгеніне, ыстық тағам жегенде ауыз қуысында жағымсыз әсердің болуына шағымданады. Кейде ауыз қуысында темірдің дәмі сезілетініне шағымданады. Сыртқы қарауда беттің конфигурациясы бұзылған яғни беттің ⅓ бөлігі төмен түскен.Жақасты лимфа түйіндері ұлғаймаған, ауырмайды. Еріннің шырышты қабаты және ауыз қуысының шырышты қабаты ақшыл-қызыл түсті.11,12,13,14,21,22 тістер тіс сауыттарымен қапталған. Тілі сұрғылт қақпен жабылған, жоғарғы бүйір бетінде тістің ізі қалған. Шырышты қабаттың бұрышында ақшыл-сұрғылт түсті қақтардың ошағы бар, пішіні 1,5-2,0 см. Пальпация жасағанда ауырмайды. Қазіргі таңда созылмалы гастрит пен ауырады. 15-жастан бастап темекі шегеді. Ішімдікті мөлшерден тыс ішеді. Қандай тексеру әдістері нақты диагноз қою үшін қолданылады://

гистологиялық//

серологиялық //

иммунологиялық//

қанның клиникалық анализі//

бактериоскопиялық

***

Витальды экстирпацияда науқасқа 2% лидокаин ерітіндісімен жансыздандыру жүргізді.. 2-3 минуттан кейін, анестетикті енгізген соң науқастың жалпы жағдайы нашарлады. Анестезияны жүргізген кездегі негізгі асқынуды қалай түсіндіруге болады: //

ерітіндінің жоғары концентрациясы//

ағзаның сенсибилизациясы//

ампуладағы адреналин құрамымен //

n.mandibularis тің зақымдалуымен //

ұлпаның экстеирпациясы кезіндегі ауырсыну

***

Науқас ауыз қуысының шырышты қабығында, мұрын, бет терісінде бөртпелердің пайда болуына шағымданды. Шамамен 2 жыл ауырған, асқынуды басынан кешірген инфекциямен байланыстырады. Қарағанда қызыл түсті эрозивті жаралы бөртпелер анықталды. Қан анализінде нейтрофильді лейкоцитоз анықталды, жұлын ми сұйықтығы анализінде «розетка» симптомы, LE-клеткалар. Диагнозды таңдаңыз: //
геморрагиялық васкулит, жедел ағымды//
қызыл жалпақ теміреткі //
көптүрлі эритема//
көпіршік//
жүйелі қызыл жегі

***

Науқас 25 жас, мұрнынан және АҚШҚ нан қан кетулерге шағымданып келді. Объективті: АҚШҚ құрғақ, тілдің жеке бөліктеріндегі жіп тәрізді емізікшелері атрофирленген, атрофия зонасында петехиялар айқын анықталады. Жгуттың оң симптомы. Мәнсіз стоматологиялық кірісулер қан ағуды шақырады. Анамнезінде қанында тромбоциттер санының күрт төмендеуі, эритроциттер, гемоглобин және лейкоциттер қалыпты. Қандай зерттеу әдістерін жүргізу керек://

қанның клиникалық анализі, клиникалық әдістер, қанның биохимиялық анализі, қан ағудың зерттелетін уақыты//

тіндік сұйықтықты зерттеу//

клиникалық әдістер, қанның биохимиялық анализі//

цитологиялық әдіс, аллерготест, сілкейдің биохимиялық әдісі //

ВИЧ антиденелеріне тест немесе лимфотүйіндерге биопсия, зәрдің биохимиялық анализі

***

Науқас 21жас, жалпы жағдайының төмендеуіне, әлсіздік, дене температурасының жоғарлауы, ауыз қуысында жедел ауырсынулар, қызылиектің қанауы, жағымсыз иістің болуына шағымданады. Об-ті:әлсіздік, тершендік, бет терісінің өзгеруі, лимфотүйіндерінің ұлғайған, ауырсынады. Ауыз қуысында: ісінген, гиперемирленген шырышты қабықтың некрозды ошақтардың болуы, кір сұр қақпен жабылған. Қақты қырған кезде қанталайды. Тіс қақтары мен тіс тастары, жағымсыз иістің болуы. Қанда СОЭ, лейкоцит саны жоғарлаған. Қандай қосымша тексеру әдістерді жүргізу керек және қандай мақсатымен://

микробиологиялық, биохимиялық анализ, ВИЧ тест немесе лимфотамырлардың биопсиясы, рентген.м-д //

қанның клинический анализі, аллерготест//

Ясиновский сынамасы, қанның биохимиялық анализ//

тіндік ерітіндіні зерттеу, цитологиялық әдіс//

клиникалық әдістер, зәрдің биохимиялық анализі

***

Науқас жедел бронхитпен ауырады, аурудың жетінші күнінде ауыз қуысында жағымсыз әсерлер пайда болады, қышу сезімі, тілінде, ұртында қырғанда жеңіл алғанда белесоватый қақ бар. Спецификалық асқынудың даму себебі://
ағзаның сенсибилизациясы//
қақырықты түсіретін препараттарды қабылдау//
антибиотиктерді қабылдау//
энзимотерапия//
физиопроцедура

***

Стоматологиялық поликлиникаға Б.деген қыз бала ауыз қуысындағы ауырсыну шағымдарымен келді: ұртында, қызыл иектерінде, тілінде «жаралар» бар,на щеке, деснах, языке, денее температурасы 390С дейін, бас ауруына, әлсіздікке шағымданды. Қарағанда: АҚШҚ да афталар, полигональды пішінді, некротикалық қақтармен жабылған, тигізгенде ауырсынбалы. Ем тағайындаңыз://
жансыздандыру, антисептиктер, ферменттер, вирусқа қарсы препараттар//
ретинол ацетат антисептиктері, саңырауқұлаққа қарсы препараттар, ферменттер//
грипқа қарсы гаммаглобулин 0,2 мл/кг в/м, антибиотиктер//
жансыздандыру, кең спектрлі әсері бар антибиотиктер, витаминдер//
антисептиктер, жансыздандыру, ферменттер, гидрокортизон, витаминдер

***


Дата добавления: 2015-10-28; просмотров: 1018 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Пародонт аурулары| тёмное прошлое когда-нибудь разрушит моё светлое будущее.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.17 сек.)