|
Сүт қышқылды бактериялар
Оректік орталар
MRS - стандартты дайын қоректік орта. Ұнтақ күйінде шығарылады (HIMEDIA). 0,5 атмосферада 30 минут залалсыздандырады, рН – 7,2.
Ет пептонды агар (ЕПА) – таза дақылдары алуда және диагностикалық мақсаттарда пайдалануда тиімді болып табылады. Бұл орта ЕПС-ға 2% агар-агар қосу арқылы дайындалады және 1атмосфера 30 минут залалсыздандырады.
Лабораториялық жұмыс екі кезінде жасалады.
1 кезең. Бірінші сабақта тек қана үй айраны мен қымызды зерттейсіздер. Сүйылту жасау керек 104, оны MRS және Сабуро қоректік ортасына егіп 28-300С темостаттқа қоясыздар. Содан соң бекітілген боялған клеткалардың препаратын дайындап қарау керек. Бекітілген препараттарды микроорганизмдердің бірқатар морфологиялық ерекшеліктерін зерттеуде, клеткаларды санауда және дақыл тазалығын тексеруге қолданылады.
Майсыздандырылған заттық шыныға тамшы су тамызып, тұзақпен зерттеу материалын енгізеді.
Алынған суспензияны біркелкі, жұқа жұғында алу үшін тұзақ арқылы жаяды. Жұғындыны бөлме температурасында ауада кептіреді. Егер жұғындының кебуі баяу болса, онда жұғындыны от жалынының үстінде ұстайды.
Бояу. Микроорганизм клеткаларын бояу үшін фуксин, генциан көгнілдір, метилен көк бояулары қолданылады. Жұғындыға бояуды тамызып 1 – 3 минут ұстайды. Бояу аяқталғаннан кейін препараттарды ағып жатқан су түссізденгенше шаяды. Одан кейін препаратты кептіріп, микроскоп арқылы байқайды.
Содан соң Грам әдісімен бояу керек.
2 кезең.
Екінші сабақта тек қана шұбат пен үй қаймағын зерттейсіздер. Сүйылту жасау керек 104, оны MRS және Сабуро қоректік ортасына егіп 28-300С темостаттқа қоясыздар. Содан соң бекітілген боялған клеткалардың препаратын дайындап қарау керек. Бекітілген препараттарды микроорганизмдердің бірқатар морфологиялық ерекшеліктерін зерттеуде, клеткаларды санауда және дақыл тазалығын тексеруге қолданылады.
Майсыздандырылған заттық шыныға тамшы су тамызып, тұзақпен зерттеу материалын енгізеді.
Алынған суспензияны біркелкі, жұқа жұғында алу үшін тұзақ арқылы жаяды. Жұғындыны бөлме температурасында ауада кептіреді. Егер жұғындының кебуі баяу болса, онда жұғындыны от жалынының үстінде ұстайды.
Бояу. Микроорганизм клеткаларын бояу үшін фуксин, генциан көгнілдір, метилен көк бояулары қолданылады. Жұғындыға бояуды тамызып 1 – 3 минут ұстайды. Бояу аяқталғаннан кейін препараттарды ағып жатқан су түссізденгенше шаяды. Одан кейін препаратты кептіріп, микроскоп арқылы байқайды.
Содан соң Грам әдісімен бояу керек.
Таза дақылдарды бөліп алу керек.
Лабораториялық жұмыс аяқталған соң презентация жасау керек.
Бақылау сұрақтары:
1. Сүт қышқылды бактерияларды сипаттау.
2. Сүт қышқылды ашытқылардың ерекшелігі неде.
3. Сүт қышқылды өнімдер.
Дата добавления: 2015-10-28; просмотров: 300 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Зерттеу нысандары | | | Теоретичні відомості |