|
Лекция
Аллаһқа иман - (الإيمان بالله)
Аллаһтың бар және бір екендігіне сену
Адамзат тарихына көз жүгіртіп қарайтын болсақ, ең алғашқы қауымдық құрылыстан бастап, бүгінгі күнге дейін өмір сүрген барлық қауымдар бүкіл әлемді жаратқан Жаратушы Жаппар Иеге сеніп, өз танымының шама-шарқынша құлшылық еткен. Өйткені адам жер бетіндегі тіршілік ішіндегі сана сезімі бар жалғыз жаратылыс иесі болып табылады. Міне, сондықтан адам баласы өмірге келген соң, теңдесі жоқ бұл таңғажайып әлем жайында бір мезет ойланбауы мүмкін емес. Ешқандай ақауы жоқ бұл әлемді жаратқан Құдіретті күштің бар екендігіне көз жеткізген адам баласы, сол құдіреті күшті Жаратушыға сиынған, табынған.
Бүтін әлемдердің Жаратушысы болған, барлық нәрсені жоқтан бар еткен, барлық нәрсені жаратуға құдіреті жететін бір Аллаһқа сену балағитқа жеткен әрбір ақыл есі дұрыс пендеге парыз. Ғалымдарымыздың пікірі бойынша пайғамбар келмесе де адамдар Аллаһтың бар және бір екендігін ақылдарымен табуы - уәжіп. Себебі, адамның қабілеті мен ақылы бұған жететіндей деңгейде жаратылған[1].
Бізді қоршаған әлем, аспан мен жердегі қаншама теңдесі жоқ жаратылыстың баршасы Ұлы Жаратушымыз Аллаһтың бар екендігіне толықтай айғақ бола алады. Бұл жөнінде Қасиетті Құран‑Кәрімде: «Жер мен көктің жаратылуында және күн мен түннің алма-кезек өзара алмасуында ақыл иелері үшін (Аллаһтың бірлігін, барлығын білдіретін) айқын дәлелдер бар» ( 3.Али Имран-190) – деп нақты баян етілген. Және бір аятта Аллаһ Тағала: «Жер мен көктің жаратушысы болған Аллаһтың бар екендігіне күмәнданасыңдар ма?» ( 14.Ибраһим-10) – деп бұлтартпас айғақпен ұғындырады.
Алайда, бір айта кетер жайт, аспан мен жердің арасындағы тіршілікті жоқтан бар еткен, бүкіл әлемдердің жаратушысы Аллаһ Тағаланы толық мән‑мағынасында қамтып түсінуге адамның ақыл‑санасы жетпейді. Себебі, адамның болмысы шектеулі. Мысалы, қос жанарыңыздың барлық нәрсені көруге құдіреті жетпейді. Сол себепті микроскоп, дүрбі тәрізді аспаптарды көзімізге көмекші ретінде қолданамыз. Құлақпен тек жақын дыбысты ғана ести аламыз және осы секілді өзге де мүшелеріміздің қабілеттері шектеулі екені белгілі. Олай болса, шектеулі тіршілік иесі адамның шексіз құдірет Иесі Аллаһты толық көріп, біліп тани алмайтыны анық. Аллаһ Тағаланың өзін толық танып, білу былай тұрсын, Аллаһтың жаратқан тіршіліктегі заттар мен құбылыстардың да қыр‑сырына үңілуде ақыл шарасыздық танытып жатады. Бізге Аллаһты толық білуді емес, ең бастысы Оның барлығы мен құдіретіне сеніп, құлшылық ету бұйырылған. Әрине, мәселенің бұлай болуы да бекерден бекер болмаса керек. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадис шәрифте: «Сендер Аллаһтың нығметтерін (жаратқандарын, құдіретін, ұлылығын) ойлаңыздар. Бірақ Аллаһтың заты жайында ойланбаңыздар» ( Китабул әрбайн, 1 т. 90 б.)[2] ‑ дейді.
قال النبى (ص): تفكروا في خلق الله ولا تتفكروا في ذات الله
Олай болса, Ұлы Жаратушыға сенім мәселесінде ешқандай күмән мен жаңсақ пікірге бой алдырмай, Аллаһ Тағаланы жалғыз, әрі жаратылғандарға мүлдем ұқсамайтын нұқсан сипаттардан пәк деген нақты пайымды ұстанғанымыз жөн. Аллаһтың көркем есімдері.
Аллаһ»"الله" сөзі – қайталанбас ұғым
«Аллаһ» "الله" сөзі жеке бір есім болып, ешқандай тілге аударылмайды және ешбір тілде «Аллаһ» сөзінің орнына қолданылатын сөз жоқ. Себебі, «Аллаһ» сөзі тек Аллаһ үшін қолданылады, және бұл сөздің көпше түрі не мағналық басқа да нақты баламасы болмайды. Құрандағы Аллаһ ұғымын білдіретін «Иләһ», «Мәулә», «Рабб» сөздерінің өзі Аллаһ сөзінің тікелей мағынасын бермейді. Сол секілді қазақ тіліндегі «Құдай», «Тәңірі», сөздері де Аллаһ атауының орнына дәлме‑дәл келмейді. Ал бұл терминнің араб тіліндегі баламасы ретінде - «Иләһ», «Рабб», «Мәулә» сөздерін айтуға болады. Әрине, жоғарыда айтқанымыздай бұл сөздер де «Аллаһ» сөзінің орнын қай тұрғыдан да болсын (семантикалық не грамматикалық) алмастыра алмайды.
Аллаһтың ең көркем есімдері (әсмәул - хусна)
Құран Кәрімде Аллаһ Тағаланы сипаттаушы есімдер айтылғандай және бұл есімдермен қоса өзге де есімдерге «әсмәул хусна» (ең көркем есімдер) деп атаймыз. Есімдердің ең әдемісі, ең көркемі әлбетте Аллаһтың есімдері болып табылады. Себебі, Аллаһтан басқа ешбір нәрсе кәміл, кемшіліксіз емес. Құран бұл жайында: «Ол Аллаһ. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ең көркем аттар Оған тән» (20.Таһа-8).
﴿ هُوَ اللَّهُ الَّذِي لا إِلَهَ إِلا هُوَ عَالِمُ الْغَيْبِ وَالشَّهَادَةِ هُو الرَّحْمَنُ الرَّحِيمُ (22) هُوَ اللَّهُ الَّذِي لا إِلَهَ إِلا هُوَ الْمَلِكُ الْقُدُّوسُ السَّلامُ الْمُؤْمِنُ الْمُهَيْمِنُ الْعَزِيزُ الْجَبَّارُ الْمُتَكَبِّرُ سُبْحَانَ اللَّهِ عَمَّا يُشْرِكُونَ (23) هُوَ اللَّهُ الْخَالِقُ الْبَارِئُ الْمُصَوِّرُ لَهُ الأسْمَاءُ الْحُسْنَى يُسَبِّحُ لَهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَالأرْضِ وَهُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ (24) ﴾
Және бір сүреде: «Ол Аллаһ, жаратушы, жоқтан бар етуші және бейнелеуші. Аттардың ең көркемі Оған тән. Көктер мен жердегі әр нәрсе Оны дәріптейді. Ол өте үстем, Аса дана» (59.Хашыр-24) – дейді.
Құран Кәрім мен сахих хадистерде Аллаһ Тағаланың көптеген есімдері айтылған. Біз осы есімдер арқылы Аллаһты танимыз. Ал сол есімдер арқылы дұға жасаудың абзал болатыны мына аятта айқын байқалады: «Ең жақсы атаулар Аллаһқа тән. Оған сол аттарымен жалбарыныңдар» ( 7.Али Имран-180). Осы мәселе тұрғысында келесі бір аятта былай делінеді: «(Мұхаммед (с.а.у.)) оларға айт: Мейлі Аллаһ деп, немесе Рахман деп дұға етсін. Қайсысымен дұға етсеңдер, атасаңдар да ең көркем аттар оған тән» ( 17.Исра-110).
Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір күні Айша (р.а.) анамызға:
- Я, Айша! Аллаһ Тағала маған қабыл болу тұрғысынан қай есімімен дұға жасаудың абзал екенін үйреткенін білетін бе едің?, – деп сұрайды. Хазіреті Айша (р.а.):
- Әке-шешем саған пида болсын, уа Аллаһтың Елшісі! Соны маған үйретіңіз, - деген кезде Пайғамбарымыз (с.а.у.):
Й, Айша! Ол есім саған үйретілмегені дұрыс, - деп жауап береді.
Бұдан кейін Хазіреті Айша (р.а.) анамыз ол жерден тұрып кетеді де, біраз уақыттан кейін қайтып келіп Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) басын сүйіп:
- Я, Расулуллаһ! Өтінем, маған сол дұғаны үйретіңізші, - дейді. Расулуллаһ тағы да:
- Әй, Айша! Ол есімді саған үйрете алмаймын. Өйткені сен ол есіммен дүниелік бір нәрсе сұрайтын болсаң, дұрыс болмайды, - деп жауап береді. Хазіреті Айша (р.а.) анамыз осы жауаптан кейін тұрып кетеді де, дәрет алып екі рекат намаз оқиды. Артынан Аллаһ Тағалаға былай деп дұға етеді:
Уа, Раббым! Мен Сені «Аллаһ» деп шақырамын, дұға етемін. Әр-Рахман, әл-Бәрр және әр-Рахим деп шақырамын. Білетін білмейтін бүкіл ең әдемі есімдеріңмен Сені шақырамын. Мені кешіруің және маған мархамат етуің үшін саған дұға етіп жатырмын!
Хазіреті Айша (р.а.) анамыздың осылай дұға еткенін естіген Расулуллаһ (с.а.у.) күлімсіреп былай дейді:
- Шынында да әлгі есімдер сенің жасаған дұғаңның ішіндегі есімдер!
Ибн Мажа, Дуа – 9)[3].
Жоғарыда келтірілген аят пен хадистерден түйгеніміз – дұға жасау барысында ең бастысы Аллаһтың ең көркем есімдері арқылы барынша шынайы, терең ықыласпен жалбарыну болмақ.
Аллаһ Тағаланың есімдері өте көп, бірақ сол есімдердің ішіндегі 99-ы мәшһур есімдер болып танылады. Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадис‑шәріпте: «Аллаһ Тағаланың 99 есімі бар. Кімде кім сол есімдерді санап айтатын болса, жәннәтқа кіреді» ( Бухари, Китабул шурут – 1193)[4] ‑ дейді.
Міне, бұдан Аллаһтың 99 есімін санап айтудың өзі жәннәтқа апаратын бірден‑бір амал екендігі мәлім болып тұр. Бұның өзі бір жағынан аз амалмен көп сауап алудың жолын көрсетеді.
Аллаһ Тағаланың сипаттары
Мұсылман кісі Аллаһқа иман еткен кезде Оның затына тән кәміл сипаттарына сеніп және де нұқсан сипаттардан пәк екендігін де білуі тиіс. Аллаһ Тағаланың бүкіл сипаттарының басы мен соңы жоқ және өзге жандылардың ешбірінің сипатына ұқсамайды. Аллаһтың сипаттары айтылған кезде, бізге ол сипаттарға ұқсастық бар секілді көрінгенімен, ақиқатында ол сипаттарға ешбір ұқсастық жоқ. Себебі, Аллаһ өзін құлдарына танытқанда біздің түсіне алатын қабілетімізге сай түсіндіреді. Мысалы, Аллаһтың көру, есту, білу сипаттары туралы сөз болғанда, ол сипаттардың ұғымы біздің түсінігімізге аса қиындық тудырмайды. Адам санасында бұл сөздердің ұғымы әу бастан қалыптасқандықтан дереу Аллаһтың өзі секілді көре алатындығын, ести алатындығын түсінеді. Бірақ адам жарық дүниені екі көзімен көрсе, Аллаһты көру мына дүниеде біз үшін құпия. Асылында бұл жайында ойланудың өзі қажетсіз іс ескендігі белгілі. Өйткені біз Аллаһты заты тұрғысынан емес, тек есімдері мен сипаттары тұрғысынан ғана танимыз және солай иман етеміз. Біздің шектеулі ақылымыз шексіз құдіреті күшті Аллаһты толық меңгере алмай тек сипаттарымен ғана танығандықтан, иман етумен шектелеміз.
Аллаһ Тағаланың затына тән сипаттарды екіге бөліп қарастыруға болады: зати сипаттар және субути сипаттар. Енді осы сипаттарын ашып, талдап түсіндірейік:
а) Зати сипаттар (Аллаһқа тән сипаттар)
Зати сипаттар дегеніміз - Аллаһтың затымен бірге болып, одан бөле-жарып қаралмайтын сипаттарды айтамыз. Зати сипаттар – Аллаһтың ұлылығын, кәмілдігін, бүкіл нұқсан сипаттардан пәк екендігін білдіреді. Зати сипаттардың төмендегідей алты түрі бар:
Дата добавления: 2015-10-28; просмотров: 233 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Конституция Российской Федерации. | | | Open the brackets using a) the Past Simple Tense; b) the Past Continuous Tense; c) the Past Perfect Tense. |