Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Онақ.үй анимациясының ерекшелігі мен маңызы неде?

Читайте также:
  1. Демократиялық басқару жүйесінің ең негізгі және тиімді жол болып отырғанының себебі неде?
  2. Жүрек соңылық жүктеме артуының маңызы

Туристік анимацияның маңызы неде?

Анимация(латын тілінен Anima, animus–рух, жан, және animates–тірі, ағылшын тілінен animation–«жігерлілік, шапшаңдылық») – басты бағыты, демалыс уақытында адамдардың көңіл–күйін көтеруге бағытталған іс–әрекет болып табылады.Анимация – бос уақытты өткізуге, ойын–сауық түрлерін ұймдастыру мен спорттық досугты өткізуге арналған арнайы бағдарламаларды ұсынатын және өңдейтін оперейтинг кешені. Анимациялық бағдарламалар рухани қызығушылық сферасына кіретін спорттық ойындар мен жарыстарды, билеу кештерін, карнавалдарды, ойындар мен хоббиді қамтиды.Анимация – туризмдегі жаңа бағыт болып саналады. Анимация – бұл демалыстың жандануы және іс–шараларға жеке қатысудағы алған әсерлері. Туристік анимация – өзіндік қызмет, оның мақсаты, қызмет көрсету сапасын жақсарту мен туристерді туркомплекстің әртүрлі досугтік мейрамдарына еліктіру болып табылады. Анимация негізінде туристер оң нәтиже алып, қайтадан осы туристік кәсіпорынға келуге талпынады. Сондықтан, анимация – жарнама түрі, қонақтарды сол бір курортқа еліктіру,сонымен қатар анимация туристерді бұрынғы демалыс орнына 2-ші,3-ші рет келуге қызықтырады, ол курорттың дамуы мен табыс көзінің өсуіне алып келеді. Туристік анимация – туристік қызмет, қызмет көрсету барысында турист белсенді іс–әрекетке бөленеді. Ол туристің аниматормен жеке қарым–қатынасына негізделеді, олардың ұсынылған анимациялық бағдарламаларға, көңіл–көтеру іс–шараларына бірігіп қатысуы. Бұл қызмет туристік кешенде, қонақ үйлерде, круиздік теплоходтарда жүзеге асырылады, ол туристерді әртүрлі іс–шараларға тартады. Туристік анимация – туристік кәсіпорын іс–әрекетінің маңызды бөлігі, оның кәсіпқорлығының жоғарғы деңгейі, туристік өнімнің маңызды құрамдас бөлігі.Анимация туризмде бос уақытты өткізудегі негізгі бағдарламаларды ұсыну мен өңдеу іс–әрекеті ретінде қарастырылады. Анимациялық бағдарламалар рухани қызығушылыққа кіретін, спорттық ойындар мен жарыстарды, билеу кештері, карнавалдар, ойындар мен хоббиді біріктіреді. Тураниматор – жеке және топтық анимациялық бағдарламаларды құрастыратын маман.Анмациялық бағдарлама түсінігіне, туристік, сауықтыру, мәдени–бұқаралық, танымдық және әуесқойлық іс–шаралардың өту жоспарын жатқызамыз.Анимациялық іс–шаралар, анимациялық бағдарламалардың құрамдас бөлігі болып табылады. Мысалы, егер біз бір күндік анимациялық бағдарлама құрастырсақ, онда ол бірнеше анимациялық іс–шараларды қамтиды: спорттық жарыстар, кешкі ойын–сауық бағдарламалары, жағажайдағы ойындар және т.б.Сондықтан, анимациялық бағдарламалар аниматорлармен қонақтарды қызықтырып, денсаулықтарын қалпына келтіру үшін құрастырылады

 

4.Анимациялық іс-әрекетті ұйымдастырудағы басты талаптар қандай? Анимациялық бағдарламаларды құру кезінде оның ұйымдастырушылары келесідей сұрақтарға жауап беруі тиіс: 1. Бағдарлама кімге жасалады?, мұнда анықталады: - болашақ көрермендердің жасы мен жынысы (егер ол отбасылық отель болса, контингенті қандай, біздің бағдарламаны балалар, қарт адамдар қарай ма);- әлеуметтік жағдайы мен кәсіби жұмысбастылығы (біздің отель ақсүйектер мен бизнесмендердің таңдаулы бөлігіне жабық клуб болып келе ма немесе бұл студенттерге арналған жастар лагері ма);- ұлты (мәдениеті мен салттарының ерекшеліктері); отельде демалушы адамдардың өмір стилі (классикалық, экстермалды, т.б.); денсаулық жағдайы (әсіресе спорттық-сауықтыру бағдарламаларын өндіруде маңызды); 2. Анимациялық бағдарламаның негізіне не салынған? (басты идея мен оған жетудегі мақсаттар); 3. Анимациялық оқиғаны қалай құрастыру? Ереже бойынша жаңа маусым басында аниматорлар бастығы команданың көмегімен бүкіл маусымға анимациялық бағдарлама жасайды және бекітеді. Аптаның әрбір күніне (сағатпен) шаралардың нақты кестесі құрылады, және команданың әрбір мүшесіне оларды өткізудің белгілі бір міндеттері жүктеледі. Анимацияның жалпы бағдарламасы көңіл көтеру және спорттық элементтердің формасы бойынша алуан түрлі, туристерге қызықты және өткізілетін шараларда барынша көп қатысушылар болатындай етіп дайындалады. Қонақтардың әдетте отельде екі апта болуы есебінен кешкі шоулар екі аптада бір реттен көп қайталанбауы тиіс. Сценарий, музыка, жарық, хореография, костюмдер – барлығын команда мүшелері мен жетекші анық ойластырады және ұйымдастырады, жетекшінің өзі шоу-бағдарламаларға жиі қатысады.Түскі ас кезінде немесе кешкі ас алдында аниматорлар қонақтарды мейрамхана алдында қарсы алады, ас дәмді болсын деп тілейді, жаңадан келген қонақтармен танысады, бүгін ойнағандармен тілдеседі, үстелдеріне отырады, әңгімеде пауза болып қалмасын деп қонақтарды сергітеді және түскі астан кейінгі ойындар мен көңіл көтеру шоуларына шақырады. Спектакльге қатыспайтын барлық аниматорлар кешкі шоуларды және ойын-сауық бағдарламаларын даярлауға қатысады: декорацияларды, костюмдерді, басқа реквизиттерді дайындайды, актерларға грим жағады, оларға киінуге көмектеседі, т.б.

 

5.Қонақүй және анимациялық қызметтің байланысын тарихи деректермен келтіріңіз. Досуг, әлеуметтік құбылыс ретінде, терең тарихи тамырларға ие, ол өзінің бастауын тас дәуірінен бастайды, себебі көне халық, аңшылардың табыспен оралған сәттерін үлкен мереке ретінде қабылдайтын болған. Мерекелер бірте – бірте күнделікті адам тіршілігіне ене бастағанымен, бірінше кезекте мәдени мағына ұялатқан болатын, нақты мейрамдарды, досугтік іс – әрекеттің бастапқы даму формасына жатқызуымызға болады. Көне замандағы керуен сарайлар, асханалар және басқа да орналастыру және тамақтандыру мекемелері, жолаушыларды өздерінің қызықты іс – шараларымен, спорттық ойындарымен өздеріне тартқан болатын. Досугтың тарихи даму тізбегін, саяхаттау ұйымдары мен туристік қызметтер пайда болғаннан бастап қарастырып, бақылайық. Көне гректердің ойын – сауығы. Көне Грекияда таверналар, керуен сарайлар, кататогиялар(қонақ үйлер) пайда бола бастаған. Қонақтарды қызықтыру үшін олар әншілерді, бишілер мен акробаттарды шақыратын, мүмкін болатын жарыстар, сонымен қатар жануарлар мен құстар жарыстарын ұйымдастыратын: мысықтар, иттер, әтештер жарыстары. Ең әйгілі ойындардың бірі болып коттаб саналатын, бегіленген ойынның шарты болып, табақта қалған шарапты нысанаға шашу болып саналады. Көне гректер сүйек ойындары мен спорттық жарыстарды өте жақсы көретін.Осы аймақта ең бірінші спорттық жарыстар – Олимпиадалық ойындардың пайда болуы бекер емес. Көне гректер досугтың ұйымдастырылу шараларына өте көп көңіл бөлетін. Әсіресе, тамашалауға барлық Грекия аймақтары мен оның колонияларынан келетін дәстүрлі мерекелер мен жарыстарға мұқият дайындалатын. Олардың бәрін орналастырып, мұқият саралап, бағдарламаны дайындау керек. Көне римдіктердегі досугтың ұйымдастырлуы. Көне Римде де ойын – сауықтың ұйымдастырылуына және арнайы досугтік мекемелердің пайда болуына көңіл бөлінді, бірақ олардың өзіндік ерекшеліктері болды.Римдік империя үлкен өлшемді болды, сондықтан шенеуніктерге, батырларға, саудагерлерге жұмыс бабымен көп саяхаттауға тура келетін. Нәтижесінде, олардың орналасуына арналған керуен сарайлар, мансиондар(конақ үй) және таверналар салына бастады. Әлемдегі заманауй парктер мен саябақтар өзінің бастауын және танымалдығын осы кезеңнен бастайды. Ортағасырдағы досугдың өткізілуі. Ортағасырда досугтың өзіндік ерекше ұйымдастырушылары мен әртістері болған. Бұл адамдар шіркеулік топтың арқасында бір уақытта қорқынышты да, таңданушылықты да сездіретін. Шіркеу христиандарға, театрлық көрсетілімдерді библиялық сюжет бойынша көруге рұқсат берді. Көптеген шектеулерге қарамастан, трубадурлар, жонглерлер, қалжыңқойлар және басқа да әртістер үлкен танымалдылыққа ие болды. Ортағасырлық адамды, тұтқынды, өз үйлерін сирек тастап кететін адамды өмір жалықтырып жібереді, сондықтан кезбе әртістердің пайда болуы әрқашан мейрам болып табылатын.Сол заманның айрықша әртістерінің бірі болып турбадур – поэттер саналатын, олар өздерінің әндерін музыкалық аккомпанементпен орындайтын. Турбадурлармен шығарылған әндерді кезбе әншілер де орындайтын, қатысушылардың назарын аудару үшін ән айтуды жонглерлықпен және фокуспен алмастырып отырады, сондықтан да оларды жонглерлер деп атайтын. Үлкен танымалдықпен үйретілген жануаралар қойылымдары (иттер, мысықтар және маймылдар), цирктік қойылымдар да суырылып шыға бастады. Сонымен қатар, халықтың көңілін көтеретін кезбе әртістерің ішінде шуттар мен мимдар да артта қала қоймады. Қазақстан мен Ресейдегі досуг. Досугтың бастапқы формаларына егіншілік күнтізбе негізінде өткізілетін мәдени мейрамдар жатады. Шаруаларға маңызды болып табылатын барлық ауылшаруашылық жұмыстар ейрам ретінде тойланатын, ерекше түрде егістіктің бастапқы және жинау кезінде тойланады. Мейрамдардың барлығы қыс мезгілінде өткізіледі, себебі ол кезеңде шаруалардың бос уақыттары көп болып, ойын – сауыққа көп көңіл бөледі. Көптеген отырыстар, қар ойындары өткізіліп тұрады. Біздің заманымызға дейін келесідей шулы мейрамдар сақталып келді: Святки(христиандардың діни мейрамы), Масленица, Иван Купала және т.б. Бұл мейрамдар өте шулы,көп халықты болып өтеді, бал ашып,қызықты ойындар, театрлық көріністер, әндер мен билер, сонымен қатар ептілікке арналған жарыстар(жұдырықты күрестер және т.б.) ұйымдастырылады. Орта ғасырда, батыс еуропалық мемлекеттеріндегідей Русияда халықты әндерімен, билерімен, цирктік өнерлерімен және қалжындарымен қызықтыратын кезбе әртістерді кезіктіруге болады. Олардың ішінде жаттықтырушылар, әсіресе аюлармен әртүрлі ойындар ұйымдастыратын жаттықтырушылар танымал болды. Бұл қызықтарға цирк басшылары шектеу қойғанымен, халық арасында үлкен сұранысқа ие болды. Дворяндық досугтың қоғамдық формасының дамуына, Ресейдегі мәдени – ағарту мекемелер жүйесі әсер етті. XVIII ғасырдан бастап бірінші мұражайлар салынып(мысалы, 1719 жылы Санкт–Петербургте құрылған танымал петровтық Кунсткамера, II Екалынатерина кезіндегі Қысқы сарайда құрылған Эрмитаж және т.б.), бұқаралық театрлар, шығармашылық көрмелер ұйымдастырыла бастады. XX ғасырдың басы дрсугтың жаңа формаларының пайда болуымен сипатталады. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Ресейде, туризм досутың жалпы формасы ретінде тарала бастайды. Ресейде туристердің ескі клубы болып «Русский туринклуб» саналатын. 1895 жылы құрылды, уақыт өте келе Ресейлік туристер қоғамы болып өзгертілді, ал 1928 жылы Пролетарлық туризм қоғамы болып қата құрылды. 1905 жылы таулы саяхатты сүюшілерге арналған Қырым–Кавказдық таулы клубы құрылды. Қазақ халқының ұлттық мейрамдары. Қазақтардың мәдени өмірінде ұлттық өмірінде ұлттық мейрамдар маңызды рөлді алады. Олар өмірдегі маңызды шараларға арналған – үйлену тойы, баланың дүниеге келуі, ас беру. Кейбір түрлері діни сипатта болды. Мерекелерде әртүрлі ойындар ұйымдастырылған: бәйге, жігіттер арасындағы күрес, көкпар тартысы ат үстінде көкпарды бір бірінен тартып алады. Қатысушыларға бағалы сыйлықтар беріледі. Қорыта келгенде, бұрыннан бері қонақ үй мен анимациялық қызмет тығыз байланыста болған. Бірақ бұрында ол анимациялық қызмет деп аталмаған. Ал қазіргі таңда ол анимациялық қызмет болып табылады. Оның мақсаты демалушылардың бос уақыттын тиімді және қызықты өткізу болып табылады.

 

 

ХХ ғ. соңында жаппай индустриалдық құбылымы ретінде туристік анимацияның пайда болуының алғышарттары неде?

Индустриялану мен урбандалуға байланысты, заманауи адамның өмір стилінің, еңбек әрекетінің сипаттамасының өзгеруі оның демалыстағы қажеттіліктерінің және соған сәйкес туристік өнім құрамының өзгеруіне алып келді. Орналастыру мен тамақтанудан бөлек ол көңіл–көтер қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, досугды қызықты өткізуге арналған басқа да элементтерді қосады. Туристік іс–әрекет пен қонақ үй қызметінің терминологиясында, туристің анимациялық қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған «туристік анимация» түсінігі пайда болды.Анимацияның қарапайым түрлері әрқашан туристік іс–әрекет пен туристік өнімнің үйлесімді бөлігі болып келді, бірақ туристік анимацияның жалпы, индустриалды болмысы 1970 жылдан басталды, бұл жылдары тұтынушылар сұранысы әртүрлі туристік өнімдер мен әр елдердегі қызметтерге, сонымен қатар туристік кәспорындардың осы сұраныс нәтижесіне

Технико–технологиялық прогресс, анимациялық бағдарламалардың керекті материалды–техникалық жабдықталуын құрастыруға мүмкіндік берді. Осы жылдары батыс туристерінің көп бөлігін тек қана түнеу, тамақтандыру және бірнеше экскурсияларды ұсынатын турлар мен саяхаттар бағдарламалары қызықтырмайтын болды. Туристік комплекс пен қонақ үйлерде(курорттардан, іскерлік және конгрестікке дейін) жаңа рекреациялық іс–әрекетті, әртүрлі қызықты бағдарламаларды ойлап шығару мүмкіндігі пайда бола бастады. Тамақтандыру қызмет ретінде, мысалы, келесідей түрлерді қамтыды: диеталық тамақтану; тамақтандыруға қосымша медициналық бақылау; туристің қатысуымен тағам жасау, емдік тамақтану, тағамдардың, шараптардың дәмін татып көру, сыра мейрамдарын өткізу және т.б.СССР заманында орыс ғажабы – өзіндік іс–әрекеттік спорттық туризм биік шыңдарды бағындырды. Бұл жалпы құбылыс, оның элементтері батыс елдерінде де дами бастады. Клубтық демалыс пен адам аяғы баспаған табиғат аясындағы саябақтардағы демалыс, АҚШ–та жоғары дәрежеде дамуда. Спорттық билер, аэробика, спорттық ойындар, жаттығу залдары,массаж, сауна мен моншалар қонақ үй қызметінің айырылмас бөлігі болып саналды.Мұндай демалыстың ұйымдастырылуы көңіл көтеру бағдарламаларымен бірге жүзеге асырылды, бұл бағдарламалар демалушыларды күнделікті өмір тіршілігінен алшақтатып, тек қана шаршаңқылықтан ғана айырып қоймай, күнделікті өмірдің негативті бөлігін жоюға көмектеседі

 

 

Туристік анимацияның функцияларын сипаттаңыз.

3 басты рекреациялық қызметтің (емдік, сауықтыру және танымдық) ішінен туристік анимация тікелей 2 қызметтін спорттық-сауықтыру және танымдық атқарады. Сәйкес жағдайларда емдік қызметін жанама түрде атқарады. Турөнім мен тұтынушы спецификасын есепке алатын дұрыс құрылған анимациялық бағдарламалар демалушылардың тек көңілі мен тонусын көтеруге ғана емес, оптимистік күйді құруға, жайлы демалыс жағдайда адамды салауатты өмір салтына тартуға мүмкіндік береді.Мақсатты анимациялық бағдарламаларды құрастыруға арналған анимациялық іс тәжірибесінде

келесідей туристік анимация қызметтерін көрсетуге болады:

1. бейімделу, күнделікті ахуалдан бос уақыт ахуалына көшуге мүмкіндік береді;

2. компенсациялық, адамды күнделікті өмірдің физикалық және психикалық шаршауларынан босатады;

3. тұрақтандырушы, жағымды эмоциялар қалыптастырады және психикалық тұрақтылыққа ынталандырады;

4. сауықтыру, күнделікті еңбек өміріндегі әлсізденген адамның физикалық күшін қалпына келтіру мен дамытуға бағытталады;

5. ақпараттық, мемлекет, аймақ туралы жаңа білімдер алу және бекіту;

6. білім беру, жарық әсерлер нәтижесінде қоршаған орта туралы жаңа білімдер алу және бекіту;

7. меңгеріп алу, интеллектуалдық және физикалық жетілуге алып келеді;

8. жарнамалық, анимациялық бағдарламалар арқылы туристті мемлекет, аймақ, туркешен, қонақүй, турфирма, т.б. туралы жарнама тасушы ретінде жасауға мүмкіндік береді.Туристік анимация қызметтерінің мұндай алуантүрлілігі анимациялық іс-әрекет түрлерінің көптүрлілігі, сонымен қатар анимациялық бағдарламалар мен шаралардың әртүрлілігіне шартталған.

8.Рекреациялық, туристік және қонақүй анимациясын анықтаңыз. “Анимация”, “рекреациялық анимация”, “қонақүй анимациясы”, “туристік анимация” түсініктерінің айырмашылығы бос уақыт анимациялық әрекет бағдарламалары мен формаларының көптүрлілігімен байланысты. Бұл әртүрлілік тек туристік маршруттар құрастырудағы қонақүй шаруашылығында емес, заманауи өмірдегі адамдар бос уақытын ұйымдастыруда да: мемлекеттерде, қалаларда, қалалық басшыларда және муниципалитеттерде, саябақтарда, клубтар мен ассоциацияларда, ұйымдар мен оқу орындарында білінеді. Сондықтан қалалық және муниципалдық, клубтық және саябақтық, өндірістік және оқу орындары (балалар, жасөспірімдер, студенттер, зейнеткерлер үшін, отбасылық, мүгедек, ұлттық азшылықтар үшін, т.б.) анимациялық бағдарламалары туралы айтуға болады. Рекреациялық анимация – адамның рухани және физикалық күштерін қалпына келтіруге бағытталған бос уақыт іc-әрекеттінің түрі. Рекреациялық мақсаттардағы бағдарламаларды туристер және қонақтармен туристік мекемелер де, жергілікті тұрғындармен бос уақыт мекемелері де іске асырады. Бұл бізге “рекреациялық анимация” түсінігін “туристік анимация” мен “қонақүй анимациясы” түсініктерінен ауқымды деуге құқық береді. Туристік және қонақүй анимациясы рекреациялық анимациямен тығыз байланысты, себебі анимациялық бағдарламалардың басты рөлі қонақүйлерде, туркешендерде және санаторияларда сияқты мамандандырылған анимациялық турларда да демалушыларды сауықтыру, күнделікті шаруаларынан көңілін аударту, көңіл-күйін көтеру, яғни өмірлік күші мен энергясын қалпына келтіру болып табылады. Туристік анимация – туристік кәсіпорында (туркешен, қонақүйде) көлік құралында (круиздік теплоходта, поезда, автобус, т.б.) немесе туристердің тоқталған орнында жүзеге асырылатын туристік іс-әрекеттің бір түрі, ол арнайы жасалған бос уақыт бағдарламаларында әртүрлі шараларға қатыстыру арқылы туристерді қызықтырады. Басқа сөзбен, туристік анимация – бұл туристті белсенді әрекетке қызықтыратын туристік қызмет көрсету. Туристік анимация – өзіндік қызмет, оның мақсаты, қызмет көрсету сапасын жақсарту мен туристерді туркомплекстің әртүрлі досугтік мейрамдарына еліктіру болып табылады. Анимация негізінде туристер оң нәтиже алып, қайтадан осы туристік кәсіпорынға келуге талпынады. Сондықтан, анимация – жарнама түрі, қонақтарды сол бір курортқа еліктіру,сонымен қатар анимация туристерді бұрынғы демалыс орнына 2-ші,3-ші рет келуге қызықтырады, ол курорттың дамуы мен табыс көзінің өсуіне алып келеді. Туристік анимация – туристік қызмет, қызмет көрсету барысында турист белсенді іс–әрекетке бөленеді. Ол туристің аниматормен жеке қарым–қатынасына негізделеді, олардың ұсынылған анимациялық бағдарламаларға, көңіл–көтеру іс–шараларына бірігіп қатысуы. Бұл қызмет туристік кешенде, қонақ үйлерде, круиздік теплоходтарда жүзеге асырылады, ол туристерді әртүрлі іс–шараларға тартады. Туристік анимация – туристік кәсіпорын іс–әрекетінің маңызды бөлігі, оның кәсіпқорлығының жоғарғы деңгейі, туристік өнімнің маңызды құрамдас бөлігі. Қонақ үй анимациясы – тураниматор мен туристтің жеке адамгершілік байланыстарына және туркешеннің анимациялық бағдарамасында ұсынылатын көңіл көтерулерге олардың бірге қатысуына негізделген кешенді рекреациялық қызмет көрсетулер. Қонақ үй қызмет көрсетулері жаңа философиясын іске асыру мақсатын көздейді – ұсынылатын қызметтер сапасын және туристтің демалыспен қанағаттану деңгейін жоғарылату. Қонақ үйдің маркетингтік стратегиясында негізгі тартымды қызметтердің бірі болып қолданылады. Қонақ үй анимациясы – қарастырылып отырған үш ұғымның ішіндегі өте тар ұғым, өйткені туристерді орналастыру орындарында: туркешендерде, отель, қонақ үй, турбазаларда және т.б. бос уақытты ұйымдастыруды ғана жобалайды. Басқа сөзбен айтқанда, қонақ үй анимациясы – бұл қонақ үйлермен, отельдермен, туристік кешендермен ұсынылатын бос уақыт әрекеті. Туристік анимацияның ең маңызды бөлігі болып табылады. Анимациялық бағдарламалар демалысты әр түрлі (клубтарда, әр түрлі мақсаттық бағытталған және әр түрлі шамадағы қонақ үйлерде) ұйымдастырумен ерекшеленеді.

Саяхаттың жалпы бағдарламасында анимациялық бағдарламалардың көлемі, маңызы және басымдылығы жағынан туристік анимацияның үш негізгі түрінің айырмашылығын анықтаңыз.

Анимациялық бағдарламалар маңыздылығы, артықшылығы және саяхаттың жалпы бағдарламасындағы (турөнімде) анимациялық бағдарламалар көлемі бойынша 3 негізгі түрге бөлінеді: Бірінші түрі. Анимациялық туристік маршруттар – бір анимациялық бағдарлама үшін мақсатты туристік сапарлар немесе кеңістіктегі саяхат, әр түрлі географиялық нүктелерде ұсынылатын бір анимациялық қызметтен (бағдарламадан) екінші бір қызметке көшу түріндегі ашық, үздіксіз анимациялық үрдіс. Бұл жағдайда анимациялық бағдарлама қызметтер турпакетінде тек қана физикалық көлемі бойынша емес, рухани күштерді ынталандырушы құралы жағынан мақсатты, басым және доминатты болып келеді. Мұндай анимациялық бағдарлама турөнімдегі бағақалыптастырушы фактор болып табылады. Әдетте бұл бағдарламалар ортақ қызығушылықпен біріккен жеке адамдарға немесе бірыңғай туристік топтарға арналады.Айтылған анимациялық бағдарламаларға кіреді: мәдени-танымдық және тақырыптық, фольклорлық және әдеби, музыкалық және театрлық, өнертанымдық және ғылыми, фестивальдық, карнавалдық және спорттық, немесе әртүрлі мемлекеттерде орналасқан казино-орталықтарына казино ойындарын сүюшілерге ұйымдастырылған тур-сапарлар.Екінші түрі. Технологиялық үзілістерде қосымша анимациялық қызметтер – турпакетте ескерілген және көшулер, жолдағы кешігулермен шартталған, қолайсыз ауа-райы (жағажай курорттарында спорттық және әрекетшіл турларды ұйымдастыруда), сонымен қатар таушаңғы курорттарында қар болмаған жағдайларда іске асырылатын негізгі туристік қызметтерді ”қолдауға” арналған бағдарламалар.Үшінші түрі. Қонақ үй анимациясы – тураниматор мен туристтің жеке адамгершілік байланыстарына және туркешеннің анимациялық бағдарамасында ұсынылатын көңіл көтерулерге олардың бірге қатысуына негізделген кешенді рекреациялық қызмет көрсетулер. Қонақ үй қызмет көрсетулері жаңа философиясын іске асыру мақсатын көздейді – ұсынылатын қызметтер сапасын және туристтің демалыспен қанағаттану деңгейін жоғарылату. Қонақ үйдің маркетингтік стратегиясында негізгі тартымды қызметтердің бірі болып қолданылады. Қонақ үй анимациясы – қарастырылып отырған үш ұғымның ішіндегі өте тар ұғым, өйткені туристерді орналастыру орындарында: туркешендерде, отель, қонақ үй, турбазаларда және т.б. бос уақытты ұйымдастыруды ғана жобалайды. Басқа сөзбен айтқанда, қонақ үй анимациясы – бұл қонақ үйлермен, отельдермен, туристік кешендермен ұсынылатын бос уақыт әрекеті. Туристік анимацияның ең маңызды бөлігі болып табылады. Анимациялық бағдарламалар демалысты әр түрлі (клубтарда, әр түрлі мақсаттық бағытталған және әр түрлі шамадағы қонақ үйлерде) ұйымдастырумен ерекшеленеді.

Анимацияның әртүрлері үйлесетін анимациялық бағдарламаның мысалын келтіріңіз, мысалы, қарым-қатынас арқылы анимация, мәдени анимация, шығармашылық анимация.

Жүйелік амал тұрғысынан туристік анимация – бұл арнайы айрықша тілдесудегі, қозғалыстағы, мадениеттегі, шығармашылықтағы, уақытты жағымды өткізудегі, көңіл көтерудегі туристік қажеттіліктерді қанағаттандыру.Бұл қажеттіліктер алуан түрлі болады, себебі адамдар демалыс түсінігін әртүрлі мағынада ұғынады: біреулеріне демалыс саяхат болса, басқаларына бұл кітап оқу, орманда серуендеу, балық аулау және т.б. Саяхаттың сұранысы мен мотивациясына байланысты туристік қызмет көрсету тәжірибесінде туристтердің (демалушылардың) әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыратын келесідей анимация түрлері қалыптасады: қозғалыстағы анимация – заманауи адамның рахаттылық пен жағымды әсерлерімен үйлесетін қозғалыстағы қажеттіліктерін қанағаттандырады; уайымдау арқылы анимация – тілдесуде, ашылуларда, сонымен қатар қиындықтардан өту кезінде жаңаны, белгісізді сезіну қажеттіліктерін қанағаттандырады; тілдесу арқылы анимация – жаңа, қызықты адамдармен тілдесуде, адамдардың ішкі дүниесін ашуда және тілдесу арқылы өзін тануда қажеттіліктерін қанағаттандырады; тыныштану арқылы анимация – адамның күнделікті шаршаудан психологиялық жеңілдену қажеттілігін тыныштану, жеке қалу, табиғатпен байланыс арқылы қанағаттандырады; мәдени анимация – адамдардың жеке тұлға рухани дамуындағы қажеттілігін мәдени-тарихи ескерткіштермен және мемлекет, аймақ, халық, ұлт мәдениетінің заманауи нұсқасымен байланыстыру арқылы қанағаттандырады; шығармашылық анимация – адамның шығармашылықта, өзінің таңдай білу қабілетін көрсетуде және рухани жақын адамдармен біріккен шығармашылық арқылы байланыс орнатуда қажеттіліктерін қанағаттандырады.

11.Неге спорт және қозғалыс арқылы анимация қонақүй анимациялық бағдарламасының негізгі элементі болып табылады? (Мысал арқылы келтірсеңіз болады). Спорттық анимациялық бағдарламалар спорттың қандай да бір түрімен әуестенетін және демалыспен бірге жаттығулардың белгілі бір жүйесі бойынша спортпен айналысу үшін спорттық-туристік кешенге келуші туристерге арналады. Спорттық-сауықтыру бағдарламалардың спорттықтан айырмашылығы олар туристерге, спорт және белсенді демалысты сүюшілерге есептелген, туркешен олар үшін – таза табиғат пен таза ауа жағдайларында белсенді физикалық ауыртпалықтар арқылы күшін қалпына келтірудегі жалғыз орын және мүмкіндік болып табылады. Спорттық-көңіл көтеру бағдарламалары кез келген жастағы туристерге бағытталған. Олар туристерді қызықты, тартымды, көңілді сайыстар және залалсыз жарыстар арқылы белсенді қозғалысқа қызықтырумен құрастырылады. Спорттық–танымдық бағдарламалар туристерді белсенді демалыс (жорық, жаяу экскурсиялар) үрдісінде рухани-өнегелі құндылықтарға қатыстырумен құрастырылады. Бұл анимациялық бағдарламалар қонақ үй анимациясының негізгі элементтері болып табылады. Себебі, әр қонақ үйде осы шараларды өткізуге арналған техникалық база болады. Және де спорттық бағдарламалар туристерге жағымды әсерлерді көбірек қалдырады. Қонақ үй анимациясындағы спорттық бағдарламаларға мыналарды жатқызуға болады: Туркомплекстегі спорттық-сауықтыру бағдарламасының нақты мазмұны материалдық-техникалық базасы – спорттық құрал-жабдықтар, алаңдар, табиғи комплекстің (ТК-нің теңіз жағалауы, тау бойында, өзен жағасында, т.б.) болуымен анықталады. Баня және сауна – кез-келген қонақ үйді көркейтетін қызмет түрі. Сауна – бұл біріншіден, демалыс «процесі». Оның адам ағзасына тигізетін пайдалы әсерін ұмытпау керек. Екіншіден, стресстен құтылу, яғни көптеген аурулардан арылу. Үшіншіден, ағзаны шлактар мен токсиндерден тазарту. Ашық аспан алаңында немесе залдағы баскетбол, бильярд, волейбол, бадминтон, үстелді теннис ойнау. Тренажер залының білікті инструкторы индивидуалдық түрде керекті бағдарламаны таңдап береді. Күнделікті не апталық жаттығуларға йога мен шейпингті, гимнастиканы жатқызса болады. Толық, ұялшақ және болашақ аналар мен су фанаттары үшін бассейндегі аквааэробика бар. Су қосымша қарсылық жасайды, ол өте пайдалы. Инструктор бағдарламаларына: түрлі растяжкалар, жүгіру, секіру, айналу, т.б кіреді. Сонымен қатар тағы бір: Египеттегі қонақ үй анимациясының мысалы:

Таңертеңгі бағдарлама: 10:00: қонақтармен сұхбаттасу

10:30 – 11:00: зарядка

11:10 – 11:40: дартс немесе үстелдік теннис

11:45 – 12:10: волейбол

12:15 – 12:45: аквааэробика

12:45 – 13:00: пляждық ойындар

13:00 – 13:10: клубтық би

Күндізгі бағдарлама: 15:00: қонақтармен сұхбаттасу

15:15 – 15:45: судағы поло немесе бильярд

15:45 – 16:15: волейбол не араб биінің сабақтары

16:15 – 16:45: латын биі

16:45 – 17:15: аэробика

17:15 – 17:30: клубтық билер

Кешкі бағдарлама: 19:30: қонақтарды кешкі кешкі шараларға шақыру

20:45: балаларға арналған дискотека

21:30: кешкі шоу

Сонымен қатар қазақтық ұлттық ойындарыда спорттық анимацияға жатады. Мысалы: Сиқырлы таяқ. Ойнаушылар қол ұстасып, дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Қолында таяғы бар ойын жүргізуші шеңбердің ортасына келеді де, ойынның тәртібін түсіндіреді. Ойнаушыларды бірден бастап түгел нөмірлеп шығады. Ойынның шарты бойынша ойын жүргізуші қолындағы таяғын шеңбердің ортасында тік ұстап тұрады да, бір нөмірді атап, таяқты қоя береді. Аталған нөмір таяқты жерге құлатпай ұстап қалуы керек, ал таяқты ұстай алмай құлатып алса, онда айып тартады, яғни көптің ұйғаруымен ортаға шығып, өнер көрсетеді. Ойынға қатысушылардың бәрі бір-бір реттен міндетті түрде ойнап шығулары керек, ал одан әрі ойынды жалғастыру-жалғастырмау ойнаушылардың өз еркінде. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын қызықты өтеді. Сақина жасыру. Ойынды өткізу үшін басқарушы және сақина іздейтін кезекші белгіленеді. Қалған ойыншылар дөңгелене отырады. Ойыншылар тізелерін көтеріп, оның үстіне алақандарын ашып қояды. Ойын жүргізуші қолына сақина алып, әр ойыншының қолына кіргізіп, сақинаны бірінде қалдырады. Басқарушы жұмулы қолын әрбір ойыншының қолына салысымен, алақанын жаба қалады. Сақина жасырылғаннан кейін, ойын жүргізуші өз қалауынша ойыншының бірінен: «сақинам кімде?» - деп сұрайды, осы кезде барлық ойыншы тынышталады. Кезекші сақинаның кімде екенін тапса, онымен орын ауыстырады, ал егер таба алмаса, өлең айтып, би билеп, т.б. өнер көрсетеді де, өз қызметін қайтадан атқарады.

 

онақ.үй анимациясының ерекшелігі мен маңызы неде?

Қонақ үй анимациясы – тураниматор мен туристтің жеке адамгершілік байланыстарына және туркешеннің анимациялық бағдарамасында ұсынылатын көңіл көтерулерге олардың бірге қатысуына негізделген кешенді рекреациялық қызмет көрсетулер. Қонақ үй қызмет көрсетулері жаңа философиясын іске асыру мақсатын көздейді – ұсынылатын қызметтер сапасын және туристтің демалыспен қанағаттану деңгейін жоғарылату. Қонақ үйдің маркетингтік стратегиясында негізгі тартымды қызметтердің бірі болып қолданылады. Қонақ үй анимациясы –туристерді орналастыру орындарында: туркешендерде, отель, қонақ үй, турбазаларда және т.б. бос уақытты ұйымдастыруды ғана жобалайды. Басқа сөзбен айтқанда, қонақ үй анимациясы – бұл қонақ үйлермен, отельдермен, туристік кешендермен ұсынылатын бос уақыт әрекеті. Туристік анимацияның ең маңызды бөлігі болып табылады. Анимациялық бағдарламалар демалысты әр түрлі (клубтарда, әр түрлі мақсаттық бағытталған және әр түрлі шамадағы қонақ үйлерде) ұйымдастырумен ерекшеленеді. Анимациялық бағдарламалар едәуір мөлшерде отельдің үлкендігі, оның орналасуы, мүмкіндіктері бар (соның ішінде көрсетілетін қосымша өызметтердің спектрі бойынша) функционалды бағытталуы, сонымен қатар тураниматорлардың кәсіпқорлығы мен бірегейлік дәрежесіне, талантына байланысты. Туркешендерде, отельдерде орындалатын анимациялық бағдарламалардың сапасы мен көлемі талап етілетін персоналдың және жалпы анимациялық менеджмент эффективтілігінің бар болуымен маңызды дәрежеде анықталады. Кішігірім отельде анимациялық бағдарламалармен бір адам – туранимация менеджер, орташа туркешенде – туранимация бөлімі (қызметі), ал ірі курорттық және клубтық туркешендерде – маманданған анимациялық орталықтар (бос уақыт орталықтары) айналыса алады. Қонақ үй анимациялық қызметтері мен бағдарламалары. Бағдарламалық анимациялық әсер адамға демалысы кезінде оның денсаулығын сақтау мен қалпына келтіруіне әрқалай мүмкіндік туғызады: соматикалық, физикалық, психикалық, өнегелі. Денсаулықтың бұл құрамдас бөліктері туристік анимация бағдарламасы мен бағытының сәйкес шартты типологиясын анықтайды: Бірінші тип – спорттық, спорттық-сауықтыру, спорттық-көңіл көтеру бағдарламалар. Екінші тип – оқиғалы-көңіл көтеру, шытырман оқиғалы-ойын бағдарламалар. Үшінші тип – танымдық, спорттық-танымдық, мәдени-танымдық, экскурсиялық, үйретуші, әуесқойлық бағдарламалар. Төртінші тип – біртекті бағдарламалардан құрастырылған кешенді бағдарламар. Спорттық анимациялық бағдарламалар спорттың қандай да бір түрімен әуестенетін және демалыспен бірге жаттығулардың белгілі бір жүйесі бойынша спортпен айналысу үшін спорттық-туристік кешенге келуші туристерге арналады. Спорттық-сауықтыру бағдарламалардың спорттықтан айырмашылығы олар туристерге, спорт және белсенді демалысты сүюшілерге есептелген, туркешен олар үшін – таза табиғат пен таза ауа жағдайларында белсенді физикалық ауыртпалықтар арқылы күшін қалпына келтірудегі жалғыз орын және мүмкіндік болып табылады. Спорттық-көңіл көтеру бағдарламалары кез келген жастағы туристерге бағытталған. Олар туристерді қызықты, тартымды, көңілді сайыстар және залалсыз жарыстар арқылы белсенді қозғалысқа қызықтырумен құрастырылады. Спорттық–танымдық бағдарламалар туристерді белсенді демалыс (жорық, жаяу экскурсиялар) үрдісінде рухани-өнегелі құндылықтарға қатыстырумен құрастырылады. Экскурсиялық бағдарламалар экскурсияның алуан түрлерінен құрастырылады, ал үйретуші бағдарламалар туристерге әр түрлі икемділік пен дағды алуға (жүзуде және өзге де спорттық жаттығулар мен өнердің алуан түрлерінде)көмектеседі. Туркешеннің мәдени – танымдық анимациялық бағдарламалары туристерді ұлттың, мемлекеттің, жергілікті халықтың мәдени-тарихи және рухани құндылықтарына қатыстырумен құрастырылады және оларға: мұражайларға, театрларға, кинотеатрларға, көркемөнер галереяларына, саябақтар, көрмелер, ұлттық фольклорлық шараларға, концерттерге, поэзия кештеріне бару, мәдениет қайраткерлерімен кездесу кіреді. Бұл бағдарламалардың кейбіреуі туристердің төлейалушылығына, интелектуалды дамуының деңгейіне байланысты. Шытырман оқиғалы–ойын анимациялық бағдарламалары туристің қызықты, толқытатын, ерекше нәрселермен (мысалы, рольды ойындар мен сайыстарға, үңгірлерге баруға, пираттардың шабуылы, халық хикаялары мен аңыздары кештеріне, таушаңғы курорттарында түнгі түсулерге, тақырыптық серуендерге қатысу) жақын болуымен құрастырылады. Бұл бағдарламалар демалушылардың жасына, жынысына, ұлтына, біліміне тәуелсіз сұранысқа ие. Әуесқойлық анимациялық бағдарламалар туристерді шығармашылыққа, жергілікті ұсақ-түйектерді жасау сайыстарына тартумен құрастырылады, бұл олардың жергілікті халықтың ұлттық ерекшеліктеріне қызығушылығын тудырады. Мұндай бағдарламаға қатысқаннан кейін қонақ жергілікті ұлттық тілде сөйлесе алатындығына, ұлттық музыкалық аспаптармен, билермен, асханасымен, т.б. танысқандығына көзі жетеді. Бағдарламаларды өткізу формалары әр түрлі болуы мүмкін: табиғи жабдықтардан жасалған ұсақ-түйек аукциондары, әуесқойлық фотосуреттер, авторлық өлеңдер мен әндер фестивалі, вокалдық және аспаптық орындаушылар концерті, балалар суреттері мен құмды мүсіндер көрмесі. Оқиғалы-көңіл көтеру анимациялық бағдарламаларына кіреді: мерекелік шаралар, сайыстар, фестивальдар, карнавалдар, тақырыптық күндер, жәрмеңкелер, дискотека, би кештері, көркемөнерпаздық концерттері, т.б. “Қызығушылықпен тілдесу” түріндегі анимациялық бағдарламалар шынында, айтылған бағдарламалардың қисындасуы болып табылады, алайда мұнда қызығушылықтарға, ниеттерге, темпераменттерге, ұлттарға, т.б. сәйкес қарым-қатынасқа тартатын еркін, жабысқақ емес, жайлы жағдайға көп көңіл бөлу керек. Ол үшін қарым-қатынас катализаторы – жакқсы аниматор қажет. Бұл бағдарламаларды өндіруде келесідей мақсаттар қойылады:

· өзін көрсету қажеттілігін қанағаттандыру;

· өз икемділігін дамытуда туристерді (қонақтар, демалушылар) мадақтау;

· көңіл көтеру мен дағдыларды жасампаз қалыпқа бағыттау;

· күнделікті мәселелер мен стресстерден босату;

· имиджді өзгерту мен кернеуді босаңсыту;

· мәдениет саласында қосымша білім алу.

 

13.Тиімді анимациялық іс-әрекет үшін не қажет? Анимация туризмде бос уақытты өткізудегі негізгі бағдарламаларды ұсыну мен өңдеу іс–әрекеті ретінде қарастырылады. Анимациялық бағдарламалар рухани қызығушылыққа кіретін, спорттық ойындар мен жарыстарды, билеу кештері, карнавалдар, ойындар мен хоббиді біріктіреді. Тураниматор – жеке және топтық анимациялық бағдарламаларды құрастыратын маман.Анмациялық бағдарлама түсінігіне, туристік, сауықтыру, мәдени–бұқаралық, танымдық және әуесқойлық іс–шаралардың өту жоспарын жатқызамыз.Анимациялық іс–шаралар, анимациялық бағдарламалардың құрамдас бөлігі болып табылады. Мысалы, егер біз бір күндік анимациялық бағдарлама құрастырсақ, онда ол бірнеше анимациялық іс–шараларды қамтиды: спорттық жарыстар, кешкі ойын–сауық бағдарламалары, жағажайдағы ойындар және т.б.Сондықтан, анимациялық бағдарламалар аниматорлармен қонақтарды қызықтырып, денсаулықтарын қалпына келтіру үшін құрастырылады.Бірақ, сол қрастырылған бағдарламалар кейбір адамдарға оң әсер етсе, кейбіреуіне теріс әсер етуі мүмкін. Ұсынылған анимациялық бағдарламаларды қабылдау үдерісі бірнеше факторлардан тұрады:

· Қатысушылар мен көрермендер жасы;

· Білімділігінің деңгейі;

· Жынысы;

· Этникалық жабдығы:

· Бағдарламаны жүзеге асыру кезіндегі көңіл–күй және т.б.

Сондықтан да, тұтынушылардың қызметін алдын ала анықтап алған жөн, әртүрлі қажеттілікті қанағаттандыру үшін, қорда әртүрлі іс–шаралар мен бағдарламалар сақтаған дұрыс. Сонымен қатар, туристік кәсіпорындағы анимациялық қызметтердің материалды–техникалық базасын күшейткен жөн. Анимациялық бағдарламалар қызықты болу үшін, оларды дұрыс ұйымдастыру керек. Ұйымдастырушылық іс–әрекет мамандардың жұмысты өзара бөлісуін, құқықтары мен жауапкершіліктерін, жұмысты аяқтау уақытын белгілеуін, қабылданған шешімдерді орындаудағы бақылау жүйесін, жұмысты орындау тәртібін, болашақта пайда болатын сұрақтарды шешу жолдарын ойластыруын қамтамассыз етеді.Анимациялық іс–әрекетті ұйымдастыру технологиялық процесстің құрамдас бөлігі болғандықтан, барлық мамандардың кәсіби дербестігі мен жұмысқа деген тиянақтылығын талап етеді

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 1797 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
П У С Т Ь Н А З Е М Л Е В О Ц А Р И Т С Я М И Р| Совокупное предложение. Потенциальный ВВП

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.024 сек.)