Читайте также:
|
|
Осы бес қондырғының көмегімен оптикалық құбылыстарды байқауға және осы құбылыстарды сан және сапа жағынан зерттеуге болады. Бұл бағдарламада сегіз лабораториялық жұмыс келтірілген және оларды пайдаланушылар толтырулары мүмкін.
Лабораториялық жұмыстардан басқа оптикадан қысқаша анықтама және осы бағдарламамен жұмыс жасау ережелері келтірілген.
Мәліметтердің барлығы қазақ және орыс тілінде келтірілген.
Бағдарлама терезесінің жалпы түрі
Суретте бағдарлама терезесінің жалпы түрі бейнеленген.
Құралдарды қою және алып тастау. Маустың сол кнопкасын басып қажетті қораптың есігін ашуға болады. Маустың сол кнопкасын құралға бағыттап тағы бір басқанда құрал оптикалық орындыққа орналасады.
Құралды оптикалық орындықтан алып тастау үшін көрсеткішті (стрелканы) құралға бағыттайды және маустың оң кнопкасын басып оның параметрлерінің терезесін ашады. Осы терезедегі “Удалить” деген кнопканы басу керек.
“Пуск” деген кнопка лабораториядағы жарықты сөндіріп, қондырғыны іске қосады. “Стоп” кнопкасы қонырғыны сөндіріп, лабораториядағы жарықты қосады.
Сол жақтағы қорапта орналасқан екі қондырғы оптикалық орындыққа қойылғаннан соң олардың бейнесіндегі солжақтағы кнопкасының қос рет басуымен іске қосылады. Бұл қондырғыларды сөндіру үшін экранның қандай да болсын жерінде сол жақтағы кнопканы екі рет қатарынан басу керек.
Маустың сол кнопкасын кітаптарға бағыттап басып қажетті мәліметтерді алуға және оның тілін өзгертуге болады.
Екі ортаның жазық шекарасындағы жарықтың шағылуын және сынуын зерттеуге арналған қондырғы
Жартысфераны мауспен айналдыруға болады. Ол үшін маустың көрсеткішін алынатын аумаққа (суретте көрсетілген) қойю керек. Көрсеткіш қол тәрізді болғанда маустың сол кнопкасын басып тұрып жартысфераны айналдырады.
Қондырғыны сөндіру үшін сол кнопканы экранның қандай да болсын жерінде екі рет басу керек.
Сыну кӨрсеткіші айнымалы ортадағы жарық таралуын зерттеуге
арналған қондырғы
Кіретін сәуленің көлбеулік бұрышын өзгерту. Маустың көрсеткішін алынатын аумаққа қойю керек (суретте көрсетілген). Көрсеткіш қос вертикал стрелка тәрізді болады. Маустың сол кнопкасын басып тұрып маусты жоғары немесе төмен ығыстырады.
Кіретін сәуленің орнын өзгерту. Маустың көрсеткішін алынатын аумаққа қойю керек (суретте көрсетілген). Көрсеткіш қол тәрізді болады. Маустың сол кнопкасын басып тұрып маусты жоғары немесе төмен ығыстырады.
Экранның қандай да болсын нүктесінде маустың оң кнопкасын басып, ыдыстағы ортаның және жарық сәулесінің параметрлерін өзгертетін терезені ашуға болады.
Экранның қандай да болсын нүктесінде маустың сол кнопкасын қос рет басып, қондырғыны сөндіруге болады.
Линзаның жұмысын зерттеуге арналған қондырғы
Нүктелік жарық көздерін қосу және өшіру үшін көрсеткішті көзге қояды (қол пайда болады) және маустың оң кнопкасын басады.
Жарық көздерін вертикаль бойымен орнын ауыстыру. Маустың көрсеткішін жарық көзіне дәлдеп қояды (қол пайда болады). Маустың сол кнопкасын басып тұрып маусты жоғары немесе төмен ығыстырады.
Жарық көздерін горизонталь бойымен орнын ауыстыру. Маустың көрсеткішін оптикалық орындықтағы көздердің бекітілген блогының винтіне дәлдеп қояды (қол пайда болады). Маустың сол кнопкасын басып тұрып маусты оңға немесе солға ығыстырады.
Сәулелерді іріктеуші маска мен жылжымалы сызғышта дәл солай орнын аустырады.
Линзаның орны орындықта бекітілген және ауыспайды.
Линзаның параметрлерін өзгерту. Маустың көрсеткішін оптикалық орындықтағы линзаның бекітілген винтіне дәлдеп қояды (қол пайда болады). Маустың оң кнопкасын басып линзаның параметрлерінің терезесін ашып, линзаның түрін және оның фокустық қашықтығын таңдайды. Қондырғыны орындықтан алып тастау үшін осы терезедегі “удалить” деген кнопканы басады.
Бұл қондырғыда нақты сәулелермен бірге жалған жарық көзінің сәулелері де көрсетіледі (олардың жарқырау көбірек).
Интерференция құбылысын зерттеуге арналған қондырғы
Құралдарды бұру. Жарық фильтрлерінің, жалғыз саңылаудың және Юнгтің қос саңылауларының бейнелерінде маустың оң кнопкасын басып бұл құралдарды 90о градусқа бұруға болады.
Жарық фильтрін (көк, жасыл, қызыл, сары) таңдау үшін жарық фильтрі аумағынды маустың сол кнопкасын басу керек.
Жалғыз саңылаудың параметрлері өзгермейді.
Юнг саңылауын бұрғанда параметрлер терезесі ашылады, оның ішінде саңылаулардың арасындағы қашықтық пен жарықтың толқын ұзындығын өзгертуге болады. Ол параметрлер метрмен берілген. Параметрлерді таңдаған соң “принять” деген кнопканы басу керек.
Юнг саңылауын орындық бойынша ығыстыру. Маустың көрсеткішін оптикалық орындықтағы саңылаудың бекітілген винтіне дәлдеп қояды (қол пайда болады). Маустың сол кнопкасын басып тұрып маусты оңға немесе солға ығыстырады.
Параметрлер терезесіндегі “удалить” деген кнопканы басып, қондырғыны алып тастауғы болады.
Қондырғы жұмыс істеу үшін құралдардың барлығы орындықта орналасу керек және лабораторияда жарық сөніп туру керек.
Жарық интенсивтігі графигінің масштабын өзгерту. Графиктің үлкейтілген түрі көру үшін сол аумақтың жоғарғы сол жақтағы бұрышына маустың көрсеткішін қояды. Маустың сол кнопкасын басып тұрады. Көрсеткішті жоғарыдан төменге және солдан оңға қарай қажетті нүктеге дейін жылжытады. Кнопканы жібереді. Экраннан үлкейтілген бейнені көреді.
Графикті бастапқы қалпына келтіру үшін маусты дәл солай бірақ оңнан солға қарай және төменнен жоғары қарай жылжытады.
Поляризация құбылысын зерттеуге арналған қондырғы
Құралдарды бұру, параметрлерді таңдау, қондырғыны қосу және алып тастау “Интерференция” қондырғысында сияқты жасалады.
Телевизордың экранында поляроидтардың бұрылу бұрыштары көрсетіледі. Бұрыштар сәуленің бағытымен қарағанда вертикальдан сағат тілімен саналады.
Телевизор экранының ортасында өткен сәуленің бейнесі көрсетіледі, ал астында оның салыстырмалы интенсивтігі.
Бағдарлама туралы
“Оптика” оқулық бағдарламасы әл Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Математика
және Механика ғылыми зерттеу институтының әкімшілік жетекшісімен
Алматы қаласының Білім Департаментінің
және
Білімдегі Жаңа Технологиялар Қалалық Ғылыми-әдістемелік Орталығының
тапсырысы бойынша
әл Фараби атындағы ҚазҰУ физика факультетіндегі Дәрістік
Физикалық Эксперимент лабораториясында жасалған
Әкімшілік
Шалтай Смағұлов |
Нарғозы Данаев
Юрий Дзибалов
Жасаушылар
Жоба жетекшісі
Владимир Кашкаров
Сценарий мен әдістемелік жұмысы
Леонид Михайлов
Владимир Кашкаров
Жобалаушы-программист
Руслан Абдуллин
Суретші-дизайнер
Вячеслав Дьячков
Аудармашы
Гүлжан Қозтаева
Алматы 2004
Дата добавления: 2015-10-31; просмотров: 218 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Element Styles | | | Логічний тип даних |