Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

Өзен кен орнындағы кәсіпшіліктің, газ өңдеуші заводтың және көмекші объктілердің жинау жүйелерін пайдалануда қоршаған табиғатты және ортаны қорғау аймағындағы тиімді шаралардың бірі - құрылымдар мен жабдықтардың пайдаланудағы сенімділігін қамтамасыз ететіндей технологиялық үрдісті жобалау және енгізу.

Атмосферадағы әсер ету

Қазақстан Республикасында отызға жуық мұнайы жоғары парафинді кен орындар ашылған. Осы кен орындардың мұнайы қату температурасы жоғары парафинмен қаныққан және олар жылжу қасиетін жылдам жояды. Осындай кен орындардың бірі Өзен кен орнының мұнайы 300С жылжымай қалады. Сондықтан парафинмен күресу үшін түрлі қыздырғыш пештер және құрамы әртүрлі парафин шөгінділерінің ингибиторлары қолданылады. Пештерді қолданған кезде атмосфераға тасталатын жану өнімдері (түтіндер) және парафин шөгінділері ингибиторларын айдау кезінде болатын апаттар немесе коррозияның әсерінен құбырлардың жарылуынан ингибиторлардың ашық далаға төгілуі және резервуарлардан булануы ауа бассейніне өте қауіпті. Сонымен қатар ыстық мұнай айдау АДПМ «Хотоил» қондырғысын қолдануда скважина сағасындағы байланыстарда және құбырлардың бұрандалы байланыстарында саңылаулардың болуынан ыстық мұнайдың төгілуі және оның құрамындағы жеңіл көмірсутектердің ауаға ұшуы да атмосфераны ластайды.Гидросфераға әсер ету

Жер бетіндегі және жер астындағы суларына зиянды заттектерді, микроорганизмдердің әсерлері төмендегі көздерден болуы мүмкін:

1) парафин шөгінділерінің ингибиторларын айдағанда скважина қабырғасының саңылауларынан химиялық құрамы әртүрлі ертіндінің сулы қабатқа өтіп кетуінен;

2) тазартылмаған немесе жеткіліксіз тазартылған өндірістік және тұрмыстық бұралқы сулар;

3) жер бетіндегі бұралқы сулар;

4) құрғатылған бұралқы сулар;

5) апаттық лақтырулар және бұралқы сулардың жиналуы;

6) сыйымдылықтардан, құбыр желілерінен және басқа құрылымдардан улы сұйық материалдардың сүзіліп шығуы;

7) сулы объектілердің және рельефтердің бетіне тұнатын зиянды заттардың атмосфераға тастлуы;

8) апаттық шығарынды тастау (мұнайды, газды тазалау өнімдерінің, реагенттердің төгілуі);

9) материалдармен қалдықтарды сақтау орындары, кәсіпорынның өндірістік алаңдарының шегінде ұйымдастырылған тасымалдауға арналған алаңдар;

10) ұйымдастырылмаған қалдықтар үйінділері.

Литосфераға әсері (топыраққа және жер қойнауына)

Региональды сейсмикамен, шөгумен және жарықтардың қалыптасумен байланысты жерлерді бұзумен мұнай өндіруші кешендер литосфераға әсер етеді.

Кәсіпшілік аймағында топырақ жабынының антропегендік нашарлау қарқындылығының үш дәрежесі бар:

- топырықтың әлсіз нашарлануы-5см. Тереңдікке профилінің бұзылуы;

- топырықтың орташа нашарлануы – кен орнының басым бөлігі 5 – 10 см тереңдікке профилінің бұзылуы;

- топырықтың өте қауіпті нашарлануы – көлік жолдары, амбарды, бұрғылау учаскелері, қалыңдықтарды өртеу орындарында 10–15 см. тереңдікке профилінің бұзылуы.

Топырақ мұнай өнімдерімен және радионуклиндермен ластанып әлсіз және күшті қатпарланған.

Мұнай өндірісі Каспий теңізіне зиянды әсер етеді, себебі ол теңізден 60км қашықтықта орналасқан.

 

5.2 МҰНАЙ-ГАЗ ӨНДІРУ КӘСІПШІЛІГІНДЕГІ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ

 

 

Өнеркәсіптік игеру барысында мұнай кенорындарын тұрғызу жобасы, ондағы мұнай газын жинау және тиімді пайдалану мәселелері өз шешімін тапқан жағдайда ғана бекітілуге жіберіледі.

Ауаны ластайтын негізгі көздерге кен орындарында қолданылатын технологиялық жабдықтар жатады:

- мұнайды қыздыру пештері (өртеу өнімдері);

-резервуарлар (булану);

- аппараттар (буферлік сыцымдылықта, сораптарда, айырғыштарда, жалғасқан құбырларда булану);

- газотурбиналы қозғалтқыштар (өртеу өнімдері);

- қазандық ошақтарында (өртеу өнімдері);

- факелік жүйелер(өртеу өнімері).

Құрамында күкіртсутегі бар атмосфераға жағусыз немесе бейтараптандырусыз шығаруға тыйым салынады. Технологиялық аппараттар мен сыйымдылықтардың жұмысшы және резервті сақтандырушы клапандарынан шыққан газ факелдік жүйе арқылы жағылады.

Газды күкіртсутек пен меркаптандардан тазарту бойынша тиімді іс шаралар жүзеге асырылуы қажет.

Қондырғыларда, ғимараттарда, жұмыс аймағының ауасында күкіртсутектің бөлініп шығуы мүмкін жерлерге автоматты тұрақты газосигнализаторларды орнатады, сондай-ақ күкіртсутектің жиналуы мүмкін жерлерінде алып жүретін газосигнализаторлар мен газосигнализаторлар арқылы ауа кеңістігіне бақылау жүргізеді.

Мұнай мен газ өндіру аудандарында зиянды қалдықтардың қоршаған ортаға шығуының жалпы мөлшерін, технологиялық процестерді жетілдіру арқылы және газды толық пайдаға асыру мен оны тазалаудың әр түрлі әдістерін кеңінен енгізу негізінде төмендетуге болады.

Олардың едәуір тиімдісіне мыналарды жатқызуға болады:

- магистралдық газ құбырларында атмосфераның газбен, конденсатпен, мұнайдың буланған өнімдермен ластануын болдырмас үшін конденсат жинаушы және дренаждау желілерін орнату керек;

- мұнай құбырларын, лақтырма желілерін, ағынды суды таситын коллекторларды және жинау коллекторларын өз уақытында жөндеп отыру қажет;

- сұйық көмірсутекткрді сақтау үшін артық қысымда немесе изотермиялық жағдайларда жұмыс істейтін резервуарларды, яғни буланудан үсті қорғалған резервуарларды қолдану;

- құрамындағы жеңіл компоненттері буланып атмосфераға шығуына жол бермес үшін шығын ыдыстар мен аппараттарды сүзгі - жұтқыштармен жабдықтау;

- кен орнынан тауарлы өнімді алу барысында газды утилизациялайтын арнайы қондырғыларды енгізу;

- шығарылған газды пайдаға жарату мен қайтару мүмкін болмаған немесе тиімсіз боған жағдайда оларды жағып жіберуге факелге бағыттау;

- газдарды жағуға арналған факелдер бар болған кезде,олардың биіктігі мен орналасуы стандарттарда қарастырылған концентрацияға дейін атмосфераның жер үсті қабатында зиянды заттардың ыдырап таралып кетуін қамтамасыз ету қажет.

Күкіртсутегі бар ортада қауіпсіз жұмыс жағдайын қамтамасыз ету үшін, технологиялық жабдықтар, құбырлық арматуралар және құбырлар күкіртсутегіне төзімді, берік, арнайы болат маркаларынан жасалуы керек.

Күкіртсутекті ортада жұмыс жасайтын жабдықтардың сенімділігі және апатсыз пайдаланылуы арнайы ингибиторларды енгізу есебінен қамтамасыз етіледі. Ингибиторларды - сыйымдылықты аппараттан, мөлшерлік сораптан және құбырларға жалғанған жіңішке түтікше арқылы береді.

Газды күкіртсутегінен тазалап алу, оны тасымалдау барысында құбырлардың коррозияға ұшырауына жол бермейді және атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың жалпы мөлшерін азайтады.

Сыз (грунттық) сулары ластанудан және оларды сарқылта пайдаланудан қорғалады. Су объектілеріне (су қоймаларына, тоғандарға, көлдерге, өзендерге) өндірістік, тұрмыстық және басқа да қалықтарды тастауға тыйым салынады. Ағынды суларды белгіленген тәртіппен, қадағалауорындарымен келісілген жекелеген технологиялық шешім бойынша зиянды заттардың құрамы рұқсат етілген нормадан артық болмаған жағдайда ғана төгуге болады.

Қоршаған ортаны қорғау үшін оларды қайта пайдалану, тазарту жұмыстары жүргізіліп және ағынды суды одан әрі қабат қысымын ұстау жүйесінде қолданады.

Ағынды сулардағы мұнай өнімдерінің болу нормасы 40мг/л құрайды.

Мұнаймен бірге өндірілген қабат суы, ондағы қатты түйіршік заттар мен мұнайдың құрамының нормасына сәйкес тазаланады да, одан әрі ҚҚҰ жүйесінде немесе көму мақсатында арнайы жұту ұңғылары арқылы қабатқа кері айдалады. Қабат суын жер үстіндегі су көздеріне тастауға, жер асты суларының ластануына алып келетін жер асты қабаттарына қайта айдауға, сондай-ақ құрамына күкіртсутекті бар сұйықтарды бейтараптандырмай канализацияның ашық жүйесіне ағызуға тыйым салынады. Құрамында күкіртсутегі бар қабат сулары өңделуі және саңылаусыз сыйымдылықтарда сақталуы тиіс.

Өндірістік ағынды суларды жер астындағы арнайы жұту қабаттарына айдауға тек ерекше жағдайда ғана жол береді.

- су айдау әісін қолданбай кенішті игерген жағдайа;

- су айдау жүйесінің құрылысы аяқталғанға дейін, игерудің бастапқы

кезеңінде өндірістік ағынды сулардың аз мөлшерін алған кезде;

- жобаға қарағанда өндірістік ағынды сулардың мөлшері артық болып және оларды басқа кен орындарына тасымалдау тиімсіз болғанда;

- мұнайды дайындау қондырғысында жинақталған кейбір өндірістік ағынды суларды тазартудың технологиясы тым күрделі болғанда.

Топырақты қорғаудың негізгі шаралары:

- мұнайды жинау, айыру, дайындау және тасымалдау жүйелерін саңылаусыздандыру;

- скважиналарды апат кезінде ажыратқыштар көмегімен автоматты түрде ажырату;

- скважина сағасына төгілген мұнайды топырақпен көму;

- жер бетіне төгіліп, ластамас үшін қабаттық және кәсіпшіліктік ағынды суларды қабат қысымын ұстау жүйесінде толықтай қолдану;

- құбырларды 1,2-1,8 м аралығындағы тереңдікте көміп, жер асты арқылы төсеу;

- жерге сапалы техникалық қайта қалпына келтіру (рекультивация) шараларын жүргізу.

Жердің ракультивациясы - бұзылған және ластанған жерлердің өнімділігін және құнарлылығын қалпына келтіруге, сонымен қатар, қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар кешені. Топырақта микроорганизмдердің өздігінен тазаруы және сол жерге бейімделу механизмі жүреді. Рекультивацияны жүргізу әістері микроорганизмдердің өзігінен тазаруы және сол жерге бейімделінуінің табиғи механизмдері үшін қалыпты жағдайда туғызады, сонымен қатар бұл процесті жеделдетеді.

Кәсіпшілік территориясында мұнай шламы сақтайтын қоймаларды (амбарларды) орналастыруға тыйым салынады. Қолданыстағы шлам жинақтағыштар өңделіп немесе пайдаға асырылып кейіннен жерлерді рекультивациялануы тиіс.

Жер қойнауын қорғау, сақтау шаралары мұнай және газ скважиналарын және кен орнының объектілерін тұрғызу кезіндегі барлық негізгі технологиялық процестердің маңызды элементі және құрамында бөлігі болып табылаы.

Жер қойнауын қорғау шаралары мыналарды қамтуы қажет:

- төгілуді, ашық атқылауды, грифон түзілуін, скважина оқпанының қирауын, жуу сұйығының жытылуын және тағы басқа қиындықтарды болдырмайтын шаралар жиыны;

- жер асты және жер үсті құрылғыларының максималды саңылаусыздығын қамтамасыз ету;

- коррозияға қарсы жобаланған шараларды іске асыру;

- биогенді күкірт редукциясының түзілуін ескерту үшін айдалатын суды оның пайда болуын болдырмайтын реагенттермен өңдеу керек;

- қабатқа су айдау үшін ағынды суларды пайдалана отырып сумен қамтамасыз етудің тұйықталған жүйесін енгізу.

 

6 ЕҢБЕК ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ БӨЛІМІ

 

6.1 ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ

 

Ұжымдық шарт жасасу туралы шешім қабылдау құқығы.

Бір немесе бірнеше жұмыс берушілер (олардың өкілдері) және бір немесе бірнеше кәсіптік одақтар не кәсіптік одақтардың мүшесі емес, өз ұйымын құрған қызметкерлер ұжымдық шарттар жасасу мақсатымен келіссөздер жүргізе алады.

Жұмыс беруші ұжымдық шарттар жасасатын тараптардың барлық өкілдерімен келіссөздер жүргізеді.

Ұжымдық шарттың күші ұжымдық шартқа атынан қол қойылған қызметкерлерге қолданылады.

Келіссөздер жүргізілетін уақытқа келіссөздер жөнінде екі жақты комиссия құрылады, оған екі жақтан да тең мөлшерде өкілдер енеді.

Ұжымдық шарттың мазмұны және құрылымы

Ұжымдық шарттың мазмұны келіссөздер жөніндегі екі жақты комиссияда тараптар белгілейді.

Ұжымдық шарт:

-оның қолданылу мерзімі туралы:

-орындалуын бақылау тәртібі туралы;

-шарт талаптарының орындалмағаны үшін жауапкершілік туралы;

-өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы ережелерді қамтиды.

Ұжымдық шарттардың ережелері қызметкерлердің құқығын шектемеуі, еңбек жағдайларын нашарлатпауы және заңдарда белгілеңген кепілдіктерді бұзбауы керек.

Ұжымдық шартты әзірлеу және жасасу тәртібі

Ұжымдық шарттың жобасын дайындау мен оны комиссияның қарауына еңгізуге тараптардың кез келгені бастамасы болуы мүмкін.

Жобаны ұйымның қызметкерлері міндетті түрде талқылауға тиіс. Жобаны талқылау нысанын қыметкерлердің өздері анықтайы.

Жобаны комиссия келіп түскен ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып пысықтайды.

Тараптардың келісіміне қол жеткізілген жағдайда ұжымдық шарт кеміндде екі дана етіп жасаладды және оларға тараптардың өкілдері қол қояды.

Ұжымық шарттың қоланылу мерзімдері мен аясы.

Ұжымдық шарт тараптар белгілейтін мерзімге жасалады.

Егер ұжымдық шарттың ережелерінде өзгеше көзделмесе, ол қол қойылған кезден бастап күшіне енеді және тараптардың орындауы үшін міндетті болады.

Ұжымдық шарт ұйымды басқару органының құрылымы, құрамы өзгерген жағдайда күшінде қалады және қолданыла береді.

Ұжымдық шарт ұйымды қайта ұйымастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) кезеңінде өз күшін сақтап қалады. Кейіннен ұжымдық шарт тараптардың бірінің бастамасы бойынша қайта қаралуы мүмкін.

Ұйымның меншік иесі ауысқан жағдайда ұжымдық шарттың қолданылуы үш ай бойы сақталады. Осы кезеңде тараптар жаңа ұжымдық шарт жасасу немесе қолданылып жүрген шарттың сақталуы, өзгертілуі және толықтырылуы туралы келіссөздер бастауға құқылы.

Ұйым таратылған және ол баңкрот деп жарияланған жағдайда тарату немесе баңкроттық туралы тиісті шешім қабылданған кезден бастап ұжымдық шарттың қолданылуы тоқталады.

Ұжымдық шарттың қолданылу мерзімі ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар тараптардың өзара келісуі бойынша ұжымдық шартта белгілеңген тәртіппен ғана жүргізіледі.

Тараптардың өкілдері қызметкерлерді ұжымдық шартпен таныстырып, оларға орындалу барысы туралы хабарлап отыруға міндетті.

 

 

6.2 ЖҰМЫСШЫЛАР МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН

МІНДЕТІ

 

Жұмысшының келесідей құқығы болады:

- заңмен бекітілген тәртіпке жұмыс берілуімен жеке еңбек келісімін құруға, өзгертуге және бұзуға;

- қауіпсіздік және гигиена талаптарына жауап беретін еңбек шарттары;

- заңдылық анттарда көрсетілмесе мамандық бірлестіктері немесе тағы басқа қоғамдық бірлестіктерге мүше болады;

- оның атқаратын еңбекке байланысты денсаулығына келтірілген зияндыққа төменге;

- жақтардың келісуі бойынша немесе сот тәртібінде еңбек дауларына рұқсат;

- жеке еңбек келісіміндегі нақты көрсететін міндетті тұлғаның құқықтарын талап етуге;

- жұмыс берілу акттарымен және жылдық келісімдерімен таныстыруға және игеруге қатысуға;

- өз мамандық квлификациясын көтеруге жұмысшы келісуге міндетті.

- өз басты жеке еңбек, ұжымдық келісімдермен және жұмыс берілу акттарымен шарт талапын еңбек міндеттерін атқару;

- еңбек тәртібін сақтау;

- жұмыс процесінде жұмыс берілуге зиян келтірмеу;

- еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және санитария бойынша ерекше талаптарын орындау;

- жеке еңбек келісіміне сәйкес сенімделген қызметтік комерциялық және заңмен, қорғаныстық құпияны ашпауға;

- жұмысшы және жұмыс беруші қорғанысын, адам өмірімен денсаулығына қатер төндіретін пайда болған жағдай туралы хабарлауға;

- міндетті зейнетақы салымдарынын есебінен зейнет ақының қамтамасыз ету туралы келісім көшірмесін көрсетуге;

- жинақтау қорының екіншісіне өткенде зейнетақы жинақтарын өткізгенде зейнетақының міндетті салымдардың есебінен зейнетақының қамтамасыз ету туралы жұмыс берушіге хабарлау.

Жұмыс берушінің негізі құқықтары мен міндеттері.

Жұмысшылар еңбегі мерзімді, кесімді және тағы басқа еңбек ақы жүйелері бойынша төленеді. Ақы төлеу еңбектің жеке және ұжымдық нәтижелеріне жүргізілуіне мүмкін.

Жұмысшының еңбек ақысы жұмыс мөлшеріне, сапасына, орындалу қиындығына байланысты болады.

Өндіріс тиімділігі мен жұмыс сапасын арттыруға, жұмысшылардың материалдық қызығушылығын күшейту үшін жыл аяғына жұмыс нәтижесі бойынша салық төлеу жүргізіледі және тағы басқа материалдық жұбаныш түрлері жүргізіледі.

Кәсіпорындардағы еңбек ақы жүйелері ұжымдық келісімдерімен және жұмыс беруші акттерімен анықталады.

Жұмысшыларға квалификациялық талаптармен жұмыстардың қиындығы жұмысшылар мамандығы мен жұмыстың квалификциялық анықтамасының жұмысы қызметтерінің квалификациялық анықтамасының негізінде орнатылады. Көрсетілген анықтамалардың дайындау және пайдалану тәртібі еңбек бойынша құқылы мемлекет мүшесімен анықталады. Орындалатын жұмыстарды белгілі бір қиындыққа жатқызу және жұмысшыларға белгілі квалификациялық орындауды, жұмыс беруші өзі бастап жұмыстардың және жұмысшылар мамандықтарының квалификациялық анықтамаларына және қызметінің квалификациялық анықтамаларына және сондай-ақ басқа да жұмысшылар категориясына орнатылатын типтік квалификациялық талаптарына сәйкес жүргізеді.

Жұмысшылар еңбек ақысы сұрақтары бойынша, әдістемелік ұсыныстар, жұмысшылар мамандықтары мен жұмыстардың бір тарифтік квалификациялық анықтамасын бекіту туралы №260. 2002 жыл 15-қарашадан, Қазақстан Республикасы тұрғындарының еңбек және қорғау министрлігі.

Еңбек ақы мөлшерін жұмыс беруші өзі орнатады және ол Қазақстан Республикасының заңдылығымен бекітілген минимал еңбек ақы мөлшерінен төмен болмауы керек.

Қызметтерді біріктіру шартталған негізгі жұмысымен қоса бір кәсіпорында қосымша жұмысты орындайтын жұмысшыларға қосымша ақы төленеді.

Қызметтерді біріктіргені үшін немесе уақыты жоқ жұмысшының міндеттерін орындау үшін қосымша ақы мөлшерін жұмысшымен келісіп жұмыс беруші орнатады.

Артық жұмысқа, мереке және жұмыс күндеріндегі еңбек ақы, түнгі мерзімдегі еңбек ақы.

Артық жұмысқа төлем ақы төленеді.

- мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа еңбек ақы екі еселік өлшемде төленеді;

- жұмысшы қалауы бойынша мереке және демалыс күнімен ауыстырылуы мүмкін;

- түнгі мерзімдегі жұмыс сағаты төленеді.

Жұмысшылар еңбек ақысы сұрақтары бойынша нұсқаулар.

- жұмыс тұрып қалған уақытқа төлеу тәртібімен шарттары мен жеке еңбектік, ұжымдық келісуімен анықталады;

- ұмысшы кінәсі бойынша тұрып қалу уақытына төлем ақы төленбейді тәртібімен шарттары жеке еңбектік және ұжымдық келісімдер мен анықталады.

Қызметкердің негізгі құқықтары:

- жұмыс берушімен осы Заңда белгіленген тәртіппен жеке еңбек шартын жасасуға, өзгертуге және бұзуға;

- тең еңбегі үшін қандай да болсын кемсітусіз тең ақы алуға;

- қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына;

- егер басқа заң актілерінде өзгеше көзделмесе, кәсіптік одақтарға немесе басқа да қоғамдық бірлестіктерге өз еркімен мүше болуға;

- демалысқа;

- өзінің еңбек міндеттерін атқаруына байланысты денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген зиянды өтеттіруге;

- кепілдіктер мен өтемақылар алуға;

- еңбек дауларын параптардың келісіуімен немесе сот тәртібімен шешуге;

- жұмыс берушіден жеке еңбек шартында параптың атынан өкілдік ететін лауазымды адамның өкілеттігін растауды талап етуге;

- ұжымдық шартпен және жұмыс берушінің актілерімен танысуға;

- өзінің кәсіби біліктілігін атқаруға құқығы бар;

Қызметкер келесілерді орындауға міндетті:

- жеке еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде жазылған еңбек міндеттерін адал орындады;

- еңбек тәртібін сақтауға;

- жұмыс процесінде жұмыс берушіге мүліктік зиян келттіруге жол бермеуге;

- еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитарлық жөніндегі ережелердің талаптарын орындауға;

- жеке еңбек шартына сәйкес өзіне сеніп тапсырылған, қызметтік, коммерциялық эәне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;

- адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруіші мен қызметкерлер мүлкінінің сақтауына қатер төндіретін ахуал туындағаны туралы хабарлауға міндетті.

 

 


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 221 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
АУІПТІ ЖӘНЕ ЗИЯНДЫ ФАКТОРЛАРДЫ ТАЛДАУ| Мужской костюм.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.028 сек.)