Читайте также: |
|
2- дендриттер; импульстерді нейрон денесіне өткізеді; тармақталған.
Аксон; импульстерды нейрон денесінен өткізеді, нейрон денесінен тармақталмай шығады. Осы препараттан қараймыз:Жұлын нейроцитіндегі нейрофибриллалар
Бояуы- азотқышқылды күміспен импрегнацияланған. Атлас 109 б. 131 сурет.
Микроскоптің үлкейтуімен қарап, белгілеулерін табамыз:
3- 1- нейрон денесі; 2- дендрит; 3-аксон. Нейрофибриллалар нейрон денесінде тығыз тор құрап, ал өсінділер құрамында олар білік бойымен ұзынынан орналасады. Нейрофибриллалар микротүтікшелер мен нейрофиламенттерден тұрады
2.Препарат- Жұлын нейроциттеріндегі базофильді зат. Бояуы- Ниссл әдісімен. Атлас 108 б. 130 сурет.
Микроскоптің үлкейтуімен қарап, белгілеулерін табамыз:
1-нейроцит денесі; 2- дендрит. Нейроцит денесі мен дендриттердің негізінде түйіршік немесе дән тәрізді базофильді зат анықталады. Базофильді зат түйіршікті ЭПТ жалпақ цистерналарының жиынтығы болып табылады. Базофильділігі рибосомалар құрамындағы РНК мөлшерінің көптігіне байланысты.
1- аксон. Оның негізінде базофильді зат болмайды.
3.Препарат- миелинді жұлынған/ажыратылған/ препарат, ұзына бойы кесілген бояуы; осмиймен импрегнацияланған. Атлас 115 б. 141 б/ сурет.
Микроскоппен қарап, керекті структураларды белгілейміз:
1-біліктік цилиндр; 2/ қабықтың миелинді қабаты; оның айналасындағы жұқа нейролемма / онша көрінбейді/;
3/ Раньве түйіндік буындары; миелиндік қабаттағы аралықтар сияқты көрінеді. Мұнда біліктік цилиндр айналасында тек нейролемма ғана қалады, ал біліктік цилиндр мембранасында Na + - өзектері болады.
Раньве буындары арасында нерв импульсі Na + - өзектерінің ашылып- жабылуы арқылы емес, талшық ішіндегі электрлік алаңның өзгеруі арқылы беріледі. Бұл өз кезегінде сигнальдың берілу жылдамдығын арттырады. Электр алаңының өзгеруі тек біліктік цилиндр бойында ғана беріледі, миелиндік қабаттың изоляциялық қасиеті бар.
4. Препарат-миелинсіз нерв талшықтары/ жұлынған препарат /. бояуы; гем-эозинмен. Атлас 113 б. 138 сурет.
Микроскоппен қарап, керекті структураларды белгілейміз:
1- леммоцит /Шванн жасушасы/ ядросы; талшықтың ортасында орналасады.
2- Біліктік цилиндрлер /нейрон өсінділері/. Талшық шетіндегі леммоцит цитоплазмасында 10-20 біліктік цилиндр орналасады. Әр цилиндірдің сырт жағында леммоциттің үстінде плазмолеммасы түйісіп
3.Мезаксон құрайды. 4- нерв талшығы айналасындағы базальды мембрана.139 суреттегі бойынша: 1- нерв талшықтары. Олар бір- бірінен препаратты дайындау барысында ажыратылған; 2- олигодендроцит/ леммоцит немесе Шванн жасушалары/ ядролары: жіңішке,талшық ортасында және оның білігі бойымен орналасқан
Көру ағзасының морфофункциональдық құрылысын сызбадан анықтаймыз:
Атлас 138 бет. 163 сурет. Көз алмасының жалпы көрінісі.
КӨЗДІҢ ФИБРОЗДЫ ҚАБЫҒЫ: 1/ ақ қабық; 2/мөлдір қабық; 3/лимб/ақ қабықтың мөлдір қабыққа өткен жері/.
КӨЗДІҢ ТАМЫРЛЫ ҚАБЫҒЫ: 4/меншікті тамырлы қабығы; 5/кірпікшелі дене және оның; 6/кірпікті өсінділері, олардан көз бұршағына/7/ қарай 8/ кірпікті белдеу шығады.9/ нұрлы қабық және ондағы: 10/қарашық.
11/КӨЗДІҢ ТОРЛЫ ҚАБЫҒЫ және ондағы 12/ соқыр дақ, көру нервінің /13/ шығатын жері.
КӨЗ АЛМАСЫНЫҢ ІШКІ ЯДРОСЫ: 14/көздің алдыңғы камерасы/мөлдір және нұрлы қабықтардың арасында/; 15/көздің артқы камерасы/нұрлы қабықтың артында/; 7/ көз бұршағы; 16/ шыны тәрізді дене.
5.Препарат- Мөлдір қабық. бояуы; гем-эозинмен. Атлас142 б.166 а,б сурет.
Микроскоппен қарап, керекті структураларды белгілейміз:
А-суреттен кіші үлкейтуімен анықтаймыз:
1- мөлдір қабықтың алдыңғы эпителийі: түлемейтін көп қабатты жалпақ;
2- алдыңғы шекаралық мембрана: коллаген талшықтары мен аморфты заттан тұрады;
3- мөлдір қабықтың меншікті заты: тығыз қалыптасқан талшықты дәнекер тінінен тұрады;
4- артқы шекаралық ме брана;
5- мөлдір қабықтың артқы эпителийі: бірқабатты жалпақ
б/ суреттен – мөлдір қабықтың алдыңғы эпителийі және ондағы;
1- жасушалардың базальды қабаты; 2- тікенекті қабат; 3- жалпақ жасушалардың қабаты; 4- базальды/ алдыңғы шекаралық/ мембрана.
Төмендегі берілгендерді атластан оқимыз:
Препарат- Көздің артқы қабырғасы бояуы; гем-эозинмен. Атлас 144б.167/ в/сурет.
Микроскоппен қарап, керекті структураларды белгілейміз:
Торлы қабық және оның қабаттары;
1- базальды мембранада орналасқан торлы қабықтың пигментті эпителийлі қабаты / пигментті жапырақша/ қара түсте көрінеді.
2- жарық сезгіш нейрондар дендриттерінің /шеткі өсінділерінің/ - таяқшалар мен сауытшалар қабаты ақшыл түсті көрінеді.
3- глиоциттердің өсінділерінен түзілген сыртқы шекаралық қабат;
4- сыртқы ядролық қабат: жарықсезгіш нейрондардың ядролы бөліктері;
5- сыртқы торлы қабат: жарықсезгіш нейрондар аксондарының ассоциативті нейрондар өсінділерімен байланысу аймағы;
6- ішкі ядролық қабат; ассоциативті нейрондар мен глиоциттердің ядролы бөлігі
7- ішкі торлы қабат:ассоциативті нейрондардың ганглионарлы нейрондармен байланысу аймағы;
8- ганглионарлы қабат. Ганглионарлы нейрондардың денелері.
9- Нерв талшықтарының қабаты: соқыр даққа бағытталған ганглионарлық нейрондардың аксондары;
10- Ішкі шекаралық қабат; торлы қабықпен шыны тәрізді дененің шекарасында орналасқан глиоциттер өсінділерінен тұрады.
Сезім ағзалары: есту, тепе- теңдікті сақтау және дәм сезу ағзалары
оқуға:
Препарат- ортаңғы және ішкі құлақ бояуы; гем-эозинмен. Атлас 151б. 175 сурет.
І- ОРТАҢҒЫ ҚҰЛАҚ: 1/дабыл жарғағы; 2/ дабыл қуысы. ЕСТУ СҮЙЕКШЕЛЕРІ: 3а/ -балғаша; дабыл жарғағына бекиді; 3б/- төс; 3в/- үзеңгі; ішкі құлақтың сопақ тесігінде орналасады. Есту түтігі /суретте көрсетілмеген/; дабыл қуысынан мұрынжұтқыншаққа барады.
ІІ- ІШКІ ҚҰЛАҚ/ самай сүйегінің пирамидасында/; бұл сүйектік және оны толық дерлік қайталайтын жарғақты шытырман.
1- ұлу немесе cochlea / сүйекті шытырманның алдыңғы бөлігі/: сүйектік білікті 2,5 рет айналатын шиыршықты сүйекті өзек;
2- кіреберіс немесе vestibulum /сүйекті шытырманның ортаңғы бөлігі/: шытырманның көрші бөліктерімен байланысатын сопақ қуыс, оның екі терезесі болады; сопақ/ кіреберіс терезесі/- онда үзеңгі сүйегі орналасқан; домалақ/ ұлу терезесі/- екіншілік дабыл жарғағымен жабылған.
3- Үш жартышеңберлі өзек/ сүйекті шытырманның артқы бөлігі; суретте тек бір ғана өзек көрсетілген/: үш өзара тік жазықтықта орналасқан;
4- Жартышеңберлі өзек ампулалары; өзектердің кіреберіске ашылған жерлеріндегі кеңеюлері.
6.Препарат- ұлудың аксиальді кесіндісі- тышқан ұрығының бас сүйегі кесіндісі бояуы; гем-эозинмен. Атлас 153 б. 177 а сурет.
Микроскоппен қарап, керекті структураларды белгілейміз:
а/ кіші көрінісі: ұлудың сүйекті өзегінің кесіндісі
1. СҮЙЕКТІ ҚҰРЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТУЫНДЫЛАРЫ:
1- ұлудың сүйекті бөлігі;
2- біліктен басталып, ұлу өзегінің саңлауының ортасына дейін баратын иірімді тарақша; тарақша ішінде иірімді нерв ганглийі/2А/;
3- лимб; тарақша сүйек қабынуының қалыңдауы; лимб жиегі екіге бөлінеді;
4- кіреберістік ерін және 5- дабыл ерні, олардың арасында 6- иірімді жүлге бар
ІІ- ҰЛУДЫҢ ЖАРҒАҚТЫ ӨЗЕГІНІҢ ҚАБЫРҒАЛАРЫ:
5- базиллярлық пластинка: иірімді сүйекті қырынан басталады. Онда 9- кортиев ағзасы орналасқан. 10- кіреберістік мембрана: лимбтің кіреберістік ернінен басталады; 11- сыртқы қабырға; сүйекті өзек қабырғасымен бітісіп өседі, оның екі бөлігі болады; 12- тамырлы жолақ/ саңлау жаққа бағытталған бетінде/ және 13- иірілмелі байлам/ сүйекке жанасып жатыр/.
ІІІ- ҰЛУДЫҢ СҮЙЕКТІ ӨЗЕГІ НӘТИЖЕСІНДЕ ҮШКЕ БӨЛІНЕДІ;
14- кіреберістік саты/ сопақ терезеден басталады/; 7- ұлудың жарғақты өзегі; 15- дабыл сатысы/ ұлудың ұшы аймағында кіреберістік сатымен байланысады, кіреберістің сопақ терезесі аймағында бітеді/. Сатының екеуіде перилимфамен ал жарғақты өзек – эндолимфамен толтырылған.
Дәм сезу ағзасын оқу
7.Препарат- тілдің жапырақ тәрізді бүртіктеріндегі дәм сезу бүршіктері бояуы; гем-эозинмен. Атлас 161 б. 183 а,б сурет.
Микроскоппен қарап, керекті структураларды белгілейміз:
Дәм сезу ағзасы- тілдің көптеген бүртіктерінің бүйір қабырғасының эпителийінде орналасқан дәм сезу бүршіктерінің жиынтығы.
1- жапырақ тәрізді бүртіктер: түлемейтін көп қабатты жалпақ эпителиймен қапталған
2- бүртік арасындағы тар саңлаулар, 3- дәм сезу бүршіктер: аталған саңлаулармен байланысады, пішіні сопақ немесе домал
Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 261 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ОРГАН ЗРЕНИЯ И ОБОНЯНИЯ | | | Зубы. Строение и источник развития эмали. |