Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Технология

Читайте также:
  1. II. Технология подготовки журналистских произведений
  2. II. Технология подготовки публицистических произведений
  3. а)Технология проектирования ИХ
  4. Арттерапия как социально – психологическая технология в работе с детьми - сиротами
  5. Бірінші орынды техника мен технология алатын, адамды енгізетін жүйені кім ойлап тапты?
  6. Буронабивные и грунтовые сваи, технология их устройства.
  7. Виды и технология автомобильных перевозок (сообщений).

“Флоушит” – пікірсайыстың маңызды техникаларының бірі, бұл пікірсайыс раунды кезінде әртүрлі түйіндеу, сілтеулер, жауаптар мен дәйектерді бақылау жүйесі. Көптеген пікірсайысшылар раундты конспектілеу (флоушит) үшін 8,5*11 не 8,5*17 дюймдік қағаз бетін пайдаланады. Флоушит жасау үшін қағаз бетін 6 тізбекке бөліңіз, әрқайсысы раундтың бір сөзі үшін резолюция мен кейстің тұжырымын парақтың жоғарғы бетіне жазыңыз, Сіз оларға раунд бойы жүгінесіз. Дәйектедің енізілуіне қарай оларды нөмірлеп тиісті тізбекке жазып отырыңыз. Стрелка мен сызықтарды,дәйектер мен жауаптарды, оларға деген контр-жауаптармен байланыстыру үшін пайдаланыңыз. Жауапсыз қалған не ұмытылып кеткен дәйектерді дөңгелетіп қоюға болады, т. с. Сауатты толтырылған флоушит раунд бойына дәйектермен не болғанын көрсетеді, жауап беруді қажет ететін, еске салынатын дәйектерді тауып алуға көмектеседі. Флоушитті өзіңіздің сөзіңізге дайындалар кезіңізде сараптаманың сызықтарын анықтау үшін пайдаланыңыз. Өзіңіздің сөзіңізден кейін де флоушитті толтыруды ұмытпаңыз, бұл сіз үшін жақсы тәжірибе болады, сондай-ақ әріптесіңізге көмектесуге, раундқа біткен соң баға беруге көмектеседі. Есіңізде болсын – көптеген төрешілер шешім шығарар кезде өз флоушиттеріне жүгінеді, сондықтан өз флоушитіңіздің дұрыс толтырғандығына күмәніңіз болмасын.

Стиль

Ең мықты дәйектердің өздері жалықтыратындай, сенімсіз ұсынылса пәрменді әсер ете алмайды. Есіңізге сақтаңыз, парламенттік пікірсайыс сендіруге негізделген, ол не ұсынылғанына ғана емес, қалай ұсынылғанына да байланысты. Осыған сәйкес, көптеген төрешілер шешім қабылдар кезде кейбір стилистикалық факторларды ескеріп отырады. Сөйлеу стилі – бірнеше бетке сыйғызатын нәрсе емес. Стиліңізді жақсартудың ең тиімді жолы – тәжірибе. Одан кейінгісі өте тәжірибелі пікірсайысшылар мен шешендерді тыңдап, олардың бойындағы ұнаған жақтарына еліктеу. Риторика мен стилистиканың дамыған технологиялары әдістемелік құралдан тыс болғанына қарамастан, онда жас пікірсайысшылар әрдайым тап болатын стилистикалық қиыншылықтармен күресетін біршама жалпы нұсқаулар бар.

Дауыс

Көптеген жас пікірсайысшылардың ортақ проблемасы – монотонды сөйлеу. Бұл төрешіні ұйықтатудың ең оңай жолы. Тон мен фразаларды ұсынуды құбылтыңыз, ауызекі стиль мен дауыс тонын қолдануға болады. Сөзіңіздің әрі сенімді, әрі тәкәппар шығуына, тым паң болмауына тырысыңыз. Бұл төрешінің назары мен қызығушылығын тудырып отырады, Сізге маңызды сәттерде драмалық (жоғарғы) тон арқылы өз сөзіңіздей кейбір мәселелерді бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Төрешінің сізді естіп отырғанына көзіңізді жеткізіңіз, бірақ бар дауыспен айқайлаудың қажеті жоқ. Сіздің даусыңыз бөлменің көлеміне ыңғайлану керек, лекцияда ұтымды болғаны кішкентай класста ұнамсыз әрі ұтымсыз естіледі.

Жылдамдық

Парламенттік пікірсайыс – бұл жоғарғы жылдамдықтағы саяси пікірсайыс емес. Егер сіз “Карл Попперде пікірсайыстың жоғары жылдамдығын пайдалануға үйреніп кетсеңіз, бұл әдеттен құтылудың уақыты келді. Төрешілер тез сөйлеудің арнайы тренингтерінен өтпеген, сондықтан егер сіздің жылдамдығыңыз минутына 200 сөзді құраса, бұл өте тез, төреші сіздің кейбір дәйектеріңізді жазуға үлгермей қалуы мүмкін. Шын мәнінде әрбір пікірсайысшыға жылдамдықты сәл басу жақсы кеңес болар еді. Кілтті пункттердің арасында жаңа дәйектердің алдында, маңызды мысалдан кейін кідіріс жасаудан қорықпаңыз. Көптеген жас пікірсайысшылар конструктивті сөздердің көбінде 8 минут бойы қобалжыған күй кешеді: одан құтылудың бір жолы – сізде бар минуттың артықшылықтарын іске асыру, жылдамдықты басыңыз, сонда сөзіңіз әрі түсінікті, әрі тез жететін болады.

Дикция

Нақты сөйлей отырып ауызекі стильді сақтаңыз. Сөздерді жұтпаңыз және бұрмаламаңыз, әйтпесе төреші сіздің сөзіңіздегі маңызды нәрсені жіберіп алуы мүмкін. Сөйлеу қоспаларынан құтылыңыз, сөйлемдеріңізді үрей тудыратын “Умммм” және “Ээээ..” сияқтылармен бөлмеңіз. Бұлар сөзіңіздің мәнінен көңілді аудартып жібереді. Өз әріптесіңізге бұларды қолданбауын қадағалап тұруына өтініш жасаңыз. Және де үлкен өтініш – маужырап, ұйықтап кетпеңіз және еркек спикерді “спикер ханым”, ал әйел спикерді “спикер мырза” деп атамаңыз. Олар мұны түсініп өкпелемейтін шығар, бірақ бұл шын мәнінде ыңғайсыз естіледі.


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 146 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тікелей байланыс | Тығыз байланыс | Философиялық (құндылықты) кейс | Негізгі түйіндер | Толықтырулар | Байланыс | Барлығы ойдағыдай болмаған жағдайда | Оппозиция мүшесінің міндеттері | Жинақтау | Пікірсайыс негіздері туралы тағы бірер сөз |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тәртіп бұзу| Назначение и виды арматуры

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)