|
Егер Оппозиция Премьер-министр аталған критерилерді (тавтология, арнайы білімді қажет ету, труизм) бұзатын кейс ұсынды деп санаса, онда Оппозиция Лидері сөзінің алғашқы минутында оларды атап көрсетіп дәлелдеп беруі тиіс. Егер Оппозиция осы жерде айтып кетпеген болса, онда Оппозиция раунд бойы үкімет ұсынған кейс бойынша пікірсайыстыруы тиіс болады. Ал егер кейс өзгертілген болса, онда ОЛ Үкіметтің кейсін толықтырып оған қосқан ұсыныстары арқылы пікірсайыстыруға болатындай жасауы қажет. Бірақ барлық өзгертулер алдыңғы кейстің ізімен жүргені дұрыс. Толықтыруларды енгізудің мақсаты пікірсайысты қамтамасыз ету. Себебі басқа жағдайда: «Бұл труизм»/ «Жоқ, бұл трузм емес» деп дауласқаннан ешкімге де пайда әкелмесе керек. Толықтырудың алғашқы қадамында қарастырылып отырған кесте Оппозиция үшін терістеуді күрделендіретін немесе мүмкін етпейтін жақтарын түсіндіру талап етіледі. (Барынша салмақты болып, құрғақ айқайдан аулақ болу керек). Осыдан кейін Оппозиция өз ұсыныстарының қажеттілігін түсіндіріп, екі міндетті атқаратындығын дәлелдеп беруі керек. Біріншіден, Үкімет ұсынған кейстің ізімен өзгертілгендігін, яғни Үкіметтің негізгі ойын дамытатын, ал екіншіден, Оппозицияға терістеуге мүмкіндік беретіндігін көрсетуі керек. Мысалы, Кейс: «Ата-аналар балаларын себепсіз жазаламауы керек» – труизм. Толықтырулардан кейін: «Ата-аналары балаларын сабамауы керек». «Үкімет полиция қызметінің қатаңдығын шектеуі керек» – труизм. Толықтырулардан кейін: «Полиция қызметін реттеуші Заң қаталдануы тиіс». «1994 жылы саяси тұтқындауға жол бергендіктен АҚШ Гвенея-Биссау үкіметіне қолданылатын санкция ретінде астыққа эмбарго енгізуі керек» – арнайы білім. Толықтырулардан кейін: «АҚШ адам құқықтарын сақтамайтын және оларды бұзу тіркелген елдерге экномикалық санкциялар қолдануы керек». Егер кейске Оппозиция Лидермен толықтырулар енгізілген болса, онда Үкімет Мүшесінің екі амалы бар. Біріншісі, кейстерінің тавтология немесе труизм еместігін дәлелдеу. Бұл үшін ол саналы адамның қақтығыста жасауға мүмкіндік беретін кем дегенде бір (мүмкіндігінше екі немесе үш) дәйек ұсынуы керек. Екіншіден, кейстің труизм екендігімен келісе отырып, толықтырулар енгізілген кейс бойынша пікірсайыстыру. Бұл жағдайда Үкімет мұндай кейсті ұсынғаны үшін жазалануы мүмін, дегенмен Оппозиция да жаңартылған кейспен пікірсайыстырып та жеңілуі мүмкін нәрселер. Дәйектердің шекарасын қалыптастырған кезінде Үкімет тобы дайындаған дәйектерінің негізгі бағытын, яғни дәйектердің кейсті тікелей қолдайтындығына көз жеткізуі керек. «Барлық Әлеуметтік сақтандыру жүйесі таратылуы қажет» деген тұжырымда осы жүйедегі барлық кемшіліктерді атап шығу аз болмақ. Бұл жағдайда Үкімет бар жүйені түзету мүмкін еместігін және оны түбегейлі өзгерту керек екендігін көрсетуі керек.
Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 152 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Негізгі түйіндер | | | Байланыс |