Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Рылыс орны туралы бастапқы мәліметтер

Читайте также:
  1. Герман тайпаларының қоғамдық құрылысы және дамуы.
  2. Дәріс тақырыбы 10: Найзағайдың әсерінен болатын өрт жарылыс қауіпсіздігі.
  3. Дәріс. Құрылымдар және мәліметтердің басқа формалары.
  4. Дәріс. Паскаль тілі туралы негізгі мағлұматтар. Меншіктеу операторы. Шартты оператор.
  5. ЗЕН КЕНОРНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
  6. Көрсеткіштер туралы қысқаша мағлұматтар
  7. Кафедра және оқытушылар туралы мәліметтер

Бір қабатты өнеркәсіптік ғимаратқаа ірі өлшемді ауыр технологиялық бұйымдармен жабдықталған жоғарғы динамикалық жүктемелермен, қатты дыбыс тербелістерінде жұмыс істейтін, металлургия және машина жасау ауыр өндірістерінің бөлімдері мен цехтерін жайғастыруға арналған ғимарат.

Құрылыс алаңы Хорьков қаласында орналасқан. Құрылыс климаттық аймағы – Ів. Қар қыртысы (аймақ) – ІІІ (100кг с/см2). Ең суық 5 күндік температурасы – t=-23С . Ылғалдылық зонасы – құрғақ. Құрылыс алаңы – сейсмикалық емес.

Тапсырмада берілген нұсқа (вариант) -

Ғимараттың технологиялық сұлбасы,жоспары:

 

Өндірістік кәсіпорынның цехтың атауы:.................................

Аралық өлшемдері: А = м; Б = м; В = м;

Аралық биіктігі: НA = м; НБ = м; НВ = м.

Ғимараттың ұзындығы: L3= м.

Көтергіш крандар: Qб = т; Qаа = т;

Есептелген ішкі температурасы: + .

Әкімшілік-тұрмыстық ғимаратты есептеуге және жобалауға арналған мәліметтер:

Барлық жұмысшылар саны -

Бір ауысымдағы ең жоғарғы жұмысшылар саны -

Әйел жұмысшылардың үлесі -

Әкімшілік инженнер-техникалық қызметшілер саны -

Өндірістік жұмыстың күрделілік тобы -

Жұмысшылардың шеберлік дәрежесі -

Ғимрат жайғасымы (жоспары)

Ғимрат жайғасымы(жоспары) бұл- жобада ұсынған бір қабатты өнеркәсіптік ғимараттың жоғарыдан тік төмен бағыттағы 0,000 деңгей бойынша нақты өлшемдерден 1:400 масштабпен кішірейттіліп сызылған көрінісі. Ғимараттың таңдаған жайғасымы тік төртбұрыш пішінді. Оның жалпы ұзындығы және ені алғашқы мәліметтерден алынады. Жайғасым сызбалары белгіленген реттілікпен орындалады. Алдымен сызба қағазға шоғырландырғыш торларды немесе қабырғалар мен тіреулердің (бағандар мен) ұстындар осьтік сызықтарын түсіреді, сосын көтеруші және қоршаушы құрылымдық: қабырға, арақабырға, бағандардың өлшемдері бойынша ғимарат жайғасымы cызылады.

Бағанаралық өлшемдер ортаңғы және шеткі бағанаралық өлшемдерден құралады. Бұл өлшемдер өндірісте жобаланған көтеруші тасымалдаушы крандардың жүк көтеру қуатына байланысты таңдалады және ось жерлері анықталады. Бұл жобада шеткі екі аралықта 12х12м ортанғы аралықта 12х24м осьтері белгіленген.

Бағандарды көлденең қималары тік төртбұрыш пішінді 400х400мм және ортанғы бағандардың қимасы 400х600мм өлшемдер таңдалады.

Көлденең және бойлық осьтердің түйілістерінде баған орындары көрсетіледі. Ғимарат жайғасымының белгіленген аралықтарында аспалы және көпір кранның орналасуы, олардың жүк көтеру қуаттары шартты белгілермен көрсетіледі.

Жайғасым сызбасында жобада ұсынған өндіріс технологиялық сұлбасы негізінде ғимарат ішіндегі цех бөлімдердің шекаралары белгілініп, аттары жазылады. Сыртқы және ішкі есіктер белгіленіп стандарт бойынша таңдаған өлшемдері белгіленеді. Егер цех бөлімдердің жобасында темір жол рельстері ұсынылса, ол тиісті шартты белгілермен көрсетіледі.

Ғимараттың құрылымдық ерекшелігіне байланысты температуралық және шөгім жіктері жанама әкімшілік – тұрмыстық ғимараттардың баған,қабырға іргетастары аралық өлшемдері ажыратылып белгіленеді.

Аралықтардың ұстындары 400х600 мм, іргетастың еңу тереңдігі -1650 және -1950 мм

Ғимараттың ұзындығы 108 м болғандықтан бір температуралық жік қарастырылған. Жобада темір- бетонды қырлы жабындар қолданылған. Олардың өлшемдері 6х12м болатын темірбетонды рамалар жобады қолданылады.

Ғимарат жоспарының ерекшілігіне байланысты көлденең және бойлық кескіннің қима сызықтары белгіленеді.

Сыртқы қабырға қалыңдығы жылутехникалық есептеулерден алынады.

Қадам және өткіндердің өлшемдеріне сәйкес бойлық және көлденең осьтер үзік сызықтармен көрсетіліп, реттік шартты таңбалары қойылады.

Қабырғаларда және арақабырғаларда есік және терезе ойықтары көрсетіледі.

Ғимраттың ішкі бөлімінде негізгі бөлмелердің ені, тереңдігі, қабырғалар және арақабырғалардың қалыңдығы бөлмелердің атауы, терез ойықтарының өлшемдік маркаларын көрсетеді м: (ОР 15-21) – терезелік рама биіктігі 1,5м ені 2,1м.

Жобаны бастау үшін алдымен жоғарыда айтқандай оның жайғасымы(планы) сызылады.Бұдан кейін жайғасымы бойынша ғимараттың бойлық және көлденең қима кескіндері көрсетіледі.

Жобаланатын ғимараттың көлденең және бойлық бағыттағы көтеруші құрылымдардың түйілісін көрсететін өзара қиылысқан сызықтарды шоғырландырғыш осьтер немесе координациалық осьтер деп атайды.Шоғырландырғыш осьтер жайғасымда және қимасызбаларда белгіленген реттілікпен көрсетіліп, өлшемдері қойылады.

Шоғырландырғыш осьтердің бойлық бағыттағы аралық өлшемі- қадам(шаг) деп аталады.

Оны алфавит реті бойынша бас әріптермен белгілейді. Ал ендік бағыттағы өлшемдерін аралық(пролет) немесе өткін деп атайды. Аралық немесе өткін өлшемдері реттелген санмен белгіленеді. Ғимарат қабаттарының биіктігі төменнен жоғары қарай әр қабаттан еденнен еденге дейінгі биіктік алынады.Нөлдік деңгей ретінде бірінші қабат еденінің таза деңгейі есептеледі.

Шоғырландырғыш(разбивочных) осьтерді байлау ережелері.

Құрылыс жүйелерінде ғимаратты жобалағанда көтеруші құрылымдардың түйілістерін анықтайтын, шоғырландырғыш осьтермен байлау өлшемдерін көртететін арнайы ережелер қолданылады.Ірі панелді ғимараттарда ішкі қабырғалардың шоғырландырғыш осьтері оның геометриялық осімен дәл сәйкеседі.Сыртқы қабырға осьтерінің, қабырғаның ішкі қырына дейінгі орналасу қашықтығы бір және екі қабатты бетон панелдер үшін 80 мм,үш қабатты болса-110мм,бетон емес материалдардан дайындалған панелдерде-50мм,кірпіш және ұсақ блоктардан істелген ғимараттарда сыртқы қабырға осінің оның ішкі бет жазықтығымен байлау қашықтығы-100мм,ішкі қабырға бетімен байлау қашықтығы-120 мм. Шоғырландырғыш осьтер аралығындағы қашықтықтар L1, L2, L3 берілген модульдік қашықтық L0 –ге интервалдық қашықтықты қосу арқылы төменде көрсетілген формулалармен анықталады:

-сыртқы және ішкі қабырғалар осьтерінің аралығы:

L1 = L0 +0,5Δ1 ;

-ішкі қабырғалар аралығы:

L2 = L0 +0,5Δ1 ;

-қалыңдығы әр түрлі ішкі қабарғалар аралығы:

L1 = L0 +0,5(Δ1+ Δ1);

 

сурет. Ғимарат жосарында шоғырландырғыш осьтерінің көтеруші қабырғалармен байланысуы.

а) Шоғырландырғыш осьтердің ғимараттың кірпіш қабырғасымен байланысы;

б) Көлемді блокты ғимараттар қабырғасымен байланысы

Сыртқы қоршау құрылымдарының жылу техникалық есептеулері және сыртқы қабырға,жабын құрылымдарының қалыңдығын анықтау

Жылдың суық мезгілінде барлық сыртқы қоршау құрылымдар үшін жылу техникалық есептеулер істегенде құрылыс ауданы, пайдалану жай күйі, ғимараттың қолдану мақсаты, денсаулық – тазалық талаптары, бөлмелердің ішкі температурасы және сыртқы ауаның суық маусымдағы температуралары есепке алынады.

Ішкі қоршау құрылымдарының (қабырға, арақабырға, аражабын) жылу техникалық есебі температуралар айырымы жоғары болғанда ғана істеледі.

Салқын, суық аймақтарда салынатын ғимараттардың жылу қорғанысы үшін негізгі есептік көрсеткіштер ҚР ҚНжЕ (ІІ-3-79*) «Құрылыс жылутехникасы» - стандарттар құжатында көрсетілген.

Құрылыс тәжірибесінде бір қабатты қоршау құрылымдар үшін тығыздығы 400-100кг/м3-қа дейін жеңіл, ұяшықты бетондар, көп қабатты қоршау құрылымдар үшін тығыздығы 40 – 100 кг/м3 болатын пенопласт және минералды мақта түріндегі белсенді жылуоқшаулағыштар қолданылады.

Жылу – техникалық есептеулері үшін берілетін негізгі деректер:

Құрылыс ауданының суық,салқын мезгілдеріндегі сыртқы ауаның есептік параметрлері

Жылу техникалық есеп «Құрылыс жылутехникасы ҚР ҚЖжЕ 2.04-03-2002 сәйкес жылу техниканың есебінің көрсеткіштері алынады.

Ғимараттың қоршаушы құрылымдарының(қабырғаның және жабынның) жылу техникалық есебі құрылымдардың қалыңдығы және қоршау материалдарының жылу өткізу кедергісінің шартты шамасына байланысты есептеледі. Бұл жерде нақты есептелген жылу өткізу кедергісі R, талап бойынша көрсетілген кедергіден кем болуы тиіс. Яғни, R ≤ .

Ғимараттың өндіріс цехтің немесе бөлменің қыс мезгіліне қажетті жылумен қамту ерекшілігіне байланысты талап етілген жылу кедергісі келесі өрнекпен көрсетілген.

Бір қабатты және көпқабатты бәртекті қоршау құрылымының жылулық есептеу. Жобаланатын ғимараттың өндірістік цехтың немесе бөлменің қос мезгілінде қажетті жылумен қамтылу ерекшілігіне байланысты жылу кедергісі келесі өрнекпен анықталады.

Осы шартқа байланысты алдымен талап кедергіні төменде келтірілген формуламен анықтайды:

=

t - бөлменің ішкі температурасы ҚР ҚжЕ МЕСТ 12.1-005-88

t - қоршаған қабырғаның ішкі бетінің және ішкі ауаның нормативті температурасы ҚР ҚЖжЕ ІІ – 3-79

n – қоршаған құрылыстың сыртқы бетінің сыртқы ауамен қатынасына тәуелді коэффициент

– қоршау құрылымының ішкі бетінің жылу қамту коэффициент. ҚР ҚНжЕ ІІ -3. 79. Қабырғалар е, едендер, қабырғалар биіктігі мен қырларының биіктігі қатынастары (һ/а болғанда

- қоршау құрылымының ішкі бөліктің және ішкі ауаның арасындағы нормативтілік температуралық түсім

ЖМТГ (ГСОП) жылыту маусымының тәуліктік градусы

Үлгі есептеу:ЖМТГ(ГСОП) = (16 – (-5,2)·203 = 4558 гр/тәул

ҚНжЕ кестеден интерполяция әдісі арқылы анықтаймыз:

4000 гр/тәул – 2,5 Вт/(м2*0с); 6000 гр/тәул – 4000 = 2000 0,5/2000= 0,00025

6000 гр/тәул – 3 Вт/(м2*0с); 3 – 2,5 = 0,5

4558 гр/тәул – 4000 гр/тәул = 558 гр/тәул

558 * 0,00025 + 2,5 = 2,6395 Вт/(м2*0с); R0эн = 2,6395 Вт/(м2*0с);

 

 

2,6395 > 0,46 шарт орындалды

 

кесте.Таңдау бойынша жобаланған үш қабаттан тұратын қабырға материалдарының ҚНжЕ анықтамаларынан алынған жылу техникалық көрсеткіштері

Наименование слоя δ,м γ, кг/м3 λ, Вт/(м*0с) S, Вт/(м2*0с) R, м2*К/Вт D
  Бетон ерітінді 0,05   1,74 16,7 0,03 0,5
  Газобетон   0,11 1,68 1,8 3,0
  Бетон ерітінді 0,05   1,74 16,7 0,03 0,5

Үшқабатты жеңілбетон қабырғаның есептік сұлбасы.

 

- қабырға қабаттарының көлемдік салмағы

Қабырғаның жылылағыш қабатының қалыңдығы және қабырға қабаттарының жылу беру кедергісінің нақты есептік мәні келесі шартты теңдеулер бойынша анықталады

Ro =

=

Ro =

мұндағы: aн - сыртқы қабырға және жабынның жылу қайтару коэффициенті aн=23 Вт/(мС)

- қабырғаның жылылағыш қабатының қалыңдығы;

- жылылағыш қабат материалының жылу өткізгіштік коэффициенті;

- бір немесе көп қабатты қоршау құрылымдары үшін есептеледі

 

Ғимаратта бөлмелік ылғалдылықты тәртібі сыртқы және ішкі ауданның көрсеткіштеріне байланысты төмендегі кесте бойынша көрсетіледі:

Ауа ылғалдылығы, (%) Ішкі ауа температурасы
t≤12°С 12°С≤t<24°С 24°С<t
Құрғақ % <60 <50 <70
Қалыпты % 60< <75 50< <60 40< <50
Ылғалды % 75< 60< <75 50< <60
Сулы % - >75 >60

 

 

Қабырға қабаттары материалдарының физикалық көрсеткіштері

Қабат материалдары Тығыздығы S R=
  Цементті сылақ   0,8 8,65 0,01 0,0121
  Керамзит-бетон   0,3 3,95 - -
  Декаративті бетон   1,25 12,5 0,03 0,024

кесте – төбе жабынының жылу-техникалық есебіне арналған үлгі

Қабаттың атауы δ,м γ, кг/м3 λ, Вт/(м 0С) S Вт/(м2 0С)
  Қырлы плита 0,025   2,04 18,95
  Буоқшаулығыш битум мастика 0,003   0,27 6,80
  Жылытқыш пенополистерол Х 0,14   0,06 0,99
  Цемент-құмды тартпа 0,05   0,93 11,09
  Суоқшаулағыш 3 қабат рубероид 0,009   0,17 3,53
             


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 343 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сызба бөлімі.| Имараттың көлденең кескіні

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)