Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Максимальді балл - 20

Читайте также:
  1. Максимальді балл - 20

Стандартталған әртіске (науқасқа) арналған сценарийдің мәтіні және рөлінің сипаттамасы:

Науқас кушеткада отыр. Қалпы мәжбүрлі - екі қолымен ішін ұстап, бүгіліп және ауыру сезімінен анда-санда ыңырсып отыр. Шағымдары: ішінің ауыру сезімі, сұйық нәжіс, қалтырау, қызба, бас ауыру, құсу, жалпы әлсіздік, аузының құрғауы.

 

Сұрақтың маңызы Актерға қойылатын сұрақ Актердің жауабы
Ауру басталған уақыттап бастап Сіз қашан ауырдыңыз? 20 маусым сағат 10.00-де ауырдым
  Аурудың даму динамикасы Ауру қалай басталды? Жалпы әлсіздік пайда болды, құсу, сосын 2-2,5 сағаттан соң дене қызуым көтерілді, іштегі ауру сезімі және сұйық нәжіс қосылды.
Дене температураңыз қаншаға дейін көтерілді? 38,50С-ке дейін
  Аурудың даму динамикасы (жалғасы)     Іштегі ауру сезімі тұрақты сипатта болды ма? Жоқ, толғақтәрізді болды –ауырады, кішкене уақыттан кейін басылады. Әдетте дәретханаға барардың алдында күшейеді, кейде өздігінен болуы да мүмкін.
Ауру сезімі дәл қай жеріңізді мазалайды? Асқазан аймағын, кіндіктің айналасын.
Сұйық нәжіс қанша рет болды? 5 ретке дейін
Нәжісіңізді сипаттап беріңізші. Қандай болды? Сұйық, көп мөлшерде, қою түсті, жағымсыз иіспен.
Нәжісіңізден қан және шырыш байқамадыңыз ба? Шырыш аздап болды, бірақ қанды байқамадым.
Қанша рет құстыңыз? 2 рет.
Сізді шөлдеу мазаламайды ма? Иә, күні бойы су ішкім келе береді, аузым құрғап кетеді.
  Сіз үйіңізде емделдіңіз ба? Иә, парацетомолдың 1 таблеткасын, 1 қорапша смекта және 1 таблетка фуразолидон қабылдадым.
  Сіз дәрілерді қашан қабылдадыңыз? Түнде, сағат 23.15 шамасында.
Асқынудың дамуын көрсететін симптомдарды анықтау Кіші дәретке қалай шықтыңыз? Әдеттегіден аз емес пе? Жоқ, кіші дәретке шығамын, қалыпты сияқты, әдеттегідей. Кіші дәретке соңғы рет үйде, 1 сағат бұрын шамасында шықтым.
Сіз бүгін қанша сұйықтық іштіңіз? Және қанша зәр шығардыңыз? 1,0 литрдей іштім, ал шығарғаным, жарты литрден көп болуы мүмкін.
Сізде тырысулар болды ма? Жоқ, болмады..  
Эпидемиологиялық анамнезді анықтау Сіз көпқабатты үйде тұрасыз ба? Иә.
Сіз кіммен тұрасыз? Әйеліммен (күйеуіммен)
Әйеліңіздің (күйеуіңіздің) дені сау ма? Иә,дені сау.
Сіз кім болып жұмыс істейсіз? Ресторанда аспазшымын.
Соңғы аптада қаладан ешқайда шықпадыңыз ба?     19 маусымда демалыс күндері достарыммен Қапшағай өзеніне шомылуға шыққанбыз.  
Сіз ауырардан 3 күн бұрын қандай да бір сапасыз тағам қабылдадыңыз ба? Ммм… Иә-иә, дәл солай, Қапшағайға бара жатқанда жолда кафеден гриль-тауығын және оливье-салатын сатып алғанбыз. Тауықтың ортасы піспей қалған екен, қанаралас болды.
Гриль-тауықты және салатты сағат қаншада жедіңіз? Сол күні сағат 15.00.-де.
Кімдермен жедіңіз? Қанша адам болды? Достарыммен. Біз төртеу болдық.
Ал сізбен бірге тамақтанған достарыңыз қалай? Олардың дені сау ма? Біреуі ауырды, онда сұйық нәжіс, іші ауырып,үйінде емделіп жатыр.

 

Өмір тарихынан: Созылмалы аурулары жоқ. Операция, жарақаттар болмаған. Дәрілік заттарға аллергиялық реакция жоқ.

Объективті: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы – 38,2 ºС. Есі анық.сұрақтарға дұрыс жауап береді, әлсіз, даусы сырылдаған. Тері жамылғылары сипағанда ыстық, бозғылт түсті. Менингеальді симптомдар теріс. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл естілмейді. ТЖ – 18 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Пульс - 96 р./мин. АҚҚ – 110/70 мм с.б. Тілі құрғақ, қалың ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, пальпация жасағанда эпигастрий аймағында, кіндіктің айналасында және мықын аймағында ауру сезімі бар. Іштің тітіркену симптомы жоқ. Зәрі бір сағат бұрын болған. Нәжісі сұйық, көп мөлшерде, шырыш аралас, жағымсыз иісті, қою-жасыл түсті.


Дата добавления: 2015-07-10; просмотров: 146 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жағдай:Сіз – жалпы тәжірибелік дәрігерсіз (учаскелік дәрігер). 21 маусым сағат 10.30-да емханаға науқас қаралды.| Жедел гастроэнтерит» клиникалық жағдай бойынша жауаптар эталоны

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)