Читайте также: |
|
4-тапсырма. Мына даналық сөздерге өз пікірлеріңізді білдіріңіздер.
Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы. (Әл -Фараби) Бала тәрбиесіне ерекше мән берілуі керек, тәрбиенің арқасында болашақ адамзат тағдырының негізгі мәселесі шешіледі.(В.Белинский) Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын?(А.Байтұрсынов)
13 сабақ
БОӨЖ тапсырмалары
5-тапсырма. « Білім мен тәрбие - егіз » деген тақырыпта өз ойыңызды жазыңыз.
ОН ТӨРТІНШІ САБАҚ
Білім де бәсекеге түседі
1–Сабақ. Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі тірегі
1. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1) Білімді маман дегенді қалай түсінесіздер?
2) Білім алудың формуласы бар ма?
3) Білім мен ғылымды дамыту үшін не қажет?
4) Кәсіпкерлік пен бәсекелестік деген не?
2. Сөздердің мағынасына мән беріңіз-дер:
1) білім мен білік, біліктілік,
2) мамандық пен кәсіп
3) бәсекелестікке қабілеттілік
4) кәсіпкерлік белсенділік
5) әріптестік ахуал
6) әлемдік өркениет
3. «Елдің мақсаты – елулікке жету» туралы пікіріңіз қандай?
4. Мәтінді оқыңыз.
Қазақстанның мұнайы мен газын ғана емес, білімі мен ғылымын да дүние жүзіне танытатын уақыт жетті. Еліміздің тәуелсіздігі экономикадағы бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етті. Ендігі мақсат – білім мен біліктілікті бәсекеде көрсете білу. Ол үшін мемлекет тарапынан 2012 жылға дейін ғылымды дамытуға салынатын инвестициялар мөлшерін 25 есе ұлғайтып, жылына 350 млн теңгеге жеткізу, ғылымды басқарудың жаңа кезеңіне көшу, жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру, ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ҚР Ғылым және білім министрлігі арқылы қаржыландыру, ғылым жөнінде комитет құру, зертханалар ашу, шетелдік мамандармен байланыс жасау, білімнің сапасын арттыру, студенттер мен оқытушы-профессорларға грант тағайындау сияқты мәселелер бүгінде көкейкесті болып отыр.
Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі. Яғни, ұлттық кадрларды дайындау үшін жоғары білімнің ұлттық жүйесі жасалуда. Оған жаһандану жағдайындағы аймақтық кірігу, элитарлы білім берудің негіздері, Болон декларациясы мен Еуразия аймағындағы жоғары мектептің дамуы секілді факторлар да әсер етеді.
Мемлекет тарапынан ұлттық кадрларды дайындауға жасалып жатқан шаралардың бірі – «Болашақ» бағдарламасы. Бұл бағдар-лама бойынша сарапшылардың қатал сынынан іріктеліп өткен 3 мың талапкер шетелдің ең алдыңғы оқу орындарынан білім алған соң елімізге оралып теориялық білімді тәжірибе жүзінде көрсетеді. Сондай-ақ, шетелден келіп жұмыс істеп жатқан ірі-ірі өндірістік компанияларға қойылып отырған талаптардың бірі – жергілікті халықты жұмысқа тарту, оларға жаңа технологияларды үйрету.
“Қазақстанда ұлттық зияткерлік әлеуетінің дамуына қыруар қаржы құйылуда. Келешекте бұл іс жаһандану үрдісі тудырып жатқан Еуразия аймағындағы жоғары білімнің көкейкесті мәселелерін шешуге кең жол ашатын күш болады деп білемін”, – деп Томск мемлекеттік университетінің ректоры Георгий Майердің түйін жасауы біз үшін үлкен баға.
Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры былай дейді: “Қазақстан қазіргі Болон үрдісі кезінде осы заманға сай маман-дарды дайындау ісіне үлкен жауапкершілікпен кірісті. Мәселен, Қазақстанның тоқыма саласындағы кейбір мамандары бүгіннің өзінде жоғары сұранысқа ие”.
Ұлттық кадр дайындай отырып біздің еліміз алдағы уақытта экономикалық даму мен білім беру деңгейі жағынан аймақтағы көшбасшы елге айналады деп нық сеніммен айтуға болады.
v Тапсырмалар.
1) Мәтінді әңгімелеңіздер.
2) Сұрақтарға жауап беріңіздер.
а) Сіз өз мамандығыңызды дұрыс таңдадым деп ойлайсыз ба?
ә) Еліміз қазіргі күнде қандай мамандықтарға зәру?
3) Мәтіннің соңғы абзацындағы ойды жалғастырыңыздар.
6. а) Сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыздар.
Қазақстанның мұнайы, бәсекеге қабілетті, ғылымды дамыту, ұлттық кадрлар, ғылымды басқару, білімнің сапасы, шет елдік мамандар, жаңа технологияларды үйрету, мамандарды даярлау.
ә) Мәтінге байланысты ойды таратып айтыңыздар. Тақырып: «Уақыт жетті».
а) неге,
ә) не үшін,
б) неліктен,
в) қашан.
3. Сөйлемдегі әрбір мүшеге сұрақ қойыңыздар?
Үлгі: Еліміздің тәуелсіздігі экономикадағы бәсекеге қабілет-тілікті қамтамасыз етті.
а) Ненің тәуелсіздігі?
ә) недегі бәсекеге?
б) нені қамтамасыз етті?
в) тәуелсіздік қайтті?
Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі. Мемлекет тарапынан ұлттық кадрларды дайындауға жасалып жатқан шаралардың бірі – «Болашақ» бағдарламасы. Шетелден келіп жұмыс істеп жатқан ірі-ірі өндірістік компанияларға қойылып отырған талаптардың бірі – жергілікті халықты жұмысқа тарту, оларға жаңа технологияны үйрету.
8. Сөйлемнің құрылысын өзгертіңіздер.
1. Бағдарлама бойынша сарапшылардың қатал сынынан іріктеліп өткен 3 мың талапкер шетелдің ең алдыңғы оқу орындарынан білім алған соң елімізге оралып теориялық білімді тәжірибе жүзінде көрсетеді. “Келешекте бұл іс жаһандану үрдісі тудырып жатқан Еуразия аймағындағы жоғары білімнің көкейкесті мәселелерін шешуге кең жол ашатын күш болады деп білемін”, – деп Томск мемлекеттік университетінің ректоры Георгий Майердің түйін жасауы біз үшін үлкен баға.
9. Мақал-мәтелдердің мәнін түсініңіздер.
◊Өнерлі өрге жүзеді. | ◊Білімді өлсе, қағазда аты қалар, Ұста өлсе, істеген заты қалар. |
◊Өнерлінің өрісі ұзақ. | ◊Қына тасқа бітеді, Білім басқа бітеді. |
◊Ұстаздан шәкірт озар. | ◊Көргеннен көрмегенің көп, Білгеннен білмегенің көп. |
◊Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер. | ◊Білім ауысады, Ырыс жұғысады. |
◊ Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп.
2–сабақ. Ел болашағы – білікті маман қолында
1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1) Сіздер болашақ мамандықтарыңызды ғылыммен байланыс-тырасыздар ма?
2) Гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдары-ның қайсысын таңдайс-ыздар?
2. Сөз тіркестерінің мағыналарына көңіл аударыңыз.
Ғылыми ізденіс, ақпарат алмасу, ортаға бейімділік, қозғаушы күш, мамандыққа сұраныс, сауалдарға сараптама, насихаттық жұмыс, ғылыми бағыттылық, сабақтастық, мүдделілік, басым бағыт, көкейкесті мәселелер, қолданысқа енгізу.
3. Жоғарыдағы сөз тіркестерімен жай сөйлем құрастырыңыз.
4. Мәтінді оқыңыз.
Біз жоғары білікті маман болсақ және еліміздегі ақпараттық технологиялар саласының дамуына үлесімізді қоссақ дейміз. Ал білімін әрі қарай ұштап, оны ғылыммен байланыстырамын дейтін түлектерге магистратура мен аспирантура толық мүмкіндік береді. Кейбір студенттер ізденістерге қадам жасайды. Олар ақпарат алмасу ұстанымдарын қорғау үшін өздері жасап жатқан жобалар мен нұсқауларды ғылымға енгізуге талпынады.
Қазіргі заман талабына сай, бүгінде ақпараттық технологиялар даму үстінде. Бәсекеге қабілетті болу үшін елімізде техникалық мамандарды көбейту қажет. Сол себепті мемлекет тарапынан жоғары оқу орындарына қолдау жылдан-жылға көбейіп, шәкіртақы да өсіп отыр. Жақсы оқимын, білікті маман боламын деген талапкерге жоғары оқу орындарында материалдық база мол мүмкіндік береді.
Ал оқу – студенттің өз қолында, талап-тілегіне, ізденісіне байланысты. Егер студент қауымының белсенділігін, ізденімпаз-дығын, кез келген ортаға бейімділігін ескерсек, қай заманда болмасын олар қоғамның үлкен қорғаушы күші.
Оқу орнын бітіргеннен кейін қызметке орналасу мәселесі қашанда алдыңғы кезекте тұратыны белгілі. Кейде оқу орнын бітірген жас маман жұмыс таппай сенделіп жүріп қалады. Мұндай келеңсіздіктерді болдырмас үшін тиісті мекеме қандай мамандық-тарға сұраныс бар, қандай оқу орнын бітірген тиімді деген сауалдар төңірегінде сараптама, зерттеулер жүргізуі тиіс. Соған орай ең керекті деген мамандықтардың тізімі жариялануы және жұмыс беруші мен жоғары оқу орны арасында осы мәселе төңірегінде насихаттық жұмыс қолға алынуы керек.
Ертеңгі маман – бүгінгі студент өздерінің оқитын пәндерінің ғылыми бағыттылығына үлкен мән беріп отырады. Ғылыми зерттеулер жүргізу барысында сабақтастық, мүдделілік, басым бағыттар мен көкейкесті мәселелерді айыра білуге ұстаздар көмектеседі. Әр пән бойынша ғылыми жаңалықтарға уақтылы көңіл бөлініп, қажетінше қолданысқа енгізу жолдары мен мүмкіндіктері қарастырылады.
Иә, еркін елдің ертеңі – білікті де білімді маман қолында. Оған Сіздің қосар үлесіңіз қандай? Әңгіме өзіңізде!
v Тапсырмалар.
1) Мәтін бойынша сұхбат құру үшін сұрақтар дайындаңыз.
2) Ақпарат құралдарынан білім, ғылым туралы естіген жаңа-лықтарыңызды айтыңыз.
3) «Ел болашағына қосар үлесім» тақырыбына шығарма жазыңыз.
6. а) Сөйлемнен жай және тәуелді септеліп тұрған сөздерді табыңыз.
ә) Бір түбірден таралған сөздердің мағыналық айырма-шылығын түсіндіріңіз.
1) Іздену, ізденіс, ізденімпаз, ізденімпаздылық.
2) Қол, қолдау, қолдану, қолданыс.
б) Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз.
1. Қазіргі заман талабына сай, бүгінде ақпараттық техноло-гиялар даму үстінде.
2. Оқу орнын бітіргеннен кейін қызметке орналасу мәселесі қашанда алдыңғы кезекте тұратыны белгілі.
3. Ертеңгі маман – бүгінгі студент өздерінің оқитын пәндерінің ғылыми бағыттылығына үлкен мән беріп отырады.
4. Әр пән бойынша ғылыми жаңалықтарға уақтылы көңіл бөлініп, қажетінше қолданысқа енгізу жолдары мен мүмкіндіктері қарастырылады.
7. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1) Сіз болашақ мамандығыңызды ғылыммен байланыстырасыз ба?
2) Гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдары туралы ой-пікіріңізді айтыңыз.
3) Өз таңдауыңызды (қалауыңызды) айтыңыз.
3–сабақ.
1. Сөз тіркестерінің мағыналарына көңіл аударыңыз.
Ғылыми ізденіс, ақпарат алмасу, ортаға бейімділік, қозғаушы күш, мамандыққа сұраныс, сауалдарға сараптама, насихаттық жұмыс, ғылыми бағыттылық, сабақтастық, мүдделілік, басым бағыт, көкейкесті мәселер, қолданысқа енгізу.
2. Жоғарыдағы сөз тіркестерімен жай сөйлем құрастырыңыз.
3. 1) Сөйлемнен жай және тәуелді септеліп тұрған сөздерді табыңыз.
2) Бір түбірден таралған сөздердің мағыналық айырмашылығын түсіндіріңіз.
а) Іздену, ізденіс, ізденімпаз, ізденімпаздылық.
ә) қол, қолдау, қолдану, қолданыс.
4. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз.
1. Қазіргі заман талабына сай, бүгінде ақпараттық техноло-гиялар даму үстінде.
2. Оқу орнын бітіргеннен кейін қызметке орналасу мәселесі қашанда алдыңғы кезекте тұратыны белгілі.
3. Ертеңгі маман – бүгінгі студент өздерінің оқитын пәндерінің ғылыми бағыттылығына үлкен мән беріп отырады.
4. Әр пән бойынша ғылыми жаңалықтарға уақтылы көңіл бөлініп, қажетінше қолда-нысқа енгізу жолдары мен мүмкіндіктері қарастырылады.
14 сабақ
БОӨЖ тапсырмалары
«Білікті маман болу үшін не істеу керек?» эссе жазыңыз.
ОН БЕСІНШІ САБАҚ
Ғылым мен техника
Мақсат бағыныңқы сабақтас
1-сабақ
Мақсат бағыныңқы сабақтас – бағыныңқысы басыңқыдағы істің мақсатын білдіретін сабақтас. Жасалу жолдары:
а) - пақ/пек, -мақ/мек +шы/ші болып;
ә) - қысы/кісі, -ғысы/гісі келіп;
б) -у үшін;
в) -па+с, -айын/ейін, -сын/сін деп.
Сұрақтары: Не етпек болып? Не мақсатпен? Не үшін? Не деп? Неге? Мысалы: Бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу үшін, осы заманғы білім, ғылым мен инновацияны дамыту қажет. Өз пікірін айтпақшы болып, мінбеге көтерілді. Түнгі Астананы көргісі келіп, көлігімен қала орталығына бет алды.
1-тапсырма. Мәтінді оқып, сөздік жұмысын жүргізіңіздер. Пікірлесіңіздер.
Қазақстан Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев инновациялық экономика құруды жалпыұлттық өрлеу идеясы ретінде жариялады. Бұл – тәуелсіз Қазақстанның ең ауқымды экономикалық жобасына айналғалы тұр. Шын мәнінде, жаһандану үдерістері үдей түскен қазіргі заманда инновациялық өрлеу – ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің ең басты бір факторы ретінде айқындалуда. Сондықтан Қазақ елі өз өндірісін қарқынды жаңғырту жолына түсті. Осы орайда, ел басшылығының тапсырмасымен, еліміздегі зауыттар мен фабрикалар, өндірістер мен кәсіпорындар тек жаңа технологиялармен және заманауи жабдықтармен жарақтандырылып қана қоймай, сондай – ақ «жаңа тұрпатты идеялармен қанықтырылатын» болады.
2-тапсырма. Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыздар.
3-тапсырма. Берілген бағыныңқы сөйлемге қажетті басыңқы сөйлемдер жазып, мезгіл бағыныңқы құрмалас сөйлем жасаңыздар.
Қазақстанда инновациялық экономика құру үшін, ---------------------------------- Студенттердің ғылыми – инновациялық білімділігін қалыптастырмақшы болып, ------------------------------------------------------------------------------------------ Қазақстандық өнертапқыштар туралы білгісі келіп,---------------------------------Соңғы жаңалықтарды тыңдайын деп, ---------------------------------------------------Ғылыми – инновациялық жобаларға қатыссын деп, --------------------------------Қазақстандық ғалымдардың ашқан жаңалықтары жайлы айтқысы келіп, ---- Фабриканы жаңа технологиямен жабдықтау үшін, ----------------------------------Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырмақ болып, --------------------------
4-тапсырма. Сұрақтарға мақсат бағыныңқы құрмалас сөйлем арқылы жауап беріңіздер.
-Шағын бизнесті не үшін ашпақшы болды?
-Өндірілген тауардан молырақ пайда түсірейін деп не істеді?
-Бәсекеге қабілетті тауар өндірмек болып не істеді?
-Орта және шағын бизнесті дамыту үшін не істеді?
-Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі артсын деп не істеді?
-Инновациялық экономика құру үшін не істеу керек?
5-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, түсінгендеріңізді орыс тілінде баяндаңыздар. Қазақша пікірлесіңіздер.
Соңғы жылдары әлемдік экономикада білім мен инновацияны маңызды экономикалық ресурстар ретінде пайдалану базасында экономикалық өсудің жаңа типі қалыптасты. Қазір материалдық игіліктерді жасау көп жағдайда ғылымның жалпы деңгейі мен техниканың прогресіне немесе осы ғылымның өндірісте қолданылуына тәуелді. Әлемдік экономикаға тең түрде ықпалдасу үшін, жаһанданудың талаптарына өзімізге пайдалы жағынан бейімделу үшін, тек табиғи ресурстарға иек артпауымыз керек. Қазақстанның экономикалық өсуді және бәсекеге қабілеттілікті күшейтудің стратегиялық факторы ретіндегі айтарлықтай ғылыми және білім беру әлеуеті бар. Оны инновациялар арқылы нарықтық экономикада қозғалысқа келтіруге болады. Қазіргі экономикада инновациясыз бірде –бір түбегейлі міндетті шешу мүмкін емес. Инновациялық экономиканың қалыптасуы – Қазақстанның ХХI ғасырдағы дамуының баламасыз нұсқасы болып табылады. Экономикалық дамудағы жеткен жетістіктер еліміздің әрі қарай дамуын тұрақты, заманауи және перспективалы негізге қоюға мүмкіндік береді.
6-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
Білім мен инновацияны экономикалық ресурстар ретінде пайдалану дегенді қалай түсінесіздер?
Экономикалық өсудің жаңа типі қалай қалыптасты?
Материалдық игіліктер дегеніміз не?
Материалдық игіліктерді жасау неге тәуелді?
Экономикалық өсуді және бәсекеге қабілеттілікті күшейтудің стратегиялық факторы не?
Ғылым мен білімді нарықтық экономикада не арқылы қозғалысқа келтіруге болады?
Экономикада инновациясыз түбегейлі міндеттерді шешу мүмкін бе?
Еліміздің дамуының баламасыз нұсқасы не?
Экономикалық дамудағы жетістіктер неге мүмкіндік береді?
2-сабақ
«Қазақстанның бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу мақсатын орындау жолындағы басымдылықтың бірі – осы заманғы білім, ғылым мен инновацияны дамыту қажет» (Н.Назарбаев)
Ғылым – инновациялық экономиканың негізі
ХХI ғасыр ғаламдық инновацияның өркендеу ғасырына айналатынын қазіргі әлем елдерінің тәжірибесі көрсетіп отыр. Қазіргі кезеңде кәсіпкерлікті дамытудың әлсіз жақтары оны жетілдірудің нарықтық механизмдерінің инновациялық түрлерін одан әрі жақсартуды қажет етіп отыр. Дамыған елдерде инновациялық (ноу - хау) өнімдер мен технологиялар ЖІӨ өсімінің 70-85 % беріп отыр. Инновациялық сфераның белгілі дәрежеде ұйымдастырылмауы Қазақстанның дамыған 50 елдің қатарына қосылуына кедергі болуы мүмкін. Мұндай жағдайдан шығудың бірден – бір жолы – кәсіпкерліктің түрлі инновациялық нарықтық құралдарын одан әрі дамыту болып табылады. Инновацияны түсіндіруде мынандай көзқарастар бар:
Бірінші, инновацияны жаңа идеялар мен үрдістер ретінде қарап, оны қолдану арқылы ең сапалы өнімдер мен технологияны жасауға әкелетін қоғамдық – техникалық, экономикалық үрдіс ретінде қарастырған. (Б.Твис, Ф.Никсон, Б.Сантон т.б.) Екінші, инновацияны тұтыну тауарларының жаңа түрлерін, жаңа өндірістік және тасымал құралдарын, нарықтар мен өнеркәсіптегі ұйымдастыру формаларын енгізу және қолдану мақсатындағы өзгерістер ретінде түсіндіреді. (И.Шумпетер) Инновация – бұл тек жаңа енгізулер емес, бұл- өндірістің жаңа қызметі. Оның негізі – өнім өндіру технологиясын өзгерту қажеттігі, ұйымдасырушылық, қаржылық, ғылыми – зерттеу және басқа да салаларда жаңалықтар енгізу болып табылады. Қорыта айтсақ, инновация – өтімділігі жоғары жаңа өнімді ойлап табу. Экономикалық қатынастар жүйесінде инновацияның алатын орны зор. Себебі, инновациялық тәжірибені өндіріске қолданбастан, бәсекеге қабілетті өнім алу мүмкін еместігін дамыған елдер ертерек түсініп, бар күшті осы салаға жұмсап келеді. Инновацияның дамуының қозғаушы тетігі – бірінші кезекте, нарықтық бәсекелестік болып табылады. Нарық жағдайында өнім өндірушілер өндірістік дағдарысты болдырмаудың және тауарын өткізудің жолдарын іздестірумен болады. Сондықтан, инновацияны бірінші болып тиімді игерген кәсіпорындар өз бәсекелестері алдында басымдылықты иеленеді. Жаңа тауарлардың түрлері өсіп, тұтынушы талғамы артып отырған кезде, шағын кәсіпорындардың икемділік қабілетін күшейту аса тиімді саналады. Қазіргі уақытта, біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту - басты сратегиялық міндеттердің бірі болып отыр. (Интернеттен)
1-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.
Ғаламдық инновацияның өркендеу ғасыры, кәсіпкерлікті дамытудың әлсіз жақтары, ЖІӨ өсімі, жаңа идеялар мен үрдістер, өндірісік және тасымал құралдары, өтімділігі жоғары жаңа өнім, қозғаушы тетігі, икемділік қабілеті, әлеуетін дамыту.
2-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.
3-тапсырма. Мәтін бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіздер. Ойды кеңейтіңіздер, пікірлесіңіздер.
-Кәсіпкерліктің инновациялық нарықтық құралдары дегенді қалай түсінесіздер?
-ХХI ғасыр неліктен инновацияның өркендеу ғасыры болып отыр?
-Инновация дегенді қалай түсінесіз?
-Инновациялық тәжірибені өндірісте қолданбастан, бәсекеге қабілетті тауар алу мүмкін бе?
-Инновацияның дамуының қозғаушы тетігі не?
-Қандай кәсіпорындар өз бәсекелестері алдында басымдылыққа ие болады?
-Біздің еліміздің басты стратегиялық міндеттерінің бірі не?
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 221 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Хабарландыру ... туралы 19 страница | | | Хабарландыру ... туралы 21 страница |