Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Хабарландыру . туралы 17 страница

Хабарландыру ... туралы 6 страница | Хабарландыру ... туралы 7 страница | Хабарландыру ... туралы 8 страница | Хабарландыру ... туралы 9 страница | Хабарландыру ... туралы 10 страница | Хабарландыру ... туралы 11 страница | Хабарландыру ... туралы 12 страница | Хабарландыру ... туралы 13 страница | Хабарландыру ... туралы 14 страница | Хабарландыру ... туралы 15 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Мысалы: Зергерлік - әшекейлі бұйым жасау өнері, бұл өнер түрімен айналысатын адамдарды зергер деп атайды. Зергер – сәндік бұйымдарды зерлеп, айшықтап жасаушы шебер, ұста.

4– тапсырма. Жағдаяттық тапсырма.

Мамандық таңдар кез келді. Сіздің таңдаған мамандығыңызға ата – анаңыз қарсы болды. Мамандықты дұрыс таңдағаныңызды, сол мамандыққа бейіміңіз бар екенін дәлелдеңіз, сұхбаттасыңыз.

5– тапсырма. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер.

- Сіз оқитын факультетте қандай мамандықтар бар?

-Олардың бір – бірінен айырмашылығы неде?

-Сіздің мамандығыңыз бойынша қай салада жұмыс істеуге болады?

6-тапсырма. Сіз таңдаған мамандық бойынша жұмыс істейтін адамнан интервью алуға қажетті сұрақты ойластырып, жазыңыз.

7 -тапсырма. Оқыңыз. Өз көзқарасыңызды білдіріңіз, дәлелдеңіз.

Мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние емес. Бұл - өмір бойы ізденушілікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Сондықтан әрбір ұстаз үшін оқу мен тәрбие процесін ұйымдастыру мол білімділікті, ақылдылықты, іскерлікті қажет етеді.

- Ұстаз болу үшін тағы қандай қасиеттер қажет?

- Сіз таңдаған мамандықты игеру үшін сіздің бойынызда қандай қасиеттер болу керек?

- Қай қасиетті бірінші орынға қояр едіңіз?

8–тапсырма. Құрмалас сөйлемдерді тауып, түріне қарай ажыратыңыз. (салалас, сабақтас) Мәтін бойынша пікірлесіңіз.

(Латын. Professio – өз ісім) – кәсіп – кәсіптік оқу және тәжірибе жинақтау нәтижесінде алынатын белгілі бір білімдер мен машықтарды талап ететін еңбек қызметінің түрі. Көптеген кәсіптер мамандықтарға ажыратылады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен, өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері пайда болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Мамандықты дұрыс таңдау үшін, өзінің жеке қасиеттерін, қызығулары мен икемділіктерін анықтап, оқу орындары мен түрлі мамандық туралы толық ақпарат алулары керек. Сонымен қатар, мамандықты таңдау ережесі жайлы мағлұмат алу, таңдаған болашақ мамандығының ісін анықтап алу да артықтық етпейді. Мамандық таңдаудағы қиындықтар мен қателіктер: бірден жоғары квалификациялы мамандыққа бағыт беру; достарынан қалмау үшін мамандық таңдау; мамандыққа бағыт – бағдар берушілерге ауып кету; мектептегі пәннің мамандыққа сәйкес келуі; өзінің қабілетін, жеке қасиетін анықтай алмау, кемшіліктерін білмеу.

9–тапсырма. Құрмалас сөйлемдердің екінші сыңарын тауып, сөйлемді аяқтаңыздар..

Жастар көбіне өздері қызықпайтын мамандықты таңдайды, себебі -----------. Мамандық үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет етеді, ол --------------------------. Мамандықты дұрыс таңдау үшін өзіңнің жеке қасиеттеріңді білу аз, ол үшін ------------------------------. Егер дұрыс мамандық таңдағыңыз келсе, -----------------. Сен мамандыққа бағыт – бағдар берушілерді көп тыңдадың, сондықтан -----------.

10-тапсырма. «Менің болашақ мамандығым» деген тақырыпта шығарма жазыңыз.

Салалас құрмалас сөйлем

Салалас құрмалас – құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі. Мысалы: Қорқақ дос дұшпаннан да жаман, өйткені дұшпаннан сақтанасың, ал досқа сеніп қаласың.(Л.Толстой) Жүйелі пікірі бар адам негізінен ойлай біледі, ал ойлау оқумен тікелей байланысты.

1-тапсырма. Сөздік жұмысын жүргізіңіздер.

2-тапсырма. Осы сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып салалас құрмалас сөйлем құрастырыңыздар.

Университет – білім ордасы

Университет – (лат.universitas –жиынтық, жинақ) – жаратылыстану, қоғамдық, техникалық, әлеуметтік ғылымдар саласынан кең көлемде жоғары білімді мамандар даярлайтын, көп салалы жоғары оқу орны. Университетте студенттер жан – жақты терең теориялық даярлықтан өтеді. Университетке тән ерекшелік - оқу және ғылыми – зерттеу жұмыстарының үйлестіріле жүргізілуі. Алғашқы университет ХII ғасырда Батыс Еуропада пайда болды. Ресейдегі тұңғыш университет – Мәскеу университеті. (1755ж.) Байырғы университеттерге Львов(1661ж, алғашқыда академия ретінде құрылған), Тарту(1802ж.), Вильнюс (1803ж.), Қазан (1804ж.), Харьков (1805ж.), Санкт –Петербург (1819ж.), Киев (1834ж.), университеттері жатады. Орталық Азияда 1920жылы Түркістан мемлекеттік университеті (кейін Орта Азия университеті), ҚазМУ(1934, қазіргі ҚазҰУ), Қарағанды мемлекеттік университеті(1972ж.) ашылды. Қазір Қазақстанда 7 ұлттық, 35 мемлекеттік және көптеген жекеменшік университеттер бар.

3-тапсырма. Оқыңыз. Екі журналистің жауабын салыстырып, әңгімелеңіз.

Олардың мамандығына деген махаббаты мен жалпы журналистиканың бүгінгі беделіне байланысты пікірлерін білу мақсатында төмендегідей сауалдар қойылған: 1. Журналист мамандығын не үшін таңдадың? 2. Қалам ұстаған қауымның қоғамдағы мәртебесі қандай? 3. Қазақ журналистикасына қалдырар қолтаңбаң бар ма?

Максим Рожин, «Жетінші арна» тілшісі:

1. Бір қызығы мен журналист болғаныммен, мамандығым мүлде басқа. Кәдімгі еңбек пәнінің мұғалімімін. Алайда, журналистикаға қазақ тілін жетік меңгергенімнің арқасында келдім. Журналистік қызметімді тележүргізуші болып бастадым.

2. Қоғамда журналистиканың мәртебесі әжептәуір. Әйтсе де, көп жағдайда БАҚ өкілдеріне көзқарас ала –құла. Лайықты деңгейде мойындалмайды. Өйткені жұртты мақтап қана жағасың. Ал, проблема көтерсең, бәлеге қаласың.

3. Өз қолтаңбамды қалдыратын уақыт алда деп есептеймін.

Жәнібек Амангелдіұлы, «Заң және заман» («Закон и время») журналының редакторы:

1. Бала кезімнен кітап оқуға құмар болдым. Үздік туындыларды оқи отырып, оқиға желісін көркем суреттеген жазушылардың шеберлігіне қызықтым. Осы қызығушылық мені журналистикаға алып келді.

2. Жалпы БАҚ – ты қоғамдағы төртінші билікке балап жатады. Қалам ұстаған қауымға бұл күлкілі естіледі. Көпшілігі журналистиканың өз тұғырына қона алмай жатқандығын тілге тиек етеді. Мұндай пікірмен келісуге болады. Оның бірқатар себептері бар. Бір ұшы кешегі кеңес өкіметі кезіндегі цензураға тиеді. Журналистер еркін шығармашылықпен айналыса алмады. Қоғамдық пікір де тек бір сарынды болды. Айналып келгенде барлығы биліктің қас – қабағына қарады. Осы жалтақтық кейбір БАҚ – та әлі күнге дейін бар. Шындықты шырылдатып жазбаған кейбір басылымдар журналистиканың мәртебесіне кедергісін келтіріп келеді.

3. Қазіргі таңда азаматтық журналистика, жаңа медиа бағыты қарқын алып барады. Жалпы интернетті әлем ақпарат құралы ретінде мойындап қойған. Өйткені, бүгінде жұртшылық БАҚ – қа қарағанда ғаламторды көбірек ақтарады. Блогшылар қауымының жазғаны баспасөзге басылған мақалалардан кем түсіп жатқан жоқ. Мен де «менің қолтаңбам!» деп айтуға тұрарлық дүние қалыптастыру бағытында еңбектеніп жатырмын.

4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

-Олар өз таңдаған мамандықтары бойынша еңбек етіп жүр ме?

- Журналист мамандығы ның мәртебесі туралы көзқарастары қандай?

-Қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбалары бар деп есептей ме?

5-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сұхбат құрастырыңыздар.

Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі. Яғни, ұлттық кадрларды дайындау үшін жоғары білімнің ұлттық жүйесі жасалуда. Оған жаһандану жағдайындағы аймақтық кірігу, элитарлы білім берудің негіздері, Болон декларациясы мен Еуразия аймағындағы жоғары мектептің дамуы секілді факторлар да әсер етеді. Мемлекет тарапынан ұлттық кадрларды дайындауға жасалып жасалып жатқан шаралардың бірі – «Болашақ» бағдарламасы. Бұл бағдарлама бойынша, сарапшылырдың қатал сынынан іріктеліп өткен талапкерлер шет елдің ең алдыңғы оқу орындарынан білім алған соң елімізге оралып, теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде көрсетеді. Сондай – ақ шет елден келіп жұмыс істеп жатқан ірі – ірі өндірістік компанияларға қойылып отырған талаптардың бірі – жергілікті халықты жұмысқа тарту, оларға жаңа технологияларды үйрету.

8 сабақ

БОӨЖ тапсырмалары

«Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңыздар.

ТОҒЫЗЫНШЫ САБАҚ

Басшы келбеті. Ыңғайлас салалас

Ыңғайлас салалас- құрамындағы жай сөйлемдерінің бірінде айтылған ойға екіншісінде айтылған ойдың мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде қарым –қатынаста болуы. Ыңғайлас салалас құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен жалғаулық шылаулар арқылы да, жалғаулық шылаусыз, іргелес тұрып та байланыса береді. Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас құрамындағы кейбір жай сөйлемдер бір мезгілде қатар болған я болатын істерді білдіреді. Баяндауыштары көбіне бір шақта тұрады. Мысалы: Күн батты, таңды қара көлеңке басты.(П.П) Жалғаулықты ыңғайлас салалас және, та, те, да, де, әрі деген ыңғайлас мәнді жалғаулықтардың қатысуы арқылы жасалады. Мысалы: Сиырдың тұқымы да жақсы, бабы да келіскен. (Ғ.С)

1-тапсырма. Мәтіндегі құрмалас сөйлемдерді тауып, сөйлем мен сөйлем арасындағы үзілісін сақтап оқыңыз. Таныс емес сөздерді жазып алып, олардың аудармасын сөздік көмегімен анықтаңыздар.

Басшы - белгілі бір жүйемен жұмыс істейтін топты бастаушы, жол көрсетуші. Жан – жақты басшылық қызметке дайын болу үшін қандай ерекшеліктер адам бойынан табылуы тиіс? Басшы кәсіпкерлікке бейім болуға тиіс. Кәсіпкерлік – іске кірісе кету, нақты шешімге келу, батылдық, динамизм, ынталылықтан бастау алады. Кез-келген іске бел шешіп кірісетін адам, алдымен, жұмысы үшін қажетті шарттарды дайындауға бейім тұрады. Сондай – ақ ол - бақылаушы, зерттеуші, келешекпен байланысты болжамдар да жасай алады. Тез тіл табыса кетумен бірге жоғары және төменгі қызмет сатысындағы адамдармен бірдей қарым – қатынасты сақтайды. Басшылық қызметті мұрат тұтқан жастар өзгені сыйлай білуі, мәдениет қағидаларын орындап, батыл да дұрыс қадам жасай білулері қажет.

2-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріп көріңіздер.

- Басшыны кім деп білесіз? Басшы сөзіне өзіңізше анықтама беріңіз.

-Басшы адамның бойында қандай қасиеттер болуы тиіс?

-Басшы неліктен кәсіпкерлікке бейім болуға тиіс деп ойлайсыз?

-Кез-келген адам лидер бола ала ма?

-Басшылық қызметті мұрат тұтқан жастар жақсы басшы болу үшін не істеуі керек?

3-тапсырма. Берілген ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдердің екінші қатардан сыңарын табыңыздар.

Басшы- әрі топты бастаушы, сөйлеген сөзі де ұнады.

Адамдармен тез тіл табыса да кетеді, нақты шешімге де келу.

Кәсіпкерлік – іске кірісіп те кету, басшы үйіне қайтты.

Басшының өзін ұстауы да ұнады, әрі жол көрсетуші

Жұмыс күні аяқталды, бәрімен бірдей қарым–қатынас та

Жасайды.

4-тапсырма. Сөйлемдердің екінші сыңарын тауып, ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем жасаңыздар.

Басшының сөйлеу мәдениеті де жоғары болуы тиіс,--------------------------------. Басшы күнделікті жаңалықтардан да хабардар болуы керек,---------------------. Топтың табысты еңбек етуі де басшыға байланысты, -------------------------------. Басшы болу үшін қабілет те керек, ----------------------------------------------------. Қызметкерлермен жиі пікір алмасыңыз, ----------------------------------------------. Табысты жұмыскерлерді марапаттауды да естен шығармаңыз, -----------------. Көңіл көтеру шараларын да жүзеге асырыңыз, --------------------------------------. Өзіңізге деген сеніміңіз әрі мықты болсын, ------------------------------------------.

5-тапсырма. Басшы болу үшін тағы қандай қасиеттер қажет?

1-тапсырма. Сөздік жұмысын жүргізіңіздер.

Кемел көшбасшы, сарабдал саясат, алға сүйреу, әлемдік қауымдастық, әлеуеті зор, еңбегі ұшан – теңіз, береке тұнған құтты мекен, халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдау, жанашыр, өркендеу, өлшеусіз үлес, біртуар тұлға, қарқынды даму, әл – ауқаты, айрықша табыс, тарих төрі, өзіндік қолтаңба, ғасырлар тоғысы, алмағайып заман, қақтығыстар, текетірестер, жаһан.

2 – тапсырма. Осы сөздер мен сөз тіркестері арқылы жай сөйлемдер құрастырыңыздар.

Басшысы келіспесе, ел жетім. (Мақал)

Кемел көшбасшы

Қай халықтың болмасын болашағы басшысына байланысты екені белгілі. Бұл ретте Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясаты Қазақстан халқын жарқын болашаққа бастап келеді. Елдің көшін алға сүйреп, әлемдік қауымдастықтағы әлеуеті зор елге айналдыруда Елбасының сіңірген еңбегі ұшан – теңіз. Құрамына түрлі этнос өкілдері кіретін халықты қазақ жерінде бірлік пен ынтымақта ұстап, береке тұнған құтты мекенге айналдырды. Өзінің дана саясаткерлігімен Қазақстанды әлем жұртшылығына таныта білді. Мемлекетті халықаралық аренада жоғары дәрежеге көтерді. Нұрсұлтан Назарбаев – халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған жанашыры. Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлға. Экономиканы қарқынды дамыту мен халықтың әл – ауқатын арттыруда айрықша табыстарға қол жеткізген кемел көшбасшы. Ол бабаларымыздан келе жатқан ұлы арман – тәуелсіздігімізді орнықтыру жолындағы қиын белестерден халқын аман алып өтіп, тарих төрінен өзіндік қолтаңбасымен көрінді. Президент халықты мыңжылдықтар ауысып, ғасырлар тоғысқан алмағайып заманда бейбітшілік пен тыныштықта, ынтымақтастық пен татулықта ұстап тұруды еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап басты нысанасы етті. Соның арқасында осы тұста тәуелсіздік алып, түрлі қақтығыстарға килігіп қалған басқа елдердей емес, Қазақстан бірден бейбіт даму даңғылына түсті. Елбасы ел ішіндегі өзара түсіністік пен тұрақтылықты сақтаумен қатар, аймақтық текетірестерді болдырмауда үлкен қажыр – қайрат көрсетті. Жаһанға өнеге боларлық үлгілі саясат ұстанды. Халқына адалдық, елін, жерін сүю – адамдық борыш болуға тиісті қағидалар. Президент Н.Ә.Назарбаевтың бойындағы осындай биік адамгершілік қасиеттерді жастар үлгі тұтуға тиіс. Елбасының әрбір ісінен үлгі алуымыз керек. Сонда ғана елдің келешегіне, мемлекеттің болашағына сеніммен қарайтын, Елбасының ағалық үмітін алға апаратын және сара саясатын жалғастыра алатын білімді де білікті, парасатты ұрпақ қалыптаса алады.(интернеттен)

3-тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдерді аяқтаңыздар.

Қазақстан халқын жарқын болашаққа бастап келе жатқан - -------------. Қазақстанды әлемдік қауымдастықтағы әлеуеті зор елге айналдыруда ------. Ол қиын белестерден халқын аман алып өтіп, ---------------------------------------. Президент халықты ынтымақтастық пен татулықта ұстап тұруды --------------. Білімді де білікті, парасатты ұрпақ қалыптастыру үшін ---------------------------.

4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

Халықтың болашағы неге басшыға байланысты? Қазақстан халқын жарқын болашаққа бастап келе жатқан не?

Қазақстанды әлемдік қауымдастықтағы әлеуеті зор елге айналдыру үшін Елбасы не істеді? Елбасы еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап нені басты нысанасы етті?

Қазақстан неліктен бірден бейбіт даму даңғылына түсті? Білімді де білікті, парасатты ұрпақ қалыптастыру үшін не істеуіміз керек?

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, таныс емес сөздерді сөздіктің көмегімен аударыңыздар, ондағы ойға өз пікірлеріңізді білдіріңіздер.

Ұлы кемеңгер Абай: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оздым демектің бәрі де - ақымақтық» - деген екен. Қоғамымызда тіршіліктегі бар ғұмырын халыққа, мемлекеттік қызметке адал қызмет етуге сарп етіп, сол еңбегі бағаланып жатса да мастанбай, «менің әлі де халқыма берерім көп» деп еңбек етіп жүрген азаматтар аз емес. Отансүйгіштік – мемлекеттік қызметшінің ең негізгі принциптерінің бірі болуға тиіс. Керек десеңіз, мемлекеттік тілді білу мәселесі де осы ретте туындайды. Елбасы саясаткерлер мен мемлекеттік қызметкерлердің бойында мынадай мінез – құлықтар тәрбиелеу керек деген түйін жасаған: Бірінші – өзіне берілген билікті меңгере білу. Қазақша айтқанда: «Ұлық болсаң, кішік бол». Екінші – қара басыңның қамын емес, өзің қызмет етіп отырған қоғамның игілігі туралы ойлай білу керек. Үшінші – басшы нендей қаржыға өмір сүріп жатырсың деген сауалдан қаймықпай, яғни, менің виллам мен саяжайымның суреттерін жариялайды – ау деп қорғалақтамай өмір сүру керек. Төртінші – халық сенімін жоғалтпайтындай тұрғыда басқару. Бесінші – қызметке істі кәсіби біліктілікпен жүргізе алатындай тарту. Мемлекеттік қызмет бұл – мемлекеттің мүддесі.

Есте сақтаңыздар:

Сарп ету – арнау, мастанбау – бір нәрсеге масаттанбау, даңдайсымау, түйін жасау – қорытынды, байлам жасау, ұлық болсаң, кішік бол – неғұрлым ұлы болсаң, соғұрлым кішіпейіл бол, қара басының қамын ойлау – тек өз басының жағдайын ойлау, қаймықпау – қорықпау, қорғалақтамау – жасқанбау, именбеу, біліктілік – көп білетіндік, білімділік.

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Ұлы Абайдың сөзін қалай түсінесіздер?

2. Халық үшін өз ғұмырын сарп еткен қандай тұлғаларды білесіздер?

3. Өз тілін білмеген адамды отансүйгіш деуге бола ма?

4. Басшының бойында өзіне берілген билікті дұрыс меңгеру үшін қандай қасиеттер болу керек?

5. «Ұлық болсаң, кішік бол» дегенді қалай түсінесіз? Кішік болу үшін қандай қасиеттер қажет?

6. Қоғамның игілігін ойлау үшін қандай қасиеттер болу керек?

7. Басшы қандай сауалдан және неден қорықпауы керек? Бұлардан қорықпау үшін қандай болу керек?

8. Халық сенімін жоғалтпау үшін не істеу керек?

9. Білікті басшы болу үшін не қажет?

3-тапсырма. Мәтіндегі жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем жасаңыздар.

Қазақ - төзімді (толерантты) халық. Әсіресе, Ел басшысына деген құрметі бөлек. Сондай –ақ, ежелден билік иесінің әрекеті жақпаса, хан болса да қателігін бетіне айта алатын батыл халық. Бірақ қазақ мұндай шектен шыққан әрекетке бармайды. Ол үшін ханда хандық қасиет қалмауы керек. Қазақ халқының билік иесіне деген құрметі жоғары. Назарбаевтың елді ауыр және жауапкершілігі мол кезеңде басқаруына түсіністікпен қарады. Қазақ оны «Елбасы» деп атап кетті. Назарбаев имиджі 1995 жылға дейін жауапкершілігі мол, мойнына тарихи міндет жүктелген басшы, реформатор ретінде қалыптасты. Ал 1995 жылдан кейін елдегі билікті уысына жұмылдырған саяси амбициясы жоғары басшы ретінде толыға түсті. Елдің тарихы мен Елбасы қайраткерлігін бөлек қарастыру мүмкін емес. Осы тұстағы Елдің дамуы мен Елбасы рөлінің шын бағасын келешек ұрпақ берер.

4-тапсырма. Меңгерген сөздеріңізді пайдаланып, өз өміріңіздегі білікті басшы (мектеп директоры, сынып жетекшісі, сынып старостасы, топ старостасы, топ кураторы, факультет деканы т.б.) туралы әңгімелеңіз.

9 сабақ

БОӨЖ тапсырмалары

«Басшысы келіспесе, ел жетім» деген тақырыпта өз ойыңызды жазыңыз.

ОНЫНШЫ САБАҚ

Қоғам және жастар

Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

Қарсылықты салалас – құрамындағы жай сөйлемдері бір – біріне қарама - қарсы мәнде айтылғандықты білдіретін салаластың түрі. Жалғаулықсыз қарсылықты салалас, біріншіден құрамындағы жай сөйлемдер бір – біріне қарама – қарсы айтылады, екіншіден, баяндауыштары қарсы мәндес сөздерден болып келеді. Мысалы: Ағаңның да сенің алдыңнан шықпақ ойы бар еді, - жұмыстан қолы тимеді.(Н.Ғабд.) Бас болмақ оңай, - бастамақ қиын.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 70 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Хабарландыру ... туралы 16 страница| Хабарландыру ... туралы 18 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.022 сек.)