Читайте также:
|
|
Тұтылған айнымалылар деп телескоппен ажыратылмайтын тығыз жұлдыздар жұбын айтады. Бұл жағдайда жарықтылығы жоғары жұлдыз – бас жұлдыз, ал төменгі – серік жұлдыз болып табылады. Бұл жұлдыздарға, мысалы, Алголь және Лираның β-сы жатады. Бас жұлдыздың серік жұлдызбен үнемі тұтылуы нәтижесінде жұлдыздардың тұтылған айнымалыларының шамасы периодты түрде өзгеріп отырады. Жұлдыздардың сәулелену ағынының уақыт бойынша өзгеруі жылтырлық қисығы деп аталады. Жұлдыздың ең аз көрінетін жұлдыздық шамасы кезіндегі уақыт мезеті – максимум кезеңі, ал қарсы жағдайдағысы – минимум кезеңі деп аталады.
Тұтылған айнымалы жұлдыздың жылтырлық қисығының сипаты бойынша қос жұлдыздың біреуінің екіншісіне қатысты орбита элементтерін анықтауға болады. Жылтырлық қисығын мұқият зерттеу нәтижесінде тұтылған айнымалы жұлдыздар туралы келесі мәліметтер алынады:
1.Тұтылу сипаты көлбеулік бұрышы мен жұлдыздың өлшемдері көмегімен анықталады: i = 90º кезде тұтылу орталық болады.
2.Минимумдардың ұзақтығының негізінде компоненттердің R1 және R2 радиустарын табуға болады
3.Егер тұтылу толық болса, онда минимумдар тереңдігенің қатынасы арқылы жарықтылықтар қатынасын анықтауға болады, ал егер радиустары белгілі болса, онда температуралардың қатынасын анықтай аламыз.
4.Жылтырлық қисығының көлбеулік сипатынан жұлдыздар сәулеленулерінің өзара шағылуларын сипаттауға болады.
5.Жылтырлық қисығының минимумдарын мұқият зерттеу нәтижесінде жұлдыз дискінің шетіне қарай қараңғылау заңын бағалауға болады.
Сонымен жылтырлық қисығының нәтижесінде: i - орбита жазықтығының көлбеулік бұрышы, Р – айналу периоды, Т – бас минимум кезеңі, е – орбита эксцентриситеті, w - периастр бойлығы, R1,R2 - компоненттердің радиустары, L1/L2 - жарықтылықтар қатынасы шамаларын анықтауға болады екен.
31.Сәуелелік тепе-теңдікті анықтаңыз.
Күннің тепе – теңдігі газ қысымы күші мен гравитациялың теңдігіне байланысты. Күн 5 миллиард жыл өмір сүруде және оның қойнауында жүріп жатқан ядролық реакциялар нәтижесінде тағы осындай уақыт өзгермейтін энергия ағынын шығарады.
Сосын жұлдыздар эволюциясы заңдарына байланысты Күн қызыл алыпқа айналады, радиусы біраз өсіп,Жер орбитасынан үлкен болады. Мұнан кейін газды қабықша сейіліп, Күннің орнында ақ ергежейлі қалады. Біздің бұрынғы шырағымыздың осы қалдығы жылу энергиясы қорларын миллиардтаған жылдар бойынша таратып көрінбейтін суық объектіге айналады. Бұл кезде Жердегі температура басында 10 000 С – ге дейін өсіп, сонан кейін абсолют нөлге дейін кемиді.
Күн спектірінде 9% ке жуық энергия ултьтракүлігін сәулеге тән. Қалған энергия спектрдың көрінер және инфрақызыл аумағына жуықтап тең бөлінеді.
Күн радиосәуле шығарудың қуатты көзі. Ғаламшараралық кеңістікке хромосфера және күн тәжі шығарған радиотолқындар тарайды. Күннің радиосәуле шығаруының екі құраушысы бар: тұрақты және айнымалы. Тұрақты құраушысы қалыпты жағдайдағы радиосәуле шығаруды сиппатайды. Күн тәжі үздіксіз спектрлі радиосәуле шығарады. Күннің радиосәуле шығаруының айнымалы құраушысы жарқырау, шулы дауыл түрінде көрінеді. Рентген аумағындағы Күннің сәуле шығару ағыны аз және күн белсенділігіне байланысты қатты өзгереді.
Спектрдің толқын ұзындығы 200 нм-ден аз ультракүлгін аумағында үздіксіз спектр интенсивтілігі күрт кемиді, сутегі атомы спектріне сәйкес сызықтар пайда болады. Күннің қысқа толқынды ультракүлгін сәуле шығаруы фотосфераға жақын жерде жүреді,Ренгтен сәулесі фотосфера үстінде орналасқан хромосферадан және күннің сыртқы қабықшасы тәжден шығады. Метрлік радиосәулелер Күн тәжінде сәулелер хромосферада пайда болады.
32.Күн – жұлдыз деген ұғымға анықтама беріңіз. Жалпы мағлұматтар. Күн спектрі және химиялық құрамы
Күн – байсалды жұлдыз болып табылады, егер оның жалпы эммиссиясына қарасақ (сәуле шығару, жарқырау), онда көп жағдайда көрінетін жарық оның фотосферасынан басым болады.
Күннің тепе – теңдігі газ қысымы күші мен гравитациялың теңдігіне байланысты. Күн 5 миллиард жыл өмір сүруде және оның қойнауында жүріп жатқан ядролық реакциялар нәтижесінде тағы осындай уақыт өзгермейтін энергия ағынын шығарады.
Сосын жұлдыздар эволюциясы заңдарына байланысты Күн қызыл алыпқа айналады, радиусы біраз өсіп,Жер орбитасынан үлкен болады. Мұнан кейін газды қабықша сейіліп, Күннің орнында ақ ергежейлі қалады. Біздің бұрынғы шырағымыздың осы қалдығы жылу энергиясы қорларын миллиардтаған жылдар бойынша таратып көрінбейтін суық объектіге айналады. Бұл кезде Жердегі температура басында 10 000 С – ге дейін өсіп, сонан кейін абсолют нөлге дейін кемиді.
Күн спектірінде 9% ке жуық энергия ултьтракүлігін сәулеге тән. Қалған энергия спектрдың көрінер және инфрақызыл аумағына жуықтап тең бөлінеді.
Күн радиосәуле шығарудың қуатты көзі. Ғаламшараралық кеңістікке хромосфера және күн тәжі шығарған радиотолқындар тарайды. Күннің радиосәуле шығаруының екі құраушысы бар: тұрақты және айнымалы. Тұрақты құраушысы қалыпты жағдайдағы радиосәуле шығаруды сиппатайды. Күн тәжі үздіксіз спектрлі радиосәуле шығарады. Күннің радиосәуле шығаруының айнымалы құраушысы жарқырау, шулы дауыл түрінде көрінеді. Рентген аумағындағы Күннің сәуле шығару ағыны аз және күн белсенділігіне байланысты қатты өзгереді.
Спектрдің толқын ұзындығы 200 нм-ден аз ультракүлгін аумағында үздіксіз спектр интенсивтілігі күрт кемиді, сутегі атомы спектріне сәйкес сызықтар пайда болады. Күннің қысқа толқынды ультракүлгін сәуле шығаруы фотосфераға жақын жерде жүреді,Ренгтен сәулесі фотосфера үстінде орналасқан хромосферадан және күннің сыртқы қабықшасы тәжден шығады. Метрлік радиосәулелер Күн тәжінде сәулелер хромосферада пайда болады.
33.Күн құрылысын және атмосферасын түсіндіріңіз.
Күннің жалпы құрылысы мына суретте көрсетілген.
Күн қабаттарының физикалық сипаттамалары: r - тығыздық, Т - температура, р - қысым, n - 1 см3-ғы бөлшектер саны. Фотосфера мен хромосфера суретте нақтылыдан көрі қалыңдау салынып көрсетілген. |
Конвекциялық аумақта жоғары күн атмосферасы деп аталатын қабат орналасқан. Оның сәулеленуін біз тікелей бақылай аламыз. Күн атмосферасы негізінен: фотосфера, хромсфера, тәж атты үш бөліктен тұрады.
Фотосфера – Күн атмосферасының ең төменгі орасан жұқа қабаты. Оның қалындығы - 1/2000RКүн ≈ 350 км. Ол бізге келетін күн энергиясының бәрін дерлік сәулелендіреді: фотосфера сәулеленуі одан жоғары орналасқан хромосера мен тәждің сәулеленуінен 10 000 есе көп. Хромосфера мен тәж фотосфераның үздіксіз оптикалық сәулеленуін еркін дерлік жібереді, сондықтан фотосфера Күнді тікелей бақылау жүрісінде Күннің ақ жарықтағы көрнекі беті сияқты көрінеді. Фотосферадағы температура ~6000 К, қысым - ~0,1 атм. Хромосферада әуелі сутегінің, одан кейін гелийдің де иондануына әкелетін температураның онмындаған Кельвинге дейін өсуі байқалады. Мұндағы қысым - ~10-6 атм. Сөйтіп, фотосфера – бейтарап сутегінің Күндегі жалғыз аймағы.
Хромосфераның жоғарғы қабаттарда тағы бір әдеттен тыс температураның кенет ~1 млн К-ге дейінгі көтерілуі байқалады. Мұнда тәж – Күн атмосферасының ең сыртқы және сиретілген қабаты басталады. Ішкі тәждің температурасы - ~1,5 млн К, қысымы - 6&10-8 атм.
Тәждің мұндай жоғары температурасы көптеген тәуелсіз анықтамалармен расталады.тәждің бірнеше эмиссиялық сызықтар – жасыл, қызыл, т.б. тоғыздан он төртке дейін электрондарынан айырылған жоғары иондалған Fe, Nі және Ca атомдарымен жіберілген сызықтар екені табылды. Электрондардың үзілуі ауыр қозғалғыш электрондармен соқтығу нәтижесінде пайда болғандықтан, электрондардың кинетикалық энергиясы өте жоғары келеді. Қысқатолқынды аймақта Т»1,5&106 К сиретілген газдың спектріне сәйкес иондардың негізгі сызықтардың жиынтығы байқалады. Жылдамдықтарының жылулық шашылуына байланысты жоғарыиондалған FeX-FeXІV атомдарының спектрлік сызықтарының ендігі 106 К көп температураға сәйкес..
Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 410 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Жұлдыздардағы радиус-жарықтылық-масса тәуелділігі. | | | Күн ішіндегі конвекция |