Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жұлдыздардағы радиус-жарықтылық-масса тәуелділігі.

Шын күн тәуліктері мен шын күн уақыты | Күн ішіндегі конвекция | Ақ ергежейлілер. Нейтронды жұлдыздар мен қара құрдымдар. | Галактикалардың белсенді ядролары, квазарлар |


Жұлдыздардағы маңызды 3 параметрді: радиус, жарықтылық және әсерлі температураны байланыстырады. Олай болса, өрнекке кіретін барлық шамалар өзара тәуелді және жұлдыздардың әрбір тізбегі үшін спектр-жарықтылық диаграммасында спектрлік класс пен радиус арасындағы белгілі бір заңдылық табылады. Ол үшін спектр-жарықтылық диаграммасының түрін аздап өзгерту керек. Визуалды абсолют жұлдыздық шама орнына абсолют болометрлік жұлдыздық шаманы, ал спектрлік класс орнына – сәйкес әсерлі температураны енгіземіз. Бұл жағдайда «ескі» диаграмманың негізгі жалпы сипаты сақталады. Соңғы сызылған диаграммада радиустары бірдей жұлдыздардың орны түзу сызықпен көрсетіледі, себебі Lg L және Lg Тэфф арасындағы тәуелділік – сызықты. жұлдыздық атмосфералардың температураларының айырмашылықтарды 10 есеге дейін ғана болса, ал диаметрлеріндегі өзгешелік 106 дәрежесіне дейін жетеді.

жұлдыздар үшін болометрлік жарықтылық пен радиус арасындағы эмпирикалық тәуелділікті анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, бас тізбектегі көптеген жұлдыздар үшін:

өрнегі пайдаланылады. Ал, маңызды шамалардың бірі – массаны дара жұлдыздар үшін анықтау өте қиын. Кейбір жағдайларда Кеплер заңы көмегімен қосжүйелердің компоненттерінің массаларын анықтауға болады. Сондықтан аздаған жұлдыздар тобы үшін болометрлік масса мен болометрлік жарықтылық арасындағы байланыссыз массаны табуға болады.

Бас тізбекті жағалай төмен түскен сайын жұлдыздар массасы кеми түседі. Ергежейлілердің массасы Күннен аз. M < 0,02 болған кезде заттан жұлдыз түзіле алмайды, ол ғаламшарға сығымдалады.

Сонымен спектр-жарықтылық диаграммасын жұлдыздар күйінің диаграммасы деп қабылдауға болады.

3.15-сурет. Абсолют жұлдыздық шама – температура диаграммасы

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 348 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Герцшпрунг-Рессел диаграммасы| Тұтылған айнымалы жұлдыздар, негізгі сипаттамалары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)