Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1 страница. Вопрос №1 V2 Астрономия қандай мәселелерді қарастырады?

3 страница | 4 страница | 5 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Уровень 1

Вопрос №1

V2 Астрономия қандай мәселелерді қарастырады?
  Параллель әлемдерді зерттейді.
  Аспандағы жұлдыздарды санайды.
  Аспан денелерінің физикалық табиғатын зерттейді.
  Адамдар мен мемлекеттер тағдырын болжайды.
  Аспан денелері мен олардың жүйелерінің пайда болуы мен эволюциясы мәселелерін шешеді.
  Жердегі ауа райы болжамын жасайды.
  Аспан денелерінің көрінетін және нақты орнын, қозғалысын зерттейді.
  Басқа планеталардағы «жасыл адамдарды» іздестіреді.  

 

Вопрос №2

V2 Информацияны қабылдау әдістері бойынша астрономияның негізгі бөлімдерін атаңыз
  A. Күн физикасы.
  B. Астрофизика.
  C. Күн жүйесінің кіші денелерінің физикасы.
  D. Аспан механикасы.
  E. Галактикалық астрономия.
  F. Астрометрия.
  G. Космология.
  H. Жұлдыздық жүйелер динамикасы.

Вопрос №3

V2 Астрономияның үш ғылыми революциясының бастауы
  A. Энергияның сақталу заңының ашылуы.
  B. Коперник ілімі және телескоптың ойлап табылуы.
  C. Электромагниттік индукция заңының ашылуы.
  D. Аристотель ілімі.
  E. Спектрлік анализ және фотография.
  F. Нептунның ашылуы.
  G. Термодинамика заңдары.
  H. Космосқа аппаратураның шығарылуы.

Вопрос №4

V2 Астрономияның пайда болуы мен дамуының түрткісі
  A. Практикалық қажеттілік.
  B. Жұлдыздық аспанның ұлылығы мен әдемілігі.
  C. Ондық жүйенің ойлап табылуы.
  D. Астрология.
  E. Математиканың жетістіктері.
  F. Сыртқы әлемді тану құмары.
  G. Империяның пайда болуы.
  H. Діни ілімдердің пайда болуы.

 

Вопрос №5

V2 Қазақстанда кәсіби астрономия қашан пайда болды?
  A. Ұлы Отан соғысынан кейін.
  B. Ю.А. Гагариннің космосқа ұшуынан кейін.
  C. 1936 ж. Қазақ кеңестік социалистік республикасының құрылуынан кейін.
  D. 1941 ж. қазанда.
  E. 1941 ж. 21 қыркүйегінде Алматыда толық күн тұтылуынан кейін.
  F. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін.
  G. 1957 ж. Жердің бірінші жасанды серігі ұшырылғаннан кейін.
  H. ҚазКСР ғылым академиясына дейін.

Вопрос №6

V2 Төменде келтірілген аспан денелері атауларының қайсысы қазақша атаулар болып табылады?
  A. Субару.
  B. Плеядалар.
  C. Сириус.
  D. Үркер.
  E. Шолпан.
  F. Альтаир.
  G. Регул.
  H. Темір қазық.

Вопрос №7

V2 Шоқжұлдыздар дегеніміз не және олар неліктен ойлап шығарылған?
  A. Сауық үшін.
  B. Ұлы тұлғалардың есімін мәңгілікке қалдыру үшін.
  C. Кометаларды іздеу үшін.
  D. Аспанда бағдарлану мақсатында.
  E. Астрономдардың ыңғайлылығы үшін.
  F. Уақытты өлшеу үшін.
  G. Шығыс бағыттарын анықтау үшін.
  H. Шоқжұлдыздар – ең жарық жұлдыздары бойынша ұқсастандырылатын аспан сферасының облыстары.

Вопрос №8

V2 Жұлдыздар, планеталар, Ай және Күннің көрінетін қозғалыстарының сипаттамасы.
  A. Ай жұлдыздар арасында сағат тілі бойынша қозғалады.
  B. Ай жұлдыздар арасында бұралаңдап қозғалады.
  C. Көрінетін Күннің жылдық қозғалысы және Айдың айлық қозғалысы жұлдыздар арасында сағат тіліне қарсы бағытталған.
  D. Планеталар жұлдыздар арасында сағат тіліне қарсы бағытта қозғалады.
  E. Планеталар жұлдыздар арасында сағат тілі бойынша да, қарсы бағытта да қозғалады (бұралаңдайды).
  F. Күннің көрінетін жылдық қозғалысы жұлдыздар арасында сағат тілі бойынша бағытталған.
  G. Барлық аспан денелерінің тәуліктік қозғалысы сағат тілі бойымен бағытталған.
  H. Планеталар әрқашан жұлдыздар арасында сағат тілі бойымен қозғалады.

Вопрос №9

V2 Қандай шоқжұлдыздарды зодиактық деп атайды?
  A. Жануарлар атымен аталатын шоқжұлдыздарды.
  B. Аспан экваторы өтетін шоқжұлдыздарды.
  C. Күннің жылдық жүріп өтетін жолындағы 13 шоқжұлдыздардың ішіндегі 12 шоқжұлдыздарды.
  D. Аспан меридианы өтетін шоқжұлдыздарды.
  E. Үлкен планеталардың жүріп өтетін жолындағы Змееносецтан басқа 12 шоқжұлдыздарды.
  F. Тікбұрышты формасы бар шоқжұлдыздарды.
  G. Кометалар аралайтын шоқжұлдыздарды.
  H. Айдың айлық жүріп өтетін жолындағы шоқжұлдыздарды.

Вопрос №10

V2 Аспан күмбезі мен аспан сферасы түсініктері.
  A. Аспан күмбезі мен аспан сферасы – бір түсінік.
  B. Аспан күмбезі құдайлардың тіршілік мекені.
  C. Аспан күмбезі әрқайсысы өз жылдамдығымен айналатын көптеген сфералардан тұрады.
  D. Аспан күмбезі ерекше заттан тұрады: эфир немесе квинтэссенция.
  E. Аспан күмбезі - атланталардың иықтарында ұстап тұрылатын реалды сфера.
  F. Астрономиядағы аспан сферасы – центрі бақылаушының көзінде болатын, кез келген үлкен радиусты жорамал сфера.
  G. Күндіздік аспан күмбезі – біздің ішкі санамыз бірдей қашықтықта қабылдайтын, біздің атмосфера тығыздығының флуктуациясынан шашыраған Күн жарығы.
  H. Аспан күмбезі көптеген адамдардың елестетуі бойынша – аспанның әсем бейнесі.

Вопрос №11

V2 1 - аспан сферасының негізгі бағыттары мен нүктелері.
  A. Әлемнің солтүстік белдеуі – Темірқазық орналасқан нүкте.
  B. Белдеулер – түскі сызық пен аспан сферасының қиылысу нүктелері.
  C. Вертикаль сызық – Жердің центріне бағытталған сызық.
  D. Вертикаль сызық – тіктеуіш сызығының бағытымен сәйкес келетін сызық.
  E. Әлем өсі – тіктеуіш сызығына параллель сызық.
  F. Әлем өсі – аспан сферасының центрінен өтетін және Жердің айналу өсіне параллель сызық.
  G. Зенит – вертикаль сызықтың аспан сферасымен қиылысатын, жоғарыдағы нүкте.
  H. Надир – Күннің шығыс нүктесі.

Вопрос №12

V2 2 - аспан сферасының негізгі сызықтары.
  A. Аспан экваторы – аспан сферасының әлем өсіне перпендикуляр жазықтықпен қиылысуынан пайда болған үлкен дөңгелегі.
  B. Аспан экваторы – бұл аспан сферасының Жер экваторы жазықтығымен қиылысатын сызығы.
  C. Математикалық горизонт – бұл аспан сферасының тіктеуіш сызығына перпендикуляр жазықтықпен қиылысуынан пайда болатын үлкен дөңгелегі.
  D. Математикалық горизонт – бұл аспан сферасының полярлық дөңгелек жазықтығымен қиылысуынан пайда болатын үлкен дөңгелегі.
  E. Аспан экваторы – бұл аспан сферасы мен аспан меридианының қиылысу сызығы.
  F. Түстік сызық – бұл экватор жазықтығы мен математикалық горизонттың қиылысу сызығы.
  G. Аспан меридианы – аспан сферасының полюс пен зениттен өтетін үлкен дөңгелегі.
  H. Аспан меридианы – бұл аспан сферасы мен математикалық горизонт жазықтығының қиылысу сызығы.

Вопрос №13

V2 Горизонталь координаталар жүйесі.
  A. Азимут – бұл әлемнің солтүстік полюсі бағыты мен шырақ арасындағы бұрыш.
  B. Азимут – бұл сфера центрінен оңтүстік нүктеге және математикалық горизонттың шырақ биіктігі дөңгелегімен қиылысу нүктесіне бағыттарының арасындағы бұрыш.
  C. Зениттік қашықтық - зенит пен әлем полюсі бағыттарының арасындағы бұрыш.
  D. Зениттік қашықтық - зенит пен экватор жазықтығы бағыттарының арасындағы бұрыш.
  E. Горизонталь координаталар жүйесінің негізгі жазықтығы математикалық горизонт жазықтығы болып табылады.
  F. Зениттік қашықтық – бұл биіктікті 180 градусқа толтыратын бұрыш.
  G. Математикалық горизонт жазықтығы мен шырақ бағыты арасындағы бұрыш биіктік деп аталады.
  H. Шырақ азимуты орын енділігіне тәуелді.

Вопрос №14

V2 Бірінші экваториалдық координаталар жүйесі.
  A. Шырақтың сағаттық дөңгелегі – бұл зенит және шырақ арқылы өтетін дөңгелек.
  B. Шырақтың сағаттық бұрышы – бұл горизонт жазықтығы мен шырақ бағыты арасындағы бұрыш.
  C. Экваториалдық жүйенің негізгі жазықтығы болып аспан экваторы жазықтығы табылады.
  D. Иілу - бұл математикалық горизонт жазықтығының аспан экваторы жазықтығына көлбеулігі.
  E. Аспан экваторы жазықтығы мен шырақ бағыты арасындағы бұрыш иілу деп аталады.
  F. Иілу сағатпен, минутпен және секундпен өлшенеді.
  G. Полярлық қашықтық – полюс пен зенит арасындағы доға.
  H. Сағаттық бұрыш – бұл аспан меридианы мен шырақ жазықтықтары арасындағы бұрыш.

 

Вопрос №15

V2 Екінші экваториалдық координаталар жүйесі.
  A. Кульминация – шырақтың зениттен өту моменті.
  B. Көктемгі күннің теңелу нүктесі – бұл Күннің оңтүстік жартышардан солтүстікке өтетін, экватордың эклиптикамен қиылысу нүктесі.
  C. Шырақтардың иілуі 0 мен 180 градус аралығында өзгереді.
  D. Бірінші координата тік шарықтау болып табылады (көктемгі күннің теңелу нүктесі және шырақ иілуі дөңгелегі мен экватордың қиылысу нүктесі бағыттарының арасындағы бұрыш).
  E. Екінші экваториалдық координаталар жүйесінде шырақтар уақыт бойынша өзгереді.
  F. Экватор мен эклиптиканың қиылысу нүктелері күн тоқырау нүктелері деп аталады.
  G. Тік шарықтауды аспан экваторы жазықтығында тәуліктік қозғалысқа қарсы есептейді.
  H. Шырақтардың тік шарықтауы -90 және +90 градустар аралығында өзгереді.

Вопрос №16

V2 Планеталар дегеніміз:
  Басқа жұлдыздарда табылмаған аспан денелері.
  Жұлдыздарды орбиталар бойымен айналатын аспан денелері.
  Жұлдыздардан массалары жүздеген есе аз объектілер.
  Өздік қуатты энергия көздері жоқ аспан денелері.
  Өздік қуатты энергия көздері бар аспан денелері.
  Тек Күн жүйесінде ғана болатын объектілер.
  Масссы Күн массасына жақын аспан денелері.
  Ғарышта өз бетімен өмір сүре алатын объектілер.

Вопрос №17

V2 Эклиптикалық координаталар жүйесі
  A. Эклиптика – бұл аспан сферасына жүргізілген проекциядағы жұлдыздар арасында Күннің жылдық жүріп өтетін жолы.
  B. Көктемгі күннің теңелу нүктесі қазір Торпақ шырағында орналасқан.
  C. Шырақтың эклиптикалық ұзақтығы жыл мезгіліне тәуелді.
  D. Эклиптикалық жүйедегі координаталар ұзақтық пен енділік болып табылады.
  E. Экватор және эклиптика жазықтықтарының арасындағы бұрыш 45 градусқа тең.
  F. Енділік – бұл экватор жазықтығы мен шырақ бағыты арасындағы бұрыш.
  G. Эклиптикалық координаталар жүйесі күн жүйесі денелерінің орбиталарын есептеу кезінде қолданылады.
  H. Ұзақтылық күздік күннің теңелу нүктесінен бастап есетеледі.

Вопрос №18

V2 Жер формасы және қозғалысы, олардың нәтижелері.
  A. Мезгілдердің ауысуы Жер орбитасының эллипс болуына байланысты.
  B. Әлем полюсі биіктігі бақылау орнының енділігіне тең.
  C. Күн мен түннің ауысуы Жердің айналмалы қозғалысының дәлелі болып табылады.
  D. Теңіз кемелері көрінуінің өзгеруі мен Ай тұтылуы Жердің шар тәрізділігінің дәлелі болып табылады.
  E. Аспандағы ең жарық жұлдыз Темірқазық болып табылады.
  F. Мезгілдердің ауысуы тәуліктік айналу өсінің орбита жазықтығына көлбеу жасайтынына байланысты.
  G. Полюсте ауырлық күшінің үдеуі экваторға қарағанда азырақ.
  H. Темірқазық оңтүстік бағытқа нұсқайды.

Вопрос №19

V2 Батпайтын және шықпайтын шырақтарға арналған шарттар
  A. Батпайтын шырақтар үшін: иілу δ > (90° - j)
  B. Шықпайтын шырақтар үшін: орын енділігі j > 45°
  C. Батпайтын және шықпайтын шырақтар үшін: -(90° - j) < δ < (90° - j)
  D. Батпайтын шырақтар үшін: δ < 30°
  E. Батпайтын және шықпайтын шырақтар үшін: δ < j + 45°
  F. Батпайтын шырақтар үшін: δ < (90° - j)
  G. Шықпайтын шырақтар үшін: δ < -(90° - j)
  H. Шығатын шырақтар үшін: тік шарықтау α < 90°.

Вопрос №20

V2 Параллактикалық үшбұрыш (п.ү.): анықтамасы және қасиеттері
  A. П.ү. – бір қабырғасы орын енділігі болып табылатын сфералық үшбұрыш.
  B. П.ү. – төбелері зенит, надир және шырақ болып келетін сфералық үшбұрыш.
  C. П.ү. – төбелері полюс, зенит және шырақ болып келетін сфералық үшбұрыш.
  D. П.ү. бір қабырғасы зениттік қашықтық болып табылады.
  E. П.ү. бір қабырғасы шырақтың тік шарықтауы болып табылады.
  F. П.ү. бір төбесі Әлем полюсі болып табылады.
  G. П.ү. бір төбесі көктемгі күннің теңелу нүктесі болып табылады.
  H. П.ү. бір қабырғасы шырақтың тік шарықтауы болып табылады.

Вопрос №21

V2 Сфералық үшбұрыш: анықтамасы және қасиеттері
  A. Сфералық үшбұрыш (с.ү.) үлкен дөңгелектердің доғаларымен құрылады.
  B. С.ү. қабырғаларының қосындысы (a + b + c) 360°-қа тең.
  C. С.ү. бұрыштарының қосындысы (A + B + C) 180°-тан үлкен және 540°-тан кіші.
  D. С.ү. бұрыштарының қосындысы 180°-тан кіші.
  E. С.ү. бұрыштары үшбұрыш төбелерінен қабырғаларына жүргізілген жанамалардан түзіледі.
  F. С.ү. қабырғалары үлкен және кішкентай дөңгелектердің доғалары бола алады.
  G. С.ү. кішкентай дөңгелектердің доғаларынан құрылған.
  H. Сфералық артылу деп бұрыштар қосындысы мен 270° айырмасын айтады.

Вопрос №22

V2 Сфералық тригонометрияның теоремалары (A, B, C – бұрыштар, a, b, c – қабырғалар).
  A. tg a / tg b = sin a / sin b
  B. sin a/sin A = sin b / sin B = sin c / sin C
  C. cos A cos a = sin A sin a
  D. sin a cos b = cos a sin b
  E. sin A = cos b cos c – sin b sin c
  F. cos a = cos b cos c +sin b sin c cos A
  G. tg A = tg B ctg C
  H. sin a cos B = sin c cos b – cos c sin b cos A

Вопрос №23

V2 1 – уақыт өлшеулері
  A. Секунд – Жердің айналу периодының 1 / 86400 бөлігіне тең уақыт аралығы.
  B. Секунд – бұл 1900.0. эпохасындағы көктем нүктесіне қатысты Күннің айналу периодының 1 / 31 556 925, 9747 бөлігіне тең уақыт аралығы.
  C. Секунд (атомдық) – бұл негізгі күйдегі 133Cs атомы шығаратын электро-магниттік толқын тербелістерінің 9 192 631 770 периодының ұзақтығына тең уақыт аралығы.
  D. Жұлдыздық уақыт – бұл көктемгі күн теңелу нүктесінің сағаттық бұрышы.
  E. Берілген меридиандағы жұлдыздық тәуліктің басы ретінде көктемгі күннің теңелу нүктесінің төменгі кульминациясы моменті алынады.
  F. Көктемгі күннің теңелу нүктесі аспан сферасында крестпен белгіленген.
  G. Тропикалық жыл – нағыз Күн центрінің көктемгі күннің теңелу нүктесінен өткен көршілес екі уақыт аралығы.
  H. Күнделікті өмірде жұлдыздық уақыт қолданылады.

Вопрос №24

V2 2 – уақыт өлшеулері
  A. Уақытты өлшеу үшін уақыттың өлшем бірлігін таңдау керек (қандай да бір табиғи қатаң периодты процесті және санақ басын).
  B. Жұлдыздық жыл – бұл таңдаулы жұлдыздың көктемдік күннің теңелу нүктесінің иілуі дөңгелегінен көршілес екі өтуі аралығындағы уақыт.
  C. Күн эклиптика бойымен бір қалыпты қозғалады.
  D. Аспан экваторы эклиптика жазықтығына 30° бұрышпен көлбеу орналасқан.
  E. Шын күндік тәулік – берілген орындағы Күннің екі көршілес әрі аттас кульминациялар аралығындағы уақыт.
  F. Жұлдыздық уақыт шырақтың тура өрлеуі мен оның сағаттық бұрышы айырмасына тең.
  G. Орташа күндік тәулік – берілген орындағы орташа Күннің екі көршілес әрі аттас кульминациялар аралығындағы уақыт.
  H. Күндік тәулік жұлдыздық тәуліктен 3 минут 56 секундқа қысқа.

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 194 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
7 страница| 2 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)