Читайте также: |
|
Қазақстан Республикасының Конституциясы
ҚР Еңбек кодексі. 2007 ж.
3. Оспанов К.И. Құқық негіздері Алматы Жеті Жарғы 2007ж.
4. Г. Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. А., 1993ж.
5. Н. О. Дулатбеков, С. К. Амандыкова, А. В. Турлаев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Астана 2000ж.
6.Бақылау сұрақтары.
1.Еңбек құқығының пәні не болып табылады?
2.Еңбек құқығы дегеніміз не? Еңбек бостандығы дегеніміз не?
3.ҚР еңбек құқығының қағидаларын атаңыз.
4.Жұмыс уақыты, демалыс уақыты дегеніміз не?
5.Жұмыс уақытының қандай түрлері болады?
6.Еңбек демалысының қандай түрлері болады?
7Еңбек даулары қалай шешіледі?
8.ҚР зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық негіздері қандай?
9.Ортақтасқан зейнетақы қоры дегеніміз не?
10.Жинақтаушы зейнетақы қоры дегеніміз не?
11.Міндетті әлеуметтік сақтандыру дегеніміз не?
12.Міндетті әлеуметтік сақтандыру түрлері қандай?
9‑ші тақырып.
1. ҚР қаржы құқығының негіздері. ҚР бюджет құқығы.
2.Мақсаты. Студенттерді қаржы құқығының пәні және қағидаттарымен таныстыру, бюджет жүйесін, қаржы және бюджеттік- құқықтық қатынастардың мазмұның қарастыру.
3.Дәріс тезистері.
Қаржы құқығының бастауы мен жүйелері туралы түсінік. Қаржы құқығының ерекшеліктері. Құқықтық қатынас туралы жалпы сипаттама. Әкімшілік-аумақтық бірліктер мен мемлекет қызметінің қаржы құқығының негіздері мен ұғымдары. ҚР-ның қаржы құрылымы. Мемлекеттің қаржы жүйесі. Қаржылық бақылаудың әдістері, түрлері, міндеттері мен түсінігі.
Қаржы – білім беру жүйесінде және ақша қаражатын жұмсауда, ақша операциясын іске асыруда, қоғамдық тұтынуды қамтамасыз ету мақсатымен ақша шаруашылығын енгізуде туындайтын экономикалық қатынас. Мемлекеттің қаржы қызметі – мемлекеттік өкімет органдары мен жергілікті басқару органдарының жоспарлық білім беруі, өз қызметтерін іске асыруға міндетті және ерікті әдістермен білім беру аумағындағы ақша қаражатын пайдалануы мен ақша қорын үлестіруі; қаражатты пайдалану аумағында ақшалай қаржыны үлестіру қызметтері.
Қаржы негіздері пәні – халықтық қаржыны жұмсау мен білім берудегі қоғамдық қатынасты, халықтық қызметке арналған қызметтерді іске асыру.
Қаржы негіздері пәніне негізінен халықтық ақша қаражатын жұмсау бойынша қызметтер мен салықтық қатынастар жатады. Қаржылық құқықтық қатынас объектінің материалды (ақшалай) және процессуалды (ұйымдастырушылық) түріне қарай ажыратылады, ал құрылымына қарай қаржылық жүйе – кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелердің бюджеттік, салықтық, сақтандыру, банктік, кредиттік, кедендік, есептік қаржылары болады. Қаржылық құқықтың ерекшеліктері: қаржылық құқықтық әрекеттің қоғамдық қатынасқа императивтігі (тегеуірінділігі), субъектінің қаржы құқығының теңсіздігі, өктемшілдік және келісушілік сипаттарын байланыстыру, конформизм (субъектілер қаржы құқықтық қатынасына биліктің алдын ана жазуына енеді), субъектінің меншігін жекешелендіру, қаржылық жауапкершілікті қалпына келтіруді сипаттау.
4.Иллюстрациялық материалдар. «Қаржы құқықтық ереженің құрылымы
» кестесі.
Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 96 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Дебиет. | | | Дебиет. |