Читайте также: |
|
Қазақстан Республикасының Конституциясы.
«Қазақстан Республикасының сот мәртебесі мен сот» ҚР конституциялық заңы.
Оспанов К.И. Құқық негіздері Алматы Жеті Жарғы 2007ж.
Г. Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы Жеті Жарғы 1996ж.
Баққұлов С. Құқық негіздері Алматы 2004ж.
Н. О. Дулатбеков, С. К. Амандыкова, А. В. Турлаев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Астана 2000ж.
6, Бақылау сұрақтары.
1. Құқық қорғау органдары не болып табылады.
2. Құқық қорғау жүйесіне қандай органдар кіреді.
3. ҚРның сот жүйесін сиппатамасын берініздер.
4. ҚРғы сот қызметінің негізгі қағидалары қандай.
5. Сот тәуелсіздігінің кепілдіктері қандай.
6. Сот әділдігі дегеніміз не.
7. Конституцияда сот төрелігінің қандай қағидалары көрсетілген.
8. Прокуратура қандай функцияларын атқарады.
9. Ішкі істер органдары қандай функцияларын атқарады.
10. Ұлттық қауіпсіздік Комитеті қандай функцияларын атқарады.
4-шы тақырып.
1.ҚР сот әділдігі және сот. ҚР әкімшілік құқығының негіздері.
2.Мақсаты. Құқықтық мемлекеттегі сот жүйесінің ролін білу студеттер үшін маңызды болып табылады. Басқаша айтқанда, сот төрілігінің қағидаттар туралы білімдерді қалыптастыру қажет. Студентерді ҚР әкімшілік құқығы пәнімен және жүйесімен, ҚР мемлекеттік қызметі қағидаттарымен таныстыру.
3.Дәріс тезистері.
ҚР сот әділдігі және сот. Әкімшілік құқық пәні, әдістері және жүйесі. Әкімшілік – құқықтық нормалар ұғымы және түрлері, оларды жүзеге асыру. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері. Әкімшілік құқық субъектілері. Түсінігі және олардың түрлері.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет ұғымы және қағидаттары. Мемлекеттік қызметкерлерді жіктеу. Мемлекеттік қызметшілерді заңдық жауаптылыққа тарту түрлері.
Қазақстан Республикасында сот билігі тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылған алқа заседательдері арқылы соттарғана тиесілі. Сот төрелігін (әділдігін) тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді.
Әкімшілік құқық мемлекет органдарының атқарушылық- жарлықшыл қызметін реттейтін құқықтық нормалар бірлестігі. Бұл сала пәніне мемлекеттік басқару нысаны, оның функциялары мен міндеттері жатады. Бұл сала нормалары мемлекеттік қызмет іс әрекетін, қағидаттарын, сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттерін, олардың жауапкершілігін айқындайды.
Бұл сала қайнар көздеріне ҚР Конституциясы және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс жатады. ҚР Конституциясының 33 бабына сәйкес: ҚР азаматтары мемлекет ісін басқаруға тікелей өздері және өз өкілдері арқылы араласуға құқылы, сонымен қатар, мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға жеке және коллективті түрде жүгіне алады.
Мемлекет істерін басқаруға араласу құқығы- бұл азаматтың тікелей өзі және өз өкілдері арқылы мемлекеттің өкілдік, атқарушы және сот органдарының қызметін қалыптастыруға қатысу мүмкіндігі. Бұл құқық мұндай қатысудың мына нысандарын айқындайды: мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға жеке және коллективті түрде жүгінуі, мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға сайлау және сайлану құқығы, референдумға қатысуы, мемлекеттік қызметке қол жеткізе алуы.
Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдарда және олардың аппараттарында конституциялық негізде және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға және мемлекет функциясын және басқа да міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған кәсіби қызметі.
ҚР -да мемлекеттік қызмет мына қағидаттарға негізделеді:
1. заңдылық;
2. қазақстандық патриотизм;
3. мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы;
4. азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдылығы;
5. жалпы қол жетімділік;
6. азаматтардың мемлекеттік қызметке тұруының еріктілігі;
7. мемлекеттік қызметтің кәсібилігі және құзыреті;
8. бірдей жұмысқа бірдей ақы төлеу;
9. жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өз құзыреті шегінде шығарған шешімдерін төменгі тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың орындау міндеттілігі;
10. мемлекеттік қызметкерлердің бақылауда болуы және есеп беруі.
4.Иллюстрациялық материалдар. " Мемлекеттік қызметкерлердің түрлері " таблицасы.
Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 77 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Дебиет. | | | Дебиет. |