Читайте также: |
|
1 ші–тақырып.
1.Құқық негіздері оқу курсының жүйесі. Мемлекет пен құқық туралы, мемлекеттік‑құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар.
2.Мақсаты. Студенттерді «Құқық негіздері» оқу курсының міндеттерімен таныстыру.
«Құқық негіздері» оқу курсының пәнін және мақсаттарын қарастыру. Студенттердің мемлекет және құқық, олардың пайда болуының кезендері мемлекет пен құқық теорияның негізгі ережелері, мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың өзара әсерлігі туралы білімдерін қалыптастыру.
3.Дәріс тезистері.
Заң пәндерінің жүйесіндегі құқық негіздері пәні. «Құқық негіздері» оқу курсының құрылымы. «Құқық негіздері» оқу курсының қайнар көздері. Мемлекет, құқық туралы негізгі түсніктер. Мемлекет пен құқықтық негізгі белгілері. Мемлекеттің, құқықтың пайда болуы. Мемлекет түсінігі және белгілері.Құқықтық нормалардың түсінігі және құрылымы. Құқықтық реттеу: әдісі және механизмі. Құқықтың қайнар көздері. Құқықтық мемлекет түсінігі және белгілері.
«Құқық негіздері» ‑ кешенді оқу курсы, оның құрамына мемлекет пен құқық туралы негізгі мәліметтер кіреді. Құқықтық ілімдер жүйесінде құқық негіздері маңызды орын алады. «Құқық негіздері» оқу курсы заңды емес мамандық бойынша оқитын студенттерге арналған құқықтық теорияның, Қазақстан Республикасы заңнамасының негіздерін анықтайтын жүйелік курс болып табылады. Құқық негіздерінің зерттеу объектілерінің жүйесіне құқық нормалары, заңдар, мемлекет пен құқық туралы негізгі білімдерді түсіну үшін қажет оқулық, монографиялық, арнайы және номативтік‑құқықтық әдебиеттер кіреді.
Құқық негіздері курсының пәніне негізгі құқық салаларын, құқықтық қатынастардың негізгі түрлерін және олардың мазмұнын, заңдық жауапкершіліктің негізгі түрлерін және олардың қолдану тәртібін оқып үйрету жатады.
Оқу курсын оқу барысында студент кем дегенде мынадай білімді алуы қажет: КР Конституциясының нормаларының жүйесін, материалдық және процессуалдық құқығының негізгі анықтамалары мен категорияларын. Алған білімінің негізінде студент түрлі құқықтық институттарды және құқықтық қатынастарды ажырата білу қажет.
басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, өз алдына дербес ерекше саяси ұйым. Бүгінгі күнгі мемлекеттің басты ерекшелігі азаматтарды мемлекеттік және қоғамдағы істерге нақтылы қатыстыруды қамтамасыз ететін, шын мәніндегі, демократиялық қоғам құру болып табылатындығында.
Құқық дегеніміз мемлекет белгілеп, мақұлдаған жалпыға міндетті мінез‑құлық ережелерінің ережелерінің (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың өзіндік ерекшелігі оның нормаларын сақтау мемлекеттің мәжбүр ету күшімен қамтамасыз етілетіндігінде.
Құқықтың қайнар көздері – құқық қалыптастыратын әлеуметтік факторлардың жиынтығы (мемлекет, таптар, идеологиялар және т.б.), оған құқықтық сипат беруге қажетті мемлекеттік еріктің көріну нысаны (заң, жарлық, қаулы,декрет және т.б.). Құқықтың бастауы болып тек құқықтық мәні бар актілер ғана танылады.
Құқықтық норманың құрылымы – оның құрылысы, элементтері: гипотеза, диспозиция және санкция.
Құқықтың ең алғашқы тарихи қайнар көздерінің бірі бұл құқықтық дәстүр. Адамдардың үнемі қолдануының барысында әдетке айналған, сақталуы мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілетін, мінез-құлық ережелерінің жиынтығын құқықтық дәстүр деп атаймыз.
Әкімшілік немесе сот прецеденті - соттың және әкімшілік органның нақты бір істі - мәселені қарап, реттеп шешуге негізгі норма бола алады.
Құқықтық мемлекеттің ұлы мұраты мемлекет өз органдарының әрекеті үшін жауап беретін, ал азаматтар мемлекет алындағы жауапкершілік сезімін толық сезінетінмемлекет пен жеке адамның арасындғы өзара міндеткерлік болып табылады. Құқықтық мемлекетте заңдар мен басқа да нормативтік жүзеге асыру барысындағы пәрменді қадағалау мен бақылаудың маңызы зор. Заңдардың бұрмалануына ешқандай да жол берілмеуі керек.
4.Иллюстрациялық материалдар. " Құқық нормасының құрылымы" схемасы.
Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 111 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
УТВЕРЖДЕН | | | Дебиет. |