Читайте также: |
|
Қазақстан Республикасының Конституциясы
Оспанов К.И. Құқық негіздері Алматы Жеті Жарғы 2007ж.
ҚР Неке және отбасы туралы 1998
Баққұлов С. Құқық негіздері Алматы 2004ж.
Г. Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы Жеті Жарғы 1996ж.
Н. О. Дулатбеков, С. К. Амандыкова, А. В. Турлаев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Астана 2000ж
6.Бақылау сұрақтары.
1. Отбасы құқығы қандай қатынастарды реттейді?
2. Неке дегеніміз не?
3. Некеге тұру шарттарын атаңыз?
4. Қамқоршылы, асырап алушылық дегеніміз не?
5. Ата- ананың құқықтары мен міндеттерін атаңыз.
6. Балалардың құқықтары мен міндеттерін атаңыз.
7. Неке шарты дегеніміз не?
8-шы тақырып.
1.ҚР еңбек құқығы. ҚР әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы.
2.Мақсаты. Студенттерді еңбек құқығы негіздерімен, еңбекке орналастыру ережелерімен, еңбек шарты мазмұнымен және шарттарымен таныстыру.
Студенттерді әлеуметтік қамтамасыз ету құқығының негіздерімен, әлеуметтік қамтамасыз ету нысандарымен, зейнетақымен қамтамасыз ету шарттарымен таныстыру.
3.Дәріс тезистері.
Еңбек құқығы пәні, әдісі, жүйесі және қайнар көздері. Еңбек құқығы бойынша құқықтық қатынастар. Еңбекке орналастыру және жұмыспен қамтудың құқықтық негіздері. Еңбек құқық қатынастардың тараптары. Еңбек шарттары. Ұжымдық еңбек шарттары және келісімдер. Жұмыс уақыты. Демалыс уақыты. Жалақы. Кепілдік пен өтемақы. Еңбекті қорғау. Еңбек тәртібі. Материалдық жауапкершілік. Еңбек даулары.
Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы түсінігі, қайнар көздері. Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық негіздері. Ортақтасқан және жинақтаушы зейнетақы жүйесі. Жәрдемақы түсінігі және түрлері. Төлемдерді тағайындауды құқықтық қамтамасыз ету. Міндетті әлеуметтік сақтандырудың құқықтық негізі.
Еңбек құқығының пәні болып жалдамалы еңбекті ұйымдастыру мен пайдалану барысында қалыптасатын еңбек қатынасын және онымен тығыз байланысты қатынастарды реттейтін еңбек қатынастары болып табылады. ҚР Еңбек заңдарының міндеті жұмыс беруші мен жалданушы қызметкер арасында қатынастарды реттеу және заңсыздыққа жол бермеу. ҚР Еңбек заңдарының қағидалары болып мыналар танылады: 1. еңбек саласында азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің шектелуіне жол бермеу; 2. еңбек бостандығы; 3. мәжбүрлеп еңбек еткізуге жол бермеу; 4. қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету; 5. өндіріс нәтижелеріне қарағанда жұмысшы өмірі мен денсаулығының басымдықта болуы; 6. ең төменгі жалақы мөлшерінен кем емес жалақыға және жасаған жұмысы үшін әділ сыйақы алу құқығын қамтамасыз ету; 7. демалуға құқықты қамтамасыз ету; 8. жұмысшылардың құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі; 9. өз құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жұмысшылар мен жұмыс берушілердің бірлесу құқығын қамтамасыз ету; 10. әлеуметтік серіктестік; 11. еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау мәселелерін құқықтық реттеу; 12. ҚР Еңбек заңдарын қорғау мақсатында жұмысшылар өкілдерінің құқығын қамтамасыз ету үшін қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.
Еңбек қатынастарының субьектілері болып жұмыс беруші және жұмысшы танылады.
Еңбек қатынастары жұмысшы мен жұмыс беруші арасында заңға сәйкес жасалған еңбек шарты негізінде пайда болады.
ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Заң ҚР -да азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық және әлеуметтік негіздерін айқындайды, меншік түріне қарамастан мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың зейнетақымен қамтамасыз етілуінің конституциялық құқығын жүзеге асыруға қатысуын реттейді.
ҚР міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заң азаматтарды әлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бірі ретіндегі міндетті әлеуметтік сақтандырудың құқықтық және ұйымдық негіздерін реттейді.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру мына түрлерге бөлінеді: 1. еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайында; 2. асыраушысынан айрылуына байланысты; 3. жұмысынан айрылуына байланысты; 4. жүктілігіне және босануына байланысты кірістен айрылу жағдайында; 5. жаңа туған баланы асырап алуына байланысты кірісінен айрылуы жағдайында; 6. бір жасқа дейінгі баласын күтуіне бйланысты кірістен айрылу жағдайында.
Міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі қағидалары мыналар болып табылады: 1. Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы ҚР заңдарының орындалуын және сақталуының жалпыға ортақтығы; 2. әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету үшін мемлекетпен кепілдендіру шаралары; 3. міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне міндетті қатысу; 4. әлеуметтік төлемдерге бөліктеуді заңға сәйкес пайдалану; 5. әлеуметтік төлемдердің мөлшерінің дифференциациялау; 6. міндетті әлеуметтік сақтандыруды қамтамасыз ететін органдардың қызметінің жариялылығы.
4.Иллюстрациялық материалдар. " Еңбек шартын бұзу негіздері " таблицасы.
" Әлеуметтік қамтамасыз етудің нысандары " таблицасы.
Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 540 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Дебиет. | | | Дебиет. |