Читайте также:
|
|
1. Микобактерианың тіршілікке қабілеттілігі таза дақылда қай кездерде сақталмайды:
а) өте төмен температурада
б) 1-5 минут 80 С-ға дейін қыздырғанда
в) + 5 минут қайнатқанда
г) 30 минут тікелей күн сәулесінің әсерінен
д) 60 минут қайнатқанда
2. Туберкулездің қай түрімен жиі ерлер ауырады:
а) тығыздалған Базен эритемасы
б) скрофулодерма
в) + сүйел тәрізді туберкулез
г) жедел миллиарлы туберкулез
д) барлық түрі
3. Туберкулездің қай түрімен әйелдер ауырады:
а) +тығыздалған Базен эритемасы
б) скрофулодерма
в) сүйел тәрізді туберкулез
г) жедел миллиарлы туберкулез
д) барлық түрі
4. Туберкулездік жегіге тән белгілерді ата:
а) +Поспелов белгісі
б) Кебнер белгісі
в) Пинкус белгісі
г) Асбо-Хансен белгісі
д) әйел өкшесі белгісі
5. Колликвативті туберкулезде түйіндер:
а) +тығыз
б) жұмсақ
в) эластикалық
г) қамыр тәрізді
д) қатты
6. Колликвативті туберкулездің жиі орналасатын жері:
а) +жақ асты лимфа түйіні
б) қолтық асты лимфа түйіні
в) шаптың лимфа түйіні
г) тізе асты лимфа түйіні
д) пубертаттық лимфа түйіндері
7. Туберкулездік жегіне тән басталу:
а) ерте бала жаста
б) боз бала
в) орта жаста
г) қартайғанда
д) + жас өспірімдерде
8. Туберкулездік жегіні біреуінен басқасынан ажырату керек:
а) төмпешікті мерез
б) ұсақ түйіншекті саркоидоз
в) туберкулоидты лепра
г) туберкулоидты лейшманиоз
д)+ псориаз
9. Туберкулездік жегіде зақымдамайды:
а) мұрын сүйегі
б) қатты таңдай сүйегі
в) мұрын, құлақ қалқаны шеміршегі
г) + түтікті сүйектер
д) саусақ фалангалары
10. Колликвативті туберкулезде түйін жарылғаннан кейін:
а) эрозия
б) + жара
в) тесік
г) жарылу
д) түйін жарылмайды
11. Жара колликвативті туберкулезде:
а) жегі тығыз қайырылған
б) жиегі иректелген
в) түбі қызыл, жылтыр, таза
г) + түбі сарғыш түсті, грануляциямен жабылған
д) белдеу тәрізді жиегі бар жара
12. Колликвативті туберкулезде тыртық:
а) тегіс атрофиялық
б) тегіс
в) келлоид
г) +трабекулярлы
д) гипертрафиялық
13. Келесі клиникалық белгісі болғанда қай дерматоз туралы ойлауға болады: зақымдалу ошағы мұрында орналасқан, шектеулі, көпшіл-қызыл сарғыш түстес, көлемі түйреуіш басындай, беті тегіс, консистенциясы жұмсақ қамыр тәрізі бөртпе түрінде байқалады. Зондпен тексергенде, жеңіл тіннің терңіне түсіп кетеді. Сіздің диагнозыңыз:
а) үшіншілік мерез
б) лейшманиоз
в) қызыл жегі
г) +туберкулездік жегі
д) розацеа
14. Туберкулездік жегіде кездесетін белгілерді ата
а) Никльский белгісі
б) Терминалды қабық белгісі
в) Ысқы белгісі
г) +алма қойыртпағы белгісі
д) Кебнер белгісі
15. Туберкулездік жегіне тән морфологиялық бөртпелер:
а) түйіншек
б) + төмпешік
в) вегетация
г) эрозия
д) көпіршік
16. Науқастың оң жақ бетінде көлемі ұсақ бұршақтай, сарғыш-қызыл түсті, бір-бірімен қосылған, консистенциясы жұмсақ төмпешіктер бар. Диаскопия арқылы "алма қойыртпағы" белгісі анықталды. Бұрынғы бөртплердің орнында жұқа, тегіс, ұсақ қабырға жиналатын тыртықтар (мыжылған темекі қағазы белгісі). Диагноз қой:
а) төмпешікті сифилид
б) лейшманиоз
в) лепра
г) +туберкулездік жегі
д) дискоидттық қызыл жегі
17. 10 жыл бойы ауыратын науқастың бет терісінде төменгі жақтың маңында, мұрнында, ұртында жұмсақ консистенциялы қызғылт қоңыр түсті анық шектелген зақым ошағы көрінеді. Анамнезінен бөртпе қайталағанда бұрынғы болған жерлеріне шығады. Сіздің болжамалы диагнозыңыз?
а) туберкулоидтты лепра
б) қызыл жегі
в) + туберкулезді жегі
г) псориаз
д) үшіншілік мерез
18. 10 жыл бойы ауыратын науқастың бет терісінде төменгі жақтың маңында, мұрнында, ұртында жұмсақ консистенциялы, қызғылт- қоңыр түсті, анық шектелген зақым ошағы көрінеді. Анамнезінен бөртпе қайталағанда бұрынғы болған жерлеріне қайта шығады. Диагнозды қандай клиникалық зерттеу нақтайды?
а) серологиялық реакция
б) ИФР
в) + зондтың жеңіл ену белгісі
г) бөлінді микроскопиясы
д) өкпенің R-скопиясы
19. 10 жыл бойы ауыратын науқастың бет терісінде төменгі жақтың маңында, мұрнында, ұртында жұмсақ консистенциялы, қызғылт- қоңыр түсті, анық шектелген зақым ошағы көрінеді. Анамнезінен бөртпе қайталағанда бұрынғы болған жерлеріне қайта шығады. Туберкулезді емдеу принципі?
а) сульфаниламидтер
б) +туберкулезге қарсы антибиотиктер
в) ретиноиттар
г) витаминдер
д) безгекке қарсы препараттар
20. 43 жасар науқастың мойынның бүйір бетінде, құлақ қалқаны маңайының терісінде консистенциясы тығыз түйіндер пайда болды, біртіндеп орта бөлігі жұмсарып, консистенциясы қамыр тәрізді болды. Жақ астында көпір тәрізді тыртықтар, құрт жеген тесіктен - ірімшік тәрізді бөліндісі бар. 5 жыл бойы ауырады. Сіздің алдын ала диагнозыңыз?
а) эритематоз
б) актиномикоз
в) + скрофулодерма
г) гумма
д) терең трихофития
21. Поспелов белгісі қай ауруда анықталады:
а) псориазда
б) лепрада
в) +туберкулездік жегіде
г) споротрихозда
д) эпителиомада
22. «Алма қойыртпағы» белгісі қай ауруда анықталады:
а) +туберкулездік жегіде
б) псориазда
в) терең іріңдіктерде
г) споротрихозда
д) лепрада
23. Папулонекротикалық тері туберкулезінде тері бөртпелерінің жиі орналасатын жері:
а) аяқ-қолың ішкі беті
б) бастың шашты бөлігі
в) + аяқ-қолдың сыртқы беті
г) бет
д) алақан, табан
24. Туберкулездік жегіде тері бөртпелерінің жиі орналасатын жері:
а) алақан
б) табан
в) + бет
г) дене
д) бастың шашты бөлігі
25. Тығыздалған эритемада тері бөртпелерінің жиі орналасатын жері:
а) +аяқ-қолың ішкі беті
б) бастың шашты бөлігі
в) аяқ-қолдың сыртқы беті
г) бет
д) алақан, табан
26. Индуративті Базен эритемасына тән біріншілік бөртпені ата:
а) түйіншек
б)+ түйін
в) күлдіреуік
г) дақ
д) төмпешік
27. Сүйел тәрізді тері туберкулезіне тән біріншілік бөртпені ата:
а) +түйіншек
б) түйін
в) төмпешік
г) дақ
д) күлдіреуік
Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 147 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ПСОРИАЗ | | | ТЕРІНІҢ АНАТОМИЯСЫ, ФИЗИОЛОГИЯСЫ, ПАТОГИСТОЛОГИЯСЫ. БІРІНШІЛІК ЖӘНЕ ЕКІНШІЛІК МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР. |