Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Зектілігі

Сынылатын әдебиеттер | Рубеждік бақылау:цикл барысында клиникалық жағдайлық есеп шығару түрінде 1 рубеждік бақылау өткізіледі. | Oslash; Клиникалық жағдайдың көрсетілімі мысалында интерндердің компетенциясын бағалау критерийлері | Орытынды баға | Пән бойынша интерннің білімінің жиынтықталған бағасы |


Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) беру сатысында ауылдық, қалалық, отбасылық амбулатория дәрігерлері түрлі бүйрек патологияларымен кездеседі. Дегенмен, бүйректің көптеген созылмалы ағыммен өтетін зақымдалуларының арнайы белгілері жоқ, соның ішінде ауыру синдромы, сондықтан олар байқалмай қала береді. Әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда жүргізілген зерттеулер шамамен әрбір оныншы ересек адамда бүйрек зақымдалуының бір түрі бар екендігін көрсетті. Бүйрек ауруларының ерте диагностикасы АМСК дәрігерінің білім деңгейіне байланысты. Бұл кезде тСБЖ-не әкелетін бүйректің созылмалы үдемелі ауруларының дамуының себептері тіпті де «гломерулонефриттер», «пиелонефриттер» емес, әдетте кардиологиялық, эндокриндік, ревматологиялық және ішкі мүшелердің түрлі патологиясымен басқа пациенттердегі бүйректің екіншілік зақымдалулары екендігін есте ұстау қажет.

21 ғасырдың басы «Бүйректің созылмалы ауруы» және «Бүйректің жедел зақымдалуы» деген жаңа терминдердің енуімен ерекше болды. АМСК, ЖТД және басқа мамандық дәрігерлеріне «үндемес», бірақ кеш анықталып және ем болмағанда салдары қауіпті бүйрек ауруларын анықтаудың қарапайым әдістері ұсынылды. Бұл, ең алдымен – бүйректің созылмалы ағыммен өтетін ауруларының сатыларын қадағалауға мүмкіндік беретін Кокрофт-Голттың есептеу әдісі бойынша бүйрек қызметін бағалау (ШФЖ). ШФЖ көрсеткіші бүйректің созылмалы ауруы (БСА) кезінде қызмет атқаратын паренхима көлемін көрсетеді. Интерндер заманауи нефрологияның тағы бір жетістігін білуі тиіс – ерте диагностика болғанда және нефропротективті ем жүргізілгенде БСА-ң баяулау, ал кейде кері даму ықтималдығы.

Бұдан басқа, АМСК дәрігері бүйректің жедел зақымдалуында (БЖЗ) дер кезінде одан күдіктеніп және шұғыл көмек беруі тиіс.

Интерндердің бүйрек аурулары кезіндегі диагностика әдістері мен алғашқы дәрігерлік көмек көрсету бойынша алған білімдері ішкі аурулар бойынша мамандарды дайындауда ерекше маңызға ие.

 

2.2. Мақсаты: Бүйректің жедел және созылмалы ауруларында ерте диагностика мен АМСК көрсету бойынша білім мен машық қалыптастыру.

2.3. Міндеттері:

1. Бүйрек зақымдалуларының негізгі клиникалық синдромдарын тани білуге үйрету.

2. Бүйректің жедел және созылмалы зақымдалуларының зертханалық және аспаптық белгілерін талдауды үйрету.

3. БСА мен БЖЗ-ң заманауи жіктелуі мен олардың негізгі себептері туралы білімді нығайту және АМСК сатысында мақсатты тексеру әдістерімен таныстыру.

4. Ісінулер, АГ, бүйрек қызметі төмендегенде алғашқы дәрігерлік көмек әдістерімен таныстыру.

5. БСА кезіндегі нефропротективті ем қағидаларымен таныстыру.

6. БЖЗ кезінде алғашқы шұғыл көмек көрсетудің алгоритмін үйрету.

2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері:

Интерн білуі тиіс:

· БСА, БЖЗ себептерін, заманауи жіктелуін және таралуын.

· БСА кезіндегі бүйректің зақымдалуының үдеу механизмдерін, гиперфильтрация теориясын. БЖЗ патогенезін.

· Бүйрек зақымдалуының клиникалық симптомдары мен синдромдарын және бірінші кезектегі тексерудің әдістерін. Ісінулер, АГ кезіндегі алғашқы көмекті.

· Нефропротективті емнің патогенетикалық негіздері мен әдістерін.

· Бүйректің жедел зақымдалуы бар науқасты жүргізу тактикасының алгоритмін.

 

Интерн жасай білуі тиіс:

· Науқастың өмір және ауру анамнезін жинауды

· Оңтайлы клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін таңдауды және нәтижелерін талдауды

· ШФЖ бойынша бүйректің функционалды жағдайын бағалауды, БСА немесе БЖЗ сатыларын анықтауды

· Ісінулер, АГ және БЖЗ кезінде алғашқы көмек көрсетуді

· БСА ерте сатыларындағы (1-3 саты) науқастарды амбулаторлы жүргізуді

· Науқаспен, оның туыстарымен максимальді сенімді қарым-қатынас орнатуды. БСА, БЖЗ-ң алдын-алу бойынша санитарлық-ағарту жұмысын жүргізуді

· Командада жұмыс істеуді.

Интерн игеруі тиіс:

· Мақсатты анамнез жинауды және пациентпен қарым-қатынас барысында коммуникативті дағдыны

· Ренальді және экстраренальді симптомдарды анықтай отырып науқасты клиникалық зерттеуді

· Бүйрек аурулары кезіндегі негізгі клиникалық синдромдарды интерпретациялауды

· Зәр анализдерін, қанның б/х зерттеулерін, УДЗ қорытындыларын интерпретациялауды

· Бак.зерттеуге зәрді жинауды

· Басты клиникалық синдромға байланысты зерттеу алгоритмін құруды

· Есептеу әдісімен ШФЖ анықтауды.

2.5 Пререквизиттер: бакалавриаттағы нефрология, ішкі аурулар пропедевтикасы, бакалавриаттағы ішкі аурулар

 

2.6 Постреквизиттер: жалпы тәжірибелік дәрігер бойынша интернатураның, ішкі аурулар бойынша интернатураның 2-ші жылы.

 


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 90 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жалпы мәліметтер| Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)