Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бас айналып, ауырса. Халық емі, ақыл – кеңестер

Читайте также:
  1. Аралық бақылау № 1
  2. Аралық бақылау № 2
  3. Аралық бақылау. Коллоквиум сұрақтары.
  4. Аралық бақылау. Коллоквиум сұрақтары.
  5. Бақылау өлшем құралы.
  6. Бақылау жүйесінің қызметкерлерді ынталандырумен байланысы.
  7. Бақылау сұрақтары

Өмірде кездесетін көп аурулардың бірі адам басының айналуы, ауыруы, сақинасының ұстауы. Бұл – ой жұмысымен, яғни шығармашылықпен, ғылыммен айналысатындарда да, көп балалармен жұмыс істейтін тәрбиешілер мен мұғалімдерде де, кәртайған кісілерде де жиі кездесетін сырқат. Оны дәрі ішіп те, халық емін қолданып та, таза ауада серуендеп те айықтыруға болады. Ең бастысы, асқындырып алмау.

Бас айналу. Бұл оқтын – оқтын адам басында пайда болатын, кейде бірнеше күнге, немесе аптаға созылатын дерт. Бас қатты айналғанында, адам әлсіреп, тәлтіректейді, лоқсиды әйтпесе құсады. Сол кезде сырқаттың өңі қуарып, денесінен суық тер шығады, бойы қалтырайды. Бас айналу ауруының басты себептері: ішкі құлақ пен мидың зақымдануы, көздің дертке ұшырауы тағы да басқа жағдай-лар. Адамдар кейде тұрған қалпын кенеттен өзгерткенде (шыркөбелек айналған-да, тік өрге шыққанда, тездетіп төмен түскен-де), олардың басы айналады. Ол ортаңғы, ішкі құлақтың қабынуынан. Ми тамырлары дұрыс жұмыс істемесе де басы-ның айналуы мүмкін. Мұндайда адам талық-сиды. Спиртті ішімдік-терден де, улы газдардан да, темекіні көп тартқанда да бас айналады. Адамның басы қатты айналғанында, оны төсекке жатқызып, дәрігерлік көмек шақы-рады. Бас айналудыңсебептері анықталған-нан кейін ғана ем қолданған дұрыс.

 

Бас ауруы. Оған да әртүрлі сырқаттар себеп. Қан тамырларының қызметі бұзылса (гипертониялық аурулар, бас сақинасы) миға қан біркелкі келмейді, содан бас сырқырап, солқылдап ауырады. Бас ауруы ішкі секреция бездері бұзылса да, әйелдерде етеккірі келгенде, кексе әйелдерде етеккірі тоқтағанда да болады. Оның инфекциялық аурулардан да, көз сырқатынан да (алыстан көре алмау), құлақтың ауруға шалдығуынан да, уланудан да, ішімдікке салынудан да, шылым шегуден де, шаршағаннан да болатын кездері көп. Бас ауырғанда оған грелка қоймайды, ұйықтататын дәрі-дәрмек ішпейді. Бассырқатын басатын жағдай-лар: күнделікті режимді қатаң сақтау, уақытында тамақтану, желдетілген бөлмеде жайлы ұйықтау, серуендеу, суға шомылу, емдік гимнастикалар жасау.

 

Бас сақинасы. Оның басқа атауы – гемикрания. Ол грек сөзі: «бастың жартысы». Бұлсырқатта бастың бір жа-ғы солқылдатып, қозғал-ғанда күшейіп ауырады. Бастың сақинасы ұстағанда кейде көздіңкөруі, сөйлемей қалушы-лық болып, саусақтар шаншып, әлсізденеді, адам шу мен жарықты көтермейді, дұрыс сөйле-уге қабылетсіздік орын алады. Бас ауруы ұстама-лары кез келген жаста бастала береді. Негізінен, көбінесе 20-30 жаста пайда болып, 50 жастан соң басылады. Бас сақинасы ауруы кейде тұқым қуа-лайды. Ол жыныстық же-тілудегі гормондық ста-тустың өзгеруінің, жиі күйзелудің, қажудың бел-гілері болуы да мүмкін. Бас сақинасымен күресу-де беретін дәрі-дәрмектер бар. Үнемі байсалды болумүмкін болмаса да, орын алған оқиғаны сабырлы қабылдауға, қатты айтылған сөздерді көтере білуге үйрену – бас ауруларын дамытпай, тоқта-туда маңызды қадам.

 

Бас ауруында тама-қтану. Бас ауруына қарсы дәрілерді көп қолданғанда ағза оған үйреніп алады да, соны іздеп тұрады. Ауруды уақытша тоқтатқаннан гөрі, ағзаның қорғаныс қуатын арттырған дұрыс. Мұндайда тамақтануға көңіл бөлу бірінші орында. Кей жағдайда шоколад, кофе, шай, цитрус жемістері немесе никотин, тағы да басқаларға ағзаның қарсылығынан да бас ауырады. Мұны қан қысымын өлшеу арқылы анықтауға болады. Егерде жеген тағамыңыз ағзаның қарсылығын туғызбаса ғана мынандай емдерге, істерге көшіңіз: әуелі ағзаны тазалап алыңыз. Ол үшін 2-3 күн қатарынан жеміс, көкөніс шырындарынан басқа нәр татпау қажет. Шырынды қайнаған сумен араластырып, таңертеңгі сағат 8-ден кешкі сағат 8-ге дейін әрбір 2 сағат сайын ішкен жөн. Ішекті тазалау үшін күніне 1 рет клизма жасалады. Осылайша 2-3 тәулік ашыққаннан соң келесі күндерде ас-ауқат жеміс-жидектер болуға тиіс. Негізінен, басы ауыратындар көбінесе жеміс-жидек, көкөністер мен жаңғақтар, астық және сүт өнімдерімен тамақтанса, ол өте пайдалы. Күніне 3 рет емес, аз-аздап 6 рет тамақтанған дұрыс. Тәтті (кондитерлік өнімдер, торттар, т.б.), ащы (тұз-далған, қақталған т.б.), қалбырланған тағамдар-дан аулақ болу қажет.

 

Бас ауруына В тобы-ндағы дәрумендерді пайдаланады. Сол себепті, әсіресе, көктемде дәрі-гермен ақылдасып, осы топтағы дәрумендерді қабылдайды. Сұйықты көп ішкенде ол ағзаны улы қалдықтардан, зиянды заттардан арылтып, бас ауруын жазуға шипасын тигізеді.

 

Бас сақинасының дә-рілері. Олар: 1. Несте-роидтік қызуға қарсы құралдар мен парацетамол. 2. Антидепрессанттар. Бұл психатрияда күйзелуді емдеу үшін қолданылатын дәрі-дәр-мектер. 3. Құсуға қарсы дәрі-дәрмектер. 4. Бас сақинасын емдеу үшін жаңадан шыққан тиімді дәрі-дәрмектер тобы – триптандар. Осынау дәрі-дәрмектерді дәрігерлердің белгілеуімен қолданған зиянсыз әрі шипалы.

 

Кімдердің басы кө-бірек ауырады? Дәрі-герлердің, зерттеуші ма-мандардың айтуынша, қа-рапайым тіршілікте ала-ңсыз жылжи беретін жандардан гөрі, оқыған, нақты мақсаттарға ұмтылған, ойға алған ісін тезірек тындыруға тырысатын адамдардың басы жиі ауырады. Оларды қан қысымы да көбірек мазалайды. Себебі, олар үнемі ой үстінде жүріп, жүйкелеріне көп күш түсіреді. Және де үнемі қорқыныш үстінде жү-ретіндер, қашанда еш-кімге көңілі толмай, ашулы, ызалы болатындар да бас ауруына көп шалдығады.

 

Бас ауруының қай-талануы. Мамандар оның жиілігі әртүрлі екендігін айтады. Кейде күніне 1-2 рет, кейде ұзақ, бірақ жылына 2-3 рет болады. Бұл ауруға шалдыққанда адамның біресе оң шекесі, біре-се сол шекесі ауырып, көзі «тесіп», басы қозғалтпайды да науқас қатты күйгелектенеді. Сондайда ондай адам бір ауыз сөзді де көтере алмайды, тамаққа тә-беті соқпайды, кейде қатты-қатты лоқсып құсады. Кейбіреулер одан 1-2 сағаттан соң кейбіреулер бір аптадан соң құтылады (Дәрігерлік ақыл-кеңестер бойынша әзірленді).

 

Ағайын, басың ауырып, бауырың сыздамасын!

 

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 1037 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бас сақинасы ауруы| комментарии Н. Сухачёва и Д. Харитоновича 1 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)