Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бас сақинасы ауруы

Читайте также:
  1. Бап. Психиканың бұзылуының (ауруының) диагностикасы және оны емдеу
  2. ЖТД балалар ауруы

Бас сақинасы

Бас сақинасы

Бас сақинасы, мигрень (фр. mіgraіne, гр. һемікраніа — бас сүйегінің жартысы) — бастың ұстамалы ауруы, әдетте бір жартысы ауырады. Ауру кезінде вегетативті жүйке жүйесінің қызметі бұзылып, ми табанындағы қан тамырлары кеңейіп кетеді. Бас сақинасы тұқым қуалайды, сондай-ақ, жасөспірімдердің жыныстық жағынан жетілу кезінде байқалады. Аурудың жиі қайталануы — адамның жас ерекшелігіне, тіршілік ету ортасына, жұмысына, демалысына, тамақтануына байланысты. Бас сақинасымен ауырар алдында науқастың ыстығы көтеріліп, тамаққа тәбеті болмай, көңіл-күйі өзгеріп, ұйқысы келе береді. Ауру қозған кезде қол-аяғы мұздап, ішкен тамағын құсады. Аурудың ұзақтығы 2—3 сағаттан бірнеше күнге созылуы мүмкін. Бас сақинасының негізгі белгілерін және емдеу шараларын бас ауруымен байланыстыра қарау қажет. [1]

Бас сақинасы ауруы

Әлемдегі әрбір бесінші адам бас ауруынан зардап шегеді екен. Олардың көбі бас сақинасы ауруына шалдыққандар. Бас сақинасы кезінде басыңыз жиі ауырып, кейде дәрі де көмектеспейтін дәрежеге жетеді. Көбінесе мұндай ауруға 20 мен 40 жас аралығындағы адамдар ұшырайды екен. Аурудың неден пайда болатыны әзірге белгісіз, бірақ көбінесе жұмысты ойлауды қажет ететін адамдардың осы аурумен ауыратыны анықталып отыр. Бас сақинасына тән ерекшелік: бастың бір бөлігі ауырады, көбінесе самай мен маңдай тұсында және көз айналасында пайда болады. Ауырған адам жарық пен дыбысты жақтырмай, көз көруі қиындап, жүрегі айнып, құсуы да мүмкін.

Әдетте бас сақинасы қатты күйзелгенде, шектен тыс жұмыс істегенде, шаршағанда өршиді. Сонымен қатар бас сақинасымен нәзік жандылар ерлерге қарағанда 3-4 есе көп ауырады. Бұл олардың тым сезімтал келуімен түсіндіріледі. Жуырда дәрігерлер әйел адамдарда бас ауруын қоздыратын тағы бір себепті анықтады – бұл жүктіліктен сақтандыратын дәрілер екен. Дәрі-дәрмектерді дұрыс таңдамаған жағдайда немесе сол әйелдің гормоналды деңгейімен сәйкес келмейтін жағдайда, дәрігер кеңесінсіз пайдаланғанда, етеккір келген уақытта контрацептивтерді дұрыс таңдамаудан гормон саны жоғарылап, соның салдарынан бас ауыратын жағдайлар көптеп кездеседі.

Әлбетте бас ауруының барлық түрі бас сақинасы болып саналмайды. Аптасына 1-2 күн, не күнде басыңыз ауырса, бұл бас сақинасы ауруына шалдыққандығы жайлы ақпар береді. Бас ауру ұстамасы ұстаған кезде дәрі-дәрмектер де көмектеспей қалатын кездер болады. Мұндайда мануалды терапевтерге қаралған жөн. Олар мойын омыртқасы мен бастағы тиісті нүктелерге массаж жасау арқылы бас ауруды жазуға, не жеңілдетуге тырысады. Бірақ, әлбетте ауруды асқындырып алмай, ертерек емдету қажет.

Бас ауруы басталып жатқанда тәтті тіске басармен қою қара шай, не кофе ішіп алғаныңыз жөн. Сонымен қатар глюкоза ауру ұстамасының алдын алуға көмектеседі. Анальгин және тағы басқа ауруды басатын дәрілер ауруды емдемейді, тек уақытша басады. Ең дұрысы бас сақинасы ұстағанда қараңғы бөлмеге кіріп, 2-3 сағат ұйықтап алу.

Бас ауруын зерттеу және оны жазу өте күрделі. Сол себепті алдын алуға тырысыңыз. Алкоголь, темекі сияқты ағзаға кері әсерін тигізетін құмарлықтан аулақ болған жөн. Жұмысыңыз отыруды көп қажет ететін болса, арасында үзіліс жасап, мойыныңызға, басыңызға жаттығулар жасаңыз. Қан дұрыс айналуы үшін тұрақты спортпен шұғылданған жөн, таза ауада көп серуендеңіз. Уақытылы тамақтанып, ағзаға пайдалы дәрумендерді ішіп тұрыңыз

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 922 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Розрахункове навантаження| Бас айналып, ауырса. Халық емі, ақыл – кеңестер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)