Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Пара беру

Бап. Балық ресурстарын және басқа да су жануарлары мен өсiмдiктерiн заңсыз алу | Бап. Жануарлар дүниесiн қорғау ережелерiн бұзу | Бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу | Бап. Темiр жол, әуе немесе су көлiгi қозғалысы мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiнiң ережелерiн бұзу | Бап. Жол-көлiк оқиғасы болған орыннан кетiп қалу | Бап. Көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтiру | Бап. Қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдалану | Бап. Билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалану | Бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу | Бап. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау |


1. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамға не оған теңестірілген адамға тікелей немесе делдал арқылы пара беру, -
жеті жүзден екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Лауазымды адамға пара беру, сол сияқты көрінеу заңсыз іс-әрекет (әрекетсіздік) жасағаны үшін пара беру, -
бір мыңнан үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамға пара беру, -
мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды:
а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ;
б) ірі мөлшерде;
в) әлденеше рет жасаса, -
мүлкі тәркіленіп жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе төртінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар аса ірі мөлшерде жасалса, -
мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескертулер.
1. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамға не оған теңестірілген адамға оның бұрын жасаған заңды іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін сомасы немесе құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сыйлықты алғаш рет беру, егер мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам жасаған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) алдын ала уағдаластықпен байланысты болмаса, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.
2. Пара берген адам, егер мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның тарапынан оған қатысты қорқытып пара алу орын алған болса немесе ол адам пара бергені туралы қылмыстық іс қозғауға құқығы бар органға өз еркімен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Ескерту. 312-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.21 N 308, өзгеріс енгізілді - 2009.04.07 N 149-IV, 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 84 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Пара алу| Бап. Қызметтiк жалғандық жасау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)