Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Тапсырма шарты

Бап. Заем шарты | Бап. Заем шартын жасасу | Бап. Нысаналы заем | Бап. Банк заемы шарты | Параграф 1. Жалпы ережелер | Бап. Банктiк шот шарты | Бап. Банк салымы шарты | Бап. Салымдарды енгiзу | Бап. Ломбардтан талап етiлмеген зат | Бап. Пайда алушы |


Читайте также:
  1. БӨЖ үшін тапсырмалар
  2. БӨЖ тапсырмалары
  3. Бап. Айырбас шарты
  4. Бап. Банк заемы шарты
  5. Бап. Банк салымы шарты
  6. Бап. Банктiк шот шарты
  7. Бап. Заем шарты

1. Тапсырма шарты бойынша бiр тарап (сенiм бiлдiрiлген өкiл) екiншi тараптың (сенiм бiлдiрушiнiң) атынан және соның есебiнен белгiлi бiр заңды iс-әрекет жасауға мiндеттенедi. Сенім білдірілген өкiл жасаған мәмiле бойынша құқықтар мен мiндеттер тiкелей сенiм бiлдiрушiде пайда болады.
2. Тапсырма шарты жазбаша нысанда жасалады.

847-бап. Тапсырманы сенiм бiлдiрушiнiң нұсқауларына
сәйкес орындау

1. Сенiм бiлдiрiлген өкiл өзiне берiлген тапсырманы сенiм бiлдiрушiнiң нұсқауларына сәйкес орындауға мiндеттi. Сенiм бiлдiрушiнiң нұсқаулары нақтылы, заңды және жүзеге асырыла алатын болуы тиiс.
2. Егер iстiң мән-жайы бойынша ол сенiм бiлдiрушiнiң мүдделерi үшiн қажет болса және сенiм бiлдiрiлген өкіл сенiм бiлдiрушiден алдын ала сұрай алмаса не өзiнiң сауалына дер кезiнде жауап алмаса, сенiм бiлдiрiлген өкiл сенiм бiлдiрушiнiң нұсқауларынан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда сенiм бiлдiрiлген өкiл, хабарлау мүмкiн болысымен жол берiлген ауытқулар туралы сенiм бiлдiрушiнi хабардар етуге мiндеттi.
3. Тараптардың келiсуiмен коммерциялық өкiл осы баптың 2-тармағында көзделген мiндеттердi орындаудан босатылуы мүмкiн.

848-бап. Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң мiндеттерi

Сенiм бiлдiрiлген өкiл:
1) өзiне берiлген тапсырманы өзi орындауға;
2) сенiм бiлдiрушiге оның талап етуi бойынша тапсырманың орындалу барысы туралы барлық мәлiметтердi хабарлауға;
3) сенiм бiлдiрушiге жасалған мәмiле бойынша алынғандардың бәрiн дереу берiп отыруға;
4) тапсырманы орындаған соң қолдану мерзiмi аяқталмаған сенiмхатты кешiктiрмей сенiм бiлдiрушiге қайтаруға және егер ол тапсырманың сипаты бойынша талап етiлетiн болса, ақтайтын құжаттарды қоса отырып есеп беруге;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттерді орындауға мiндеттi.
Ескерту. 848-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

849-бап. Сенiм бiлдiрушiнiң мiндеттерi

1. Сенім бiлдiрушi, егер шартта өзгеше көзделмесе:
1) сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тапсырманы орындау үшiн қажеттi қаражатпен қамтамасыз етуге;
2) сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң тапсырманы орындау үшiн қажет болған шығындарының орнын толтыруға мiндеттi.
2. Сенiм бiлдiрушi шартқа сәйкес сенiм бiлдiрiлген өкiл орындағанының барлығын кешiктiрмей қабылдауға мiндеттi.
3. Сенiм бiлдiрушi тапсырманың орындалуы бойынша сенiм бiлдiрiлген өкiлге осы Кодекстiң 850-бабының ережелерiне сәйкес сыйақы төлеуге мiндеттi.
4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде сенiм бiлдiрушiнің өзге де міндеттері көзделуі мүмкін.
Ескерту. 849-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

850-бап. Тапсырма шартындағы сыйақы

1. Егер заң актiлерiнде немесе шартта көзделген болса, сенiм бiлдiрушi сенiм бiлдiрiлген өкiлге сыйақы төлеуге мiндеттi.
Егер тапсырма шарты тараптардың екеуiнiң немесе олардың бiрiнiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруына байланысты болса, шартта өзгеше көзделмесе, сенiм бiлдiргiшi сенiм бiлдiрiлген өкiлге сыйақы төлеуге мiндеттi.
2. Егер шартта немесе заң актiлерiнде шартты орындаудың өтелуi көрсетiлсе, бiрақ сыйақының мөлшерi көрсетiлмесе, онда ол осыған ұқсас қызметтер үшін әдетте қабылданған баға ескеріле отырып айқындалады.
3. Сенiм бiлдiрiлген өкiл барлық талап етiлген iс-әрекеттердi тиiстi түрде атқарғанын, бiрақ тапсырма оның кiнәсiнсiз орындалмай қалғанын дәлелдеген кезде сыйақы төленуге тиiс.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 430 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Пайда алушыны ауыстыру| Бап. Сенiм ауысуы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)