Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Танысу. 4 страница

Силлабус | Танысу. 1 страница | Танысу. 2 страница | Танысу. 6 страница | Танысу. 7 страница | Танысу. 8 страница | Танысу. 9 страница | Танысу. 10 страница | Танысу. 11 страница | Танысу. 12 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Намыс – мінездің айбыны.

Ол – абыройға дақ түсірмеудің жолы;

адам құқы мен еркіндігінің оққағары;

өмір мәнділігінің өзегі;

адамгершіліктің соты, айыптаушысы, қорғаушысы;

жігерсіздікке ызалану;

адамның абыройын түсірер жалалы әрекеттерге кешірімсіздік.

Мұхаммед пайғамбар: «Ер жігіттің үш намысы бар: бірі – иманы, екіншісі – Отаны, үшіншісі - отбасы» деген.

Намыс бір сырлы, көп қырлы: жеке бастық намыс, құқықтық намыс, кәсіптік намыс, азаматтық намыс, ұлттық намыс. Аталуы әртүрлі болғанмен, бәрі абырой мен беделді қорғайды.

Жәрдем Кейкін

 

2.Берілген сөздердің антонимдік қатарын табыңыз.

Айбынды жасықтық

Абыройлы бостандық

Еркіндік адалдық, имандылық

Жігерсіздікдік беделді

Адамгершілік қаһарлы

Намыстың түрлерін талдап, сөйлемдерді аяқтаңыз.

Жеке бастық намыс дегеніміз...

Құқықтық намыс дегеніміз...

Кәсіптік намыс дегеніміз...

Азаматтық намыс дегеніміз...

Ұлттық намыс дегеніміз....

3.Халық мақалдарын біліп алыңыз.

 

· Малым – жанымның, жаным – арымның садағасы.

· Малсыз болсаң да, арсыз болма.

· Ар жазасы - бар жазадан ауыр жаза.

· Ер жігіт елінің ұлы, намысының құлы.

4. Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен мазмұнын ұғып алыңыз.

Сұлулық жайлы

Сұлулық – адам жанын қуанышқа бөлейді, тамсантады, сүйсіндіреді. Қоғам мен табиғаттың ерекше перзенті – адам, соның сұлулығы.

Адам анадан сырт бейнесі, пішіні сұлу болып тууы мүмкін, ал, бірақ, ондағы басты сұлулық – ішкі жан дүниесі, мінезі, қалыптасқан әдептілігі. Ал, адамның сыртқы сұлулығы ішкі рухани сұлулығымен сәйкес келсе, нағыз сұлулық сол болмақ.

Асыл дініміз қарапайым киімді құптайды. Ардақты Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың киімінің қарапайымдылығы сондай, жиылысқа жиналған сахабалары оның ортаға қалай келіп отырғанын да сезбей қалады екен.

Сұлулық жайлы айтылған халық сөзіне тоқталайық:

«Сұлу – сұлу емес, сүйген - сұлу»; «Сөзі шырайлының – жүзі шырайлы»; «Жаманның сөзі түйеден түскендей»; «Жылтырағанның бәрі алтын емес»; «Адамның жылтыраған сыртына емес, сұлу ішіне қызық».

Нұрлан Асанов

 

5. Жаңа сөздердің баламасын сөздіктен қарап, жазыңыз, біліп алыңыз.

 

Сұлулық –

Тамсантады –

Сүйсіндіреді –

Пішін –

құптайды –

қарапайым –

шырайлы –

жылтыраған –

 

6. Жағдаяттық тапсырманы орындаңыз.

Көшеде бір бейтаныс адам келе жатады. Оған қарсы тағы бір адам ұшырасады да:

- Айтып жіберіңізші, Абылай хан көшесіне қалай баруға болады?- деп сұрайды.

Кісі (тоқтайды, күлімсірейді):

- Е, ол жап-жақын. Осы бетіңізбен тура жүріңкіреп барып, оңға бұрылыңыз.

Әлгі кісі:

- Сізге көп рахмет!

- Оу, оның не қиындығы бар! (Тағы да күлімсірейді).

Тапсырма: Міне, осы сәттен не байқадыңыз? Жол көрсеткен адамның ізгі қасиеті қандай?

 

7. Есте сақтаңыз.

Эстетикалық және этикалық тәрбиеге жете мән беріп, адам бойындағы әсемдік және әдептілікті қалыптастыратын - отбасы мен мектеп.

 

Тәрбиедегі кемістіктер: әсіре бояну;

әсіре сылану

өз бойын күтпеу

олпы-солпы киіну

сақал-шашын уақтылы алмау

аяқ киімін тазартып кимеу

шетелдік сән үлгісіне еліктеп, ашық-шашық киіну;

ата-анасының алдында әдепсіз киім киініп жүру.

 

8. Сөйлемдерді сын есімдермен толықтырыңыз.

  1. Адамның бет келбетінің... болғаны мақтаныш емес, жан дүниесінің... болғаны – мақтаныш.
  2. Жан дүниесі сұлу адам -...... адам.
  3. Әсіре бояну жастарға... емес.
  4. Қарапайым болу да -... қасиет.
  5. Мінезі... адам да әрдайым сұлу көрінеді.
  6. Әкем әрдайым аяқ киімін... ұстауды ұнатады.
  7. Оның көйлегі менің көйлегіме қарағанда....

 

Керек сөздер: ескілеу, нағыз сұлу, жзарасымды, таза, сұлу.

 

Үшінші сабақ (1 сағат)

1. Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен мазмұнын ұғып алыңыз.

Замандастарымыз арамызда жүр.

Қап-қара киініп, бет-жүзін қарамен бояп, үсті-басына темір-терсектерді жалтыратып іліп, денесіне сурет салдырып алған немесе басқа да ерекше тұстары бар, өзгелерге ұқсамайтын жастарды көрсеңіз, шошымаңыз. Оларды бір топ бейформальды бірлестіктің өкілдері деп қабылдаңыз.

Шынымен де, бұл қызықты құбылыс болғанмен, оның астарында үлкен мән бар. Жұрт назарын өздееріне аударуға тырысатын бұл «ерекше адамдар» - субмәдениет өкілдері. Субмәдениет – жастардың өзіндік қоғам құрып, қоғамнан бөлек бірлестік жасауы. Неше түрлі рок, гот, эмо, рэп т.б. сияқты субмәдениеттер кең етек жаюда. Олар өздеріне тән шаралар да ұйымдастырады. Мысалы, Павлодар қаласында үш жыл қатарынан Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында бейформальды жастар фестивалі өткізіліп тұрды. Оған республикамыздың түкпір-түкпірінен бейформальды жастар – рок музыканттар, брейкер бишілері, граффити суретшілері...

«Готика» - абсолютті индивидуализм және ерекше романтика. Олар өмірлерінің әр сәтін музыка, имидж сияқты мәдениет құралдары арқылы ерекшелейді. Готтардың символы қара түнек іспеттес болса, эмолар тек қара мен алқызыл түсті мойындайды.

Қазақ жастарының біразы беттері мен құлақтарына, тілдері мен мұрындарына, қастарына түрлі пирсинг-сырғаларын іліп алып, рок пен гот атануда. Бұл олардың болашақ жолына кедергі болуы әбден мүмкін.

Ақмарал Есімханова

 

Жаңа сөздер.

 

Шошу – пугаться

Қызықты құбылыс – интересное явление

Етек жайды – распросроняется

Ешкімге ұқсамау – не быть похожим ни на кого

Кедергі – препятствие

 

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Сіз өз қалаңызда «бейформальды» жастарды көрдіңіз бе?
  2. «Бейформальды» жастар қалай киінеді?
  3. «Субмәдениет» деген ұғымды қалай түсінесіз?
  4. Қазір қоғамымызда қандай субмәдениет түрлері бар?
  5. Павлодарда өткен бейформальды жастар фестиваліне қандай жастар қатысты?
  6. «Бейформальды» жастардың дүниетанымы қандай?
  7. Қазақ жастарының арасында осындай жастар кездесе ме?

 

3.Мәтіннен сын есімдері бар сөйлемдерді теріп жазыңыз, сын есімдердің түрлерін ажыратыңыз.

Үлгі:

Қап-қара (күшейтпелі) киініп, бет-жүзін қарамен (жай) бояп, үсті-басына темір-терсектерді жалтыратып іліп, денесіне сурет салдырып алған немесе басқа да ерекше тұстары бар, өзгелерге ұқсамайтын жастарды көрсеңіз, шошымаңыз.

4. Пікірталас өткіземіз.

Тыңдаушылар бірнеше топтарға бөлінеді. Әр топ өз позициясын дәлелдейді, өмірден мысалдар келтіреді, топтар бір-біріне сұрақтар даярлайды.

1-ші топ. – «Әркім өз қалауынша киінуге құқы бар»

2-ші топ. – «Адам аласы ішінде» дегендей, адамға киіміне қарап баға беруге бьолмайды.

3-ші топ. – «Субмәдениетті де қолдауға болады».

4-ші топ. – «Киім кию этиксын берік ұстанған жөн деп ойлаймын».

 

5. Мәтінді оқып, мағынасын есте сақтаңыз.

Адамды тани аласың ба?

Бұл өмірде кімнің кім екенін кескін-келбетіне қарамай-ақ, ісінен де білуге болады. Данагөй қазақтың мына сөзін еске алайық.

Туыстың кім екенін, басыңа іс түсіп, жалалы болғанда білерсің,

Бауырдың кім екенін, жаның күйзеліп, жаралы болғанда білерсің,

Достың кім екенін, өмір өткелдерінен өтіп, саналы болғанда білерсің,

Жолдастың кім екенін, басыңнан бақ тайғанда білерсің,

Баланың кім екенін, күш-қуатың кетіп, қартайғанда білерсің,

Келіннің кім екенін, жағдайың кетіп, жантайғанда білерсің,

Әйелдің кім екенін, шаңырағың шайқалғанда білерсің,

Адам тану – даналықтың қайнар көзі. Жүсіп Баласағұни айтқан екен: «Кісі танымақ болсаң, ісіне қара», - деп.

Мақсұтбек Сүлеймен.

6. Жаңа тіркестерге сұрақ қойыңыз, сөздіктің көмегімен орыс тіліне аударыңыз.

Жала лы (клевета) болғанда –

Жара лы (рана) болғанда -

Сана лы (сознание) болғанда –

Бақ тай ғанда (несчастье) –

Қартай ғанда (стареть) –

Жантай ғанда (быть беспомощным) –

Шаңырағың шайқал ғанда (раставание, беспокойствие) -

 

7. Өзара сөйлесіңіз.

- Асан, сен білесің бе, туыс қандай жағдайда жаныңда болу керек?

- Туыс адам басыңа іс түскенде жәрдем беруі керек.

- Бауырың ше?

- Бауырың жаның қиындыққа ұшырағанда қасыңда болуы керек.

- Досыңның қандай екенін қашан анық білесің?

- Досыңның қандай екенін ақылың толып, санаң оянғанда білесің.

- Бала қандай жағдайда қажет болады?

- Бала ата-ана қартайып, күші тайғанда қажет.

- Келін ше?

- Келін ата-ене қартайып, аурушаң болғанда, оларға жағдай жасауы керек.

8. Берілген сөздердің антонимдерін табыңыз.

Туыс –

Бауыр –

Дос –

Қартаю –

Шаңырағы шайқалу –

Жағдайы кету -

 

9. Фразеологиялық тіркестерді біліп алыңыз.

Тайға таңба басқандай (сұрағы: қандай?) – анық

.Сөзі мірдің оғындай (сұрағы: қандай?) - өткір

Сөзі түйеден түскендей (сұрағы: қандай?) – дөрекі

Судай жаңа (сұрағы: қандай?) – жап-жаңа

Сүттен ақ, судан таза (сұрағы: қандай?) - безвинный

10. Тест тапсырмаларын орындаңыз.

  1. Адамның сырт келбетін сипаттауға арналған сын есімдерді көрсетіңіз.

А. жігерлі, салқын. Қанды, қарапайым

В. тым биік, табанды, еңбекқор

С. дөңгелек жүзді, орта бойлы, қыр мұрынды

Д. ақылды, көпшіл, ұзын бойлы

 

  1. Күрделі сын есімді анықтаңыз.

А. Ақ сақалды адамды сыйлау – парыз.

В. Ауылдағы адамға жұмыс табылады.

С. Қысқа мерзімде аяқтады.

Д. Көгілдір түс – еркіндік белгісі.

 

3.Баяндауыш қай шақта тұр?

Халықтың ең таңдаулы өкілдерінің бірі ретінде біз оны сыйлыққа ұсынып отырмыз.

А. өткен шақ

В. ауыспалы осы шақ

С. келер шақ

Д. нақ осы шақ

 

4.Сөйлемді толықтырыңыз. Менің әжем... киінеді.

А. ұзын

В. сәнді

С. ерекше

Д. қысқа

 

11. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы және бір-бірімен мағыналас тұрақты тіркестерді ажыратып жазыңыз.

Жүрек жұтқан, аузына құм құйылды, зәресі зәр түбіне жетті, еңбегі жанды, қас қаққанша, ат ізін салмады, су жүрек, аузы аузына жұқпады, еңбегі еш кетті, араны ашылды, үріп ауызға салғандай, ит арқасы қиянда, ат ізін құрғатпады, тәбеті тартпады, ай десе аузы, күн десе көзі бар, ит өлген жерде, көзді ашып-жұмғанша.

 

Мағыналас тұрақты тіркестер Қарама-қарсы мәндегі тұрақты тіркестер
  үріп ауызға салғандай, ай десе аузы, күн десе көзі бар   жүрек жұтқан – су жүрек

 

 

БӨЖ тапсырмасы

« Жаным – арымның садағасы» деген мақалды қалай түсінемін?» деген тақырыпта эссе жазыңыз.

 

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1.Әдеп және жантану./Құраст.Қ.Жарықбаев. Алматы: Атамұра, 1996. -224 б.

2.Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытовтың психологиялық көзқарастары. Алматы: Білім, 2000. -76 б.

3.Кенжеахметұлы С. Жеті қазына. Алматы: Ана тілі, 1997. -125 б.

БЕСІНШІ АПТА (3 сағат)

Бірінші сабақ. «Уақыт және адам» (1 сабақ)

 

Грамматика. Сан есімнің түрлері.

1. Сан есім жайлы есіңізге түсіріңіз.

Сан есім заттың санын білдіреді. Сұрақтары: қанша? неше? қаншасыншы? нешінші? М: Біз поезға сағат 10-да (қаншада?) отырдық. Сан есімдер құрамы жағынан дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Дара сан есімдер бір сөзден ғана тұрады. М: Олар бір бөлмеде алты қыз тұрады. Күрделі сан есімдер екі немесе одан көп сөзден тұрады. М: Екі жарым сағаттан соң жолға шығамыз.

2.Сөйлемдерді толықтырыңыз.

  1. Уақытым болса... сағатқа кіріп шығамын.
  2. Емтиханға дайындалуға... минут уақыт берілді.
  3. Бізде сабақтардың арасындағы үзіліс... минут.
  4. Менің інім... сыныпта оқиды.
  5. Мен мектепке...... жасымда бардым.
  6. Біздің елімізде жастар жеке куәлікті...... жасында алады.
  7. Біздің елімізде кәмелеттік жас -...... жас.

 

3. Мәтінді оқып, өз сөзіңізбен мазмұндаңыз.

Уақыт алтыннан да қымбат.

Адам баласына берілген ең баға жетпес құндылықтардың бірі – уақыт. Өркениетті елдерге барсаңыз, осы уақыт мәселесіне аса ұқыпты қарайтынын аңғаруға болады. Себебі олар уақыттан ұтылса, көп нәрсе жоғалтатынын біледі. Көлік аялдамаларында тұрғанда, жүру мезгілдерінің «12.01»; «16.03»; «17.08» секілді әрбір минутқа дейін есептеулі екендігіне таң қаласыз. Автокөлік сол белгіленген уақыт ережесінен бір минут кешігіп, я бір минут озбайды. Небәрі бір-екі минутқа кешіге қалса, жүргізуші әжептәуір сөгіс алып жатады. Ал бізде ше? Сағат сұрағанда «Жетіден он минут кетті» десең, «Е, жеті жарым десеңші» дей саламыз. Демек біз уақытқа аса ұқыпты емеспіз.

Бүгінгі күні уақытты өлтіретін «жаулар» көбейген тәрізді. Солардың бірі теледидар деуге болады. Жасыратыны жоқ, «көк сандығы» жоқ үйді елестету қиын-ақ. Алайда осы теледидардың уақыттың нағыз жауы екеніне екінің бірі көңіл бөле бермейді.

Бірде Эйнштейн қызметшісіне «Мені жарты сағаттан кейін оятыңызшы» деп, демалыпты. Бірақ қызметшісі оны біраз тынықсыншы деп бір сағаттан кейін барып оятса керек. Тұра сала ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп: «Ал, жарты сағатымды қайтарып беріңіз»,- деген екен. Уақыттың жауларының қатарына көп сөз бен көп қыдыруды да жатқыза аламыз.

Уақыт – ол мүмкіндік. Мүмкіндікті дер шағында пайдаланып қалмаса, адамның көп нәрседен айырылатыны анық.
Еңбекқор қытай халқы да уақыт мәселесіне келгенде: «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деп безектейді екен. Ата-бабамыз «Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деген. Барлық уақытша қызықты қоя тұрып, дер кезінде қимылдаған адам кейін соның жемісін жейді.

Жадыра САТТАРОВА,
ЖР-32 қ тобының студенті

4. Мәтінді жоспар бойынша мазмұндаңыз.

  1. Уақыт – баға жетпес құндылық.
  2. Өркениетті елдерде уақытты қалай бағалайды?
  3. Уақыттың «жаулары».
  4. Бейнет пен зейнеттің мағынасы.

5. Мәтінде кездесетін жаңа сөздерді біліп алыңыз.

Баға жетпес құндылық – неоценимая ценность

Сөгіс алу – здесь: быть наказанным

Дер шағында – своевременно

Бейнет – здесь: труд

Зейнет – здесь: удовольствме, благополучие

 

Екінші сабақ (1 сағат)

1. Сан есімдерге тиісті қосымшалар жалғап, сұхбаттасыңыз. Дара, күрделі сын есімдерді табыңыз.

- Әже, сіздің жасыңыз нешеде?

- Балапаным, менің жасым жетпіс екі....

- Әже, сіздің немерелеріңіз көп пе?

- Әрине, қалқам. Биыл менің он алты... немерем дүниеге келді.

- Қандай бақытты жансыз, әже! Ең үлкен балаңыз да үлкен кісі шығар, ә?

- О-о-о, үлкен ұлымның жасы биыл елу екі... толды. Оның да үлкен ұлы отыз....

- Әже, сіз институт бітіргенсіз бе?

- Иә, балам, мен Алматыдағы педагогикалық институтты 1961-... жылы бітіргенмін. Елу шақты жыл мұғалім болдым ғой.

- Қандай жақсы адамсыз, әже. Өз балаларыңызды да, халықтың баласын да тәрбиеледіңіз. Ұзақ жасап, бақытты болыңыз, әже!

- Рахмет, қалқам. Өзің де бақытты бол!

 

2. Өлеңді оқып, мазмұнын ұғып алыңыз.

 

Сағаттың шықылдағы емес ермек,

Һәмишә өмір өтпек ол білдірмек.

Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас.

Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.

Сағаттың өзі ұры шықылдаған,.

Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған.

Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті,

Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман.

Абай.

3. Төмендегі сөз тіркестерінің мағынасын жазыңыз.

 

Сағаттың шықылдағы –

Өмір өтпек –

Ол білдірмек –

Қайта келмек –

Қайта айналмас –

 

4. Сұхбаты толықтырып жазыңыз.

 

- Сабыр, сен Абайдың бұл өлеңін бұрын естіп пе едің?

- -------------------------------------------------------------------.

- Бұл өлеңде не туралы айтылған?

- ----------------------------------------------.

- «Һәмишә өмір өтпек ол білдірмек» деген сөйлемді қалай түсінесің?

- ---------------------------------------------------------------------------------------.

- Ақын неліктен «Сағаттың өзі ұры шықылдаған» деп айтқан?

- ------------------------------------------------------------------------------.

- Ақын «бұрылмас бұлдыр заман» деп не туралы айтып отыр?

- ------------------------------------------------------------------------------.

- Сабыр, бұл өлең адамға қандай ой салады?

- ------------------------------------------------------------------------------.

 

Үшінші сабақ (1 сағат)

1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Уақыттың ерекшеліктері .

 

1. Уақыт тез өтеді

Адам баласының ғұмыры «қамшының сабындай» қысқа. Ең ұзақ өмір сүрген Нұх пайғамбарға өлім періштесі: «Дүние қандай екен?» деп сұрағанда, ол: «Дүние екі есігі бар үй сияқты екен, бір есігінен кіресің де, екіншісінен шығып жүре бересің» депті.

- Сіздің ойыңыз қандай?

 

2. Уақыт қайтып келмейді және орны толмайды

Әрбір өткен күн, таусылған сағат, жылжыған сәтті қайтару мүмкін емес, демек олардың орны да толмайды. Үлкен білім иесі Хасан әл Басри: «Әр таң атқанда, күн адам баласына: Ей адам баласы! Мен жаңа бір жаратылыспын... мені пайдаланып қал, мен өтіп кетсем, Қияметке дейін қайтып келмеймін» дейді, деп өсиет айтқан.

- Сіз әр күніңізді орынды пайдаланасыз ба?

3. Уақыт - адамда бар нәрсенің ең қымбаты

Уақыт адамда бар нәрселердің ең қымбаты. Хасан әл Басри: «Ей адам баласы! Сен топталған күндерден тұрасың. Бір күнің кетсе, сенің бір бөлігің кетті», дейді.

- Уақыт – «адамның бір бөлшегі» дегенді қалай түсінесіз?

 

2.Есте сақтаңыз:

63 жыл өмір сүрген адам:

күніне 8 сағат жұмыс істесе, оның өмірінің 21 жылы жұмыс істеуге кетеді екен.

Тәулігіне 8 сағат ұйықтаса, тағы бір 21 жылы ұйқыға кетеді.

6 жылы тамақ ішуге,

5 жылы сапарларға,

1 жылы телефонмен сөйлесуге кететін көрінеді.

Бір тал темекі шегуге 6 минут уақыт бөліп, бір күнде 10 тал темекі шексеңіз 60 минут яғни, 1 сағат уақытыңыз кетеді.

Біз өз уақытымыз былай тұрсын, басқалардың уақытымен де санаса бермейміз. Мысалы, шақырылған жерге 2-3 сағат кешігіп келеміз, бір шаруаны бірер аптада, немесе біраз күннің ішінде деп жобалай са­ламыз.

3.Үлгіге сәйкес сұхбат құрыңыз.

Дулат: Жұпар, сен дәрігерге сағат екіде барасың ба?

Жұпар: Менің дәрігерім бүгін таңертең қабылдайды.

 

1. Профессор – ертең – түскі 3-те;

2. Бастық – кешке – 5-те.

4.Досыңызбен сөйлесіңіз. Сіз досыңызбен келісесіз бе?

- Бақытжан, сәлем, сен үйдесің бе?

- Сәлем! Үйдемін. Қайдан телефон шалып отырсың?

- Университеттен. Біздің сабағымыз жаңа бітті. Не істеп жатырсың?

- Жай, уақыт өлтіріп отырмын.

- Қалай? Ол не деген сөз?

- Ой, соны да білмейсің бе? Теледидар көріп отырмын.

- Оны қайтесің, бірдеңе оқымайсың ба?

- Не оқимын, оқитын ештеңе жоқ...


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 118 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Танысу. 3 страница| Танысу. 5 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.046 сек.)