Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мемлекетті басқаруда мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі 4 страница

Мемлекеттік қызметшінің түрлері | Мемлекетті басқаруда мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі 1 страница | Мемлекетті басқаруда мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі 2 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

2.Дүниежүзілік тәжірибедегі мемлекеттік қызметі. Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.

Мемлекеттік басқаруда кадр саясатын қалыптастырудың теориялық тұжырымдамалары. Мемлекет – арнайы басқару мен мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын және оның дамуын қамтамасыз ететін бұқаралық биліктің, егеменді, саяси ұйымы.

Мемлекеттік қызмет функцияларының халықаралық тәжірибесінде:

- континенталдық «мансаптық»;

- англо-саксондық «позициялық»;

- шығыс-азиялық «элиталық мемлекеттік қызмет»;

- мемлекеттік қызметтің корпоративтік үлгілерін бөліп көрсетуге болады.

Дүниежүзілік тәжірибе, оның ішінде жеке сектор сараптамалары бойынша, бағалаудың негізгі түрлері бар.

Халықаралық тәжірибеде мемлекеттік қызметтің екі үлгілік моделін бөліп қарастыруға болады – сатылы және позициялық.

Мемлекеттік қызметке кіру мен оны атқару тәртібіне қатысты осы модельдердегі айырмашылықтарға қарамастан, оларға мемлекеттік қызмет тиімділігін қамтамасыз ететін бірқатар жалпы шарттар тән.

Біріншісі – мемлекеттік қызметшілерді саяси «тағайындалатындар» және кәсіби «орындаушылар» деп бөлу. Екіншісі – мемлекеттік қызметке конкурстық негізде қабылдау, бұл мемлекеттік қызметке білікті әрі құзыретті мамандарды іріктеп алуға мүмкіндік береді және кадрларды іріктеу мен жоғарылатудың патронаждық жүйесі үшін мүмкіндіктерді азайтады.

Мемлекеттік қызметтің жоғары беделі мен мәртебесі шетелдердегі мемлекеттік қызмет жүйесінің маңызды ерекшелігі болып табылады.

Қазіргі кезде, көптеген елдер мемлекеттік басқарудың ұлттық жүйесінің ерекшелектерін ескеретін мемлекеттік қызметтің аралас моделін құруды жөн көреді.

Мемлекеттік қызметтің көптеген тиімді модельдерінде (Нидерланды, Сингапур, АҚШ, Италия) жоғары мемлекеттік қызмет институты қолданылады, ол саяси шешімдер қабылдау процесін оларды іске асыру процесінен ажыратуға бағытталған. Жоғары мемлекеттік қызметтің функциялары жалпы мемлекеттік саясатқа сәйкес басқару талаптарын әзірлеу және әкімшілік қызметті жүргізу болып табылады.

Шетелдік тәжірибені қарастыру барысында негізгі үш ерекшеліктерді атап өтуге болады. Біріншіден, мансаптық шенеуніктер мен саяси шенеуніктердің арақатынасы АҚШ-та - 1:5, ал Англия мен Францияда - 1:40.

Екіншіден, жоғарғы шенеуніктердің кәсіби карьерасын және мобильді болу типін анықтайтын мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы: континенталдық Европа елдерінде қызметтік құқыққа бағынатын кәсіби кадрлық мемлекеттік қызмет жүйесі құрылды, ал англосаксондық мемлекеттерде мемлекеттік қызмет қарапайым еңбек заңнамасы негізінде қалыптасады және анағұрлым ашық болады.

Үшіншіден, кәсібилік дәстүр: мысалыға АҚШ-та жеке бағыттағы жұмыста негізгі күшті тар ауқымды маманға жүктейді, ал Ұлыбританияда жалпы характердегі білімі бар дженералисттерге береді. Бірақ соңғы кезде мемлекеттік қызметте сонымен қоса жоғарғы шенеуніктермен жұмыс істеу аясында жақындастық пайда болуда, ол мемлекеттік басқарудың ұлтаралық тануымен байланысты.

3.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құқықтары мен міндеттері. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, өз құзыреті шегінде заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган болып табылады.Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.Агенттік туралы ережені, сондай-ақ оның құрылымы мен штат санын Агенттік Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады. Агенттік өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі. Агенттіктің, егер оған заңдарға сәйкес өкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. Агенттік пен оның аумақтық органдары мемлекеттік қызмет істері жөніндегі органдардың бірыңғай жүйесін құрайды. Аумақтық органдар өз қызметін заңдарда белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады. Агенттiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында консультативтік-кеңесшi органдары - тәртіптiк кеңестерi болады, олар туралы ереженi

Агенттiктiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

Агенттіктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) мемлекеттік қызмет ісін жүзеге асыру үшін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ заңдарда белгіленген тәртіппен өз құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдау;
3) мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйіне мониторинг жүргізу;
4) мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері жөнінде мемлекеттік органдардың іс-қимылын үйлестіру;
5) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңдарды сақтауын бақылау.

Агенттік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік қызметті жетілдіру мен тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеп, жүзегеасыруға қатысады;
2) мемлекеттiк қызмет қызметкерлері жөнiнде республикалық мәлiметтер базасын және мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарына орналасу үшiн кадр резервiн түзедi; Мемлекеттiк қызметтiң кадрлар резерві туралы ереженi әзiрлеп,Қазақстан Республикасының Президентiне бекітуге ұсынады;
3) мемлекеттік қызмет кадрларын басқарудың республикалық ақпараттық жүйесін әзірлейді және қалыптастырады;
4) әкімшілік мемлекеттік лауазымдар санаттарына қойылатын үлгі біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
5) Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің санаттары бойынша тізілімін және өзге де актілерді және Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсынады;
6) мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін жетілдіру, әлеуметтік-құқықтық қорғалуы жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
7) мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдар қызметін үйлестіреді;
8) мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілігін арттырудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруды және орналастыруды үйлестіреді;
9) мемлекеттік қызметшілер мен әкімшілік мемлекеттік лауазымдарды атқаруға үміткерлерді сынақтан өткізеді;мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалауды және персоналды басқарудың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады; мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бақылауды жүзеге асырады;
10) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет туралы заңдарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады; тәртiптiк жауапкершiлiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшілерiнiң ар-намыс кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерiн) бұзған С-1, С-2, С-3, С-4 санаттарындағы әкiмшілiк мемлекеттiк қызметшiлерiне, сондай-ақ орталық құқық қорғау органдарының және арнаулы қызметтердiң бiрiншi басшыларынан, олардың бiрiншi орынбасарлары мен орынбасарларынан басқа, осы органдардың тәртiптік жауапкершілiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаған басқарма басшыларына дейiн қоса алғандағы лауазымды тұлғаларына қатысты тәртіптiк iстердi қарайды.

 

 

Билет

1.Мемлекеттік қызметтер реестрі. Мемлекеттiк қызметтер көрсету тiзiлiмi - мемлекеттiк қызметтер көрсетудi алушыларды, олардың көрсетiлуiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдарды және ұйымдарды көрсете отырып, республикалық және жергiлiктi деңгейде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң үнемi жаңартылып отыратын тiзбесiн және басқа да сипаттамаларды қамтитын нормативтiк құқықтық акт, қаулыларымен.

Мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты - мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң, нысанының, мазмұны мен нәтижесiнiң сипаттамаларын қамтитын мемлекеттiк қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт.

2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың француздық моделін қолдануы. «Қазақстан – 2030» стратегиясында айқындалған мемлекеттік қызметті дамытудың басымдықтары: «кадрларды жалдау, даярлау және жоғарылату жүйесін жақсарту»; «мемлекеттік қызмет – ұлтқа қызмет ету»; «мемлекеттік қызметтің жоғары абыройын қалыптастыру және қолдау» осы тұжырымдамамен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің жаңа моделін қалыптастыру негізіне алынған.

Бүгінгі күні Қазақстанда мемлекеттік қызметтің конкурсты-мансаптық үлгісі жүргізілуде. Аталмыш үлгі өзін айтарлықтай тиімді екендігін танытты, алайда казақстандық үлгі тек жақсы ұйымдастырылған түрде ғана емес, сонымен қатар, ТМД елдері үшін үлгілі нұсқа ретінде болуы қажет. Белгіленген мәселелі сұрақтарды есепке ала отырып, мемлекеттік қызметтің қазақстандық жүйесінің әрі қарайға жетілдіруде келесі ұсыныстарды бөліп көрсетуге болады.

Осы ретте, мемлекеттік қызметтің конкурсты-мансаптық үлгісін алдағы уақытта жаңғыртуды жүзеге асыруды келесі кесте түрінде көрсетуге болады
(2-сурет).

1998 жылы 18 қыркүйекте алғаш рет посткеңестік кеңістікте, Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен мемлекет Басшысына тікелей бағынышты және есепті құзыретті орган – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі құрылды. Аталмыш орган мемлекеттік қызмет аясында біріңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Осылайша, ел Президентінің «Қазақстан – 2030» стратегиясында қойылған міндеттер негізінде мемлекеттік қызмет реформасы мемлекеттің маңызды институты ретін негіз қалады.

Елбасының саяси еркінің және уәкілетті органның арқасында, біршама аз уақыт ішінде мемлекеттік қызмет байланысын регламенттейтін жаңа «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң және 20 заңдық актілер қабылданды. Жаңа Заңды қабылдау мемлекеттік қызметтің шетелдік жүйесін алдын ала мұқият зерделеуді қажет етеді. Халықаралық тәжірибе сараптамасы көрсетіп отырғандай, демократиялық мемлекеттің негізгі мемлекеттік қызметі болып меритократия болып табылады.

3.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істегері агенттігінің функциялары. Агенттіктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
-мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
-мемлекеттік қызмет ісін жүзеге асыру үшін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ заңдарда белгіленген тәртіппен өз құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдау;
-мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйіне мониторинг жүргізу;
- мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері жөнінде мемлекеттік органдардың іс-қимылын үйлестіру;
-мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңдарды сақтауын бақылау.
Агенттік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

-мемлекеттік қызметті жетілдіру мен тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеп, жүзеге асыруға қатысады;

-мемлекеттiк қызмет қызметкерлері жөнiнде республикалық мәлiметтер базасын және мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарына орналасу үшiн кадр резервiн түзедi;

-Мемлекеттiк қызметтiң кадрлар резерві туралы ереженi әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Президентiне бекітуге ұсынады;

-мемлекеттік қызмет кадрларын басқарудың республикалық ақпараттық жүйесін әзірлейді және қалыптастырады;

-әкімшілік мемлекеттік лауазымдар санаттарына қойылатын үлгі біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;

-Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің санаттары бойынша тізілімін және өзге де актілерді және Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсынады;
-мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін жетілдіру, әлеуметтік-құқықтық қорғалуы жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
-мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдар қызметін үйлестіреді;
-мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілігін арттырудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруды және орналастыруды үйлестіреді;

-мемлекеттік қызметшілер мен әкімшілік мемлекеттік лауазымдарды атқаруға үміткерлерді сынақтан өткізеді;

-мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет туралы заңдарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

 

Билет

1.Мемлекеттік қызметтер регламенті. Регламент және стандарт

1. Мемлекеттiк орган өз қызметiн ұйымдастыру мен оның iшкi тәртiбi мәселелерi бойынша регламент қабылдайды.

2. Мемлекеттiк орган iшкi қызметiн ұйымдастыру мен оның тәртiбi және мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара iс-қимыл қызметi мәселелерi бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетудiң стандартын қабылдайды.

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң стандарты мен регламентi мемлекеттiк органның құзыретiне кiретiн әрбiр мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша қабылданады. V085113, V085153, V085127

3. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң стандарты, мемлекеттiк органның регламентi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн үлгiлiк стандарттар мен регламенттер негiзiнде әзiрленедi.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету регламенті мыналарды қамтиды:

- мемлекеттік қызмет көрсету процесінің тәртібі және технологиялық тізбегі;

- қызмет көрсету уақытының және жеке процедуралардаң ұзақтығы;

- мемлекеттік қызмет тұтынушысының алатын түпкі нәтижесінің толық анықтамасы.

2. Жапонияда мемлекеттік қызметті ұйымдастыру.

Сондықтан да, Қазақстан үшін басқару саласында едәуір нәтижелерге қол жеткізген Жапония сияқты мемлекеттің тәжірибесі ерекше қызығушылық танытады.

Дамыған елдердің мемлекеттік басқару саласында, кадр әлеуетін басқару мемлекеттік басқару теориясында да іс жүзінде басым бағыт болып табылады. Мемлекеттік қызметті реттейтін заңнамалар экономикада, саясатта және әлеуметтік салада болатын ауытқулардың әсерінен өзгерістерге ұшырап, толықтырылып отырады.

Жапония заманауи мемлекеттік қызметтің негізі мәселен бізден бір ғасырдан астам уақыт бұрын қаланған. Бұл, барлық дамыған елдерде мемлекеттік қызметтің ірге тасының қаланып, керегесін тіктеу процесінің ұзақ уақыттар бойы жүретіндігін көрсетеді.

Шетелдерде мемлекеттік қызметпен және кадр саясатымен айналысатын, шенеуніктердің жұмысын қадағалайтын, үміткерлерге іріктеу жүргізетін олардың кәсіби деңгейі мен қызмет ету нәтижесін бағалайтын арнайы құрылым айналысады.

Халықаралық тәжірибені саралау нәтижесі негізінен әлемде екі анық белгіленген мемлекеттік қызмет жүйесі қалыптасқандығын көрсетеді – бірі мансаптық жүйе — Германия, Жапония, Австрия елдерінде қалыптасса, келесісі позициялық модель — Ұлыбритания, АҚШ, Канада елдерінде қалыптасқан.

Мансаптық жүйенің елеулі ерекшеліктері болып – мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеу арқылы ең төменгі лауазымға орналасудан бастауы, қызметке өмір бойына тағайындалуы (саяси қызметтен басқасына), ішінара қызметте мансаптық өсу, мамандарды мақсатты оқыту, кәсіпқойлықтың жоғарғы деңгейі, сақтанымпаздық және бюрократтық иерархия элементтерімен қамтылғандығы саналады. Позициялық жүйеде – қызметке орналасу және кез келген қызметке көтерілу конкурстық іріктеу арқылы жүргізіледі (саяси қызметтен басқасы), мұнда едәуір ықшамдылық, қызметке жеке сектордағыдай келісім-шарт арқылы алу, карьерада тұрақсыздық элементтері басым.

Екі жүйеде де, олардың белгілі бір ауытқуларына қарамастан олардың тиімділігін қамтамасыз ететін бірқатар шарттарында ұқсастық бар. Бұл, мемлекеттік қызметшілердің саяси және әкімшілік деп бөлінуі, саяси процестердің мемлекеттік аппараттың кадр құрамына әсерінің шектеулілігі, сонымен қатар мемлекеттік билік органына кәсіпқойларды тартуға кепілдік беретін қызметке орналасудағы кон­курстық іріктеу.

Шет мемлекеттердің мемлекеттік қызметшілерінің корпусын қалыптастыруы мәселесіне үңілсек Жапония елінде – жас элита мамандарды мақсатты бағытталған тәрбиелеу жолымен қалыптастыратындығын аңғартады.

Болашақ шенеуніктерді дайындау, мемлекеттік аппараттың түрлі құрылымдарында олардың қызметіне баға беріле отырып үздіксіз тәжірибе алмасудан өтетіндігімен ерекшеленеді.

Мәселен, Жапонияның мемлекеттік қызметшілерінің кадр әлеуетін пайдалану тәсілі тиімді және өзіндік ерекшелігі бөлек. Жапонияның мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі: өмір бойы жалдау, кадр ротациясы, жұмыс орнында оқыту, еңбек ақы, т.с.с. басты критерийлерді қолдану арқылы мемлекеттік қызметшілердің жоғары кәсіпқойлығына, икемділігіне және олардың жауаптылығына қол жеткізуінде. Мұндағы әрбір критерий бір-бірін толықтыра отырып қызмет атқарудың шарттары мен негізі болып табылады. Нәтижесінде еңбек ынталандырылуы артып, жоғары әлеуетті шенеуніктерді даярлауды қамтамасыз ететін және олардың творчестволық, интеллектуалдық қабілеттерін арттыратын орта қалыптасады.

Реформалауда озық нәтижеге қол жеткізген елдердегі мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жалпы деңгейі, жеке сектордағы бірдей еңбекке сәйкес еңбекақы төлеу қағидасы болып табылады. Бұл қағидаға сүйену шенеуніктерге абыройлы өмір сүру деңгейін қамтамасыз етіп, мемлекеттік аппаратта кәсіби мамандардың тұрақты қызмет атқаруына ықпал етеді. Мәселен, Жапонияда персонал ісі жөніндегі басқарма жыл сайын мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы деңгейін өндірістік сектордағы жұмысшылардың еңбекақысымен салыстырып, зерттеп отырады. Бұл мәліметтер баспасөз беттерінде жарық көріп, мемлекеттік қызметтегі еңбекақымен салыстырылып отырады.

Шетелдердегі мемлекеттік қызметшілерді даярлау және біліктілігін арттыру мәселесіне келсек – көп жағдайда оларды үздіксіз оқыту дәйекті, қатал және тиімді жүйені сипаттайды. Оқытудың жалпы бағыты білімді беру ғана емес, әрбір шенеуніктің нақты қызмет дәрежесіне сәйкес ойлау қабілеті, машықтары, құзыреттілігі және тәртібіне байланысты болады. Осыған сәйкес біліктілікті арттыру мерзімінің басым көп уақыты нақты тәжірибемен танысуға, оқытудың белсенді тәсілдеріне жұмсалады.

Бүгінгі күні еліміздің мемлекеттік қызметі интенсивті қарқында дамуда. Әрине, техникалық және экономикалық прогрестің өсуіне сәйкес оның ұйымдастырушылық тетіктерінің де дами түсетіндігі заңды құбылыс.

Қазақстанда мемлекеттік қызметтің қалыптасуы салыстырмалы түрде алғанда соңғы 10 жылдың бедерінде ғана басталды, дегенмен де ол серпінді дамып, қарқын алып келеді.

3. Персоналды басқару процесінің негізгі қызмет бағыттары. Персоналды басқару процесі өзінше тоғыз негізгі қызмет бағытын алады:
1.Сыртқы жағдайларды және ұйымның қажеттілігін ескере отырып, жүзеге асырылатын кадрларды жоспарлау;

2.Кадрларды іздестіріп және іріктеу;

3.Ортаға жаңа қызметкерлердің бейімделуі;

4.Еңбекті нормалау және жұмысты талдау;

5.Еңбекті ынталандыру жүйесі;

6.Оқыту және дамыту қызметкерлердің потенциалын ұлғайтуға тиіс;

7.Атқарылған жұмысты бағалау.

Қызметкерлердің ішкі ұйымдық ауысулары: қызметкердің қабілетін ескере отырып, оның лауазымын жоғарылату және төмендетуМәдениетті ұйымдық қалыптастыру және қолдау: басшылық стилі қатынас ахуалы, дәстүр, тәртіп, нормалар, ережелер мінез-құлық стандарттары.
Кадрларды іздестіру және іріктеу кезінде мынадай принциптерге ерекше көңіл болу керек:

1.Кадрларды іздестіру және іріктеу кадрлар жөніндегі жоспармен, персоналды басқару саласында іске асырылатын бағдарламалармен үйлестірілуге тиіс;

2.Ұйым жұмысқа техникалық жағынан сауатты адамды алғанмен ол жұмыстағы жолдастармен клиенттермен жақсы өзара қатынастар орнатуға қабілетсіз болуы мүмкін.

Еңбек заңдарының барлық талаптары толық ескерілуі қажет.

Сондықтан жаңа қызметкерді іздестіруден бұрын ол атқаратын функцияны ой елегінен тағы өткізіп алудың артықтығы жоқ. Бұдан кейін бұл функцияны деп ой таразына салуғада болады. Немесе уақытша 2 айға қызметкерді алуға болады.

Алайда өмірде ойланғаннан өзгетелеу болып жатады. Басшы штатта көрсетілгеннен артық қызметкерлер болады. Сөйтіп жатты шектен тыс далитады. 1996 жылдың күзіндегі жеңісінен кейты. Курс облысының губернаторы А.В.Руцкой өз әкімшілігін құру проблемасын қолға "мықтап„ алды. Курс облысында губернатордың 20 орынбасары пайда болды, бұлардың 6-ы бірінші орынбасар болатын жағдайды бағалап, проблемаларды ой елегінен өткізген сынап байқатқан ол проблемалардың әрқайсысына бір-бірден орынбасар тағайындады. Үш айдан қайты ол әрбір орынбасарынан атқарылған жұмыс туралы сұрады. Сөйтіп орынбасарлардың саны 19-ға дейін қысқарды, ал 1,5 жылдан кейін әкімшілік құрылымы классикалық түрге ие болды, өйткені проблемалардың көпшілігі ойдан шығарылған еді.


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 295 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мемлекетті басқаруда мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі 3 страница| Мемлекетті басқаруда мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі 5 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.019 сек.)