Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мемлекетті басқаруда мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі 3 страница

Мемлекеттік қызметшінің түрлері | Мемлекетті басқаруда мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі 1 страница | Мемлекетті басқаруда мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі 5 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

2.Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы. Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуі тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуі тиіс.

Егер мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы дәйекті ақпараты болса, ол мұндай құқық бұзушылықтың алдын-алуға және жолын кесу жөнінде қажетті шаралар қолдануы тиіс. Қажетті шараларға уәкілетті мемлекеттік органдарды хабардар ету және жоғары тұрған басшыны, мемлекеттік орган басшылығын хабардар ету жатады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ақпарат алғаннан кейін мемлекеттік органның басшылығы олар бойынша, оның ішінде, егер оның іс-әрекеттерінде мемлекеттік қызметшінің қызметін одан әрі жалғастыруға теріс ықпал ететін заңнама бұзушылықтар болмаса, мемлекеттік қызметшіні заңсыз қудалаудан, оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөнінде тиісті шаралар қабылдайды.

Мемлекеттік қызметшілер өз іс-әрекеттерімен және шешімдерімен жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруды қиындататын әкімшілік және өзге де кедергілерге жол бермеулері тиіс. Мұндай фактілер анықталған жағдайда мемлекеттік қызметшілер оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға тиісті.

Мемлекеттік қызметшілер мемлекетке экономикалық залалдың алдын-алу жөнінде барлық мүмкіндіктерді пайдалануы, жеке мүдделеріне және үшінші тұлғалардың мүдделеріне орай тексерулерге бастамашылыққа жол бермеуі тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер жеке мүліктік және мүліктік емес пайдалар алу үшін өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді қолданбауға тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер мүдделер қақтығысын болғызбау үшін шаралар қолдануы тиіс.

Мүдделер қақтығысы туындаған ретте, яғни мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделілігі және оның өз лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше атқаруының немесе жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің арасында осы заңды мүдделерге зиян тигізетіндей қайшылық туындайтын жағдайда, мемлекеттік қызметші оның жолын кесу және реттеу жөнінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында көзделген шараларды қабылдауға міндетті.

3.Мемлекеттік қызметтердің жіктелуі. Мемлекеттік қызметтердің негізгі жіктеуі МЖ 04-2003 Өнімдердің экономикалық әрекет түрлері бойынша жіктеуінің 75.11 бөлімі «Мемлекеттік басқару және қоғамдық әлеуметтік-экономикалық саясат саласындағы қызметтер» тобында көрсетілген.

1. Осыған қоса, мемлекеттік қызметтер мынадай белгілер бойынша жіктеледі:

- қызмет жабдықтаушының ұйымдық-құқықтық статусы бойынша;

- қызмет тұтынушының ұйымдық-құқықтық статусы бойынша;

- қызмет көрсету формасы бойынша;

1.1. Қызмет жабдықтаушының ұйымдық-құқықтық статусы бойынша, мынадай топтарға ажыратуға болады:

- қызметтерді тұтынушыларға тікелей көрсететін мемлекеттік органдар;

- мемлекеттік орган болып табылмайтын және жұмысы мемлекеттік бюджет тарапынан қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер тарапынан көрсетілетін қызметтер;

- мемлекеттік тапсырыстарға тендерді жеңіп алған мемлекеттік және жеке ұйымдар тарапынан көрсетілетін қызметтер.

1.2. Қызмет тұтынушылардың ұйымдық-құқықтық статусы бойынша, мынадай топтарға ажыратуға болады:

- жеке тұлғаларға көрсетілетін қызмет;

- заңды тұлғаларға көрсетілетін қызмет.

1.3. Қызмет көрсету пішіні бойынша, мынадай топтарға ажыратуға болады:

- қағаз үстінде;

- ақпараттық-коммуникациялық байланыс арқылы;

- электрондық байланыс арқылы;

- тікелей кездесу кезінде ауызша түрде.

Нақты практикалық міндеттерді шешу қажеттілігіне байланысты әр түрлі топтарға көрсетілетін қызметтердің осы жіктеуіне толықтырулар мен өзгертулер енгізілуі мүмкін.

Билет

1.Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметті жетілдіру жолдары. Қазақстан экономикасын бәсекеге қабілеттілігін арттыруда негізгі бағыт -мемлекеттік қызметкерлерді мамандармен қамтамасыз ету механизмін жетілдіру болып табылады. Елбасының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында, халықаралық тәжірибені ескере отырып, әкімшілік реформаны қарқынды жүргізу ретіндегі төртінші мәселесінде «Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру қажет, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мен азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне сенімін арттырудың маңызды қыры», -деп атап өтті. Ал, 2011 жылы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы» қабылданды. Онда мемлекеттік қызмет жүйесіндегі ағымдағы ахуалды талдау ұсынылған, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің жаңа моделін қалыптастырудың негізгі бағыттары мен оны іске асырудың түйінді тетіктері айқындалған. Мемлекеттік басқару жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін және халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің аса маңызды факторы болып - меритократия, тиімділік, нәтижелілік, транспаренттік және қоғамға есептілік қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызмет жүйесін кәсібилендіру табылатыны хақ.

Сондықтан да, мемлекеттік қызметтің жаңа моделі бірінші кезекте «мемлекеттік қызмет» ұғымын жаңғыртуды көздейді. Мемлекеттік қызмет «ұлтқа (қоғамға) қызмет ету» ұғымының синонимі болуға және мемлекеттік қызметтерді тұтынушы болып табылатын халыққа бағытталуға тиіс.

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі оны кәсібилендірудің басты факторы болып табылатын адами фактордың маңыздылығын тануға және тиімді кадр жұмысын жүргізуге бағдарланған, соған қоса мемлекеттік қызметтің жаңа моделі тиімді кадр тетіктерін – мемлекеттік қызметке кірудің тиімді әрі айқын тәртібін, үздіксіз кәсіби даму мүмкіндігін, жұмыс нәтижелері мен ынталандыру жүйесінің өзара байланысын қалыптастыруға бағытталған. Оны іске асыру 2011 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі аралыққа есептелген:

Бірінші кезеңде (2011–2012 жылдар) Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізуге бағытталған:

1) үш корпусқа негізделген мемлекеттік қызмет лауазымдарының жаңа тізілімін енгізу;

2) мемлекеттік қызметке кіру және мемлекеттік қызметтің кадр резервін қалыптастыру рәсімдерін жақсарту;

3) жоғары білікті мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі базалық білім беру орталығын қалыптастыру;

4) нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқару жүйесінің технологиялары мен қағидаттарына негізделген жаңартылған оқыту бағдарламаларды енгізу;

5) мемлекеттік органдардың кадр қызметтері жұмысының тиімділігін арттыру;

6) мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалау жүйесін енгізу;

7) мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу;

8) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бақылау жүйесін енгізуге, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау үшін кері байланыс тетігін дамытуға бағытталған шараларды іске асыру көзделеді.

Екінші кезеңде (2013 – 2015 жылдар) мансаптық жоспарлау жүйесін енгізу, кәсіби даму мен оқытудың дара жоспарларын енгізу, қашықтықтан оқыту жүйесін кеңейту; мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру жүйесін жетілдіру; мемлекеттік қызметтің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру; әкімшілік этиканы басқарудың екі деңгейлі жүйесін әзірлеу сияқты мемлекеттік қызметті кәсібилендіру жөніндегі ұзақ мерзімді шаралар жүзеге асырылатын болады.

Мемлекеттік қызметшілердің көпшілік алдында сөйлеуі мен қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқы. Мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында сөйлеуді оның басшысы немесе мемлекеттік органның бұған уәкілеттік берілген лауазымды тұлғалары жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікірсайысты әдепті түрде жүргізуі тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметтік ісінің мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол:

1) мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес немесе;

2) жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса;

3) мемлекеттің лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепке сай емес сөздер айтудан тұрса, көпшілік алдында білдіруіне болмайды.

Мемлекеттік саясатты жүргізумен, мемлекеттік органның және мемлекеттік қызметшілердің қызметтерімен байланысты емес мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органның атынан жариялымдарына жол берілмейді. Педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет бойынша материалдар жариялауды мемлекеттік қызметші жеке тұлға ретінде тек өз атынан жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық жасаған, оның ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысқан, біреулердің мүдделерін қолдаған, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің табысымен сәйкеспейтін заңсыз табыс пен мүлік алған деп негізсіз көпшілік алдында айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бір ай мерзім ішінде оны теріске шығару, оның ішінде сот арқылы теріске шығару жөнінде шаралар қабылдауы тиіс.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқы

Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған этикалық нормаларды ұстанулары, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуі тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер қарапайымдылық танытуға, көлік, сервистік және өзге де қызметтерді алу кезінде мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себеп туғызбауға тиіс.

3.Мемлекеттік қызмет объектілері. Іс түрінен және басқа жіктеу белгілерінен тәуелсіз түрде, мемлекеттік қызметтердің объектілері мыналар болып табылады:

- жіктеу және терминология;

- біркелкі қызметтердің топтарын және шағын топтарын, қызметтердің әр түрлі түрлерін, жеке қызметтерді қамтитын мемлекеттік қызметтер тізімі;

- мемлекеттік қызметтердің әр түрінің нақты сапа және қолжетімділік көрсеткіштеріне қойылатын талаптар;

- мемлекеттік қызметтерді тұтынушыға қойылатын талаптар;

- қызметтерді көрсету процедурасы;

- лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттері (орындамағаны) бойынша шағымдану тәртібі мен мерзімі;

- қызмет тұтынушыларын хабардар ету түрлері және әдістері;

- тұтынушылармен жұмыс істейтін лауазымды тұлғалардың біліктілігі, жауапкершілігі және бағыныштылығы;

- қызмет көрсету орнындағы шарттар;

- тұтынушылармен жұмыс істеудің жалпы ережелері.

Жіктеу және терминология, осы ретімен 6 және 3 бөлімдеріндегі талаптарға сай болуы тиіс.

Көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтер тізімі мынадай қасиеттерге ие болуы тиіс:

- көрсетілетін қызметтер құрамы тұтынушы үшін анық және айқын болуы тиіс;

- түпкі нәтижесі және қызмет көрсету пішіні көрсетілуі тиіс;

- мемлекеттік қызметтің нақты бір түрін көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе ұйымның атауын қамтуы керек.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету регламенті мыналарды қамтиды:

- мемлекеттік қызмет көрсету процесінің тәртібі және технологиялық тізбегі;

- қызмет көрсету уақытының және жеке процедуралардаң ұзақтығы;

- мемлекеттік қызмет тұтынушысының алатын түпкі нәтижесінің толық анықтамасы.

Көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтердің ерекшеліктеріне байланысты тұтынушыларды хабардар етудің мынадай формаларын және әдістерін пайдалану орынды:

- арнайы басылымдар;

- вебсайттар;

- бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамалық беттер;

- жарнамалық парақшалар;

- мекеменің өз орнынан басқа жерге орналастырылатын мекеме туралы көрнекі мәлімет;

- мекеменің ішінде орналастырылатын мекеме жұмысы туралы көрнекі мәлімет;

Мемлекеттік қызметтерді жабдықтаушы туралы жалпы мәлімет мыналарды қамтиды:

- жабдықтаушының толық атауы;

- заңды адресі;

- жұмыс уақыты;

- телефон нөмірлері;

- вебсайт және электрондық поштасы;

- қалалық (жергілікті) көлік жүру бағыттары.

1.2 Мемлекеттік қызметтер тізімі туралы мәлімет бар.

1.3 Мемлекеттік қызметтерді тұтынушыларға тікелей көрсетуші лауазымды тұлғалар туралы мәлімет мыналарды қамтиды:

- тегі, есімі, әкесінің аты, лауазым атауы, кабинет нөмірі;

- тұтынушыларды қабылдау уақыты;

- негізігі міндеттері мен шешетін сұрақтарының көрсетілуі;

- даулы немесе түсініксіз сұрақтарды шешу үшін тікелей жетекшісінің тегі, есімі, әкесінің аты, лауазым атауы, кабинет және телефон нөмірі.

Билет

1.Еуропа елдеріндегі мемлекеттік қызмет тәжірибесі. Франция, Нидерланды, Дания, Ұлыбритания сияқты унитарлы мемлекеттердің өзгешелігі, басқарудың екі нұсқасы арасындағы ауыспалы тепе-теңдік, яғни, бір жағынан жалпы ұлттық тәртіпті орнататын орталықтанған билік, екінші жағынан жергілікті құрылым ерекшеліктерін ескеретін, орталықсыздандыру.

Мемлекеттік қызметтің еуропалық үлгісіне талпынатын Еуропалық Одақтың әкімшілік жүйелері, оның негізгі жұмыс істеу механизмі мен қағидаларын, бірегейлендіруге тырысады. Римдік келісім-шарттың 48-ші бабына сай Еуропалық Одақтың кез-келген мемлекеттік қызметшісі жоғарғы деңгейдегі қызметтен басқа қалған барлық қызметтерде, егер сол нақты мемлекеттік сектордың талаптарына сай біліктеріне ие болса, өзінің мансабын әрі қарай жалғастыра алады, яғни бұл жерде баспалдақтық жүйе қолданылады. Мемлекеттік қызметтің мансаптық жобасы Германия, Австрия, Жапония елдерінде кең тараған. Ал, позициялық жоба Ұлыбритания, АҚШ, Канада елдерінде кең тараған.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің жаңа моделі мемлекеттік қызметтің баспалдақтық және позициялық модельдерінің элементтерін қамтып, аралас болып қалады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес, мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде корпустық вертикаль: мемлекеттік саяси қызметшілер, «А» басқарушылық корпусы және «Б» атқарушылық корпусы айқын көрініс табатын болды.

Мемлекеттік қызметтің екі нұсқасында да мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін көтеру олардың қосымша кәсіби білімдерінің негізгі үлгісі болып табылатындығын байқауға болады. Дегенмен, әр елде оқу бағдарламалары, оқыту жүйесі сол елдің даму заңдылықтары мен ұлттық нұсқаларына бағытталғандығын куәландырады. Мысалы, Франция мен Германияда мемлекеттік басқарудың аймақтық институттарымен (Франция) және мемлекеттік қызмет колледждерімен (Германия) орындалатын ұзақ мерзімді оқу кестелері жасалынған. Соған қоса, Францияда міндетті оқыту бағдарламасы да оқу жүйесіне енгізілген, яғни директордың орынбасары сияқты белгілі бір лауазымда отырған қызметкерлерді оқытудың міндетті бағдарламасы бар. Францияда міндетті оқыту белгіленген мерзімдерде өткізіледі. Оқу Мемлекеттік басқарудың Ұлттық Мектебімен (ENA, 1945 жылы құрылған), аймақтық институттармен және министрліктердегі мамандандырылған мектептермен өткізіледі. ENA-дан бітіріп шығу жоғары әкімшілік лауазымдарға отыруға мүмкіндік ашады. ENA жыл сайын 100 студент қабылдайды (оның ⅓ - шетелдіктер).

Ал, Германияда оқу жүйесі федералдық және жергілікті деңгейде оқытылады. Жоғары лауазымды шенеуліктерді мол және стратегиялық басқарудың қазіргі заманғы әдістеріне, ақпараттық технологияларға, адам ресурстары мен коммуникация тәсілдеріне үйрету жүйелі түрде өткізіліп отырады. Ұлыбританияда білім алудың аса назар аударатын жүйесі бар. Ұлыбританияның мемлекеттік қызметінің ұйымдастырылуына жауапты министрлер кабинетінің хатшылығы басқару құрылымының жоғары дәрежесіне міндетті бағдарлама ұсынады, бұл бағдарламаларға кәсіп-керліктің және жеке сектордың қызметшілері қатыса алады. Грецияның оқу жүйесінің айтарлықтай ерекшеліктері жоқтығын байқай аламыз.

Мемлекеттік қызмет институционалдануының шетелдік тәжірибесінің нәтижелерін келтіре келе, кешенді және координацияланған процесс әдістерін талап ететінін атап өту керек. Ең маңыздысы, бұл шарттар мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау шеңберіне жатады. Сондай-ақ, Еуропа елдеріндегі мемлекеттік қызметкерлер үшін қызметтік мамандандырылғандығын бағалау мақсатында ресми және бейресми түрде мемлекеттік аттестациядан өту жүйесі қалыптастырылған. Германияда мемлекеттік басқарудың федералдық заңына сәйкес федералдық мемлекеттік қызметшілердің білімі мен жұмысты атқаруы әр бес жыл сайын және қажет болған кез-келген жағдайда да бағаланып отырады. Ал, Данияда өзінің бейресми рәсімімен және ашық диалогымен сипатталатын персоналды бақылау жүйесі жетілдірілген. Персоналды бағалау тігінен (тікелей басшыларымен) және көлденеңінен (жұмыстағы әріптестерімен) өткізіледі.

2.Мемлекеттік қызметтерді жабдықтаушылардың жұмысын ұйымдастыру. Мемлекеттік қызметтерді жабдықтаушылары мынадай басқару функцияларын орындауы керек:

- тұтынушылардың мемлекеттік қызметтердің сапа және қолжетімділік дәрежесімен қанағаттанушылығын тұрақты зерттеу, олардың үміттерін және қалауларын анықтау;

- мемлекеттік қызметтердің көрсетілу процесін есепке алу;

- тұтынушылармен тікелей жұмыс істейтін лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне тұрақты бақылау жургізу;

- көрсетіліп жатқан қызметтердің сапасын және қолжетімділігін арттыруға бағытталған шараларды жоспарлау және қаржылай негіздеу;

- Мемлекеттік қызмет көрсету саласында көрсетілген нақты нәтижелер мен мекеменің қызметкерлерінің нақты іс-әрекеттері арасында өз-ара байланысты қамтамасыз ететін ынталандыру жүйесін шығару және енгізу.

3.Мемлекеттік қызмет субъектілері. Мемлекеттік қзмет ету субъектілеріне мыналар жатады:

1) шаруашылық мүдделерді тасымалдаушылар;

2) анықтаушылар;

3) экономикалық мүдделерді атқарушылар.

Шаруашылық мүдделерді тасымалдаушыларға – бір-бірінен мүліктік, табыстық табыстары бірдей болса да, қызмет түрлері бойынша, мамандықтары бойынша айырмашылықтары бар әлеуметтік топтар жатады. Яғни, бұларға жұмысшылар мен кәсіпорын иелері, фермерлер, жер иелері, ұсақ және ірі кәсіпкерлерді, басшылар мен акционерлерді, мемлекеттік қызметшілер мен шаруашылықтарды және т.б. Яғни, осы топтардың әрқайсысының өзіндік мүдделері, әлеуметтік-экономикалық жағдайына негізделген талаптары бар болуы мүмкін. Бұл топтардың әрқайсысы өз мүдделерін бұқаралық ақпарат құралдарына, мектептерде мемлекеттік мекемелерге талап немесе ұсыныс жасай алады. Экономикалық мүдделерді тасымалдаушылар дамыған елдерде түрлі одақтарға, ассоциацияларға, бірлестіктерге бірігіп, белгілі бір халықтың немесе топтардың мүдделерін білдіре алады. Бұл бірігу мемлекеттік басқару құрылымдарына топтық әсер етуші болып табылады. Қазіргі уақытта қоғамдағы топтық мүдделерді мемлекет үнемі ескеруге тиіс, мемлекет қандай да бір міндетті белгілеген уақытта экономикалық одақтар мен экономикалық мүдделерді білдірудің нақты ұсыныстарын есепке алған жөн.

Билет

1.Мемлекеттiк қызметтер көрсету. 1. Мемлекеттiк қызметтер көрсету

1. Мемлекеттiк органдар, өзге де мемлекеттiк мекемелер, мемлекеттiк кәсiпорындар, жеке және заңды тұлғалар мемлекеттiк қызметтер көрсету субъектiлерi болып табылады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудi мемлекеттiк органдар қамтамасыз етедi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi қызмет мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының талаптарына сәйкес келуге тиiс.

3. Қазақстан Республикасының Үкiметi мемлекеттiк қызметтер көрсету тiзiлiмiн бекiтедi.

4. Мемлекеттiк қызметтер көрсету субъектiлерi оны көрсету үшiн мемлекеттiк органдардан, өзге де мемлекеттiк мекемелер мен мемлекеттiк кәсiпорындардан қосымша ақпарат алу қажет болатын қызметтi ұсыну кезiнде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбеген болса, жеке және заңды тұлғалардан оны талап етпестен қажеттi ақпарат алмасуды қамтамасыз етуге тиiс.

Мемлекеттiк қызмет көрсету - Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде көзделген функциялар мен өкiлеттiктерге негiзделген, бюджет қаражаты есебiнен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бюджетiнен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын қамтамасыз етуге, заңды мүдделерiн қорғауға және қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттiк қызметтер стандарттарына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет.


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 162 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мемлекетті басқаруда мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі 2 страница| Мемлекетті басқаруда мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі 4 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.021 сек.)