Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мемлекетті басқаруда мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі 2 страница

Мемлекеттік қызметшінің түрлері | Мемлекетті басқаруда мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі 4 страница | Мемлекетті басқаруда мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі 5 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Басым мемлекеттік қызметтердің құрамын анықтау үшін олар белгілі бір талаптарға сәйкес болуы қажет.

Мемлекеттік қызметтер тізбесіне қойылатын талаптар

Мемлекеттік қызмет стандарттарының көрсеткіштері әзірленетін басым қызметтер тізбесін анықтау кезінде негізгі сипаттамалар:

- көрсетілетін қызметтердің әлеуметтік және экономикалық мәні;

- көрсетілетін қызметтердің жалпылығы;

- республика халықы, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ азаматтар үшін алынуы міндетті қызметтер;

- жемқорлық генді қызметтер.

Толық бағалы мемлекеттік қызметтер өте көп еместігін атағаны жөн. Бұл бәрінен бұрын ақпаратар беру (құқықтық және әсіресе құқық қолданушылық), сондай-ақ консультативті және өзгеде қолдаулардың әртүрлі нысандары. Осылайша, мемлекет функциясының елеусіз бөлігін көрсетудің өзі қызметке келтірілуі мүмкін, ал қалғандары – бұл оның табиғаты мен тағайындалуына негізделген мемлекеттің міндеті.

Жоғарыда айтылғандардан қоғам үшін қажетті және пайдалы көпшіліктік функциялар тек мемлекетпен ғана орындалмауы мүмкін. Көпшіліктік қызметтерді көрсету бойынша функцияларды мемлекеттік емес құрылымдарға беру мемлекеттік органдарда сақталған функцияларды неғұрлым табысты орындауда мемлекеттің күшін шоғырландыруға, бюджет шығындарын қысқартуға көмектесеті және ақырында тиісті статусты сақтау мен қолдауда оларды орындауыш мемлекеттік ұйымдардың мүдделілігі арқасында берілген функцияларды іске асыру тиімділігін арттырады.

Билет

1. Кадр саясатын жетілдіре отырып, мемлекеттік қызметтің жаңа моделін ұйымдастыру. Бүгінгі таңда ҚР мемлекеттік қызметінің заманауи моделі меритократия – мемлекеттік қызметшінің жеке еңбектеріне негізделген жүйе қағидасына негізделген. Ол міндетті конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметшілерді құқықтық және әлеуметік қорғау, тең еңбекке тең төлемақы, мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру, қызмет нәтижесін жақсарту мақсатында үнемі оқыту сияқты элементтерден тұрады. Дәл осы элементтер «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның негізіне алынды.

Мемлекеттік кадр саясатының негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметке дайындығы мен дарындылығы басым азаматтарды тарту, олардың тиімділігі мен біліктілігін жоғарылатуға жағдай жасау болып табылады. Мемлекеттік кадр саясатының уағызы – мемлекеттік институттарды нығайту мен дамыту, жалпыұлттық стратегиялық және ағымдағы бағдарламаларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету, халықтың мемлекеттік билікке сенімін жоғарылату, мемлекеттік қызметкерлердің отаншылдық және әлеуметтік жауаптылығын қалыптастыру, тұтас мемлекеттің бәсекеге жоғары қабілеттігіне қол жеткізу.Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі конкурстық – мансаптық. Яғни мемлекеттік қызметке ашық конкурстық негізде өту мүмкіндігі.Жаңа мемлекеттік қызметтің моделін әзірлеу кезіндегі қалаулы негізгі алғышарттар.

1. мемлекеттік қызметтің өзінің мәртебесін нығайтып, мемлекеттік кадр саясатын елдің айрықша маңызды ұлттық басымдығы санатына көтеру;

2. мемлекеттік қызметтің қағидаттарын қайта қарастыру. Оның негізінде Өлшемлі білушілік (меритократия), Адалдық, Тиімділік ұғымдары жатуы керек.

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін төмендегіні ұйғару қажет:

1) мемлекеттік кадр саясатының мәртебесін нығайтуға жаңа кадр саясатының негізгі ережелерін әзірлеу және бақылау, жоғары буын қызметшілерін өсіру және тағайындау үшін жауапты тиісті Ұлттық комиссия құрылатын болады (бастапқыда ҚР Президенті басқаруы мүмкін);

2) барынша талантты және даярлығы мол үміткерлерді әзірлеудің, сынақтан өткізу мен кәсіби өсуінің жаңа жүйесін ендіру үшін Агенттіктің жанынан Мемлекеттік қызмет қызметкерлерін басқару жөніндегі ұлттық орталық құру;

3) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы негізінде Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің мемлекеттік саясатын басқарудың таңдаулы мектебін құру.

Саяси қызметшілер мен әкімшілік мемлекеттік қызметшілер нақты шектеледі. Яғни елдегі саяси қызметшілердің саны шектеулі болуға тиіс.Сайлауларда жеңген партия ұсынатын жария тұлғалар саясатшылар болады. Тиянақты іріктелген және өздерін профессионал ретінде таныта білген «А корпусы» мемлекеттік басқарудың өзіндік құралы, кадрлық арқауы болып, Қазақстан үшін қазір қажетті мемлекеттік биліктің реттілігі мен жүйелігін қамтамасыз ете алады деген үміт бар. Оның негізгі – бірінші деңгейі жоғарғы мемлекеттік қызметшілер болып табылатын жауапты хатшылар, мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың басшылары. Мұндай құрылымда жауапты хатшылар институты мемлекеттік орган аппаратының тұрақтылығы мен сабақтастығын қамтамасыз етудің тиімді және нақты факторы болады.Бұл корпустың екінші деңгейі болып атқарушы органдардың шешуші департаменттерінің директорлары, комитет төрағалары, аудандар мен қалалардың әкімдері танылады.Жаңадан іріктелген кандидаттар үшінші деңгейден бастауға тиіс, өзінің біліктілігі, тиімділігі және адалдығымен алдағы көтерілуіне лайық болуы керек.Мемлекеттік және жеке компаниялардың, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, білім, ғылым, мәдениет қызметкерлері іріктеу мен оқытудың арнайы жүйесі арқылы «элиталық корпустың» мүшелері бола алады. Бұл мемлекеттік емес сектордағы талантты және сәтті менеджерлер үшін «әлеуметтік лифт» болмақ.Бұл корпустың үміткерлеріне іріктеудің нақты және анық ережелері, мемлекеттік мәселелерді жүйелік жүргізу, шешім қабылдау бойынша қатал талаптар бекітіледі және ең бастысы үміткердің моральдық қасиеті мен абыройына жоғары талаптар қойылады. Ротация бұл корпустың міндетті шарты болады. Бір мемлекеттік органнан басқасына, ведомство ішінде мемлекеттік менеджерлер мемлекеттік басқарудың өзара байланыстылық үрдісін толыққанды сезініп, атқарушы биліктің ауқымды және жүйелік көрінісін көре алады. Кадр резервінің қалыптасқан жүйесін де өзгерту қажет. Себебі заң тәртібінен алшақтау жиі орын алуда. Корпус мәселесінде де кадр резерві басты назарға ілінбек. Корпустан корпусқа ауысу қатал регламентеліп отырады. Осылайш кез келген әкімшілік мемлекеттік қызметші «А корпусының» іріктеуіне өтініш бере алады. Алайда, сәйкес еңбек өтілі де болуға тиіс, минимум 4-5 жыл.

Үнемі оқыту мен біліктілікті арттыру мемлекеттік қызметтің басты басымдықтарының бірі болуы керек.Бұл орайда мемлекеттік қызметтің элиталық корпусының құрылуы мен дамуында маңызды рол атқаратын таңдаулы мектептің жасақталуы орынды. Мұндай мектеп болашақ лидерлерді іріктеу мен дайындау жүйесінде маңызды түйінге айналуы керек. Жаңа мектеп заманауи білім институты болмақ.Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы – мемлекеттік қызметтің моделін жаңарту бойынша ұсынылған негізгі әдістер және елдің жаңа кадр саясатына – ойластырылған және тыңғылықты есептелген ұсыныстар. Олар мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің тұжырымдамасының негізіне алынуға тиіс. Бұдан былай мемлекеттік қызмет халыққа қызмет етудің жай ғана құралы болмауға тиіс. Ол халықтың ынтасына сүйеніп, оның әлеуетімен бекітілуге тиіс. «Білекті бірді, білімді мыңды жығатынын» есте сақтаған жөн.[8]

2.Мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының жалпы қағидалары. Мемлекеттік қызметшілер:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға, өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекет институттарының беделін түсіруге ықпал ететін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;

2) заңдылық қағидаттарын, Қазақстан Республикасы Конституцияның, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуға;

3) қоғам мен мемлекеттің игілігіне қызмет етуге;

4) мемлекеттің мүддесіне залалын тигізетін, мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуіне бөгет болатын іс-әрекеттерге қарсы тұруға;

5) сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікке ұқыпты қарап, оны ұтымды әрі тиімді пайдалануға;

6) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, олардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге, өтініштер бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолдануға;

7) мемлекеттік қызметке және мемлекет институттарына қоғамның сенімін сақтауға және нығайтуға;

8) өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, оң сын-ескертпелерді кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;

9) адал, әділ, қарапайым да сыпайы болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға;

10) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға;

11) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауға, берілген өкілеттіктерді тиімді иеленуге; өзінің қызметтік міндеттерін адал, тұралықпен және сапалы атқаруға; жұмыс уақытын тиімді пайдалануға;

12) жоғары кәсіби жұмыс үшін қажетті күш-жігерін салуға, қойылған міндеттерді шешудің оңтайлы да үнемді әдістерін қолдануға;

13) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін тиісінше орындауына бөгет болатын іс-әрекеттерге қарсы тұруға;

14) кадрларды туысқандық, жерлестік және жеке өзіне берілгендік белгілері бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге;

15) бағынысты қызметкерлердің міндеттері мен қызметтік өкілеттіктерінің көлемін дәл айқындауға, анық орындай алмайтын өкімдер бермеуге, бағынысты қызметкерлерден олардың қызметтік міндеттерінің шеңберінен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге;

16) бағынысты қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, адамдық қадір-қасиетін кемсіту, жөнсіздік фактілеріне жол бермеуге;

3.Кадрлық резерв. «Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамының кадрлық резерв жөнінде жағдайы бойынша кадрлық резерв ұсынуға қажетті кәсіби, жеке және моральді- этикалық қасиеттерге ие, банктегі басқарушылық қызмет орнын басуға арналған қажетті дайындықтан өткен арнайы қалыптасқан қызметкерлердің контингенті болып табылды.

Кадрлық резервпен жұмыс жасауды басқару келесі шаралардан тұрады:

  1. Резервті жоспарлау;
  2. Резервке үміткерлерді таңдау;
  3. Жеке жоспарға сәйкес үміткерлерді дайындау;
  4. Резерв құрамына енген үміткерлерді ваканттық орындарға ұсыну;
  5. Басқарушылардың жаңа қызмет орындарына алғашқы бейімдеу (адаптация)

Осы жағдайға сәйкес кадрлық резервтің құрамы келесідей:

  1. Бас банктің басқарушылық қызмет орнына резерв Бас банктің қызмет номенклатурасына сәйкес;
  2. Облыстық/ аймақтық филиалдардың басқарушылық қызмет орындарына резерв облыстық/ аймақтық филиалдардың басқарушылық қызмет номенклатурасына сәйкес;
  3. Райондық филиалдар бойынша басқарушылық қызмет орындарына резерв райондық филиалдардың қызмет номенклатурасына сәйкес;

«Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамындағы кадрлық резервті жоспарлау және қалыптастыру тәртібі.

Кадрлық резервті жоспарлау келесіге негізделген:

  1. Үміткерлерге қойылатын талаптарды анықтау- (іріктеу критерийлерінің тізімі) сәйкес қызметке қойылатын кәсіби талаптар мен басшыға қойылатын жеке талаптар негізінде құрастырылатын іріктеу критерийлерінің тізімі;
  2. Басқарушылық қызмет номенклатурасы, ұйымдық құрылымның өзгеруі мен ваканттық орындарды есепке ала отырып, банктің резерв қажеттілігінің саны мен құрылымын анықтау.

Кадрлық резервтің қалыптасуы үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады:

-Банктің басшылары автоматты түрде есепке алынады (аттестация) бағалаудың жағымды нәтижесі негізінде немесе үміткерлердің келісуі негізінде;

-Банктің басқа қызметкерлері ұйымдық құрылымдардың ұсыныстары негізінде жеке іріктеуге жатқызылады (бөлім қызметкерлерінің 50% үміткерді қолдаған жағдайда) кезекті аттестация/ бағалаудың қорытындысы, қызметкерлердің жеке ісі мен бөлім басшысының ұсынысы негізінде қорытындыдан іріктеу.

Кадрлық резервте баламалы үміткердің болуымен қатар, сыртқы ұйымдардан үміткерлердің болуы жағдайында «Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамында басқа ұйымдарда сияқты конкурстық комиссия құрылады.

Резервтен басшы қызметіне тағайындалғаннан кейін, аттестация/ бағалау қорытындысы бойынша қызмет бабымен өсу мақсатында болашақта жаңа жеке дайындық жоспары ұсынылуы мүмкін.

Жетекшілер де: үміткерлердің дайындығына оперативті басшылық етуді жүзеге асырады, жеке жоспарды дайындауға қатысады; үміткердің оқу, ротация/ тәжірибе алу (стажировка) нәтижелерін қадағалайды, бағытталған қызмет орнындағы жеке жұмысқа үміткердің дайындық деңгейі туралы қорытынды жасайды.

Кадрлық резерв жайында ақпарат персоналды басқару департаментінде сақталады.

Кадрлық резерв жайында ақпарат кадрлық резерв жөніндегі комиссияға, персоналды басқару департаментінің қызметкерлеріне, резервпен жұмыс жасайға жауапты адамдарға, құрылымдық бөлімшелерінің басшылықтарына, басқарушы директорларға, банк Басқармасының мүшелеріне олардың атқаратын қызметтерінің шеңберінде қол жетерлік.

Сонымен, кадрлық резерв жөнінде ақпарат конфиденциалды сипаттағы ақпарат болып саналады. Кадрлық резерв жайындағы ақпаратқа құқығы бар қызметкерлерді конфиденциалды ақпаратқа қойылатын талапты бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңды күші бар заңнамасы мен банктің ішкі ережелеріне сәйкес жауапқа тартылуы қарастырылады.

 

Билет

1.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметке кадрлар іріктеу тәртібі. Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеру мәселесі Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережемен регламенттеледі. 2000 жылдың қаңтар айынан бастап республикада мемлекеттік органдардағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстық іріктеу өткізу процесі енгізілді, ол азаматтардың мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізудегі конституциялық құқығын іске асыруды қамтамасыз етеді. Конкурстарды ұйымдастыру және өткізу Бос әкiмшiлiк мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

Конкурс бірқатар кезеңдерді қамтиды:

- конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;

- конкурстық комиссия құру;

- бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау және талдау,

- үміткерлерді іріктеу;

- әңгімелесу;

- конкурстық комиссияның қорытынды отырысы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тиісті мемлекеттік органдар хабарландыруда мемлекеттік органдардың мекен – жайын көрсете отырып, конкурс өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жариялаған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсынылады. Әрбір конкурстың шарттарына сәйкес үміткерлер заңнамаларды білуі бойынша міндетті компьютерлік тестілеуден өтуі тиіс. Тестілеудің мақсаты үміткерлердің қабілеттерін объективті бағалау болып табылады. Әкімшілік мемлекеттік лауазымдардың санаттарына байланысты әр түрлі тестілеу бағдарламалары белгіленеді. Қазіргі уақытта тестілеу бағдарламалары үміткерлердің қабілеттерін бағалайтын заңнамаларды білу тестін, сондай - ақ логикалық вербальдық емес тесті (санаттарға байланысты) қамтиды. Тестілеуге қатысуға жіберілген үміткерлер құжат қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оны белгіленген тәртіппен Агенттікте немесе Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің елдің барлық 16 өңіріндегі өңірлік тестілеу орталықтарында өтеді. Қашықтықтан тестілеу жүйесі Агенттіктің орталық серверіне қосылған компьютерлерде жүргізіледі, ол бірегей талаптар мен тестілеудің барынша объективті рәсімдеріне кепілдік береді, конкурстық іріктеудің сапасына бақылау орнатуға мүмкіндік береді. Тестерді қолданудың аса жоғары стандарттарын бұлжытпай пайдалану әлеуетті проблемалар мен асыра пайдаланушылықты болдырмауға және олардың басымдылығын толығымен мемлекеттік қызмет үшін және конкурстық іріктеуге қатысушы әрбір үміткер үшін барынша пайдалануға, көпшілік үшін әділдік пен тең мүмкіндікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тестілеуден табысты өткен үміткерлер конкурстық іріктеудің келесі кезеңі - әңгімелесуге жіберіледі. Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны тестілеу өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органда өтеді. Әңгімелесудің мақсаты үміткерлердің кәсіби және жеке сапаларын бағалау болып табылады. Қорытынды отырыста конкурстық комиссия ұсынылған құжаттар, тестілеу нәтижелері және өткізілген әңгімелесу негізінде үміткерлерді бағалайды және бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу үшін үміткерлерді іріктеуді жүзеге асырады. Тек үміткерлердің бірі ғана оң қорытынды алады, екінші мықты үміткер кадрлық резервке қосу үшін ұсынылуы мүмкін. Егер конкурс нәтижесінде бос лауазымға орналасуға лайықты үміткер анықталмаған жағдайда, мемлекеттік орган қайта конкурс жариялайды. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған үміткер әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу үшін көзделген заңнама талаптарын сақтай отырып, конкурсқа шығарылған лауазымға орналасуға құқылы.[13,51б]

1. Мемлекеттiк қызметке кiретiн адамдар мынадай талаптарға:

1) Қазақстан Республикасының азаматы болуға;

2) егер Республиканың заңдарында тиiстi лауазымдар жөнiнде өзгеше белгiленбесе, жасы он сегiз жастан кем болмауға;

3) қажеттi бiлiмi, кәсiби даярлық деңгейi болуға және белгіленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуге тиiс.

2. Азамат мемлекеттiк қызметке кiрген кезде салық қызметi органдарына өзi алған табысы мен өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, салық салу объектiсi болып табылатын мүлкi туралы мәлiметтердi табыс етуге мiндеттi.

3. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу азаматтар мiндеттi арнайы тексеруден өткеннен кейiн жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттiк саяси қызметке кiру үшiн қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.

5. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын мемлекеттік органдар лауазымдар санаттарына қойылатын үлгі біліктілік талаптары негізінде әзірлейді және бекітеді.

ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 12 бабына сәйкес мемлекеттік орган бос лауазым орнына конкурс жариялаған кезде жасы 18 төмен емес ҚР азаматтары аталмыш бос орынға үміткер ретінде конкурсқа қатыса алады. Конкурсқа қатысушының тапсырған құжаттары толық және өзінің біліктілік талаптарға сай болған жағдайда ол тест тапсыруға қатысады.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға кiру кезiндегi сынақ:

1. Мемлекеттiк әкiмшілік қызметке алғаш рет немесе қызметiн тоқтатқаннан кейiн жаңадан қабылданған, сондай-ақ жоғары дәрежелi санаттағы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға қабылданған азамат үшiн үш айға дейiнгi мерзiмге сынақ белгіленуi мүмкiн.

2. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi дәлелдi себептермен қызметте болмаған кезең сынақ мерзiмiне есептелмейдi.

3. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi сынақ нәтижесi қанағаттанғысыз болған жағдайда уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшесiмен келiсе отырып, сынақ, мерзiмiнен өтпеген адам ретiнде жұмыстан шығарылуы мүмкiн.

4. Егер сынақ мерзiмi өтiп, мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi мемлекеттiк қызметтi жалғастыра берсе, ол сынақтан өткен болып саналады және сынақ мерзiмi мемлекеттiк қызмет стажына есептеледi. Одан кейiнгi жұмыстан босатуға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша ғана жол берiледi.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi аттестаттау. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер олардың кәсiби даярлығы, құқықтық мәдениетi, азаматтармен жұмыс iстеу қабiлетi деңгейiн анықтау мақсатында аттестаттаудан өтедi. Мемлекеттiк органдарда кемiнде 20 жыл жұмыс стажы бар мемлекеттік әкiмшілік қызметшiлер тестiлеуге жатпайды. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi аттестаттауды жүргiзудiң тәртiбi мен талаптарын уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Республика Президентi бекiтедi.

Mемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдарға орналасуға арналған кадрлар резервін уәкілетті орган мен оның аймақтық бөлімшелері қалыптастырады. Кадрлар резерві: конкурстық іріктеуге қатысқан және конкурстық комиссия кадрлар резервіне тіркеу үшін ұсынған азаматтардан;

мемлекеттік қызметшілерді даярлау мен қайта даялаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізде оқудан өткен азаматтар; мемлекеттік органдар кәсіби деңгейін көтеру мақсатында халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жіберген азаматтардан; аттестаттаудан өткен және аттестаттау комиссиясы кадрлар резервіне есепке алуға ұсынған мемлекеттік әкімшілік қызметшілерден жасақталады.


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 422 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мемлекетті басқаруда мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі 1 страница| Мемлекетті басқаруда мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі 3 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)