Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мемлекетті басқаруда мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі 1 страница

Мемлекетті басқаруда мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі 3 страница | Мемлекетті басқаруда мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі 4 страница | Мемлекетті басқаруда мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі 5 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Қазақстанда жаңа мемлекеттіліктің қалыптасуына орай, ашық-құқылы институт ретінде елде әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерісті қамсыздандыруға арналған мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі үнемі артуда. Республиканың мемлекеттік қызметінің сапалы қарымын арттыру, жалпы стратегиясының жүзеге асуын және мемлекеттік органдардағы кадрлармен жұмыста практикалық қызметінің координациясын қамтамасыз ету, бірыңғай методологиялық қатынас негізінде елде мемлекеттік кадрлық саясатты жасау.

«Қазақстан дамуының жаңа белесіндегі «Қазақстан-2030» Стратегиясында» біздің ішкі және сыртқы саясатымыздың және мемлекеттік қызметті және кадрлық саясатты қайта құрудың 30 маңызды бағыттары анықталды. Аталмыш маңызды тарихи құжатта мемлекеттік қызметкерлердің жаңа буыны корпусын жаңартуға арналған дәйекті бағам, біліктілігі дәрежесіне орай талаптар орнату, іріктеу, дәуірлес кезеңде кадрларды мемлекеттік аппарат қажеттілігін және болашағын есепке ала отырып оқыту сияқты бағыттарға басымдылық белгіленген.

Реформа Қазақстанда тиімді, заманға сай мемлекеттік қызметті және сауда экономикасына оңтайлы басқару құрылымдарын құруға бағытталған.

Мемлекеттік басқармаларды реформалаудың басым бағыттарының бірі кадрларды алу, даярлау әрі алға жылжыту. Мемлекеттік қызмет беделін құру және қолдау стратегиялық мақстын қою қажет.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет реформасының маңызды бөлімі басқарма жүйесін кадрлармен бекіту болып табылады. Бұл жерде Халықаралық конференция қатысушыларының 21 ғасыр шегіндегі мемлекеттік басқарманы жетілдіруге қатысты ұсыныстары маңызды рөлді ойнады.

Бірыңғай кадрлық саясатты жүргізу үшін, республикалық және жергілікті деңгейде, Қазақстан Республикасы президенті арқылы, ақпараттық-аналитикалық қамту қызметімен және оның аймақтағы сәйкес құрылымдық бөлімшелерімен берге, кадрлық саясат және мемлекеттік қызмет мәселелеріндегі мемлекеттік органдар қызметінің координациясын қамту, мемлекеттік қызметкерлер туралы мәлімет банкін құру және оларға дәрежелік категорияларды беру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік орган құру қажет деп танылды.

Органдардың есеп жүйесін және органдардың дерек есептілігін құру, мемлекеттік қызметкерлерді дайындауға және қайта даярлауға бірыңғай мемлекеттік қалып орнату, оқу орындарының міндетті түрде лицензиясы болуын қадағалау және меншіктік қалпына қарамастан сондай қызметтерді енгізетін орталықтар құру; кәсіби деңгейін, басқару персоналы жұмысының сапасын анықтайтын жүйені жетілдіру және енгізу, жұмысшылардың мемлекеттік қызметі барысында әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік басқару тәжірибесінде ұлттық нақышты ескеру, әйелдерді мемлекеттік басқару аясына белсендірек тарту, мемлекеттік қызметкерлерді оқыту барысында орталық-азиялық елдердің ықпалдастығын дамыту және т.б. ұсынылды, осының барлығы Қазақстан Республикасында мемлекеттік кадрлық қызметтің ары қарай жетілуіне, мемлекеттік қызмет институтының дамуына септігін тигізеді.

2.Мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңесті құру. Сараптамалық кеңес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметінің жаңа моделінің тұжырымдамасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) жүзеге асыру шеңберінде Агенттіктің және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының (бұдан әрі – Академия) қызметін ғылыми-талдамалық сүйемелдеу мақсатында құрылған.
3. Сараптамалық кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Ережеге сәйкес атқарады.
4. Сараптамалық кеңестің құрамы мемлекеттік органдардың қызметшілерінен, мемлекеттік қызмет саласында дәстүрлі түрде зерттеу жүргізетін ғылыми-зерттеу және басқа да ұйым мүшелерінен құрылады.

2. Сараптамалық кеңестің мақсаттары мен міндеттері
5. Сараптамалық кеңестің негізгі мақсаты - Тұжырымдаманы іске асыру
шеңберінде Агенттік пен Академияға ақпараттық, талдамалық, ғылыми және сараптамалық сүйемелдеу болып табылады.
6. Сараптамалық кеңестің міндеттері Тұжырымдаманы жүзеге асыруға
бағытталған келісілген ұсыныстар мен мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдіру мәселелері жөніндегі баяндамалар, мақалалар және басқа да талдамалық материалдар дайындау болып табылады.

3.Сараптамалық кеңестің функциялары мен өкілеттіктері:
7.Сараптамалық кеңес өз құзыреті шеңберінде:
1) Агенттік пен Академия басшылығының қарауына мемлекеттік қызметті жетілдіру сұрақтары бойынша ұсыныстарды дайындап тапсырады;
2) Агенттiк пен Академияның басшылығына мемлекеттiк қызметті жетілдіру сұрақтары бойынша есептерді, қорытындыларды, баяндамаларды және басқа да талдамалық құжаттарды жетілдіріп ұсынады;
3) өзінің отырыстарында мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өкілдерін тыңдайды;
4) Агенттік Төрағасына мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері бойынша тапсырма беру мен тиісті нормативтік құқықтық актілерді шығару туралы ұсыныстар береді.

4. Сараптамалық кеңестің құрамы және оның жұмысын ұйымдастыру
8. Сараптамалық кеңес Төрағадан, оның орынбасарынан және
мүшелерінен құрылады.
9.Сараптамалық кеңес Төрағасы:
1)Сараптамалық кеңес қызметіне басшылық етеді;
2)Сараптамалық кеңестің отырыстарына төрағалық етеді;
3) отырыстардың өткізілу уақыты мен Сараптамалық кеңес отырыстарында қарастырылуы тиіс сұрақтарды белгілейді.
10. Сараптамалық кеңестің Төрағасы болмаған кезде оның функцияларын Сараптамалық кеңес Төрағасының орынбасары атқарады.
11. Кеңес қызметінің ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуін
Сараптамалық кеңестің хатшылығы жүзеге асырады.
12. Сараптамалық кеңестің хатшылығы функцияларын Академияның
Мемлекеттік басқаруды жаңғырту институты атқарады.
16. Сараптамалық кеңестің отырыстарына қатысуға қоғамдық бастама
негізінде Сараптамалық кеңес аккредиттеген сарапшылар мен мамандар, сонымен қатар құзыреттеріне Сараптамалық кеңес отырыстарында қарастырылатын мәселелер кіретін қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар тартылуы мүмкін.
21. Сараптамалық кеңес қабылдаған шешімдер хаттамамен рәсімделіп, ұсыныс сипатында болады. Сараптамалық кеңес отырыстарының хаттамаларын, есептерін, қорытындыларын Сараптамалық кеңестің Төрағасы бекітеді.

3.Мемлекеттік қызметтің модельдерін сипатта. Бірінші моделде билік органдары президент немесе үкімет бекітетін басымдықтар тізбесі мен елдің әлеуметтік дамуының стратегиялық мақсаттары қалыптастырылады (мысалы, «Қазақстан-2030» стратегиясында, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді бағдарламалары, Президенттің халыққа жолдауы, өзгеде стратегиялық жоспарлары). Кейін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері дамудың стратегиялық мақсаттарына сәйкес мақсаттар мен міндеттерді белгілейді және осының негізінде-ақ іс-шаралар жоспары мен бюджеттік бағдарламаларды қалыптастырады. Олармен оны іске асыру үшін оларды қаржыландыру бойынша негізделген есебі ұсынылады. Осының негізінде жақын және келесі қаржылық жылдарға бюджет қалыптасады. НББ-ның кейбір элементтері бар ондай модель қазір Қазақстанда енгізілуде. (3-сурет).

 

3-сурет. Ел дамуының мақсаттары негізінде бюджеттік қызметтер құнын бағалау моделі

 

Екінші моделде бастапқы кезеңде мемлекеттен қызметтерді алуда қоғамның қажеттіліктері айқындалады, мысалы, құқықтық тәртіп, денсаулық сақтау және басқа салаларда. Ондай ақпараттарды жинаудың әртүрлі тәсілдері бар: қоғамдық пікірді сұрау, мамандандырылған зерттеулер, нақтылы саладағы сарапшы пікірі, бизнес-қауымдастықтары мен бірлестіктердің қорытындылары және басқалар. Жиналған ақпараттар қандайда бір белгісі бойынша (мысалы, салалық немесе ведомстволық) сыныпталады және кейіннен мақсаттардың, міндеттердің тізбесі және айқындалған поблемаларды шешу үшін қажетті іс-шаралар қалыптасады. Мақсаттар, міндеттер мен іс-шаралар бағдарламалар бойынша құрылымдалады. Бұдан әрі бағдарламалардың, яғни оған қосылған іс-шаралардың құнының бюджеттік бағалауы жүргізіледі. Бағалау әдістері әртүрлі болуы мүмкін, мысалы, нарықтағы ұқсас қызметтердің баламалы құны не болмаса сараптық қорытындылар. Бағдарламаларда мемлекеттің жылдан жылға өтетін міндеттерімен бірге жаңаларында көрсетілген. Нәтижесінде оларды қаржыландырудың көлемі мен көзін көрсете отырып іске асырылуы ұсынылатын бағдарламалар тізбесі қалыптасады. (4-сурет).

Билет

1.Мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттырудың жолдары. Мемлекеттік басқару органдары, ең алдымен, мемлекеттік басқару қызметін атқаратын күрделі механизмдер жүйесі. Бүгінде, мемлекеттік басқару дегеніміз – адамдардың әлеуметтік қызметі және соның негізінде қалыптасатын қоғамдық қарым-қатынастар деп түсіндіріледі. Ол әлеуметтік ортада жүзеге асырылып, әлеуметтік ортаның ықпалын, әсіресе, қоғамның әлеуметтік құрылымы тарапынан өзіне тигізетін ерекше мәнді ықпалын басынан өткізеді.
Қазақстанның бүгінгі әкімшілік реформала­рының барысы биліктің, мемлекеттік саясаттың, қоғамдық ой-пікірлердің бірден-бір зейін қояр нысаны болып отырғанын көрсетеді. Тәуелсіздік жариялаған алғашқы кезеңнен бастап, бүгінгі таңға дейін атқарылып келе жатқан оң істер түбегейлі саяси, экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық өзгерістер мен реформалар кезеңі деп айтсақ артық етпейді.
Қазақстан Республикасында бірнеше жыл қатарымен мемлекеттік басқару құрылымын оңтайландыру мен жетілдіру процестері үздіксіз жүргізіліп келеді. Стратегиялық мақсаттарға табысты қол жет­кізу мен бәсекеге қабілетті дүниежүзінің 50 елдерінің қатарына ену бойынша, басымдықтарды жүзеге асыру үшін, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен 2006 жылдың қыркүйек айында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған әкімшілік реформалары бастама алды. Елбасы Қазақстан Республикасы Парламенті сессиясының ашылуында «Корпоративті басқару, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттарын шетелдің озық үлгілерін, тәжірибелерін қолдана отырып, мемлекеттік басқаруды жаңғыртуымыз керек» деп атап көрсеткен болатын.Қазіргі таңда, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметшілердің қызмет тиімділігін арттыру бойынша талдаулар мен зерттеулер саны көптеп кездеседі. Тиімділік теориясының дамуына экономика, басқару және мемлекеттік басқару теориялары зор үлес қосады. Алайда, бағалау көп жағдайда көрсеткіштер және аттестациялау түрінде жүргізіліп келеді. Бағалаудың мұндай түрлері мемлекеттік қызметшілер тарапынан ресмилік деп, олардың еңбегіне сай жалақы алуына еш әсерін тигізбейді деп қабылданады. Осылайша, мемлекеттік органдар жұмыс нәтижелігін тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызметтің кадрлық әлеуетін қалыптастыру, қолдану мен дамытудың маңызы арта түсті.
Дүниежүзілік тәжірибе мемлекетті басқарудың мінсіз құрылымы ешбір елде қалыптаспағанын көрсетеді. Дегенмен, мемлекеттік билік орган­дарының қызметін жетілдіру әрбір елдің не­гіз­гі мақсаттарының бірі болып табылады. Қа­зақстанда алдағы кезеңде мемлекеттік орган­дардың тиімділігі мен еңбек нәтижелігін арттыру бағытында нақты жұмыстар атқарылып келеді. Мемлекеттік органдар қызметін нақты бағалайтын жүйе қажеттігі туындап, оның нәтижесінде Қазақ­стан Республикасы Президентінің бастама­сымен 2010 жылғы 19 наурыздағы №954 Жарлығымен «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі» бекітілді.
Қазақстанда жүйені әзірлеуге бірқатар алғы­шарттар әсер етті:
– мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдар­ла­маларды іске асыру тиімділігін бағалау мен олар көрсететін мемлекеттік қызмет сапасы арасында өзара байланыс жоқтығы;
– көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын бағалау мен бақылау жүйесінің болмауы;
– мемлекеттік қызметшілердің қолданыстағы еңбекке ақы төлеу жүйесінің олар көрсететін қызмет сапасын ынталандыру деңгейінің төмен­дігі. Осыған орай, бағалау жүйесіне сәйкес, мемле­кеттік қызметті реформалаудың негізгі мақсаты болып азаматтық қоғам дамуы мүддесін көздей отырып, мемлекеттілікті нығайту таңдалды.
Мемлекеттік органдардың қызмет тиімділігін бағалайтын аталған жүйе орталық мемлекеттік органдар (министрліктер, комитеттер, агенттіктер және т.б.) мен жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жетілдіру мен жұмысының нәтижелігін арттыру мақсатында әзірленген құжат болып табылады. Жүйені әзірлеу барысында туындаған мақсаттар:
– мемлекеттік органдар қызметі тиімділігін бағалау кезінде отандық және шетелдік үздік тәжірибелерді қолдана отырып, неғұрлым дәл нысандарды, бағалау тәсілдері мен әдістерін таңдау;
– тиімділікті бағалауға қажетті институционалды және нормативті базаны құру арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар жұмысының, қызметінің, еңбегінің тиімділігін бағалаудың жалпы кешенді жүйесін қалыптастыру.
Қызметті бағалау жүйесінің басты мақсаты кез келген деңгейдегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау мен міндеттер мен қызметтердің жүзеге асырылудағы тиімділік көрсеткіштерін анықтау. Елбасының барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың қызметтері тиімділігіне әр жыл сайын бағалау жүргізу жүйесін бекіту арқылы Қазақстан мемлекеттік басқару саласында сапалы жаңа кезеңге аяқ басты. Қазіргі кезеңдегі мемлекеттік органдарды жетілдірудің стратегиялық міндеттеріне келетін болсақ:
– бүгінгі таңда нарықтық бастама мемлекеттің белсенді де жедел араласуын қажет етеді;
– экономикалық және әлеуметтік салалардағы белсенді саясат мемлекеттің рөлін көтеруді білдіреді. Нәтижесінде – бұл қоғамның қажеттілігі­не сәйкес, тиімді заңдар мен нормативті-құқықтық актілерді дайындау және орындау;
– мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру – Қазақстанның болашағын анықтайтын негізгі фактор. Яғни, бұл – маңызды стратегиялық міндет. Сондықтан, бүгін мемлекеттік қызметші­лердің және мемлекеттік органның жалпы жұмы­сы­ның тиімділігін арттыру керек және тиісінше, мем­лекеттік ресурстарды ұтымды қолданған жөн;
– мемлекеттік аппараттың жалпы және оның жекелеген буындарының жұмысының тиімділігін арттыру алдыңғы қатарлы ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды ендіруге жағдай жасауы керек [4].
Мемлекеттік органдар жұмыс нәтижелігін арттырудың халықаралық тәжірибеге жаңадан еніп келе жатқан әдістерінің бірі – АҚШ ғалым­дарымен жасалған теңдестірілген көрсеткіш жүйесі. Теңдестірілген көрсеткіштер жүйесін мемле­кеттік органдар қызметіне ендіру бір қара­ғанда жеңіл әрі қарапайым болып көрінгенімен, шын мәнінде үлкен күрделі әрекеттерді талап ететін іс.

2.Мемлекеттік қызметтерді стандарттау жұмыстарын ұйымдастыру. Өз біліктілігі мен функционалды міндеттері және қызметтің нақты түріне қойылған стандарттар шеңберінде мемлекеттік қызметтер мемлекеттік органдар, мекемелер, және басқа ұйымдар тарапынан Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтерді стандарттаудың мақсаты Қазақстан Республикасында тұратын және жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін корғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік билік пен қоғам арасындағы өзара қатынасты ұтымды деңгейіне жеткізу болып табылады.

Мемлекеттік қызметтерді стандарттаудың негізгі міндеті мемлекеттік қызмет көрсету процестерін нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз ету болып табылады, атап айтқанда:

- мемлекеттік қызметтерді жіктеу;

- мемлекеттік қызметтерді стандарттау объектілерін және олардың құрамын анықтау;

- стандарттау объектілеріне қойылатын негізгі талаптарды және олардың қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау;

- мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерінің ұйымдастырылуын және технологиясын анықтайтын құжаттардың құрамы мен мазмұнын бірегейлендіру;

- атқарушы органдардың қызметін ұйымдастыруға сапа басқару жүйесін енгізу;

- әкімшілік кедергілерді жою.

Мемлекеттік қызметтерді стандарттаудың негізгі қағидалары:

Мемлекеттік қызмет көрсету процесін тұтынушыға клиент ретінде бағдарлау қағидасы. Мемлекеттік қызмет стандарттарын әзірлеу барысында мынадай талаптардың орындалуын қажет етеді:

- тұтынушылардың қажеттіліктерін және үміттерін зерттеу, ең бірінші, мемлекеттік қызметтердің сапасы, олардың көрсетілу тәртібі мен мерзімі, бағасы және басқа сипаттары;

- көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын объективті түрде бағалауды қамтамасыз ететін тұрақты кері байланыс жүйесін орнату.

Мемлекеттік қызметтердің тұтынушыларын хабардар ету қағидасы. Бұқаралық ақпарат құралдарын, компьютерлік желілерді және т.б. қоса, әр түрлі хабар көздерін пайдалана отырып, мемлекеттік қызметтердің тұтынушыларын хабармен тұрақты қамтамасыз ету жүйесін орнату және қолдану.

Орындаушының мүдделілігі қағидасы. Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру барысында, орындаушының мемлекеттік қызметтің тиісті түрін сапалы және уақтылы көрсетуге мүдделі болуын талап етеді.

Стандарттардың жүйелілігі және ұтымдылығы қағидасы. Әрбір жаңадан шығарылып жатқан стандарт тұтынушы үшін қарапайым және түсінікті болуы тиіс және кызметтерді жабдықтаушылар мен тұтынушылардың қарым-қатынастарын реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерге қайшылығы жоқтығы тексерілуі тиіс. Мемлекеттік қызметтерді тұтынушыларға қойылатын талаптар мен шарттардың санын азайтуға ұмтылу қажет.

Ғылыми ізденістерді және инновацияларды пайдалану қағидасы. Мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың қажеттіліктерін зерттеу жұмыстарын өткізуді, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің әлемдік тәжірибесін және практикасын талқылауды және мемлекеттік қызметтерді көрсету процестеріне инновациялық шешімдер енгізуді талап етеді.

Жауапкершілік қағидасы. Мемлекеттік қызметтердің сапасының белгіленген деңгейін қамтамасыз ету үшін лауазымды тұлғалардың жеткілікті жауапкершілігінің болуын талап етеді.

Екі жақтама бақылау қағидасы. Мемлекеттік қызметтерді жабдықтаушылардың жұмысына тиімді және ұтымды ішкі және сыртқы бақылау жүйесінің орнатылуын талап етеді.

«Бір терезе» қағидасы. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін, тұтынушының бір орындаушыға баруын талап етеді. Бұл талаптың орындалуы үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы бір бірімен байланысты органдар қызмет көрсету уақытын азайту мақсатында өздерінің әрекеттерін барынша үйлестіруі керек.

3.Мемлекеттік қызметтің түрлерін атаңыз. Мемлекеттік қызмет, бірінші кезекте, қызмет көрсететін субъектіні сипаттайды: бұл әрқашан мемлекеттік органдар. Көптеген шет елдерде мемлекеттік қызметтер – мемлекет «қызметтер жеткізушісі» ретінде қаралатын азаматтың, заңды тұлғаның және билік қатынастарының негізгі нысандарының бірі. Осылайша, мемлекеттік қызметтер оларды тек мемлекеттік құрылымдармен тікелейлей орындауды білдіреді.

«Көпшілік қызметтер» «мемлекеттік қызметтерге» қарағанда әлдеқайда кең, оларды мемлекеттік те және мемлекеттік емес құрылымдар да көрсетуі мүмкін, бірақ бастысы, оларды біріктіретіні – бұл оларды орындаудағы қоғамның мүдделілігі, қоғамдық мүдде, әлеуметтік мәні. Ондай қызметтерді кім орындайды – шешімі бір қатар мән-жайларға байланысты тұтынушы үшін жиі екінші кезектегі мәселе, сонымен бірге мұнда негізгі өлшемдердің бірі қызметтерді орындау тиімділігі болып табылады.

Әдебиетте көпшілік қызметтердің мынадай белгілері келтірілген:

1) олар қызметтердің жалпы мәнді бағыттарын қамтамасыз етеді;

2) оларды пайдаланатын субъектілердің шексіз тобы бар;

3) не мемлекеттік және муниципиалдық билік органымен, не басқа субъектілермен жүзеге асырылады;

4) көпшілік және жеке меншікке негізделеді.

Көпшілік қызметтерді көрсету меншіктің кез келген нысанында негізденуі мүмкін. Бірақ, ондай қызметті (бірніші белгі) жүзеге асыруда қоғам мүддесінің болуы әрбір нақтылы жағдайда қандай субъект (мемлекеттік орган, мемлекеттік емес ұйымдар) көпішілік қызметтерді орындайтынына қарамастан билік олардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Жеке меншік сектор белігілі бір түрдегі көпшілік қызметті көрсетуге жағдайы немесе ықыласы болмаған жағдайда мемлекеттік орган ондай қызметтерді орындауды өзіне алуы тиіс. Мысалы, қоқысты, қалдықтарды шығару, сумен жабдықтау, басқада ұқсас қызметтер сол немесе басқа субъектілердің мүдделілігіне байланыссыз көрсетілуі тиіс. Осылайша, мемлекеттік билік органы не көпшілік қызметті орындауға субъектіде мүдделілікті қалыптастыруға не оны орындауды өзіне алуға міндетті.

Әлеуметтік қызметтер осы қызметтер көрсетілетін сала бөлінеді. Бұл – денсаулық сақтау, мәдениет, білім, ғылым, ол өз өзіне олардың жалпы мәнді бағыттарын көрсетеді және көпшілік қызметтер қатарына қояды. Шындығында, әлеуметтік қызметтер көпшілік қызметтердің барлық белгілерін қамтиды және өзінің мәні бойынша көпшіліктік болып табылады, бірақ бөліну өлшемі бойынша (мемлекеттік қызметтерден айырмашылығы) олар көрсететін субъектілер тобы емес, олар іске асырылатын сала болып табылады. Әлеуметтік қызметтер көрсетілуі мүмкін және әлдеқашан мемлекеттік құрылымдармен қатар коммерциялық және коммерциялық емес мемлекеттік ұйымдармен көрсетілуде. Тиісінше әлеуметтік қызметтер мемлекеттік және мемлекеттік емес болуы мүмкін. Мысалы, білім және денсаулық сақтау саласындағы әлеуметік қызметтер өздерінің мәндері бойынша көпшіліктік болып тұрып, тіршілік етуі мен дамуы Конституцияда көзделген мемлекеттік жүйенің міндетті сақталуы кезінде мемлекеттік ретінде де және білім мен денсаулық сақтаудың жеке меншік жүйесінде де болуы мүмкін.


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 353 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мемлекеттік қызметшінің түрлері| Мемлекетті басқаруда мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі 2 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)