Читайте также:
|
|
Транзисторларда бір-бірімен байланысты төрт шама бар. Олар: кіріс және шығыс тогы, сонымен қатар кіріс және шығыс кернеуі:
Uкір = U1, Iкір = I1, Uшығ = U2, Iшығ = I2.
Осы келтірілген параметрлерден басқа, транзисторларда басқа да параметрлер жүйесі қолданылады, ол жүйені транзистордың һ параметрі деп те атайды.
Транзистордың h-параметрін анықтау.
Транзисторлар сұлбаларын есептегенде және анализдегенде транзистордың эквивалентті схемасын және оған арналған параметрлер жүйесіне сүйенеміз. Транзисторлардың физикалық параметрлер жүесінің кемшілігі, олардың ішінен барлығы да өлшене бермейді.h-параметрлер жүйесінде транзисторлардың параметрлері активті сызықты 4-ұштықты параметрлермен анықталады. h-параметрлер жүйесінде тәуелді емес айнымалы бойынша кіріс токты қабылдайды(I1) және шығыс кернеу(U2). Осыдан, U1 = h11 I1 + h12 U2, I2 = h21 I1 + h22 U2 біз төрт параметрді анықтаймыз,ол қысқаша тұйықталу режимінде (U2=0) және бос жүріс режимінде болады (I1=0). h11- кіріс сипаттамасы, h12-кері байланыс коэффициентті, h21- токты беру коэффициентті, h22- шығыс өткізгіштік.
Һ параметрінің бұл түрлерінің әр қайсысына жеклей тоқталсақ:
Кіріс сипаттамасы:
h11 = DU1/DI1 U2 = const болғанда.
айнымалы кіріс тогына шығысында қысқа тұйықталу болатын, яғни шығысында айнымалы кернеу болмайтын транзистордың кедергісі болып табылады.
Кернеу бойынша кері байланыс коэффициенті:
h12 = DU1/DU2 I1 = const болғанда.
кірістегі айнымалы кернеудің кандай мөлшері кері байланыс салдарынан транзистордың кірісіне берілетінін көрсетеді.
Токтың күшейту коэффициенті (токты беру коэффициенті):
h21 = DI2/DI1 U2 = const болғанда.
жүктемесіз жұмыс істеу кезінде транзистордың айнымалы тогының күшейтуін көрсетеді.
Шығыс өткізгіштік:
h22 = DI2/DU2 I1 = const болғанда.
бұл, транзистордың шығыс қысқыштарының арасындағы айнымалы токтың өткізгіштігін сипаттайды.
Бұл параметрлердің ортақ эмиттер арқылы қосылу сұлбасында келесі теңдіктерді аламыз:
мұндағы
һ11Э = DUБЭ/DІБ UКЭ = const;
h12Э = DUБЭ/DUКЭ ІБ = const;
h21Э = DIК/DIБ UКЭ = const;
h22 = DIК/DUК ІБ = const.
Коллекторлық ауысудың қызуына жол бермеу үшін одан коллекторлық ток өткенде шығарылатын қуатты белгілі бір максимал шамадан асырмау керек:
Сонымен қатар коллекторлық кернеуге де шектеулер бар:
және коллектролық ток үшін де:
Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 681 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Электромеханикалық орындаушы жетек(ЭМОЖ). | | | Ателіктің классификациялары. Абсолютті, салыстырмалы, келтірілген, жүйелік, кездейсоқ, дөрекі қателіктер. |