Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ателіктің классификациялары. Абсолютті, салыстырмалы, келтірілген, жүйелік, кездейсоқ, дөрекі қателіктер.

Өлшеу нәтижесі өлшенетін шаманың ақиқат мәнінен өзге өлшеу қателігі деп аталатын мәнді береді. Өлшеуді өлшенуші шама мен оның ақиқат мәннен мүмкін болатын ауытқу дәрежесі анықталған жағдайда аяқталды деп есептеуге болады.

Абсолют қателік - ӨҚ қателік, өлшенуші физикалық шаманың бірлігімен өрнектелген.

Δ = Х өлш – Хд . (3.1)

Салыстырмалы қателік - ӨҚ–гі қателік. Абсолют өлшей құралдарының өлшеу нәтижесіне немесе өлшенген физикалық шаманың нақты мәніне қатысымен өрнектеледі.

γсалыс = (Δ/Хд)100. (3.2)

Өлшеу құрылғысы үшін γсалыс құрылғы бағамының аяғындағы ең кіші мәнге ие және өлшенуші шаманың мәніне тәуелді берілген бағам нүктесіндегі қателікті сипаттайды.

Көптеген өлшеу құралдарының нақтылығын сипаттау үшін келтірілген қателік қолданылады.

Келтірілген қателік – салыстырмалы қателік, ӨҚ-ң абсолют қателігінің барлық өлшеу диапазоны немесе диапазон бөлігінде тұрақты шаманың шартты қабылданған мәніне қатынасымен өрнектеледі.

γкелт = (Δ/Хқалып)100,

мұндағы, Хқалып – қалыптастырушы мән, яғни қателікті есептеуге қатысты қолданылатын қандайда бір белгіленген мән.

Қалыптастырушы мәнді таңдау МЕСТ8.009 84–ке сәйкес таңдалынады. Ол ӨҚ жоғарғы өлшеу шегі, өлшеу диапазоны, бағам ұзындығы және т.б. болуы мүмкін. Көптеген өлшеу құралдары үшін келтірілген қателіктің құрылғы дәлдігінің класы орнатылады.

Өлшеу құралдарының қателіктері өзгеру сипаттамасы бойынша жүйелі, кездейсоқ және ауытқулар болып бөлінеді.

Жүйелі қателік – тұрақты немесе заңды өзгермелі ретінде қабылданатын өлшеу құралы қателігінің құрамдас бөлігі. Жүйелік қателіктер деп бір шаманы қайталап өлшеу кезінде тұрақты немесе белгілі бір заңдылықпен өзгеретін қателіктерді түсініледі. Жүйелікқателіктер анықталып және сәйкес түзеулерді енгізу арқылы жойылуы мүмкін. Жүйелікқателіктердің мысалы аспаптың градуирлеу қателігі, яғни аспап шкаласына жүргізілген бөлулердің орналасуындағы қателік-тер бола алады. Сыртқы факторлардың (мысалы, температураның, қорек көзі кернеуінің тербелуі) өлшеу құралдарына әсері жүйелікқателіктерді тудырады.

Жүйелі қателіктеріне өлшеу барысында ескерілетін және мүмкіндігінше жойылатын әдістемелік, аспаптық, субъективті және басқа да қателіктер жатады.

Кездейсоқ қателік – кездейсоқ түрде өзгеретін ӨҚ қателігінің құрамдас бөлігі. Кездейсоқ қателіктер деп бір шаманы қайталап өлшеу кезінде кездейсоқ түрде өзгеретін қателіктер аталады. Кездейсоққателіктерді тәжірибелік жолмен жою мүмкін емес. Олар өлшеу нәтижесіне кездейсоқ сипаттағы себептердің әсер етуінен болады, мысалы өлшеуші аспаптардың тіреулеріндегі үйкелістерден болатын қателіктер.

 

Өлшеу нәтижесінің дәлдігін бағалау үшін кездейсоққателіктердің таралу заңын білу керек.

Электрлік өлшеу практикасында кездейсоққателіктердің таралу заңдарының кең тара-ғаны қалыпты заң (Гаустың).

Қалыпты заңның математикалық өрнегі:

 

Дөрекі – оператор қателігі н/е ескерілмеген сыртқы қателіктерге байл.

 

Дөрекі қателіктер – берілген жағдайларда бірнеше мәнге жоғары өлшеу қателіктердің құрамды бөлігі. Нәтижелерді өңдеу кезінде оларды санамайды.

 

Дөрекі қателік

Кейбір жағдайларда өлшеу нәтижесі дәл сондай жағдайда өлшенген алдыңғы натижелерден өзгеше болуы мүмкін. Оның себебі кедергілер, итеріс, электрлік контактың бұзылуы т.б.

 


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 1089 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Транзистордың h – параметрі. Транзистор төртполюсті сұлба ретінде.| Микропроцессорладың бағдарламасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)