Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Гидро және пневматикалық орындаушы жетектер(ОЖ).

Транзистордың h – параметрі. Транзистор төртполюсті сұлба ретінде. | Ателіктің классификациялары. Абсолютті, салыстырмалы, келтірілген, жүйелік, кездейсоқ, дөрекі қателіктер. | Микропроцессорладың бағдарламасы |


Читайте также:
  1. A) Құқықтық позициясын ұстануға тараптардың мүмкіндігі және міндеті
  2. AHA’s – Альфа гидроксидные кислоты, Альфа-гидроксидные кислоты.
  3. Android ОЖ және Android қосымшалардың жұмыс істеу приципі
  4. B) дәлелдеу құралдары мен тәсілдерін таңдаудағы еріктілігі және өзіндігі
  5. B) Талапкер және оның өкілі
  6. C) егерде іс бойынша талапкер бірнеше рет сот мәжілісіне келмеген жағдайда және жауапкер іс бойнша қарастыруды оған қарсылық білдірмесе
  7. C) сот және іске қатысушы тұлғалар

Автоматика жүйесінің орындаушы жетектері. Негізгі түсінігі, анықтамасы.Автоматика жүйесінің орындаушы жетектеріНегізгі түсініктер мен ережелер

Орындаушы жетек (ОЖ) деп - қажетті сипаттағы механикалық қозғалысты алу мақсатындағы ақпаратты және энергияны түрлендіруді іске асыратын жүйені айтамыз. Төменде орындаушы жетектің үлкейтілген функциональды сұлбасы келтірілген. Орындаушы жетек басқарушы жүйеден (БЖ) және атқарушы деңгейге жататын ақпаратты өлшеу жүйесінен (АӨЖ), механикалық энергияны шоғырландыратын қорек көзінен (ҚК) сонымен қатар қосымша муфта (М) түріндегі механикалық қондырғылардан, тежегіш және беріліс механизмінен (БМ) тұрады. (7.8-сурет). Көрсетілген атқарушы қондырғы белгілі бір шарттарда қозғалыстың мехатронды модулі (ҚММ) деп аталады.

7.8 - сурет. Орындаушы жетек құрылымының сұлбасы

Шындығында, қазіргі заманғы қоғамның дамуында, техникалық өрлеу деңгейінің көтерілуіне байланысты автоматика жүйесіне толықтай, орындаушы жетектерге жекелей байланыспен әртүрлі көрсеткіштері бойынша жоғарғы талаптар қойылуда. Мысалы, автоматика жүйесінің орындаушы жетегі ауыспалы динамикалық сипатта жұмыс істеуі керек (момент, инерция, жүктеме). Сонымен қатар, олар қоздырғыш факторлармен әсерлеспеуі керек. Үлкен динамикалық жүктеме кезінде ОЖ осы жүктемелердің демпфирленуін қамтамасыз етуі қажет. ОЖ қойылатын маңызды талаптардың бірі қуаттың массаға жоғарғы қатынаста болуы керектігі. Жалпы массаның және өлшемдердің төмендеуі ОЖ үшін үрдіс сипаттамасы болып табылады. Сондай ақ ОЖ механикалық энергияны күшейтеді, соның әсерінен басқарылатын қозғалыс орындалады, сондықтан орындаушы жетектерге келесідей талаптар қойылады: тез әрекет етуі, қозғалыс икемділігі, жоғарғы жүктеме қабілеті, дірілдің болмауы. ОЖ берілген қозғалыс дәлдігін, жоғарғы шуыл көздерінің болмауын, пайдалану кезінде қолайлы және қауіпсіз болуын қамтамасыз етуі қажет. Нарықтың коньюнктура талаптарына байланысты ОЖ құны жағынан төмен, сәйкес дизайнды, адам-машиналы интерфейске ыңғайлы болуы қажет.

Тәжірибеде әртүрлі белгілері бойынша ерекшеленетін көптеген ОЖ кездеседі. Негізгі ескеретін ерекшелігі механикалық энергияның шоғырландыратын қорек көзінің болуы. Осы белгілері бойынша ОЖ пневматикалық, электрогидравликалық және электрлік болып бөлінеді.

Гидро және пневматикалық орындаушы жетектер(ОЖ).

Орындаушы қозғалтқыштардың жұмыс ортасына (газ немесе сұйықтық) байланысты жетектерді пневматикалық және гидравликалық орындаушы жетектер деп бөлуге болады. Энергияны, газды және сұйықтықты пайдалану әдісіне байланысты орындаушы жетектер көлемдік және динамикалық деп бөледі.

Көлемдік жетектің жұмыс істеу принципі газ немесе сұйықтық қысым арқылы қозғалтқыш камера көлемін өзгертуіне негізделеді, соның нәтижесінде қозғалтқыш жұмыс ортасы – гидропневмоцилиндр поршеньдерінің немесе қозғалтқыштың қызмет органының орын ауыстырулары орындалады.

Жұмыс істеу принципі газ немесе сұйықтық ағынының динамикалық әсеріне негізделуін гидро-пневмодинамикалық деп атайды. Гидро-пневматикалық ОЖ механикалық энергияны шоғырландыратын қорек көзі болып және сызықты және а йналмалы қозғалысты гидро-пневмо қозғалтқыштары болып табылады.

Электропневматикалық орындаушы жетектерді қолдану аясына-өнеркәсіпті роботтытехника, дәлдігі бойынша талаптары аз жетектер, екіпозициялы механизмдер жетегі (қақпақ, ұстама (клапаны, захваты)) және қарапайым өндірістік автоматтар жатады. Пневматикалық ОЖ құрамына бір жақты және екіжақты әсерлі пневмоцилиндрлер, толық бұрылысты емес пневмоқозғалтқыштар, пневмомоторлар, мембранды камералар және т.б. жатады. Қозғалқыштарды функционалдау мен басқаруға арналған қосымша қондырғыларға жататындар: таратқыш аппараттар, түрлі пневмоклапандар, пневмодроссельдер, индикаторлар мен қысым релесі, ауаны дайындауға арналған аппараттар және т.б.

Пневматикалық ОЖ басқару үшін микропроцессорлы басқару модулі және ағымды автоматикаға негізделген басқару жүйесі пайдаланылуы мүмкін. 1суретте пневматикалық қозғалыстың мехатрондық модулінің (ҚММ) жұмыс істеу принципі келтірілген. Пневмоцилиндр штогы потенциометр мен (П) өлшенеді, одан берілетін сигнал қорек көзінен (Қ) қоректенетін серво күшейткішке (СК) беріледі. Сервокүшейткіш келіп түскен сигналдарды пневмоцилиндрдағы ауаны басқарып отыратын серво таратқышқа (СТ) береді. Гидрожетектер гидрожетектерде жұмыс жасайтын қондырғыларда, өнеркәсіптік роботтарда пайдаланылады. Сонымен қатар, жинағыш механикалық энергияға қорек көзі бойынша құрал – сайман сәйкестігіне жетеді.

Пневматикалық ОЖ негізгі артықшылықтары:

-Тез әрекет етуі;

-Шығыстағы күшті басқару мүмкіндігі;

-Құрылымының қарапайымдылығы, қосымша механикалық берілістерді қажет етпеуі;

-Пайдаланудағы қарапайымдылығы;

-Өрт, жарылыс қауіпсіздігі;

-Ағымды автоматиканы қолдану мүмкіндігі.

1 - сурет. ГидропневматикалықОЖсұлбасы.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 876 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Языки и порядок во время служения| Электромеханикалық орындаушы жетек(ЭМОЖ).

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)