Читайте также:
|
|
Жобаланатын мекемеде қазіргі нормаларға сәйкес жалпы және арнайы тұрмыстық бөлмелерді және қондырғыларды салады: гардероб пен душ бөлмесі, жуынатын, жиналатын, шылым шегетін және т.б., сонымен қатар асхана мен алғашқы көмек көрсетілетін медициналық пункт. Өз кезегінде еңбек өнімділігі мен нәтижесі көбіне санитарлы-гигиеналық нормалар мен шарттарға тәуелді болады. Жобаланатын мекемеде жұмыскерлерге барлық материалдық және еңбектің санитарлы-гигиеналык шарттары дайындалады. Өндірістік болмелердегі шарттар адам денсаулығына және еңбек қабілеттілігіне үлкен әсерін тигізеді. Ауа ортасын тазалау үшін және еңбектің маңызды шарттарын жасау үшін ауаны вентиляциялау қарастырылған. Ғимараттар мен құрылыстарды жетілдірген кезде колданылатын жабдықтардың акустикалық берілгендерін есептеу қажет және оның акустикалык активтілігін төмендетуге арналған шаралар дайындау кажет. Жіберілетін шаң концентрациясы 4 мг/м2 аспауы қажет.
Астыққа кететін жанармай астық сапасының санитарлы-гигиеналық бағалауына, қоршаған ортаның экологиялық жағдайына үлкен әсерін тигізеді, себебі жанармайдың толық жанбауынан қалған өнімдерде көп таралған канцерогенді заттардың бірі - тензапирен болады. Астық кептіргіштердің ағындық қондырғыларының жұмысын қамтамасыз ету қажет, олардың техникалық жағдайын бақылау қажет, жанармайдың толық жанып кетуін қадағалау қажет.
Цехта метеорологиялық шарттар үшін ауа келіп - кетіп тұратын желдеткішті орнату.
ҚРҚН ж Е №4. 02-05.06 сәйкес жұмыс істеу шартында ең маңызды мәселе ол микроклимат яғни өндірістік цех ішіндегі ауа кеңістігінің метеорологиялық факторға сәйкес келуі. Жалпы микроклимат адам баласының денсаулығына, жұмыс істеу кезеңіне және физиологиялық іс - қимылдарына тікелей байланысты. Өте қатты жылулық әсері адам ағзасына және бойында тез шаршауды, жұмыс істеуде қарқындылығының төмендігін туғызуы мүмкін.
Жобалаушы аймақта табиғи және механикалық желдеткіштер қарастырылған. Табиғи желдеткіш болме ішіндегі температураға сәйкес қараластырады.
Қондырғыларды пайда болатын дыбыстық қысымның көлемі МЕСТ 1210-03 сай болуы керек. Ал дірілдің мүмкін болатын мәні МЕСТ 12 1 12 сай болуы керек.
Барлық қондырғылардың айналатын бөлшектері қауіпсіздік қоршаумен қоршалған болуы керек.
Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 91 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Рт қауіпсіздігі | | | Маленький принц. Разговор с лисом |